Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


мкөл кен орнын игерудің тарихы және қазіргі жағдайы

Курстық жоба

Тақырыбы: «Құмкөл кен орны»

 

Орындаған: Тасқынбай Н.Т

Тексерген: аға оқытушы Балабаева Ұ.Ш.

 

 

Атырау-2016ж

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

 

АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ УНИВЕРСИТЕТІ

«Мұнайгаз» факультеті

«Мұнай-газ ісі» кафедрасы

Кафедра меңгерушісі________

(қолы)

к.т.н. доцент Шугаепов Н.А.

«___»______________2016 ж.

 

Мамандық коды және атауы: 5В070800 Мұнай-газ ісі

Топ: НГД РН-13/2 к/о

 

 

Орындаған: Тасқынбай Н.Т

Тексерген: аға оқытушы Балабаева Ұ.Ш.

 

Жоспары:

 

 

1 Техника – технологиялық бөлім................................................................

1.1 Кен орны туралы жалпы мағлұмат........................................................

1. 1-сурет. Ауданның шолу картасы............................................................

1.2 Кен орнының геологиялық зерттелуі және игеру тарихы...........................

1.3Стратиграфия.....................................................................................................

1.4Тектоника..................................................................................................

1.5Мұнайгаздылығы.....................................................................................

1.6 Сулылығы.........................................................................................................

1.7 Құмкөл кен орнының игерудің тарихы және қазіргі жағдайы жөнініде қысқаша мәлімет................................................................................

1.8 Ұңғы қорларының өзгеру динамикасы..................................................

1.9 Құмкөл кен орнын 1 –объектісінің мұнай, газ және су өндірудің

өзгеруінің динамикасына және су айдауға талдау................................

1.10 Қабатқа су айдау үшін пайдаланылатын су көздері............................

1.11 Су дайындаудың техника-технологиясы.............................................

 

Кіріспе

Мұнай мен газ өндіру - өнеркәсіптің ең бір маңызды салаларының бірі болып табылады. Оның дамуына біздің елімізде үлкен көңіл бөлінеді.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жоспарында жаңа мұнай және газ кен орындарын пайдалануды жеделдету қамтылуда. Олардың қатарына Құмкөл кен орнында жатады.

Құмкөл кен орны 1984 жылдың басында Қазақстан Республи-касының Геология Министрлігінің "Южказгеология" МГӨБ-дегі Оңтүстік Қазақстан экспедициясымен ашылды. Фонтандық ағын алу Қазақстан Республикасындағы Оңтүстік Торғай ойпатының мұнайгаздылығын растады.

1987 жылы ТМД-ның ҚЖИК-нің бекітуімен байланыстық 153208 мың тонна болып мүнай қоры бекітілді. Ұсынылып отырған дипломдық жүмыс Құмкөл кен орнын пайдалану шарттарына сәйкес "Құмкөл кен орнында күрделі жағдайдағы өндіру ұңғыларының жұмысын талдау және оларды пайдаланудың тиімділігін арттыру" арналған

 

 

ТЕХНИКА-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

Кен орны туралы жалпы мағлұмат

1984 жылы "Оңтүстік Қазақстан геологияның" кен орны бөлімімен Құмкөл мұнай аймағы ашылды. Осы кен орнының ашылуымен оңтүстік Торғай ойпаты жаңа өнеркәсіп мұнай газ облысы ретінде қарастырыла бастады.

Кұмкөл кен орны әкімшілік жағынан Қазақстан Республикасының Қарағанды облысының (Жезқазған облысының) Жезді ауданына қарайды. Кен орын географиялық тұрғыдан оңтүстік Торғай үстіртінде орналасқан. Ең жақын түрғылықты кең шарлар Жалағаш (150 километр) темір жол станциясы Жусалы (210 километр), Қарсақпай (180 километр) Сәтпаев ауылы (250 километр).

Облыс орталығы Қызылорда, Жезқазған қаласына және жалпы үлкен орталыққа дейінгі ара қашықтықтар шамамен 160 километр және 290 километрдей болады.

Құмкөл өндіріс ауданынан шығысқа қарай 230 километр ара қашықтыкта Омск - Павлодар - Шымкент мұнай құбыры өтеді.

Өндірістік ауданның тұрғылықты халқы (қазақтар) негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Экономикалық аудан әлі толығымен зерттелмеген.

Кен орнына тек қара жолдармен баруға болады. Жаз, күз айларында кез келген автоколікпен жүруге мүмкін болса, ал қыс айларында карлы боран, үргсн қардан өтуге қиынға соғады. Қыс, көктем айларында тек шынжырлы тракторлармен ғана етуге болады, себебі түскен қардың әсерінен жер жібіп, батпаққа айналады.

Стратиграфия

Құмкөл кен орнының шөгінді тілігі бойынша жасалған зерттеулер нәтижесінде ол мезозой-кайназой шөгінділерінің өте терең кепкен ерте протерозой негізгі бетінде орналасқан.

Төменгі протерозой РК1

18 ұңгыма қабаттың негізгі қалыптасқандығы анықталды.

2-ші ұнғыда қалындығы 245 метр болатын негіздің үстіңгі қабаты (120 метр шамасында) сұрғылт-жасыл сілім (массив) гидрослюдалы-каолинитті тақта тастардың біртіндеп кепкен гнейстерге ұласты, кварц-биотит плагиоклазды құрамға айналады.

3-ші үңғыда ерекше өзгерген метасоматиттер байқалып, олар аз интрузивті декер құрамында болғандығы болжамдалды.

Барлық негіздің тығыз орналасып, көптеген бытыраңқы аймақтармен бөлшектенген жазықтарда кварцты және қалыпты желілер қабаттасып кейбір жерлерінде темірге айналған.

Осы жыныстардың жоспары Ұлытау мен Қаратау қыраттарының жасына сәйкестелінген.

 

Тектоника

Шөгіндінің үстінгі бүркеме қабатында тектоникалық бұзылу тек қана солтүстік-батыс бағытта байқалады.

Негіздің жүйелі бұзылуы бірнеше орталық қанаты көтерілген жарықтар жүйесінде бөлінуі дөңестің амплитудасы 320 метрдей, ал ені 2,5-3,5 километр және ұзындығы 24 километрге жетеді.

Негіздің беттік орналасу тереңдігі 1200-1600 метр шамасында.

Үшінші, бесінші және жиырма екінші ұңғыларда грабен шығыста амплитудасы 100 метрге дейін төменделе шектеліп ерекшеленеді. Солтүстік-батыс бағытта грабен кең қысым айырмашылықтарына иеленіп негіз 1460 метрден 1820 метр тереңдікке дейін орналасады.

Солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс бағытта дөңестің орталық бөлігі қасқа сыңықтар сериясы (29, 30, 16, 20, 14, 21, 8 ұңғылар аймықтарында) горст-грабенді амплитудасы 80 метрге дейін, өлшемдері 2,5-3,5 километрге тең болатын блоктарға бөледі.

Аймақтық солтүстік және оңтүстік бөліктері де орталық тұсы төмен құлдыраған жарықтар жүйесімен күрделенген.

Аймақтың орталық бөлігінде негіздің ең аз тереңдікте (1160-1170 метр) орналасуы (2,9,12,17,19 ұңғылар аудандарында) байқалады. Сейсмикалық құжаттармен, жүйелі ұңғылау нәтижелерінің күрделі бағдарламамен өңдеу, дөңестің тектоникалық шөгіндісінің жан-жақты, деталды мағлұматтарын ұсынады.

 

Мұнайгаздылығы

Құмкөл кен орнында өндірістік мұнай-газ бергіштік төменгі неоком және жоғарғы юра кішігірім жинақтарында орналасқан.

Төменгі неоком мұнай-газ бергіш жинағында екі өнімді горизонт М-1 мен М-2 анықталған ұңғыны геофизикалық зерттеу мөліметтеріне сүйеніп жасалған жыныс қабаттарының салыстырма-лы арақатынасы негізінде дәлелделінген.

Төменгі-бор горизонттары М-1 жэне М-2 қалыңдығы 10-нан 20 метрге дейін сазды қабатпен бөлінген. Тереңдігі 1060-1100 метр аралығында М-1 горизонтында мұнай кеніші бар. Кеніштің қалындығы 40 метр. Мұнай кенішінің орналасу қабаты күмбезді. Абсолюттік СМШ деңгейлері "минус" 981,1-ден "минус" 985,6 метр аралығында, оңтүстік күмбездің кұрлымына батыс қанатында орналасқан ұңғылар қатарында (2052, 2077, 406, 1039) СМШ деңгейінің "минус" 977,7-ден "минус" 979,7 метр аралығынан кішігірім салыстырмалы ауытқулар анықталған.

Мұнай қабаты - күмбезді кеніші М-2 горизонтында орналасқан, кеніштің орналасу деңгейі 1095-1111 метр аралығында. Қабаттың қалыңдығы 15 метр қабаттың абсолютті СМШ деңгейі "минус" 996-дан "минус" 999 метр аралығында, құрылымның батыс қататтағы кейбір ұңғыларда ғана (231, 432, 3023, 3032) түйісу деңгейлері "минс" 991,4 және "минус" 992,6 метрге дейін көтеріледі.

Юра шөгіндісіне (Ю-1, Ю-2, Ю-3 және Ю-4) өнімді горизонтгар айқындалады. Ю-1 және Ю-2 горизонттары біркелкі ГМШ мен СМШ-ларына ие болып, мұнай кеніші газ қалпақшалы болады.

1190-1322 метр аралығында қабатты, тектоникалық экрандалған, күмбезді кеніш орналасқан. Кеніш қалындығының деңгейі 132 метр. Мұнай су түйісу контактісі "минус" 1179 метр, ал су мұнай контактісі "минус" 1194 тен "минус" 1198 метрге дейінгі аралықта орналасқан. Кеніштің мұнай бөлігінің деңгейі 18 метр, ал газ бөлігінің деңгейі 24 метр.

Сұйық пен газды өзінен өткізе алатын және олар үшін қойма бола алатын кеуекті және жарықшақты тау жыныстарын коллекторлар деп атайды.

Қабат қысымы: кеніш бойынша мұнай-газ өндіру жұмыстары басталмай тұрғанда қабат қысымының мөлшері сол кеніштің тереңдігіне тәуелді болады. Жоба бойынша ол төмеңдегі формула арқылы табылады:

Pпл = Hρg

Мұнайдың физикалық қасиеттеріне оның тығыздығы, тұтқырлы. Мұнайдың тығыздығы жоғарылаған сайын қайнау температурасы арта бастайды. Ал тұтқырлығына әсер ететін жағдайлар оның құрамындағы парафин, шайыр қосымшалары және температура.

Химиялық жағынан мұнай сұйық көмірсутектерінің метандық, нафтендік, ароматтық қатарларының күкіртті, азотты және оттекті қосылыстарының қоспаларынан тұрады.

Ұңғының орташа бір күндік шығымы 35 т/тәу. Қабат қысымы шамамен 8 МПа.

Құмкөл мұнайының тығыздығы - 821 кг/м3, тұтқырлығы -11,7 мПа-с, құрамындағы күкірт мөлшері - 0,11 пайыз, парафин —11,7 пайыз, асфальт-шайырлы заттар - 5,9 пайыз.

Сулылығы

Құмкөл кен орны Торғай артезиан бассейінінің оңтүстік бөлігінде орналасқан.

Кенішті барлау процесінде (өтеу әдісімен) 22 субергіш және 2 ашық оқпан объектілері өтеу әдісімен сыналған.

Ұңғылау нәтижесінде терендік, өлшемдік, іздеулік, гидрогеологиялық, құрлымдық және барлаулық скважиналар Құмкөл, Арыскұм аймақтарында протерозой, юра, бор, пологенді, неогенді шөгінділерінде субергіш комплекстері айқындалған.

Құмкөл 2 ұңғысын сынақтан өткізу кезінде негіздің шөгіндісінен 1416-1503 метр аралығында минералдағы 76,6 г/дм су ағыны алынды.

Су хлорлы кальций тектес, хлорлы топтағы натрий топшасында, құрамында 69,2 г/дм -ге дейін бромы бар.

Құмкөлдің (2, 8, 12 және 16) ұңғыларында орта юра шөгіндісінен су бергіштік горизонты зерттелген.

Алынған су арынды, оқпан тесіктерінен өтетін су ағынының жылдамдығы жоғары, бұл қабат сүзгіштік қасиетінің жақсы екендігінің дәлелі болып табылады.

Жоғарғы юра шөгіндісіндегі сулы комплексі үш субергіш горизонттарынан құралған: Ю-1, Ю-2 және Ю-3. Комплекс жоғарғы орналасқан қабатан ала сұр түсті сазды қабатпен бөлінген.

Су орналасқан жыныстар сұр және ақшыл сұр құмайттар. Бұл горизонттардың гидродинамикалық мінездемесі Ю-4 горизонтының мінездемесіне сәйкес келіп, олардың өзара байланыстарын тағы да дөлелдейді.

Ю-1, Ю-2, Ю-3 горизонттарының сулары ағынды. Сынақ интервалдары динамикалық деңгейі күшті ағынды, өте тез қалпына келеді (1 сағаттан 5 тәулікке дейін).

Неоком субергіш шөгіндісі құрамына М-1 және М-2 субергіш горизонттары кіреді. Олар жасыл сұрғылт құмайттармен байланыста болады.

Апт-альб субергіш комплексі неоком горизонтынан аймақты дамыған сазды жоғарғы неоком қабатымен бөлінген. Қуатты сазды қабат аралығын қосқанда комплекс қуаты 250 метге дейін жетеді. Апт-альб субергіш шөгіндісінің кедергісі ете жоғарғы тұрақсыздықпен мінезделіп, комплекстің жоғарғы белігінде 50 метрге жетеді. Тіліктің жоғарғы бөлігінде су тұщылау болуы мүмкін.

Апт-альб субергіш комплекстің суы өте кеп (водообильный), контур сыртындағы сулармен химиялық құрамы біркелкі оны техникалық су ретінде қолдануға болады.

Жоғарғы альб-сеноман шөгіндісінің субергіш горизонты кеңінен таралған. Су жасыл сұрғылт және қызыл-қоңыр құм қабаттары мен ала саздардың ішіндегі аз цементтелген құмайттар жыныстарында орналасқан. Горизонт қалындығы 46 метр. 2743 ұңғысында алынған су арынының дебиті 24,4 т/тәулік.

Тәуліктің статикалқы деңгейі - 16 метр тереңдікте орналасқан. Суы тұздылау, минералдығы 1,7 г/дм3.

Төменгі туран-сенонды субергіш комплексі кенінен таралған. Сулар жасыл-сұр және сұр құмдардың ішінде орналасқан, орналасу тереңдігі 270 метрге дейін. Суы тұщы, минералдығы 0,6 г/л.

Палеогенді, неогенді 1/4 субергіш шегінділері аудан бойынша анықталған.

Шаруашылық және ішім су турон-сенон субергіш комплесінен, ал техникалық қажет сулар жоғарғы сеноман комплексінен алынады. Апт-альб горизонттағы су қорын қабат қысымын тұрақты ұстап тұру үшін қолдану ұсталған.

 

 

мкөл кен орнын игерудің тарихы және қазіргі жағдайы

жөніндегі қысқаша мәлімет кен орнын игерудегі бекітілген варианттардың негізгі бағыттары

Мұнай кен орнын игерудің жобасын жасаған кезде, оны талдап, баға беру керек. Оның үстіне жобамен жасалған варианттар шама келгенше экономикалық тиімділікте болуы керек.

Құмкөл мұнай кен орнында газды мұнайлы қабаты бор және юра шөгінділерінен құралған. М-1, М-2 қабаттарымен Ю-1, Ю-2, Ю-3 және Ю-4 қабаттарында мұнай жиналған. Кен орнын қазу скважиналары 300x600 сеткасы бойынша нұсқа ішінен су айдау қамтылған. Осының бәрі мұнай өткізгіштікті көтеру әдістерімен байланысты. Бұған себеп болған кейбір өнімді қабаттардың қысымының жеткіліксіз болуы.

Жоба бойынша 2 вариант қаралған. Оның ішінде экономикалық вариант тиімді деп есептеледі. Осы бойынша 1182 ұңғысы қазылуы керек. Жалпы алынатын өнім 156-568 мың тонна.

Кен орнын игеру мерзімі 50 жыл. Жалпы кен орны бойынша 25млн тонна мұнай өндірілуі керек.

Сұйық пен газ өндіру және су айдаудың өзгерісін талдау Құмкөл мұнай кен орнының игерілуі 1990 жылы мамыр айынан баталады. 1991 жылдан бастап мұнаймен бірге су және газ қосылып шыға бастады. 1991 жылы 1192,43 мың тонна сұйық өндірілсе, оның 1169,25 мың тоннасы мұнай, сулану 1,94%, газ өндіру 92,99 млн м3 болады.

 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕГЕ СИПАТТАМА | Операциялық жүйелер
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 663 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наглость – это ругаться с преподавателем по поводу четверки, хотя перед экзаменом уверен, что не знаешь даже на два. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2618 - | 2192 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.