Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Шінші бағыт - қазақстандықтардың тіл мәдениетінің деңгейін арттыру




Мақсаты: «Дамыған тіл мәдениеті - зиялы ұлттың әлеуеті»

Нысаналы индикаторлар:

тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешім қабылдау процесін талқылау кезінде қоғамдық қолжетімділік пен ашықтық қағидаттарының сақталуына қанағаттанушылық дәрежесі (2014 жылға қарай - 60%, 2017 жылға қарай - 75%, 2020 жылға қарай - 90%);

қазақ тілінің реттелген терминологиялық қорының үлесі (2014 жылға қарай - 20%, 2017 жылға қарай - 60%, 2020 жылға қарай - 100%).

1. Қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру және жүйелеу

Аталған бағытты іске асыру арқылы ең алдымен, әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауларын жүйеге келтіруді қамтамасыз ету көзделеді.

Ономастика саласындағы жұмысты жетілдіру арқылы, ең алдымен, ономастикалық жұмыстарды жүргізген кезде ашықтық қағидаттарын енгізу, қоғамдық пікірді ескеру, шешімдерді қабылдау процесіне азаматтық қоғам институттарын және бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен тарту көзделеді.

Бұл нәтижеге қол жеткізу үшін ономастика саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіре түсу, сондай-ақ географиялық объектілердің атауларын мемлекеттік тілде жазу, оны орыс және басқа да тілдерде транслитерациялаудың ережелерін әзірлеу талап етіледі.

Антропонимикалық атауларды және көрнекі ақпараттарды сәйкестендіруді жүзеге асыру мемлекеттік тілде антропонимикалық белгілеулерді жазу мен сәйкестендіру жөніндегі бірыңғай талаптарды әзірлеуді, сондай-ақ көрнекі ақпаратты көркем ресімдеу туралы нормативтік құқықтық базаны жетілдіруді талап етеді.

Терминологиялық лексиконы біріздендіру, терминологиялық қорды толықтыру жөніндегі міндет өте өзекті болып саналады.

Қазақ терминологиясын жүйелеу жөніндегі жаңа талаптарды әзірлеу, терминдерді және атауларды негізгі қағидаларға, қазақ тілінің жазу нормаларына сәйкес ретке келтіру жұмыстары қажетті шаралар болып есептеледі.

Аталған жұмыс әлемдік тәжірибені, туыстас тілдердің үлгілерін, халықаралық терминдерді және терминологиялық атауларды пайдалану арқылы, сондай-ақ жаңадан бекітілген терминдерді бұқаралық ақпарат құралдарында пайдалану жиілігіне тұрақты мониторинг жасау жағдайында жүргізілуге тиіс.

Терминологиялық қорды жаңа терминдермен жаңарту тілдік тарихи мұраны қайта жаңғыртуды, сондай-ақ терминтану мен терминография жөніндегі арнайы жұмыстарды жүргізуді талап етеді.

Сонымен қатар салалық терминологияның бірыңғай электрондық базасын құрып, қазақ терминологиясының жалпы қорын жасап, веб-сайттар мен порталдарға орналастыру көзделеді.

Сондай-ақ үздіксіз тілдік өзгерістер процесін тіркеп отыратын, тілдің лексикалық және грамматикалық құрылысын сипаттайтын жүйе құру қажеттілігі де өте өзекті болып табылады.

Тілдерді қолдану саласындағы заңнаманың сақталуына бақылауды күшейту ұсынылып отырған жүйенің негізгі құрамдас бөліктерінің бірі болуға тиіс.

Осы жұмыс аясында құқықтық олқылықтарды жою және тіл туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту тұрғысынан нормативтік құқықтық базаны жетілдіру талап етіледі.

Көрнекі және жарнамалық ақпарат құралдарында қазіргі қазақ әдеби тілінің тиісінше қолданылуын бақылауды күшейту де қажетті шаралар қатарына жатады.

2. Тіл мәдениетін жетілдіру

Қазақстандықтардың тіл мәдениетінің деңгейін көтерудің қажетті құрамдас бөлігі сөйлеу мәдениетін дамыту болуға тиіс.

Айтыстар, мүшәйра, пікірталас турнирлерін және жыраулар мен жыршылар конкурстарын ұйымдастыру және өткізу осы бағыттағы негізгі шаралар болып табылады.

Қазақ жазуын одан әрі жетілдіру сауаттылықты арттыруға бағытталған конкурстық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу арқылы іске асырылатын болады. Сонымен бірге мемлекеттік тіл мәселесімен айналысатын мерзімді баспа басылымдарын мемлекет тарапынан қолдау талап етіледі.

Сонымен қатар, ақпараттық-анықтамалық электрондық тілдік қызметті құру және одан әрі дамыту, элективті, қосымша курстарды ұйымдастыру арқылы мемлекеттік тілдегі іскери ресми жазба дағдыларын үйрету жүйесін ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Толерантты тілдік ортаны сақтау қажеттілігі тіл мәдениетін жетілдіру жөніндегі міндеттердің өзегіне айналып отырғанына дау жоқ. Жұртшылықты, мәдениет және өнер қайраткерлерін, БАҚ өкілдерін кеңінен тарта отырып, Мемлекеттік тіл күнін ұйымдастыру және өткізу, түркі жазбаларына арналған шаралар кешенін ұйымдастыру, сондай-ақ тіл мәдениетін насихаттауға бағытталған шараларды өткізу дәстүрін жалғастыру жұмыстары қажетті шаралар қатарына жатады.

Нәтижелер көрсеткіштері:

көрнекі ақпараттың пайдаланылуын бақылаудың өңірлерді қамту дәрежесі (2014 жылға қарай - 30%, 2017 жылға қарай - 50%, 2020 жылға қарай - 100%);

тұрғындардың терминологиялық комиссиялардың жұмысындағы шешім қабылдау процесін талқылау кезінде қоғамдық қолжетімділік пен ашықтық қағидаттарының сақталуына қанағаттанушылық дәрежесі (2014 жылға қарай - 60%, 2017 жылға қарай - 75%, 2020 жылға қарай - 100%);

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 530 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Велико ли, мало ли дело, его надо делать. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2460 - | 2139 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.