Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Нұсқа Ж – Мамыр меруертгүлі




1-кезең

1. Өндірілетін өсімдік- Мамыр меруертгүлі

Planta productive- Convallariae majalis

2. Дәрілік өсімдік шикізаты- Materia vegetabilis medicinalis

a) Меруертгүл шөбі –Herba convallariae

b) Меруертгүл жапырақтары–Flores convallariae

c) Меруертгүл гүлі–Folia convallariae

3. Тұқымдасы-Лалагүлділер-Лилейные Familia- Liliaceae

3. Меруертгүл шөбінің, гүлінің, жапырағының морфологиялық сипаттамасы:

Шөбі: бүтін және сынған жапырақтардың гүлтабандары, гүлсағағының жеке гүлдерінің қоспасы.

Жапырағы: эллипс немесе ланцет тәрізді, жоғарғы жағы үшкірленген, негізіне қарай кішірейеді, ұзын қынапқа өтеді, жеке немесе 2-3 болып біріккен; жапырақ жиегі- бүтін, жүйкеленуі- доға нервті. Жапырақ пластинкасы жұқа, сынғыш, беті талшықсыз жылтыр. Ұзындығы 10-20 см, ені 3-8 см дейін.

Гүлі: гүлсағағы кеділі-бұдырлы, қалыңдығы 1,5 мм; Біржақты, жай гүл шоғырлы, онда 3-12 сарғыштау гүлдері орналасады. Гүлдері қосжынысты, гүлшоғырында тәжі секілді қоңырауға ұқсас, нәзік бір жаққа салбырап орналасқан ақ түсті, бітеу күлтелі, қысқа гүлтабанда алты қысқа бөлек тісшелері бар. Қысқа жіпшеде 6 аталығы бар, олар гүлшоғыр негізіне бекіген, байламы жоғарғы,үшұялы.Шөбі өсімдіктің жапырағынан және гүлдерінен тұрады.

Түсі: жапырақтары- жасыл, сирек күрең –жасыл түсті, гүлдері сарғыштау, гүл сағағының түсі –ашық жасыл,иісі әлсіз, дәмі анықталмайды.

2-кезең

1. Гүлдену кезеңінде жиналған және кептірілген шөбі, жапырақтары (гүлдеуге дейін және гүлдеудің басында), гүлдері(гүлдеу кезінде жиналған) көпжылдық шөптесін өсімдігі. Мамыр меруертгүлі- Convallariae majalus L, Кавказдық меруертгүлі – Convallaria transcausasica Utkin ex Grossh және Кейске меруертгүлі – Convallarria keiskei Mig. Тұқымдасы- Лилейные- Лалагүлділер.

Сандық көрсеткіштері –шөбі 1 г биологиялық активтілігі 120 БӘБ –тен кем емес, ылғалдылығы -14% -дан көп емес; гүл шоғыры 5 % -дан көп емес; диаметрі 3 мм сүзгіден өтетін бөлшектер 3% -дан көп емес; табиғи түсін жойған шикізат –сарғайған, қарайған, қоңырданып кеткен 5 % -дан көп емес; органикалық қоспалар -1% -дан көп емес; минералды қоспалар 0,5% -дан көп емес.

Гүлі – 1г биологиялық активтілігі 200 БӘБ –тен кем емес, ылғалдығы – 12% -дан көп емес; гүлшоғырындағы қарайған гүлдері 5 % -дан көп емес; гүлі жоқ немесе уатылған, сынбаған гүл сағақтарының мөлшері 1 % -дан көп емес; органикалық қоспалар – 0,5 % -дан көп емес; минеральды қоспалар 0,3% -көп емес.

3.Микроскопия. Меруертгүл жапырағын калий гидроксидінің 2,5% ерітіндісінде 5 минут қайнатады,Петри табақшасына ауыстырып, бірнеше рет ағын сумен жуады.Препаровалдық иненің көмегімен нысан заттық шыныға көшіріледі. Жарықтандыру үшін хлоралгидрат ерітіндісінен 1 тамшы тамызылады, жабынды шынымен жабады.Меруертгүл жапырағының препаратының микроскопиясында келесідей диагностикалық элементтерді табады: жапырақтарын үстінен қарағанда эпидермис жасушаларының тіке қабырғалары; устьицалары доғал; жапырақ ұзындығына бағытталған, эпидермистің 4 жасушасымен қоршалған (тетраперигенді тип).

3-кезең

1. Мамыр меруертгүлі өсімдігінің химиялық құрамында әсер етуші заттар: карденолидтер, 20 түрлі гликозидтер, олардың негізінде К–строфантидин агликоны жатыр. Негізгі гликозидтері конваллотоксин және конваллозид. Сонымен қатар, конваллотоксол, локундьозид, глюконваллозид, дезглюкохейротоксин бар.

Мамыр меруертгүл өсімдігінің химиялық құрамындағы ілеспелі заттары: фарнезол және ликопин – гүлдерінен алынған, флавоноидтар және кумариндер.

2. Химиялық құрамындағы әсер етуші заттарды бөліп алу әдістері:

Қажетті зертханалық құралдар (колба,воронка. келі мен келсап, сүзгіш қағаздар,таразы,өлшегіш тастар,пробиркалар,су моншасы,тазартылған су) таңдап алынады.Шикізатты келіде ұсақтайды да диаметрі 3 мм електен өткізеді.0,5 г салмақтағы ұсақталған шикізатты алып, көлемі 100 мл колбаға салады.Өлшенген шикізатқа 50 мл 80 % спирт құйып, 24 сағатқа тұндырады. Спиртті вакуум арасында ұшырады, сулы қалдықты бөлгіш воронкаға ауыстырып, липофильді заттарды төртхлорлы көміртекпен 10 мл 6 рет экстрагирлейді. Бөлгіш воронкада, қалған қалдықты хлороформмен 10 мл 4 рет өңдейді. Хороформды бөліктерді қосады, 2 г сусыз натрий сульфатын қосып, 3-5 минутқа қалдырады, қағаз фильтр арқылы фильтрлейді және сапалық реакцияға қолданылады.

4-кезең





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 998 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наука — это организованные знания, мудрость — это организованная жизнь. © Иммануил Кант
==> читать все изречения...

2308 - | 2101 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.