Лекции.Орг


Поиск:




Пәннің тақырыптық жоспар




АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС АКАДЕМИЯСЫ

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ

БЕКІТЕМІН

Академиялық сұрақтар

Жөніндегі проректор

Н.С.Дүйсенғұлова

Ж.

Мамандықтар: 050600 – Экономика, 050700 – Менеджмент,

051100 – Маркетинг, 050800 – Есеп және аудит, 050900 – Қаржы,

070400 – Ақпараттық технология, 090900 – Логистика, 091200 –

Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі

 

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» курсы бойынша

 

 

АЛМАТЫ, 2011

Құрастырған аға оқытушы: Бейсембиев Б.Қ.

 

Жұмыс бағдарламасы «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» курсының

типтік бағдарламасы негізінде 050600 – Экономика, 050700 – Менеджмент, 051100 – Маркетинг, 050800 – Есеп және аудит, 050900 – Қаржы,070400 – Ақпараттық технологиялар, 090900 – Логистика, 091200 – Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі мамандықтары үшін құрастырылған

 

 

Жұмыс бағдарламасы Жалпы білім беру пәндері кафедрасының мәжілісінде талқыланған

№ «_____» хаттама__________________2011 ж.

 

 

Кафедра меңгерушісінің орынбасары _______________________ Киричок О.В.

 

 

Кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент ________________________ Осколков В.С.

 

Жұмыс бағдарламасы ХБА оқу-әдістемелік кеңесінде бекітілген.

№ «_____» хаттама __________________2011 ж.

 

Кіріспе

ХХІ ғасырға тәуелсіз ел ретінде енген республикамыздың әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Қазіргі таңда қазақ тілі мамандарының алдына қойылып отырған міндеттер көп. Солардың бірі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында жүргізіліп жатқан іс-шаралар екені белгілі. Осыған орай № 769 «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы» үкіметтің қаулысын негізге ала отырып, біздің жоғары оқу орнында мемлекеттік тілде іс жүргізу арнайы курсы оқытыла бастады. Ұсынылып отырған «Іс қағаздарын жүргізу» курсының бағдарламасы құжаттарды толтырудың мемлекеттік ережелеріне сүйене отырып жасалды. Студенттерге ұсынылып отырған бағдарлама іс қағаздарын толдыруды үйренудің нақты түріне бағытталған.

Бағдарламада берілген тақырыптар сұрыпталып, күнделікті өмірге қажетті деген іс қағаздарын толтырудың барлық түрлерін қамти отырып құрастырылған.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны:

Бұл бағдарлама академиядағы экономика және ақпараттық технология мамандықтарының қазақ, орыс және ағылшын бөлімі студенттеріне ресми құжаттарды: «Басқару органдарының басқару-реттеу қызметіне қатысты құжаттарды», «Азаматтық қарым-қатынастарды реттеу құжаттарын», «Басқару органының ұйымдастыру, өкім шығару қызметіне қатысты құжаттарын» тілдік нормаға сай жаза білуді, іс қағаздар стилінің өзіндік ерекшеліктерін, түрлерін, іс қағаздарын сауатты толтыруды меңгертеді.

«Іс қағаздарын жүргізу» курсының бағдарламасы негізгі екі бөлімнен тұрады: практикалық сабақтар және студенттердің өздік жұмыстары.

 

Курстың міндеті:

· Іс қағаздары туралы толық түсінік беру;

· Іс қағаздарының түрлерімен, оларға қойылатын талаптармен, олардың рәсімделуімен, лексикалық ерекшеліктерімен таныстыру;

· Құжат үлгілері бойынша сауатты толтыруға дағдыландыру;

Курстың мақсаты: Студенттерге мемлекеттік тілдегі құжаттарды сауатты толтыру ережесін, құжатрға қойылатын талаптарды жете меңгерту; іс қағаздар стилінің өзіндік лексикалық ерекшеліктерімен таныстыру.

Студенттер білуі керек:

- Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу және оның атқаратын әлеуметтік қызметін толық білуі;

- Мемлекеттік тілде іс қағаздарды сауатты жазуға және құжат түрлерін білуге;

- Ұйымдардың, мекемелердің басқару аппаратында «Мемлекеттік тілде іс қағаздарды жүргізуді» ұйымдастыра білуге;

- Құжаттарды рәсімдеу талаптарын білуге.

Студенттер меңгеруге тиіс:

· Мемлекеттік тілде іс қағаздарын оқып, жаза білуі:

· Іс қағаздарының түрлерін ажырата білуі;

· Іс қағаздарының мазмұнын түсіне алуы;

· Құжаттарды сауатты жаза білу тиіс.

Алдыңғы деректемелері: «Қазақ тілі» пәнінен алған білім дағдылары

Соңғы деректемелері: Студенттер сі қағаздарын мемлекеттік тілде оқып, жаза және аудара алатындай болып, күнделікті практикада қолданып, білімдерін ары қарай жетілдіре алатындай дәрежеде болуы керек.

Пәннің тақырыптық жоспар

 

  Модульдік тақырып Апталық бөлу
Барлығы Практикалық сабақ ОБCӨЖ СӨЖ
  Кіріспе. Іс қағаздары туралы түсінік.        
  Құжат және оның қызметі.        
  Құжат деректемелері мен формуляр        
  Құжаттама жүйелері, құжаттағы белгілер        
  Еңбек қатынастары жөніндегі құжаттар        
  Ұйымдық-басқару құжаттары        
  Ақпараттық-анықтамалық құжаттар        
  Барлығы:        

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 702 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Настоящая ответственность бывает только личной. © Фазиль Искандер
==> читать все изречения...

820 - | 696 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.