С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазақҰлттық Медицина Университеті
Ішкі аурулар кафедрасы
Сырқатнама
Науқас: Шаймолдаева Секербала
Диагноз: Созылмалы панкреатит
Түскен уақыты: 09.10.2014ж.
Тобы:ЖМ11-009-1k
Курсы:4
Студент: Мекенбаева Л.И
Абылдаған: Есназарова Г.С.
Алматы 2014
Төлқұжат бөлімі.
Аты-жөні: Шаймолдаева Секербала
Туған жылы: 26.01.1939 ж
Жынысы: әйел
Жасы:75
Ұлты: қазақ
Мекен-жайы: Алматы қ.Әуезов районы,
Алқаман 2,Молдабекова көш 32
Жұмыс істейтін жері: зейнеткер
Түскен күні: 09.10.2014 ж
Негізгі клиникалық диагнозы: Созылмалы панкреатит
Қосымша диагноз: экзокриндік функциясының шамасыздығы,ауырсынулық түрі, өршу фазасы.
Науқастың шағымдары
Эпигастрий аймағында ауру сезімі,сол жақ қабырға асты аймағында және кіндіктің сол жақ бөлігінде болатын ауру сезіміне жүрек тұсындағы ауру сезіміне және іштің белді буындырғандай ауруына шағымданды.Тәбеттің төмендеуі, кекіру, метеоризм, іштің қатуы.Тамақ қабылдаған соң құсу, қыжыл байқалады. Құсқаннан кейін жеңілдеу сезімі болмайды. Диспепсиялық бұзылыстар, бас ауру, бас айналу, әлсіздік,қан қысымының жоғарылауы. Жұтынған кезде тамағы ауырады. Түнгі уақытта тершеңдікке шағымданды.
Anamnesis morbi
Науқастың айтуы бойынша 20 жыл бұрын майлы және ащы тағам қабылдаған соң эпигастрий аймағындағы ауру сезімімен шағымданып емханаға тексерілді.Тексеріс нәтижесінде созылмалы панкреатит диагнозы бойынша ем қабылдайды.Жағдайы біршама жақсарып, ауру сезімі басылады.Майлы ащы тағамдарды қолданғанда кіндік аймағы мен эпигастрий аймағында ауру сезімі қайта біліне бастайды.Бұл жағдай бірнеше жылдар бойы қайталанып отырған,бірнеше рет амбулаторлы және стационарлы ем қабылдаған.Жоғарыда айтылған шағымдардың қайта күшеюіне байланысты соңғы стационарлық ем 2013 жылы болған.Осыдан 2 ай бұрын майлы және ащы тағамды көп мөлшерде пайдаланғанына байланысты эпигастрий аймағы мен кіндіктің сол жағында ауру сезімі, кекіру мен қыжылдау, жүрек айну мазалады 06.10.2014 жылдан бері сол жақ қабырғалықты ауру сезімі қосылады.Жолдама арқылы №1 Қалалық клиникалық аурухананың гастроэнтерология бөлімшесіне ем қабылдау үшін келді.
Anamnesis vitae
Науқас 1939 жылы 26 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. Туылған кезінде ешқандай қабынулар болмаған. Екіқабат кезіндегі анасының дерттері болмаған, жүктілік қалыпты өткен. Туылған кезде туа біткен ақаулары болмаған.Емшек сүтімен қоректенген.Жанұяда екінші бала. Өсуі мен жетілуі жасына сай болды. Спортпен аз шұғылданады. Дене бітімі,санасы дұрыс жетілген. Алғашқы еттеккірі 16 жасында болған.Тұрмысқа шыққан,2қызы бар,дендері сау.3рет түсік тастаған. Климакс 50 жасында басталған.Тамақтануы уақытымен,әртүрлі тағамдармен тамақтанады. Ащы және тұзды тұзды тағамдарды жиі қолданады. 10 жылдан астам уакыт құрылыс алаңында жұмыс жасаған.Тұрмыстық жағдайы орташа. Зиянды әдеттері жоқ Алдыңғы ауырған аурулары, ата-анасының және басқа туыстарының денсаулық жағдайы қалыпты, тұқым қуалайтын аурулары жоқ. Туберкулез, тері аурулары, рак, қантамыр жетіспеушілігі, сифилис ауруларымен ауырған жоқ.
Аллергиялық анамнезінде дәрілік препараттарға, шаң тозаңдарға т.б.қоздырғыш заттарға аллергиясы жоқ.
Status praesens
Жалпы жағдайы – орташа
Ақыл – есі – анық сұрақтарға дұрыс анық жауап береді.
Төсектегі қалпы – белсенді, өзі тұрып қозғалып жүреді
Дене бітімі – гиперстеникалық. Бойы 169см, салмағы 90кг.
Тері жабындысы: түсі бозарған, терісі құрғақ, ылғалдылығы төмен, құрсақтың жоғары бетінде дөңгелек, ашық қызыл түсті дақтар байқалады.Бөртпелер мен жаралар жоқ, тырнағы сынғыш шаштары көп түседі.
Тері асты май қабаты: жалпы семіздік
Лимфа түйіні – лимфа түйіндері, жақасты, мойын, шүйде, бұғана үсті, қолтықасты, шынтақ, пальпацияланады ауру сезімі жоқ;
Бұлшық еттері: тонусы мен күші орташа, дұрыс жетілген, семуі байқалмайды.
Сүйектері: сүйектері қалыпты, деформация білінбейді, пальпация, перкуссия кезінде ауырсыну сезімі жоқ;
Буындары; қозғалымдары – белсенді, пальпациялағанда ауырсыну сезімі жоқ, сықыр мен флюктуация жоқ.
Басты қарау: бас сүйектері мен бет сүйектері дұрыс дамыған.
Тыныс алу жүйесі
Тыныс алу сипаты – тыныс алу қалыпты, мұрын пішіні өзгермеген, мұрын ішіндегі қалқанының қисаюы байқалмайды;
Көмекей – дауысының сипаты – дауысы қалыпты, афония жоқ:
Кеуде пішіні – қалыпты, тыныс алу актісіне бірдей қатысады. Бұғана мен жаурынның орналасуы бір деңгейде, бұғана асты мен бұғана үсті шұңқырлары айқын көрінеді;
Тыныс алу түрі – ентікпе; Тыныс алу жиілігі – 18 рет/мин,
Пальпация
Кеудені сипап тексергенде серпімділігі қалыпты, ауырсынусыз; дауыс дірілі – қалыпты симметриялы естіледі, күшеймеген.
Перкуссия
Өкпенің симметриялы бөліктерінде анық, ашық өкпелік дыбыс, тұйықталу анықталмайды; Топографиялық перкуссия: өкпе ұштарының, оң және сол өкпенің төменгі шекарасы қалыпты, ұлғаю байқалмайды.
Аускультация
Барлық аускультативті нүктелерден везикулярлы тыныс естіледі. Сырыл естілмейді.
Жүрек –қантамыр жүйесі
Жүрек тұсын қарау және пальпация:
Жүрек дүмпуі аймағының үлкеюі байқалады, жүрек ұшы түрткісі солға аздап ығысқан, күші орташа.
Жүрек тұсындағы қалыпты жерден тыс орналасқан дерттік қағу, эпигастральды аймақта пульсация байқалмайды.
Перкуссия: Салыстырмалы және абсолюттік тұйықтық шекарасын анықтағанда сәл ғана сол жақ шекараның солға ығысуы байқалады
Аускультация:
жүрек тондары – әлсіз, ырғақты. Жүректің V тыңдау нүктесінде систолалық шу естіледі.
Артериялық қысым – 170/80 мм с.б.б.
Жүректің соғу жиілігі 76 рет мин.
Шыбық артерияларының пульсі: екі қолда бірдей, ырғақты. Кернеулігі қалыпты, соққы жиілігі минутына 74 рет. Толықтығы қанағаттанарлық.
Асқорыту жүйесі
Ауыз қуысы:тілі ылғалды,таза. Тілдің ойылуы байқалмайды.Жұтқыншақтың артқы қабырғасының және таңдайының доғалшықтардың шырышты қабаты бозғылт.