84. Орындалатын жұмыстардың сипатына байланысты қорғаныш костюмдерінің мынадай түрлері пайдаланылады:
1) 1-тип – пижама немесе комбинезон, медициналық аяқ киім, медициналық қалпақ, үлкен орамал (капюшон), обаға қарсы халат, оң қысымды респиратор-капюшон, мақта-дәке бетпердесі (шаңға қарсы респиратор, сүзетін немесе оттегі-оқшаулағыш газтұтқыш), көзілдірік, резеңке қолғаптар, орамал, шұлықтар, аяқ киімдер, резеңке етіктер;
2) 2-тип – пижама немесе комбинезон, медициналық аяқ киім, медициналық қалпақ, үлкен орамал (капюшон), обаға қарсы халат, мақта-дәке бетпердесі, резеңке қолғаптар, сүлгі, шұлықтар, аяқ киімдер, резеңке етіктер;
3) 3-тип – пижама, медициналық қалпақ, үлкен орамал, обаға қарсы халат, резеңке қолғаптар, сүлгі, шұлықтар, аяқ киімдер, галоштар;
4) 4-тип – пижама, қалпақ (кішкентай орамал), обаға қарсы халат (хирургиялық), шұлықтар, аяқ киімдер.
85. Комбинезондар және пижамалар тығыз матадан тігіледі (бөз немесе кенеп мата), алдыңғы жағынан тұмшаланып түймеленеді.
86. Обаға қарсы халат хирургиялық типі бойынша, бірақ одан айтарлықтай ұзындау (балтырының төменгі үштен біріне дейін) етіп тігіледі, бұл ретте оның етегі біріне бірі тереңірек кіріп қабысуы тиіс; белдігі және жағасындағы байламдары екі жаққа бөлек тігілген екі бөліктен құралады, жеңін байлау үшін бір ұзын таспа тігеді.
87. Обаға қарсы орамалды 90х90х125 см өлшемімен дайындайды.
88. Мақта-дәке бетпердесін ұзындығы 125 см және ені 50 см. дәкенің кесіндісінен дайындайды. Дәкенің кесіндісін сыртқы жиегінен ортасындағы екі жағынан 50 см ұзындықпен кеседі, содан соң дәке бөлігінің ортаңғы бөлігіне ұзынынан тұтас тегіс ұзындығы 25 см ені 17 см мақта қабатын салады. Дәке бөлігінің жиектері айқастырылып қайырылады.
89. Көзілдіріктің жалпақ, жиектері тығыз жанасатын, олардың герметикалығын қамтамасыз ететін иілген шынымен немесе кез-келген басқа құрылымдағы «жаздық» түрін қолданады.
90. Обаға қарсы костюмді жұқпалы материалмен жұмыс істейтін үй-жайға кіргенге дейін мынадай тәртіппен киеді: пижама (комбинезон), шұлық, аяқ киім, медициналық қалпақ, капюшон (үлкен орамал), обаға қарсы халат және етік. Халаттың жағасындағы жіптерді және халаттың белдігін алдыңғы жағынан сол жақ бүйірінде міндетті түрде ілмектеп байлайды, содан кейін жеңіндегі жіптерді байлап бекітеді. Респиратор (бетперде) ауызды және мұрынды жабуы тиіс, бетперденің жоғарғы жіптерін желке тұсында ілмектеп байлайды, төменгісі мұрынның қанаты жақтарына мақта тампондарын қойып, айқастырып байлайды. Көзілдірік нығыздалып орналасуы тиіс және ауа жібермеуіне тексеріледі.
91. Костюмді зарарсыздандыру үшін өңдеуге арналған дезинфекциялық ерітіндісі бар бөлек сыйымдылық көзделеді: етікті немесе галошты, костюмді шешу үдерісінде қолғаптағы қолдарды, мақта-дәке бетпердені, халатты, орамалды (капюшонды), сүлгіні, қолғапты. Көзілдірікті 70о спиртке батырады.
92. Автоклавтаумен, қайнатумен немесе дезинфекциялау камерасында зарарсыздандыру кезінде костюмді тиісінше бикске, қабатталған қапқа салады.
93. Қолғап киілген қолдарды костюмнің әрбір бөлігін шешкеннен кейін дезинфекциялық ерітіндіге батыра отырып, костюмді мынадай тәртіппен шешеді:
1) етік немесе галошты жоғарыдан төмен қарай дезинфекциялық ерітіндіге молынан батырылған мақта тампонмен сүртеді, сүлгіні шығарады;
2) егер олар жұмыс барысында қажет болған жағдайда, жеңқаптарды және қолғаптың екінші жұбын шешеді;
3) етікті шешеді;
4) дезинфекциялық ерітіндіге батырылған мақта тампонмен костюмде болған жағдайда алжапқышты сүртеді, сыртқы бетін ішіне қаратып бүктейді;
5) көзілдірікті екі қолмен алға қарай, жоғары және басының артына тартып шешеді;
6) қолғапты шешеді (қолғаптың тұтастығы сақталмағанына күдік болған кезде оларды дезинфекциялық ерітіндіде тексереді (бірақ ауамен емес);
7) қорғаныш костюмді шешкеннен кейін қолдарын 70Ү спиртпен өңдейді, содан кейін сабынды сумен мұқият жуады;
8) мақта-дәке бетпердені оның сыртқы жағын бетке тигізбей шешеді;
9) халаттың жағасындағы жіптерді, белдікті шешеді және қолғаптың шетін төмен жіберіп жеңнің байламдарын ағытады, халатты шешіп, сыртқы бетін ішіне қаратып орайды;
10) орамалдың шеттерін бір қолмен желкеге жинап, абайлап шешеді.