* Сұйықтықты шектеу 800 мл/тәул дейін
* Тұзды шектеу 3 г/тәул дейін
* Верошпирон дозасын көбейту
* Фуросемид қосу
* Торесемид қосу
! Науқаста «Бауыр циррозы, декомпенсирленген, портальді гипертензия, асцит» диагнозымен перифериялық ісіктер анықталған. Қандағы натридің көлемі – 112 ммоль/л. Бойы – 176 см, салмағы – 82 кг. Тағаындалған терапия: Сұйықтық пен тұзды шектеу, верошпирон. Егер ем дұрыс жүргізілсе, науқас тәулігіне қандай салмақ көлемін жоғалту керек?
* 400-500 г
* 900-1000 г
* 1200-1300 г
* 1500-1600 г
* 1700-1800 г
! Науқас бауыр циррозымен, айқын асцитпен лапароцентез жасағанда біруақытта 8 л асциттік сұйықтық алынды. Лапароцентезден кейін оған 3г альбумин ерітіндісін әр алынған 1 л сұйықтыққа есептеп құйды. Тәуліктік диурез 300 мл дейін төмендеді, лапароцентездің эффективтілігі нәтижесінде. ЖЗА: тығыздық -1006, белок – абс, эпителий – 1-2 к/а. Қан сарысуындағы натрий көлемі - 112 ммоль/л, креатинин – 405 мкмоль/л. Науқаста қандай асқыну пайдап болды?
* Преренальная азотемия
* Гепато-ренальді синдром
* Бүйректің жедел токсикалық зақымдануы
* Жедел ренальді бүйрек жеткілісіздігі
* Постренальді жедел бүйрек жеткілісіздігі
! Науқас бауыр циррозымен асциттің айқын көріністерімен түсті. Сонымен қатар науқаста, белгісіз локализациялы іштің ауруы. Асцит және бауырлық энцефалопатия көріністері соңғы 1 апта ішінде жоғарлаған. ЖҚА: Л – 8,4 х109/л, СОЭ- 22 мм/с. Науқастың жағдайының ауырлауын қандай зерттеу әдісі нақты мәлімет береді?
* Электроэнцефалография
* Сарысуда және зәрде Na, K, Ca деңгеін анықтау
* Сарысуда және зәрде креатинин, мочевина көлемін анықтау
* Құрсақ құысының ағзаларын компьютерлі томографиясы
* Асциттік сұйықтықты зерттеу (белок, рН, жасушалар, бак.себінді)
! Декомпенсирленген бауыр циррозы, айқын асцитімен, диуретикалық терапияға рефрактерлі (верошприон 400 мг/тәул, фуросемид – 160 мг/тәул) науқастың асциттік сұйықтығын зерттеген кезеде табылды: рН – 7,1, нейтрофильді цитоз 100 000/мл. Қандай емдік тактика қолданған жөн?
* Альбумин мөлшерін толтырып отырумен лапароцентез
* Көктамырға курс L-орнитин-L-аспартат
* Цефотаксим 2 г әр 8 сағат көктамырға
* Доксициклин 0,4 әр 8 сағат көктамырға
* Нетромицин 100 мг әр 8 сағат көктамырға
! Өңештің қатерлі ісігінің ерте белгісі:
* Мелена
* Дисфагия
* Дауыстың қарлығуы
* «Кофе қоюымен» құсу
* Кеуде артындағы кесіп ауыру сезімі
! Науқас М. 75 жаста, эпигастрий аймағындағы сыздап ауыру сезімі, тәбетінің төмендеуі, жүрек айну, жалпы әлсіздікке шағымданады. 2-3 ай ағымында ауырады, осы уақыт аралығында 7 кг салмақ жоғалтты. Арық, тері жабындылары бозғылт. Пальпацияда эпигастрий аймағы ауыру сезімді. Қан анализінде: Нв – 92 г/л, ЭТЖ- 64 мм/час; РЭА - 75,73 нг/мл; СА-19-19 – 89,19 нг/мл. ЭФГДС: асқазанның кіші қисығының пішіні дұрыс емес жарасы, шеттері тегіс емес, жара айналасындағы шырышты қабық инфильтрацияланған. Өлшемі: 5,0х4,0х1,8 см. Ең мүмкін болатын диагноз?
* Асқазанның қатерлі ісігі
* Менетрие ауруы
* Эрозивті гастрит
* Асқазанның ойық жарасы
* Асқазанның пенетрацияланған жарасы
! Науқас Б. 73 жаста, тамақ кезінде немесе тамақтан кейін күшейетін эпигастрий аймағындағы ауыру сезіміне, тамақтан кейін болатын кезеңді құсуға, етті тамақты жек көру сезіміне шағымданады. 3-4 ай ағымында ауырады. Соңғы ай етті тамақтардан бас тартты, тек қана сорпалар мен сұйық ботқалар жейді. ЖҚА: Эритроцит – 3,5 х 1012/л, гемоглобин – 88 г/л, ЭТЖ – 65 мм/час. РЭА – 58,9 нг/мл. Қандай зерттеу ең ақпаратты болып табылады?
* АФП анықтау
* Өңештің Ph-метриясы
* СА 15-3 анықтау
* Көзделген биопсиямен ЭФГДС
* Кеуде қуысы мүшелерінің рентгенографиясы
! Өңештің ісік алды ауруларына барлығы жатады, біреуінен басқасы:
* Кардия ахалазиясы
* Тыртықты стриктуралар
* Өңештің пептикалық жарасы
* Сидеропениялық дисфагия
* Өңештің полипы мен папилломасы
! Науқас С. 62 жаста, іштің кебуі мен төмеңгі жағындағы ауыру сезімі, іш қату, 5 кг дейін арықтауға шағымданады. Өзін 2 ай ағымында аурумын деп санайды, сол кезде алғашқы іш қатулар пайда болды. Соңғы 3-4 күнде жағдайы күрт төмендеді: іштегі ауыру сезімі күшейді, дефекацияға жалған шақырулар, «қой құмалағындай» шырыш пен қан аралас нәжіс. Бір жыл бұрын колоноскопия кезінде тік ішекте полип анықталды. Іші кепкен, тоқ ішек бойына ауыру сезімді. Қанда: ЭТЖ 52 мм/час, РЭА – 42,6 нг/мл. Кіші жамбас қуысы мүшелерінің МРТ: тік ішектің ортаңғы ампуласы проекциясында 6,5 см бойына ішек қабырғасының 2,5 см айналмалы қалыңдауы. Қабырға шекарасы анық емес, тегіс емес, параректальды тіндерге инвазия белгілерімен. Диагнозды дәлелдейтін ең ақпаратты зерттеу әдісін таңдаңыз.
* Копрология
* Ирригоскопия
* Жасырын қанға нәжіс талдауы
* Іш қуысы мүшелерінің УДЗ
* Көзделген биопсиямен колоноскопия
! Науқас Г. 63 жаста, көбінесе оң жақтан, арқаға берілетін эпигастрий аймағындағы ауыру сезіміне, терісінің сарғаюы мен қышуына, жалпы әлсіздікке, жүрек айну, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. 3-4 ай ағымында ауырады, сол кезде ең бірінші эпигастрий аймағындағы ауыру сезімі пайда болды, артынан терісінің сарғаюы қосылды, 8 кг салмақ жоғалтты. Объективті: арық, тері жабындылары топырақ реңімен сарғыш түсті, қасу іздерімен. Іші кепкен, оң жақтан эпигастрий аймағында ауыру сезімді. ЖҚА: лейкоцит 14•109/л; ЭТЖ 44 мм/час. АЛТ 64 Е/л, АСТ 59 Е/л, жалпы билирубин 396 мкмоль/л, тура билирубин 228 мкмоль/л. СА-19-9 69 Ед/мл. Ұйқы безінің УДЗ: басы 36х42 мм, шекарасы тегіс емес, эхоқұрылымы біртекті емес. Қандай диагноз ең мүмкін болады?
* Ұйқы безі басының қатерлі ісігі
* Бауырдың біріншілік билиарлы циррозы
* Созылмалы панкреатит, ауырулық түрі
* Бауырдың екіншілік билиарлы циррозы
* Минималды деңгейлі белсенділікте созылмалы гепатит
! Науқас А. 58 жаста, 1-2 ай ағымында оң жақтан қабырға астындағы ауыру сезімі мазалайды. Бір апта бұрын склераларының сарғаюын байқады. Арықтады. Анамнезінде 32 жастан - созылмалы вирусты гепатит С 1в генотипті. Вирусқа қарсы терапия қабылдады, тиімділігі жоқ. Кезеңдермен алкогольді көп ішеді. Об-ті: тері мен склералары сарғыш, телеангиэктазиялар. Іші кепкен, үлкейген. Бауыры қабырға доғасынан 3 см шығып тұр, тығыз, сезімтал. Бауыр шеті тегіс емес, «фестонды». Көкбауыры төмеңгі полюсімен пальпацияланады. Қанда: анемия, тромбоцитопения, ЭТЖ-64 мм/ч. АЛТ 58 Е/л, АСТ 44 Е/л, жалпы билирубин-68 ммоль/л, басым тура фракция есебінен. АФП 61,2 нг/мл, СА-19-9 49,8 нг/мл. Сіздің болжама диагнозыңыз?
* Жильбер синдромы
* Гепатоцеллюлярлы карцинома
* Біріншілік билиарлы цирроз
* Бауырдың үдемелі алкогольды циррозы
* Созылмалы гепатит С соңындағы бауыр циррозы
! 36 жаста К есімді науқаста іш қуысы мүшелерінің УДЗ жасау кезінде өлшемі 2,5х3,4 см бауыр гемангиомасы анықталды. Ұрықтануға қарсы дәрілер қабылдайды. Шағымдары жоқ. Объективті: тамақтануы қанағаттанарлық, тері жабындылары қалыпты түсті. Іші жұмсақ, ауыру сезімінсіз. Бауыры, көкбауыры үлкеймеген. Төмендегі зерттеу тәсілдерінен қайсысы ең ақпаратты?
* ретроградты панкреатохолангиография
* МРТ контрастылаумен
* Бауыр УДЗ 1 жылдан кейін қайталау
* Іш қуысы мүшелерінің КТ
* Бауыр УДЗ 3 жылдан кейін қайталау
! А есімді науқас, 46 жаста ұзақ уақыт бойы созылмалы вирусты В гепатитпен ауырады, зерттеу кезінде қанда жоғары деңгейде АФП анықталды: (α-фетопротеин) – 69,7 нг/мл. Осы науқасты тиянақты зерттеуге барлығы кіреді, біреуінен басқа:
* Бауыр УДЗ
* Компьютерлі томография
* Позитронды эмиссионды томография
* Эндоскопиялық ретроградты панкреатохолангиография
* Жіңішке инелі тері арқылы биопсия (немесе басқа алу тәсілі) цитологиялық зерттеумен
! Н. есімді науқастың 1-2 ай ағымында жалпы жағдайы кенет нашарлады: дене салмағын тез жоғалтты, оң жақ қабырға астындағы ауыру сезімі пайда болды, склералары мен тері жабындылары сарғайды. Науқастың сөзінен бұл белгілер тез үдеуде. Қанда: анемия, тромбоцитопения, ЭТЖ-55 мм/ч. АЛТ 58 Е/л, АСТ 44 Е/л, жалпы билирубин 128 ммоль/л, басым тура фракция есебінен. АФП 47,2 нг/мл. УДЗ: бауыр қақпасына жақын жерде гиперэхогенді, өлшемі 5,5х3,6 см жалғыз түйін анықталды. Қандай ем жолы осы жағдайда алтын стандарт болып табылады?
* Бауыр трансплантациясы
* Ісіктің химиоэмболизациясы
* Этанолды тері арқылы енгізу
* Ісікті радиожиілікті абляциялау
* Жүйелі химиотерапия және сәулелендіру
! 52 жастағы ер адам, сұйық және қатты тағам қабылдағанда жұтынудың қиындауы, лоқсу, физикалық жүктемемен байланыссыз кеуде тұсындағы ауырсынуға шағымданады. Бұл белгілер көбінесе түнгі уақытта эмоционалды күштемеден кейін пайда болады. Жоғарыда айтылған симптомдар 20 жылдан бері мазалайды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, салмағы 70 кг, бойы 164 см.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?
* кардия ахалазиясының
* өңеш дискенезиясының
* өңеш дивертикулысының
* өңештің пептикалық жарасының
* гастроэзофагеалды рефлюкс ауруының
! 37 жастағы әйел тамақтанып болғаннан кейін горизонтальды қалыпта күшейетін кеуде артындағы ауырсыну, қыжылдау, қышқыл және ащы ішкен тағамды құсу, өңештің ортаңғы бөлігіндегі “бөгде зат” тәрізді сезімге шағымданады. Асқазан сөлі анализінде гиперсекреция. Рентгенде өңеш өткізгіштігі калыпты, кардияның артқы ортаға шығуы және контрасты массаның асқазаннан өңешке қайта өтуі байқалады.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?
* өңештің қатерлі ісігінің
* кардия ахалазиясының
* өңеш дивертикулысының
* өңештің пептикалық жарасының
* өңештің диафрагмалық саңылауының жарығының
! 47 жастағы ер адам, бір жыл бойы алкоголь, кофе және цитрус тағамдарын қабылдағанда пайда болатын кеуде артындағы ауырсыну және қыжылдауға шағымданады. Төменде көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?
* де-нолды
* маалоксты
* трихополды
Мотилиумды
* фамотидинді
! Гастроэзофагеалды рефлюкс ауруын емдеуге мына препараттарды тағайындаған Барынша тиімді?
* маалокс, фамотидинді
* омепразол, трихополды
Домперидон, рабепразолды
* омепразол, амоксициллинді
* омепразол, висмут субциттратын
! 45 жастағы әйел қатты тағам қабылдағанда жұтынудың қиындауы, лоқсу, физикалық жүктемеге байланыссыз кеуде тұсындағы ауырсынуға шағымданады. Жұтынуын жеңілдету үшін тамақтану кезінде кеудесін артқа шалқайтады. Бұл симптомдар 10 жылдан бері мазалайды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық.
Төмендегі дәрілік препараттардың қайсысын тағайындау барынша тиімді?
* конкорды
* дюфалакты
* фозикардты
Нифедипинді
* кандесартан
! Асқазанның жарасы бар ер адам тамақ қабылдаудан кейін пайда болатын айқын қайталамалы ауыру сезімінің антацидтер мен тағам қабылдауға тәуелділігі жоғалып, ауыру сезімінің сипаты өзгеріп, күшейген, тұрақтыланған және кейде өткір болатыны байқалған. Төменде көрсетілген асқынулардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:
* перфорацияның
* қан кетудің
* перивисцериттің
* 12-елі ішекке кіре берістің стенозының
* реактивті панкреатиттің
! 45 жастағы әйел, 3 жыл бұрын холецистэктомия жасатқан, сонан кейін іш кебулер мен іш өтулер байқалған.
Төмендегі дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?
* креонды
* фесталды
Урсосанды
* маалоксты
* мезим-фортені
! 28 жастағы әйел, оң қолға берілетін оң жақ қабырға астындағы ұстамаға; өт аралас құсыққа шағымданып түсті. 12 елі ішекке зонд салу кезінде барлық үш порцияда – шырыш, лейкоциттер, IV порцияда – лямблиялар анықталды.
Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?
* созылмалы холангиттің, өршу сатысы
* созылмалы дуодениттің, өршу сатысы
* калькулезды холециститтің, өршу сатысы