Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Ағымы, асқынуы, болжамы

Этиологиясы мен патогенезі.

ӨШЖД-ның қауіп факторлары мен себептері: орталық және вегетативті жүйке жүйесінің бұзылысы (невроз, вегетотамырлық дистония, диэнцефалды бұзылыстар); стресс жағдайлары. Бұл екі фактор біріншілік ӨШЖД-ны туғызатын негізгі себептерге жатады; асқазан-ішек жолдарының аурулары (асқазан-12 елі ішек ауруы, паразитоз, вирусты гепатит); созылмалы инфекция ошағы, жиі ЖРВИ; өт шығару жолдарының аномалиясы мен ақауы; алиментарлық факторлар. Патогенезінде маңызды орынды өт қабы мен сфинктерлерінің (Одди, Люткенс) моторикасының диссинергизмі, сонымен қоса интестинальді гормондар маңызды рөл ойнайды. Бұл ақаулар реттеу механизмінің адаптациялық бұзылуының салдарынан дамып, туа және жүре пайда болған билиарлы жүйенің бұзылысы себебінен психовегетативті синдром дамиды. Өт қабы мен өт шығару түтіктерінің моторикасы бұзылысы себебінен холестаз дамиды. Осының себебінен өттің физико-химиялық және бактериостатикалық құрамының өзгерісінен бауыр-ішек жолдарында ауырсыну, диспепсиялық синдромдар дамып холецистит немесе өт тас ауруына әкеліп соғады.

Жастық аспект. Аурудың біріншілік белгілері мектепке дейінгі жаста пайда болып, 7-9 жас аралығында айқындалады.

Отбасылық аспект. Өт жолдарының дискенезиясымен ауыратын науқастардың отбасында балалардың жиі неврозына алып келетін ұрыс-керіс жағдайлары көп болады. ӨШЖД-ны тұқымқуалаушылық жолымен берілетіні дәлелденбеген, бірақ адаптациялық механизмдердің нашар дамуы, аллергиялық, неврологиялық реакцияларға жауабының төмен болуы айқын тұқым қуалайды.

Диагностикалық критерийлер.

Негізгі белгілер:

1) Оң жақ қабырға асты мен кіндік аймағында ауырсыну, қысқа мерзімді ұстама тәрізді, кейде, оң жақ жауырынға уақытша берілетін (гипертониялық типінде) немесе тұрақты сыздап ауырсыну (гипотониялық типінде) байқалады.

2) Диспепсиялық белгілер: тәбет төмендеуі, жүрек айну, ауызға қышқыл келуі, іштің желденуім мен нәжісінің өзгеруі (гипертониялық типінде) немесе іш қату (гипотониялық типінде) белгілері байқалады.

3) Өт қабының ауырсыну симптомдары байқалады:

- Өт қабын пальпация жасау кезінде (Кер симптомы)

- Өт қабы проекциясын перкуссиялағанда (Лекэне симптомы)

- Өт қабы проекциясына пальпация жүргізгенде дем алған кездегі ауырсынуы (Мерфи симптомы)

- Оң жақ қабырға доғасын соққылағанда ауырсынуы (Греков-Ортнер симтомы)

- Эпигастрий аймағы мен Шоффар аймағын пальпациялағандағы ауырсыну.

Факультативті белгілер:

1) Орталық және вегетативті жүйке жүйесінің бұзылыстары (бас ауырсыну, қозғыштықғ патологиялық дермографизм, дисталды гипергидроз, зорығу)

2) Жүрек-қантамыр жүйесіндегі өзгерістер: тахи- немесе брадикардия; экстрасистолия, жүрек тондарының әлсіреуі, систолалық шу, АҚҚ жоғарылаумен жүретін пароксизмальді тахикардия, АҚҚ төмендеуімен жүретін синустық түйіннің әлсіреуі.

 

Лабораториялық және аспаптық зерттеу әдістері.

Негізгі әдістер:

- Жалпы қан және зәр анализдері (қалыпты)

- Өт шығару жолдарының УДЗ

- Фракциялық дуоденалды зондтау. Мұның 5 фазасы ажыратылады:

1) 12 елі ішекке өттің шығуының жалғасуы. Фазаның уақыты 10-20 минут.

2) Магнезияны және басқа өт айдайтын заттарды ендіргенде Одди сфингінің жабылу уақыты 4-8 минут.

3) Жалпы өт түтігінен өттің келуімен өт қабына жиналу уақыты (3-6 мин.) Гипотния кезінде бұл уақыт ұзарады.

4) Өт қабынан қою өттің шығу уаұыты (20-30 мин). Гипотния кезінде бұл уақыт ұзарады.

5) Бауыр өзекшелерінен өттің шығуы. Уақыты көрсетілмейді.

Қосымша әдістер:

- Қан құрамындағы билирубин мөлшері,

- Ферменттер (АСТ, ЛДГ)

Тексеру кезеңдері.

Дәрігер кабинетінде: анамнездік мәліметтерді жинау мен қорытындылау, отбасылық жағдайын мән беру; баланың жүйелер мен мүшелерін объективті қарау.

Емханада: жалпы қан және зәр анализі, өт шығару жолдарының УДЗ, дуоденалды зондтау, өттің химиялық, бактериологиялық, физикалық қасиеті, қанның биохимиялық анализі (жалпы белок, сиал қышқылы, билирубин, АлАТ, АсАТ, ЛДГ)

Ағымы, асқынуы, болжамы

Клиникалық ағымына байланысты асқазанда, 12 елә әшекте, басқа да ішек бөліктерінде өзгерістермен сипатталады. Оң жақ қабырға астындағы ұстама тәрәзді, аз уақытқа созылатын ауырсыну гипертониялық түріне сипатты. Диспепсиялық симптомдар: жүрек айну, тәбеттің төмендеуі, оң жақ қабырға астындығы сыздап ауырсыну гипотониялық дискенезияға сипатты.Аурудың ағымы толқынша өтетін өршу мен ремиссия кезеңдерімен көрінеді. Аурудың ауырлығы ауыру, диспепсиялық синдромымен, басқа ағзалардың зақымдалуына байланысты.

 

Аурудың ұзақтығы. Жедел кезеңде ауру ұзақтығы емдегенде 3-4 күнге созылып, диспепсиялық және ауыру синдромдарының жоғалуымен көрінеді. Аурутың толық ұзақтығы 2-3 жыл. Асқынуы: холецистит, өт-тас ауруы, гастродуоденит. Болжамы жақсы.

Дифференциялды диагностикасы: холециститпен, өт-тас ауруымен, гастродуоденитпен жүргізіледі.

Диагноз қою реті: екінілік ӨЖД. Гипертониялық типті, өршу фазасы. Біріншілік ӨЖД. Гипокинетикалық типті, Одди сфинктерінің әлсіреуі себепті, ремиссия фазасы.

Емдеу тактикасы: Науқастар үйде емделеді.

1. Гипотониялық ӨЖД – да тағайындалады:

Певзнер бойынша: Күнделікті толық 5-6 реттік тағам пайдалану, жедел кезеңде майлы, холестеринге бай, майлы етті, консерва өнімдерін, қуырылған тағамдар шектеледі. Өт айдау қасиеті бар тағамдарды пайдалану(жұмыртқа, өсімдік майы, көкөніс, жемістер). Өт айдағыш дәрілер: холосас 1 ас қасықтан күніне 3 рет; аллохол 1 таб күніне 3 рет; холензим 0,5-1 таб күніне 3 рет; оксифенамид 0,25 баб күніне 3 рет; алоэ экстракты 5 жасқа дейін 5-10 тамшыдан, үлкен жастағыларға 0,5 ас қасықпен күніне 3 рет; апилак 0,005-0,01 г күніне 3 рет; женьшень 10-15 тамшыдан күніне 3 рет; элеутерококк эстракты 10-20тамшыдан күніне 2-3 рет; пантокрин 0,05-0,075 г 2рет күніне; Витамин В1 ішке 10-15 мг күніне 3 рет, В6 5-10мг 2-3 рет;

 

2. Гипертониялық ӨШЖД – да тағайындалады: спазмолитиктер: но-шпа 0,5-1 таб күніне 3 рет, папаверин 0,01-0,015 г күніне 3 рет, эуфиллин 0,05-0,1 г күніне 3 рет, тифен 0,01-0,02 г күніне 2 рет, галидор 0,05-0,1г күніне 2 рет; седативті препараттар: натрии бромиді 2% ерітіндіні ас қасықпен күніне 3 рет, валериан тұнбасы 10-15 тамшы күніне 3 рет; Физиотерапия: озокерит, парафин, диатермия,электофорез.

 

Ремиссия кезінде балаларға жүргізілетін реабилитациялық шаралар: 3 жылға диспансерлік қадағалау, созылмалы инфекция ошақтарын жою, ремиссияга қарсы ем жүргізу, 2 ай бойы 2 реттен өт айдайтын препараттарды қолдану, нәрестеге 15 мл 33% дық магнезияны таңғы уақытта береміз. Витаминотерапия(В1,В2,В6) күз, көктем айларында 2 апта; физиотерапия, емдік дене шынықтыру, ауырсыну, диспепсиялық синдромдар жойылған жағдайда дене шынықтырумен айналысу.

 

Ата-анасына нұсқаулық: балаларын үнемі дәрігердің нұсқаулығы бойынша жаттығулармен шұғылдандыру, тамақтану тәртібін сақтау, күніне 5-6 рет ас қолдану, жануар майын шектеу, гигеникалық тәртіппі сақтап әр тамақтанғаннан кейін ауыз қуысын тазалауды ұйымдастыру.

 

Біріншілік профилактика: дұрыс тамақтануды ұйымдастыру, невроз жағдайларынан қорғау, инвазиялық аурулардың - алып емдеу, асқазан -ішек жолдары ауруларынан сақтану, созылмалы инфекция ошактарын жою.

 

 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Правопис не, ні з різними частинами мови | Человек, познай себя, и ты познаешь.
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 905 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Не будет большим злом, если студент впадет в заблуждение; если же ошибаются великие умы, мир дорого оплачивает их ошибки. © Никола Тесла
==> читать все изречения...

2538 - | 2233 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.