Студенттің өзіндік жұмысы
Тақырыбы: Отандық ғалымдардың шектік жұқпалы патологияларды зерттеудегі рөлі.Табиғи
ошақтардың пайда болу факторлары
мен жағдайлары.
Дайындағын: Әбдіханова Самал
Тексерген: Қымбат Шарипова
Жоспары:
Кірісе
Негізгі бөлім
1. Отандық ғалымдардың шектік жұқплы ауруларды зрттудегі рөлі.
2. Табиғи ошақтардың пайда болу фактолары мен жағдайары.
Орытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Эпидемиология ” (эпидемия және грек. logos – ілім) – жұқпалы және инвазиялық аурулардың пайда болуы мен таралу заңдылықтары, сол ауруларды жою шаралары туралы ғылым. Эпидемиология екі бөлімінен тұрады: 1) жалпы Эпидемиология – жұқпалы аурулардың заңдылықтары мен олармен күресу, жою және олардың алдын алудағы теорияның, әдістемелік және ұйымдастыру негіздері туралы білімнің жиынтығын қамтиды; 2) жеке Эпидемиология – белгілі бір жұқпалы ауруға тән ерекшеліктерді жан-жақты зерттейді.
Эпидемиология микробиология, гигиена, паразитология, иммунология, жұқпалы аурулар клиникасы, т.б. жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланысты. Жұқпалы ауруларға күрес шаралары тәжірибелерінің қорытындысы ретінде Эпидемиология көне заманнан бері белгілі. Мыс., б.з.б. 1000 ж. Қытайда шешек ауруларына қарсы егу әдісі қолданылған, Үндістанда індетке қарсы санитарлық заң болған. Қазақ жерінде ғұлама ғалым, емші Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы шешек ауруларына қарсы вакцина егуді осыдан 500 жыл бұрын пайдаланған. Ал Шығыс Азия елдерінде алапес ауруларының жұқпалы екенін біліп, ондай науқастарды оқшаулап, арнайы “алапес үйіне” қамаған. Ертедегі Римде өлікті қала ішіне жерлеуге рұқсат етілмеген. Жұқпалы ауруларды тірі қоздырғыштар тудыратыны туралы алғаш рет Гиппократтың еңбектерінде айтылған. Қайта өркендеу дәуірінде жұқпалы аурулар туралы ғыл. негіз қалыптаса бастады
Эпидемиология саласында көрнекті ғалымдар Х.Ж. Жұматов, И.Қарағұлов, Н.Д. Беклемишов, М.А. Айқымбаев, І.А. Макиров, Н.И. Киреев, Е.Х. Шұратов, Н.Ж. Жайықбаев, т.б. көп еңбек сіңірді. С. Әміреев, І. Құдайбергенұлы, Өтебойдақ Тілеуқабылұлы.
Қарақұлов Ишанбай Қарақұлұлы (1909-1992) - ғалым-эпидемиолог, медицина ғылымының докторы, Қазақстан Ғылым академиясының, КСРО Медицина ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі, КСРО Медицина ғылымдары академиясының академигі, Қазақстанның және Қарақалпақ АКСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, медицина ғылымы саласында қазақтан шыққан тұңғыш профессор.
Ақтөбе облысының Ойыл ауданында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Орынбор қаласындағы жасөспірімдерге арналған үш жылдық мектеп-интернатында оқыған. Орал қаласындағы Қазақ өлкелік медицина техникумын, Алматы мемлекеттік медицина институтын (С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті) және осы институттың аспирантурасын бітірген. 1937 жылы институтты тәмамдаған ол бірден Қазақ КСР Денсаулық сақтау халық комиссары болып тағайындалған. 1937-1946 жылдары бірінші шақырылған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына сайланған. 1946-1947 жылдары Алматы медицина институты эпидемиология кафедрасының меңгерушісі. 1948-1950 жылдары - Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтының директоры. 1950-1954 жылдары Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарған.
Ишанбай Қарақұлұлы - эпидемиология, профилактика және микробиология саласындағы белгілі зерттеуші және денсаулық сақтау ісін ұйымдастырушы ірі қайраткерлердің бірі.
Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері адамға жұғатын ауруларды зерттеуге және Қазақстанның денсаулық сақтау ісін ұйымдастыруға арналған. Ол малдан жұғатын аса қауіпті ауруларға эпидемиологиялық тұрғыдан жіктеу жасап, олардың жұғу жолдарын анықтады, оларға қарсы қолданылатын кешенді шаралардың біртұтас жүйесін ұсынды. Cарыптан сақтану мақсатында адам терісіне алдын ала вакцина егу әдісін тапқан. Оның ұсынған бұл әдісі қазіргі кезде шет мемлекеттерде де қолданылады.
Жұқпалы аурулар — зардапты вирустардың, микоплазмалардың, хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардың организмге еніп, онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы аурулар бактериялардан және басқа организмдерден (жанды денелерден) пайда болады, олар организмге аса зиянды. Олар әр түрлі жолдармен тарайды. Бактериялар, инфекция туғызатын басқа да көптеген организмдердің ұсақтығы соншалықты, оларды микроскопсыз кере алмайсыз — ал арнаулы құралмен қарағанда сол зәредей зат үп-үлкен болып көрінеді. Ал вирус тіпті бактериядан да ұсақ.
Жұқпалы ауруларды кейде тек «инфекция» деп те атайды. Олар:
· Ішек аурулары;
· Жоғарғы тыныс жолдары аурулары;
· Қан немесе трансмиссивті аурулар;
· Сыртқы қабықтардың аурулары болып бөлінеді.
Ішек аурулары (мысалы А-гепатиті) вирус ас қорыту жолдарына ауыздан кіріп, ішектен нәжіспен бірге шығады.
Тыныс жолдары ауруында шырышты қабықтар зақымданады және организмге вирус: ауамен кіреді.
Қан немесе трансмиссивті аурулар (әртүрлі энцефаломиелиттер, гемаррагиялық безгектер) аурудан сау адамға және жануарларға қан; сорғыш насекомдар арқылы беріледі, кейде қосалқы көмекшілері болады, көбінесе табиғи-ошақты болып келеді.
Сыртқы қабықтардың аурулары (құтыру, аусыл, делбе) жанасудан, қарым-қатынаста болудан тарайды. Вирустардьң организмде өсіп-өну және шоғырлану ерекшеліктеріне сай оларды ошақты және жалпы деп бөледі.
Біріншісінде қоздырғыштардың әсері тек енген жерде көрінеді, ол сол жерде есіп-өнеді (мысалы ішекте, не тыныс жолдарында). Екіншісінде вирустар енген жерінде көбейіп, денеге тарайды да, басқа ағзаларда екінші үлкен ошақ құрайды (шешек, қызылша, полиомиелит). Аурудың мерзімінің ұзақтығына, белгілерінің көрінуіне және қоздырғыштың сыртқы ортаға шығып тұруына байланысты олар жіті және созылмалы болып бөлінеді. Жітілері тез жазылады, вирустан да тез құтылады. Ал созылмалысы біресе айығып, біресе қайталап көпке созылады. Өз алдына бір бөлек түрі — баяу ауру. Бұл түрінде вирус организмде көпке дейін сақталып, ауру ұзаққа созылады және клиникалық белгілері көмескілеу болады. Ал ауру белгілерінің мүлдем болмайтын түрін инаппаранттык деп атайды. Мұнда организмнен ауру қоздырғышы, шығып кетеді де, иммунитет пайда болады. Аурудың латентті (жасырын) деген де түрі бар. Онда вирус организмде өте ұзақ уақыт өмір сүреді.
Жұқпалы аурулардың түрлері
Жұқпалы аурулар инфекциялық аурулар (лат. іnfectіo–жұқтыру):
1. тірі организмдерге ауру тудырушы микроорганизмдердің (бактерия, риккетсия, вирус, саңырауқұлақ) енуінен пайда болатын кесел;
2. осы аурулардың белгісі мен даму барысын зерттеп, оның дәл диагнозын қойып, емдейтін клиникалық медицинаның арнайы бір саласы.
Жұқпалы аурулар туралы деректер ертеден белгілі болған. Ежелгі грек ғалымы Гиппократ, ортағасырлық ғалым Әбу Әли ибн Сина өз еңбектерінде кейбір аурулардың науқас адамнан, жануарлардан жұғып, тез таралатыны, оған көзге көрінбейтін “миазмалар” себепкер болатыны туралы айтқан. 15 ғасырда жазылған Ө. Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” атты еңбегінің қолжазбасында дерттің пайда болуын адам денесіне құрттардың (көзге көрінетін және көрінбейтін) енуімен түсіндірген. 19 ғасырда бактериология, микробиология және иммунология ғылымдарының дамуы Жұқпалы ауруларды толық зерттеуге мүмкіндік берді. Әсіресе, француз ғалымы Л.Пастер, неміс микробиологы Р.Кох (1843 – 1910), орыс ғалымдары И.И. Мечников (1845 – 1916), Н.Ф. Гамалея (1859 – 1949), т.б. еңбектерінің маңызы зор болды.