1.Объектіге бағытталған программалауда әрекет объектіге хабарларды беру арқылы инициализацияланады. Хабар әрекетті жүзеге асыру үшін сұраулардан тұрады. Хабарға реакция ретінде алушы қабылданған сұрауды қанағаттандыру үшін кейбір әдісті жібереді.
2.Барлық объектілер кластардың экземплярлары болып табылады. Бір кластың барлық объектілері бірдей хабардың жауабына бір ғана әдісті колданады.
3.Мұралау принципі. Кластар қасиеттерін мұралауда және иерархиялық құрылымда ұйымдастырылады. Туынды класс аталымды кластың атрибуттарын мұралайды.
4.Полиморфизм принципі. Объектілер тек өзіне лайықты түрдегі бір ғана хабарға жауап береді.
Программалау тілінің көз қарасына қарай объектілер класын деректің типіндей, ол жеке объектіні осы типтің дерегіндей қарауға болады.
Сонымен, объектіге бағытталған тәсіл программаны дайындағанда программада қолданылған объектілердің кластарының анықталуын және олардың сипаттамасын құруды, содан кейін объектілерге қажетті экземплярлардың жасалуын және олардың арасындағы өзара әсерді анықтауды болжайды.
Қазіргі кезде көп қолданылатын объектіге бағытталған тілдер объектті Паскаль, Си++, Java, VisualBasic, SmallTalk кездеседі, сонымен бірге объектілермен жұмыс істеу үшін көп дамыған құралдар C++ құрамында бар.
Программалаудың барлық объектіге бағытталған тілдері дамып жатқан тілдер болып табылады, олардың стандарттары анықталуда және кеңеюде. Бұндай дамудың салдары
программалаудың әр түрлі жүйелерінің компиляторларының кіріс тілдеріндегі болмай қоймайтын айырмашылықтарына байланысты болады. Қазіргі кезде жиі таралған программалау жүйелер Microsoft C++, Visual Basic, J++, Sun және Borland фирмаларының программалау жүйелері болып табылады. Әрі қарай материал Borland C++ программалау жүйесіне қолданумен байланысты баяндалады. Бұл осы программалау жүйесіндегі мәтіндік редакторды, компиляторды, байланыс редакторын(жинақтаушы), отладтық құралдарды және визуалдық программалауды қолдану мүмкіншілігін жинақтаған интегралданатын ортаның бар болуына байланысты.
Жаттығулар
1. Күнделікті өмірде алдағы деңгейдің бұрынғы деңгейге қарағанда мамандырылғантүрдегі қасиеті болатын иерархияға мысал келтіріңіз. Мұралау қасиеті жоқ иерархияға мысал көрсетіңіз.
2. Күнделікті өмірден мысал алыңыз(туысқандарыңызды құттықтау типі)жәнеобъектілердің және міндеттердің терминдерінде оның шешімін сипаттаңыз.
№3 лекция. Си/Си++ тіліндегі элементтері: Алфавит, базалық типтері және деректерді сипаттау; Құрылымдар және біріктірмелер; Операциялар және өрнектер; Си/Си++ операторлары.
Си тілі 70-ші жылдары жүйелік программалау тілі ретінде дайындалған. Бұнда процедуралық және құрылымдық программалау идеяларын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін тілді алу және жүйелік программалаудың ерекше тәсілдерін жүзеге асырудың мүмкіндігінің мәселелері койылды. Бұндай тіл Ассемблерде программалаумен салыстырылатын, бірақ одан біршама тез, күрделі деңгейдегі программалауды дайындауға мүмкіндік жасар еді. Бұл мақсаттар орындалды. Си үшін көптеген компиляторлар Си тілінде жазылды, операциялық жүйе UNIX те Си тілінде толық жазылды. Си-дің бір кемшілігі типтерді бақылау болмағандықтан, дайындалған программалардың сенімділігінің төмен болуы.
Си-дің негізінде 80-ші жылдары C++ тілі дайындалды, ол басында "Си кластарымен" деп аталды. C++ іс жүзінде Си тілінде енгізілген және объектіге бағытталған программалаудың құралдарымен толықтырылған. C++ жұмыс версиясы 1983 жылы жасалынды. Сол уақыттан бастап тілдің дамуы басталды және Си мен C++ стандарттарының жобасының бірнеше версиялары баспада жарияланды.
Программалық қамтамасыз етуді шығаратын біраз фирмалар Си және C++ үшін компиляторларды дайындап жасайды. Borland International фирмасының программалау жүйелері басқа фирмаларға қарағанда программаны дайындауда кешенді жолды қолданумен ерекшеленеді, ол дайындаушының интегралдау ортасын программалау жүйесіне енгізумен білінеді, ол жалпы басқарумен программалардың бастапқы мәтіндерін кіргізу үшін мәтіндік редакторды, компиляторды, байланыс редакторын және отладталған құралдардың жиынтығын біріктіреді.
Си/С++ программасы бөлек трансляция жасайтын бір немесе бірнеше бастапқы файлдан тұрады. Трансляция нәтижелері (объектілік файлдар) байланыс редакторымен (біріктірушімен) орындалатын файлмен біріктіріледі. Әдетте, бастапқы файлдар екі типтен тұрады: тақырыптар файлдары және программалық файлдар. Тақырыптар файлдарына деректердің типтерінің және функциялардың прототиптерінің сипаттамасы кіреді, Олар компиляциялау алдында программалық файлдарды қосу үшін арналған. Тақырыптар файлдары аттарының.һ кеңейтілуі бар, мысалы stdio.h. Программалық файлдарға функциялар, глобалды айнымалылар мен константалардың сипаттамалары кіреді, олардың
.с немесе.срр кеңейтіліп көрсетілген аттары бар, мысалы, myprog.cpp
Бір тақырып файлы бірнеше программалық файлдарға енуі мүмкін. Әр файл деректер типтерін, айнымалыларды, константаларды және функцияларды сипаттайтыи "сыртқы анықтаулар" деп аталатын реттерден тұрады. Теменде C++ объектілік бағдарымен байланыспаған C/C++ құралдарына шолу берілген.