Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Леуметтік мобилділіктің каналдары.




Әлеуметтік мобилділіктің түрлері. Әлеуметтік мобильділік – қоғамның тарихтан тыс, қалыпты жағдайы және өзіне тек индивид пен топтардың жылжуын ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік объектілердің, яғни адам әрекеті негізінде құрылған және жетілдірілгендердің бәрі, бір әлеуметтік жағдайдан екіншісіне өту үрдісінде пайда болатын. Әлеуметтік мобилділіктің екі түрі болады: тікелей және тең мобилділік. Неғұрлым қоғам ашық, дамыған болса соғұрлым тікелей мобилділік дамыйды. Мобилділіктің құралы, механизмі болып оның әлеуметтік лифтерін айтады. Олар: мектеп, әскер, жұмыс орны, білім, дін, қызмет және т.б. Тігінен жүргізілетін мобильность қоғам стратификациясының бірдей деңгейдегі әлеуметтік топтардың бірінен екнішісіне өтуін көрсетеді. Көлденең мобильділік қоғамдық стратификацияның бір деңгейінде орналасқан, индивидтердің бір әлеуметтік топтан екіншіге өтуін айқындайды. Көлденен мобильділік (кәсіптік, саяси және экономикалық) –индивидтің бір сатыдан екінші сатыға жылжуын белгілейді, оның екі түрі ажыратылады: өсуші және кемуші, яғни әлеуметтік өсу мен әлеуметтік кему. Мобильді қозғалыстың субъектісіне тек тұлғаны ғана емес, әлеуметтік топты да жатқызуға болады.

Әлеуметтік стратификация. ӘЛЕУМЕТТІК СТРАТИФИКАЦИЯ ― жетіспейтін қажеттіліктерге қол жеткізу мүмкіндіктері иерархиялы болатын әртүрлі әлеуметтік топтардың қабаттық теңсіздік түрде орналасуы. Әлеуметтік стратификация социологияның негізгі тақырыбы. Онда қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік, қоғамдағы табыс және тұрмыс қалпы, мәртебе мәселері қарастырылады.Алғашқы қоғамда әлеуметтік теңсіздік азғана, соңдықтанда аса әлеуметтік стратификация жоқтың қасы болатын.Күрделі қоғамда теңсездік өте күшті болғандықтан адамдар табысына, білім деңгейіне, билікке байланысты қатты бөлінді.Алдыменен каста, сонан соң сословие, кейіннен тап пайда болды. Кейбір қоғамдарда бір стратадан екіншісіне аусуға болмайды; кейбірінде аусуға болғанмен де шектеу қойылған; қазіргі кезде көбісінде толық рухсат етілген. Қоғамның ашық немесе жабақ екенін осы бір стратадан екіншісіне өту мүмкіншілдігі анықтайды. Стратификация ұғымы геологиядан алынған «страта» яғни жердің қыртысы дегенді білдіреді. Осы образ арқылы қоғамның құрылымы да жер қыртысы сияқты ерекше бөлшек- бөлшек болатынды көрсетеді.Әлеуметтік қыртыс төменнен жоғары қарай ерекше орыналысады. Оның ерекшелену негізінде байлықтың өлшемі жатады: кедейлер төменгі қыртыста, ал байлар жоғарыда орын алады. Әрбір қыртыс байлығы, билігі, білімі және мәртебесі шамасы бірдей адамдар тобынан турады. Әлеуметтік стратификацияны өлшеудің төрт өлшем көрсеткіштері бар: 1) байлық; 2) билік; 3) білім; 4) мәртебе.

Б.Момышұлының «Қанмен жазылған кітап» шығармасын социологиялық талдау. К ітаптың атына заты сай. Ол соғыстың философиясы мен психологиясын терең­нен қозғайды, соғыстағы адамның орны мен оның рухани-адамгершілік құнды­лық­­тары әрбір эпизодтан аңғарылып тұра­ды, әскери өнердің тактикасы мен стра­тегиясы қысқа әрі нұсқа стильде сөз бола­ды. Бұл шағын еңбек басынан аяғына дейін шынайы әрі өткір ойларға, ойдың тобықтай түйінін білдіретін сентенциялар мен афоризмдерге толы, олар ел аузын­дағы қанатты сөздерге айналып кетті. Мә­тін­нің жігерлілігі сондай, оқырманның қанын тасытып, жанын толқытып, кейде көзге жас келтіріп, таза да шынайы пат­риоттық сезіммен баурап алады. Гвардия полковнигінің терең біліміне, нәзік бай­қам­паздығы мен сезімталдығына, соны­мен бірге қатаң талап қоя білетін жауапкершілігіне еріксіз тәнті боласыз. Естуі­міз­ше, Баукеңнің осы бағыттағы туын­ды­лары Шығыс Еуропа, Орталық Америка елдерінің, тіпті Израильдің әскери оқу орын­дарында арнайы оқытылатын көрі­неді. Біздің елімізде болса, Б. Момыш­ұлы­ның соғыс теориясы мен философиясы мә­селесі әлі беті ашылмаған тың күйінде қалып отыр.

Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасын социологиялық талдау. “Ұшқан ұя” мемуарлық шығармасында Б. Момышұлы өзінің жеке басына тікелей қатысы шамалы болып келетін көлденең әңгімелерді тілге тиек ететін жағдайда есіне түскен кез-келген оқиғаны ала салмайды. Осындай тағылымдық-танымдық, моральдық, психологиялық, этнографиялық мәні бар сюжеттерді ғана іріктеп ұсынуға тырысады. Өйткені бұл айтылғандардың қай-қайсысы да – қазақ деген халықтың өзіне тән ұлттық мінез-құлқын, адамгершілік ұстанымын, ұлт ретіндегі жеке болмыс-бітімін көрсететін өзіндік сипаттар.Шығармада кеңінен суреттелген тартымды оқиғаның бірі – жазушының туған апасы Үбианның ұзатылуы. Оған Аюбай есімді жігіттің сөз салуы, өзара түсіністікке жеткенге дейінгі екеуінің арасындағы күрделі қарым-қатынас, болашақ күйеу жігітпен кездескеннен бастап келін болып жат босағаны аттағанға дейінгі аралықтағы суреттеулер – тұнып тұрған этнография. Жазушының суреттеуінше, үйлену тойының өзі бір театрланған арнайы қойылым секілдіҚазақ қоғамына тән салт-дәстүрдің, тіпті керек болса, әдеп заңдарының бір көрінісі аталған шығармада осындай ширыққан тосын оқиға арқылы суреттеледі. Бұл да – Б.Момышұлының жазушы ретіндегі шеберлігінің көрінісі.

Білім социологиясы. Білім беру жүйесі өте күрделі және ауқымды әлеуметтік институт. Оның негізгі мақсаты адамның, қоғамның, мемкеттің мүддесіне сай мақсатқа бағытталған оқыту мен тәрбиелеу және де мемлекеттің белгіленген біліми деңгейін игерген азаматқа арнайы құжаттар беру. Білім жүйесі келесі компоненттерден тұрады: білім беру жүйесін басқару; білім мекемелер жүйесі (мектептер, колледждер, гимназиялар, лицейлер, университетер, академиялар және т.б.); творчесталық одақтар; ғылым мен білім мекемелдірінің инфрақұрылымы; білім беру бағдарламалары мен мемлекттік білім беру стандарттары; оқулықтар менен оқу-әдістемелік құралдары; периодикалық баслымдар. Білім беруге байланысты адамдардың қарымқатынасын регламенттеу мен ұйымдастыру нормаларының жиынтығы білімді әлеуметтік институттарға жатқызуға негіз береді. Білім берудің функциялары: бір буыннан екіншіге білімді жеткізу және мәдениетті тарату; қоғамның мәдениетін сақтау және оны жасау; тұлғаны әлеуметтендіру; тұлғаның мәртебесін анықтау; әлеуметтік іріктеу; қоғамды дифференциалау; жастарды кәсіби мамандыққа даярлау; үзілмейтін білім берудің жүйесін жасау; әлеуметтік мәдени иновациялар; жаңа идеялар ашу; әлеуметтік бақылау; тұлғаның мүмкіндіктерін ашу

Жастар мәдениеті. Жастар мәдениеті ересектердікене қарағанда екіншілік сипатта. Ол ерекше субмәдениет болғандықтан өзінің мақсаты, құндылықтары, идеалдары, иллюзиялары болады.Олар үлкендердің мәдениетін қайталай бермейді.Қазіргі кезде жершары тұрғындарының 25 пайызын жастар құраса, дамып келе жатқан елдерде бұл көрсеткіш 80 пайзды құрайды. Соның ішінде 209 миллионы күніне 1,5 долларға күн көрүге мәжбүр, ал 515-і 3 доллармен шектеледі. 10 миллион жастар ВИЧ және СПИД ауыруыменен ауырады. 130 миллион жастар сауатсыз. Қазақстанда жұмыс істеүшілердің 28,9% жастар құрайды.Жастар көп тұрғыдан ересектермен келісе бермейді. Олар өздерінің ата-аналарын, аға буын өкілдерін туындаған қиыншылықтардың себекерлері деп санап оларды кінәләйді. Осыған байланысты да олар өздерінің сыртқы пішіндерін, киім киістерін, жүріс тұрыстарын, сөйлеген сөздерің өзгертіп отырады және солар арқылы өздерінің ерекше әлеуметтік әлемі бар екенін жариялауға тырысады.

Жастар мен ата- ана арасындағы әлеуметтік мәселелер. Жастар көп тұрғыдан ересектермен келісе бермейді. Олар өздерінің ата-аналарын, аға буын өкілдерін туындаған қиыншылықтардың себекерлері деп санап оларды кінәләйді. Осыған байланысты да олар өздерінің сыртқы пішіндерін, киім киістерін, жүріс тұрыстарын, сөйлеген сөздерің өзгертіп отырады және солар арқылы өздерінің ерекше әлеуметтік әлемі бар екенін жариялауға тырысады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 886 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студент может не знать в двух случаях: не знал, или забыл. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2752 - | 2314 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.