Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


азақстандағы қоғаммен байланыс:мәселе-әрекет-шешім

Бақ және қоғаммен байланыс

Қазақстанда жұртшылықпен байланыс өзіндік жүйе, әлеуметтік институт ретінде қалыптасу үстінде. Үкіметтік және бизнестік құрылымдардың PR қызметтері жұмыс істеуде. Қазақстандық PR агенттіктерінің саны өсе түсуде. ҚР Жұртшылықпен байланыс жөніндегі ұлттық ассоциациясы және Қазақстан PR кәсіпқойларының «PR-шы» клубы сияқты алғашқы қоғамдық бірлестіктер пайда болды.Қазақстан Республикасының жұртшылықпен байланыс жөніндегі ассоциациясы (ЖБҰА) PR нарығында кәсіби қызмет көрсететін бірнеше компанияның бастамасы бойынша 2001 жылы құрылды. ЖБҰА-ның құрылтайшы-мүшелері заңды тұлғалар болып табылады. Қазіргі таңда ЖБҰА мүшелері қатарына «BRIF Research Group» Әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер агенттігі, Қазақстан Баспасөз клубы, «Ренессанс» коммуникативтік менеджмент агенттігі, Ұлттық баспасөз клубы, «Имидж-Партнер» коммуникациялық тобы, «Медиа-Систем» агенттігі, «PR-Management Company» агенттігі кіреді.ЖБҰА-ның негізгі миссиясы-Қазақстанда кәсіби PR индустриясын қалыптастырып, дамыту. Өз іс-әрекеті арқылы ЖБҰА Қазақстанда азаматтық қоғамның орнау үдерісіне араласатын болады. Жарғылық мақсаттарына ЖБҰА мынадай әдістермен қол жеткізеді: Қазақстанның PR агенттіктері, сондай-ақ корпоративтік PR-мамандары арасындағы қарым-қатынастарды дамыту; кәсіби этика стандарттарын енгізу; жоғары оқу орындарымен және мемлекетпен өзара бйаланыста болу; халықаралық ынтымақтастық; сала мүдделерін БАҚ-та және мемлекеттік органдарда қолдау; еліміздің PR мамандарының біліктілігін арттыруға жәрдемдесу; сала мүдделерін қорғай отырып, Қазақстанның бизнес-қауымдастығымен қарым-қатынас жасау; саланың имиджін арттыруға жәрдемдесу.
ЖБҰА сияқты ассоциациялар әлемнің өзге елдерінде бірнеше ондаған жыл бойы жұмыс істеп келеді. Қаз тұрып, қалыптасқанына 15 жылдай ғана болған Қазақстанның PR нарығы кәсіби деңгейге көтерілді. Ассоциация мүшелері 2008 жылғы 17 маусымдағы жалпы жиналысында Қазақстан Республикасының жұртшылықпен байланыс саласындағы кәсіби және этикалық принциптер кодексін қабылдады. Кодекс мақсаты – жұртшылықпен байланыс нарығының негізгі ойыншылары ұстануға міндетті нақты этикалық және кәсіби бағдарларды белгілеу.
Еліміздегі жұртшылықпен байланыс мамандарының саны бес мыңнан асып жығылады. Яғни, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кәсіби тұрғыда жұмыс істей алатын кадрларға деген сұраныс бар.
Жұртшылықпен байланыс саласы біздің елімізде соңғы 15 жылда қызу дамып келеді. Осы саладағы жоғары білімнің болуы әлемнің барлық дамыған елдері үшін заңды құбылыс болып табылады.
Бүгінгі таңда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде, Халықаралық бизнес университетінде (UIB) қоғаммен байланыс мамандығы бойынша сапалы білім беруге қажетті материалдық-техникалық база мен кәсіби оқытушылар құрамы бар. Қазақстанда қоғаммен байланыс бойынша мамандар даярлау жөніндегі білім беру бағдарламасы сыннан өткен жүйеге сүйенеді, оған жоғары университеттік білім ауқымындағы іргелі жалпы білімдік пәндер, сондай-ақ үш негізгі бөліктен – жалпыгуманитарлық пәндерден, журналистік және мамандық пәндерінен тұратын, мамандықтың білім кешенін түзуге бағытталған пәндердің қомақты тізімі кіреді.
Оқуды «жұртшылықпен байланыс» мамандығы бойынша тәмамдаған түлектер мемлекеттік мекемелерде, әралуан меншік түріндегі кәсіпорындар мен қоғамдық ұйымдарда баспасөз хатшысы, жұртшылықпен байланыс жөніндегі кеңесші болып жұмыс істей алады. Іскерлігін көрсете білген алғыр жастардың арасында мекеменің бірінші басшысының орынбасары сияқты биік лауазымға жеткендер де бар.
Осы мамандық бойынша білімін тереңдеткен түлектер еліміздің жағымды инновациялық бет-бейнесін қалыптастыру саласында жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады. Бұл, әсіресе, еліміздің экономикалық әлеуетінің артуымен тікелей байланысты. Елбасы жоғары дамыған 50 ел қатарына қосылу міндетін алға қойып отырған қазіргі таңда еліміздің бәсекелестік артықшылықтарын әлемдік деңгейде насихаттай білудің маңызы арта түсуде.

Қазақстандағы қазіргі қоғаммен байланыс негізінен 4 салада дамып келеді.Олар:үкіметтік PR,саяси PR,коммерциялық PR, PR туралы білім беру саласы.

Үкіметтік пиар.Біздің елімізде қоғаммен байланыстың батыстық үлгілері 1991 жылдан бастап пайда бола бастады.Белгілі журналист С.Матаев мемлекет басшысының алғашқы баспасөз хатшысы болып тағайындалды.Кейіннен ол Ұлттық баспасөз клубын ашты.Оның бүгінде Астана,Шымкент,Ақтөбе қалаларында филиалдары бар1995-1997 жылдары премьер-министрдің баспасөз хатшысы қызметін атқарған Ә.Қосанов біздің елімізде бірінші рет Үкімет басшысының баспасөз хатшысы қандай болуы керек екенін өз ісімен танытты.Ел үкіметі соңғы 4-5 жылда қоғаммен байланыстың қажеттігін сезіне бастағандығын «ҚР Мәдениет,ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі» атауынан-ақ көре аламыз.Мұндай басқарма-бөлімдер облыстық және қалалық әкімшіліктерде кездеседі.Бірақ өкінішке орай,ол әкімшіліктердегі өоғаммен байланыс үшін жауап беретін қызметкерлер өзінің қызметтік функциясын айқын түсінбейді.Себебі,олардың арнаулы кәсіби білімі жоқ.

Қазақстан Республикасының Парламентінің қос палатасындағы баспасөз қызметінің штатында 3-4 адам ғана жұмыс істейді.Олар өздерінің бүкіл қызметі депутаттардың брифингтері мен баспасөз мәслихаттарын ұйымдастырып берумен,сондай-ақ ірі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін акредитациялық тіркеуге алып,оларға алдағы күні қаралатын заң жобалары мен шағын пресс-релиздер таратумен шектеледі деп есептейді.Ал парламент жұмысы туралы қоғамдық пікірді жинау,талдау,болжау жасау қызметтерін басқа бөлімдер атқаруға тиіс деп ойлайды.

Саяси пиар.Қоғаммен байланыстың дамуына ерекше үлес қосатын саяси кезең ол-сайлау науқаны.Біздің елімізде 1999 жылғы 10 қаңтарда өткен ҚР Президентінің сайлауы кезінде ғана пиар технологиялар кеңінен пайдаланылды.Әсіресе сайлау науқанының қарсаңындағы президенттікке үміткерлердің баспасөз бетіндегі саяси тартыстарды көпшіліктің көңілінде айтулы саяси-шоу ретінде есте қалды.Мысалы,Ғани Қасымұлының КТК телеарнасындағы саяси ойыны ерекше әрі сәтті шыққан.

Парламенттік сайлаулардың ішінде 1994 жылғы сайлауды мамандар Қазақстан тарихындағы алғаш рет нағыз бәсекелестік жағдайында өткен депутаттық сайлау деп бағалады.Бірақ ол кезде 1999 жылғы өткен парламенттік сайлаудағыдай пиар технологияларын білместіктен пайдаланылмағаны мамандарға түсінікті.1999 жылғы депутаттар сайлауында бірнеше саяси пртиялар өздерінің имиджін БАҚ арқылы әсерлі түрде жасай алды.Әсіресе,жаңадан құрылған Азаматтық партиясы қоғаммен байланыстың шетелдік үлгілерін сауатты түрде пайдалана білді.

Бір өкініштісі,бұл сайлауларға саяси кеңесші ретінде Ресейдің және жекелеген батыс елдерінің имиджмейкерлері ғана тартылды.Ал отандық сайлау кеңесшілерінің қызметі ойдағыдай пайдаланылған жоқ.Егер бізде кәсіби мамандардың дайындалмағанын ескерсек,бұл түсінікті де.Содан кейін,көптеген депутаттыққа үміткерлердің пиар мамандарының қызметін қажетсінбегенін де айта кету керек.Депутаттыққа үміткерлер сайлау технологияларына емес,жоғары биліктің өзіне сайлау науқанында қолдау кқрсету туралы уәдесіне кқбірек сенетін көрінеді.Яғни,бізде демократиялық сайлау әдіс-тәсілдерінен гөрі бұрынғы әкімшілік-әміршілдік тәсілдер әлі күнге дейін орын алып келеді.

Саяси пиар біздің елімізде 2001 жылдың қазан-қарашасынан бастап 2002 жылдың сәуір-мамыр айларына дейін созылған үкіметтік дағдарыс кезінде ақпараттық соғыс нысанында айқын көрініс тапты.

Коммерциялық мекемелердегі PR-ға тоқталатын болсақ,мұнда да өзіндік ерешеліктеріміз бар.Мәселен,1990-шы жылдардың басында Қазақстанда жарнама нарығы қарқынды түрде дамыды,тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары пайда болды,жарнама өнімін өндірушілер көбейді.Осыған орай,жарнама мен пиар тығыз байланыста қарастырылды,екуі бір деген мағынада ұғынылатын болды.Сол түсінік әлі күнге дейін кәсіпкерлердің санасында біржола қалыптасып қалғандай.Көптеген жарнама агенттіктері өздерін әрі пиар агенттігі деп таныстырады.Ірі компаниялар мен фирмалардың жарнама бөлімдері қоғаммен байланыс қызметін қоса атқарады.Осыдан болу керек «жай жарнама»және «саяси жарнама»деген ұғымдар қалыптасқан.

Жалпы алғанда,шетелдің инвестор компаниялары болмаса,отандық акционерлік қоғамдар мен фирмалар өнеркәсіп,сауда және қызмет көрсету салаларында қоғаммен байланыс қызметін ойдағыдай пайдаланып отырмағаны байқалады.

PR туралы білім беру саласы.Қазақстанда пиардың қалыптасуы үшін мына 3 аспект өте маңызды:

-Оқу-ағарту қызметі;

-PRДамуы мекеменің басқару ісіндегі аса маңызды құрамдас бөлігі ретінде қарастырылуы;

-PR Технологияларының да және қызметінің де сапасының артуы.

Осылардың ішінде ерекше атап өтетін қыры,бұл-пиар туралы білім беру саласы.Қазақстанның жоғарғы оқу орнындарындағы пиар жөніндегі оқытушылар кадрын дайындамай тұрып,нарық дамуы табысты болады деп күту мүмкін емс.Білікті маман дайындау-бұл біздің проблемаларымызыдың оң шешім табуына жасалатын ең басты қадам.

Пиар пәнін оқыту әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің халықаралық журналистика кафедрасының студенттеріне 1997-1998 оқу жылынан бастап қолға алынды.2000-2001 оқу жылы «қоғаммен байланыс»жеке мамандық ретінде оқу бағдарламасына енгізілді.Осы мамандықтың негізінде біздің факультетімізде 2001-2002 оқу жылының басында «БАҚ менеджменті және жарнама»деп аталатын жаңа кафедра ашылды.Журналистика факультеті аталмыш жаңа мамандық бойынша екі рет оқуға талапкерлерді қабылдады.Бұрын 1990 жылдардың басында бұл мамандық Қазақстанда КИМЭП-те ғана дайындалатын.1998 жылдан бастап Алматы менеджмент мектебінде де оқытылатын болды.

Оқу ісіндегі ең басты мәселе-практик-оқытушылардың аздығы.Екінші-оқулық мәселесі.Бізде Қазақстан жағдайына байланысты жазылған бірде-бір оқулық жоқ.Сонымен қоса біз,студенттер мен оқытушылар қауымы оқу процесіне қатысты материалдарды орыс тілінен қазақ тіліне аударып оқуға мәжбүрміз.Бірақ бұл жақын болашақтың еншісіндегі іс деп ойлаймын.

PR ғылымы туралы сөз етсек,онда сайлау технологияларына қатысты саясаттану ғылымы бойынша бірнеше кандидаттық еңбектер қорғалды.2001 жылы белгілі саясаткер Е.К.Ертысбаев докторлық еңбек жазды.ҚазМҰУ-дің доценті Л.Ф.Адилова еліміздің танымал саясаткерлерінің имиджін зерттеп жүр.Саясаттану ғылымдарының докторы Ғ.Ж.Ибраева БАҚ және пиар байланысы жөнінде ізденіс жасауда.

Қазақстан пиары Ресейдің қоғаммен байланысынан бірнеше жылға артта қалып келеді.1991 жылы Ресейдің қоғаммен байланыс жөніндегі ассоциациясы құрылған.Мұндай ұйым бізде 1998 жылдың басында пайда болды.Оның өзінде бұл ұйым еліміздегі президенттік сайлау қарсаңында бір-ақ рет ғылыми конференция ұйымдастырды да,содан кейін із-түссіз жоқ болып кетті.Сол кезде бірқатар отандық пиар-агенттіктер бой көрсетті.Олардың қатарында Гиллер институтын, «SR» қоғаммен байланыс жөніндегі агенттігін, «Ренессенс» консалтингтік агенттіктерін атап өтуге болады.

Ресейдің жоғарғы оқу орындарында «қоғаммен байланыс» мамандығы 1995 жылы ашылған.Бүгінде ол елдің 40 шақты жоғарғы оқу орындарында аталмыш мамандарды дайындауда.1997 жылы «Советник» атты журнал ашылған.Бізде «Технология управления»журналы 2001 жылы жарық көрді.Оның өзін таза қоғаммен байланыс саласына арналған басылым деп атауға келмейді және осы журналды көпшілік әлі күнге дейін біле бермейді.[4: 41-45 бет].Қоғаммен байланыс саласындағы келеңсіздіктер мұнымен бітпейді:сайлау алдындағы науқандар кезінде отандық саясаткерлер ресейлік немесе украиналық құрылымдардың қызметіне жүгінеді екен,бұл өз кезегінде отандық пиар өндірісінің нашар дамығанын немесе осы ұғымның бізідң елімізде әлі де болса қалыптаса алмай жатқанын көрсетеді.

PR-шы клубының президенті Сәкен Балбаевтың айтуынша:
-Бұл отандық нарықтың кішігірім болуымен байланысты. Себебі, Қазақстанда 16 млн. адам тұрады. Шетелде бар мүмкіндіктер бізде жоқ. Алайда, отандық компаниялар шетелдік әріптестерінің жұмысын әрдайым бақылап, олардан үйреніп отырады
. [7] Яғни,елдің аумағына халықтың саны сәйкес келмейді.Ол өз кезегінде қоғаммен байланыс саласының мамандарына деген сұраныстың көлеміне елеулі әсер етеді.Сұраныстың аздығымен қоса,сұрау салушы топ өзге елдің мамандарына жүгінетін көрінеді.Сұраныстың аз болуының тағы бір себебі,жұртшылық қоғаммен байланыс саласы мамандарына тек қана саяси науқандардың кезеңінде ғана жүгінеді. Дегенмен де тәуелсіздік алғанына 20 жыл ғана болған ел көші жүре түзелер.

 

 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
 | 
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 878 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Бутерброд по-студенчески - кусок черного хлеба, а на него кусок белого. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2414 - | 2334 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.