Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Микробиология және вирусология» пәні бойынша

Л-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Биология және биотехнология факультеті

В070100 –Биотехнология» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы

    Биология және биотехнология факультетінің Ғылыми кеңесінде бекітілді №____хаттама «____»________ 2013 ж. Факультет деканы Шалахметова Т.М.
   
   

Міндетті модуль «Микробиология және вирусология» _3_ кредитбойынша

СИЛЛАБУС

Пән

«Микробиология және вирусология» (3 кредит)

1 курс, қ/б, қысқы семестр

 

Пәнді жүргізетін оқытушы туралы МӘЛІМЕТ:

Микробиология және вирусология» пәні бойынша

Оқытушының аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі:

Лектор: Уалиева Перизат Серікқазықызы, биология ғылымдарының кандидаты, доцент

Зертханалық сабақтардың жүргізушілері:

1. Уалиева Перизат Серікқазықызы, биология ғылымдарының кандидаты, доцент

2. Кайырманова Гүлжан Қайыржановна, биология ғылымдарының кандидаты, доцент

3. Мұқатаева Қарлығаш Ақпаровна, биология ғылымдарының кандидаты, доцент

505 бөлме, тел. 3-77-33-28; электронды мекен-жай: Ualieva_Perizat@mail.ru

Модульдың паспорты:

Мақсаты микроорганизмдердің маңызды қасиеттері, олардың табиғаттағы процестерде, ауыл шаруашылығында, медицинадағы рөлі; систематикасы, морфологиясы, дақылдау әдістері, қоректенуі, метаболизмі, тұқым қуалаушылық және өзгергіштіктері, экологиясы және геохимияық тіршілігі, сондай-ақ қазіргі кездегі зерттеу әдістері және оларды практикада қолдану туралы түсініктер береді.

Міндеттері: микробиологияның негізгі заңдары, биологиялық зерттеулердің тәсілдері, микроорганизмдердің дамуының физиологиялық заңдылықтары мен өсіру принциптері, микроб жасушасындағы өтетін энергетикалық пен конструктивтік процестері жəне оларды реттеуші механизмдері, биосферадағы биогеохимиялық процестерге қатысуы туралы мəлімет беру.

Студенттер бойында келесі біліктіліктер қалыптасуы керек:

- микробиология ғылымының пайда болуы және дамуының тарихы;

- микроорганизмдердің систематикасы, прокариоттар және эукариоттардың классификациялау принциптері;

- микроорганизмдердің морфологиясы, құрылысы және дамуы, көбею тәсілдері, клетка құрылысының ерекшелігі;

- микроорганизмдерді дақылдаудың негізгі әдістері, жинақты және таза дақылдар, қоректік орталардың негізгі түрлері;

- микроорганизмдерге физикалық және химиялық факторлардың әсері, температура, оттегі, орта рН-ның әсері;

- микроорганизмдердің қоректену типтері;

- микроб клеткаларының энергиямен қамтамасыз ету әдістері;

- ашу түрлері, көмірсулардың және басқа да органикалық қосылыстардың ашу жолдары, аэробты және анаэробты тыныс алу;

- микроорганизмдердің тұқым қуалашылығы және өзгергіштігі, мутация түрлерін білу керек.

- оқу, ғылыми әдебиеттерді қолдана алуды;

- үлкейткіш техникалармен (микроскоптар, оптикалық құрылғылар) жұмыс істеуді;

- микробиологиялық зерттеулер техникасын;

- препараттар жасауды және микроскоптауды;

- қоректік орталарға микроорганизмдерді отырғызуды;

- микроорганизмдердің әр түрлі қасиеттерін зерттеу әдістерін;

- қоректік орталарды залалсыздандыру әдістерін игеру керек.

- микроорганизмдерді әр түрлі субстраттардан бөліп алуға;

- микроорганизмдерді сандық анықтауға дағдылану керек.

Пререквизиттер: Биохимия, Өсімдіктер әлемінің алуантүрлілігі

Постреквезиттер: Физиология негіздері, Биотехнология негіздері

Курстың тақырыптық мазмұны: (лекциялар – 30 сағат, зертханалық сабақ – 30 сағат)

 

№ п/п Лекциялық және зертханалық сабақтардың тақырыптары Сағат саны Бағасы
  Лек. 1. Кіріспе. Микробтар әлемі. Микробиологияның даму тарихы. Эукариоттар мен прокариоттардың айырмашылығы. Микроорганизмдердің жалпы белгілері мен алуан түрлілігі.      
ЛС-1.Микробиологиялық практикум кезінде жұмыс істеу ережелері. Микробиологиялық зертханадағы қауіпсіздік ережелері.Микроскоп. Микроскоптаудың негізгі ережелері. Микроорганизмдерді микроскоптаудың негізі әдістері. Микроскоп. Микроскоптаудың негізгі ережелері.    
  Лек. 2. Прокариотты клеткалардың пішіні. Клеткалардың негізгі пішіндері, көпклеткалы формалары. Микроорганизмдердің сирек кездесетін формалары. Прокариот клеткаларының химиялық құрамы.    
ЛС-2. Микроорганизмдер клеткаларын зерттеу үшін қолданылатын препараттар түрлері.   2  
  Лек. 3. Прокариоттардың жеке компоненттерінің құрамы және құрылысы. Беттік құрылымдар: гликокаликс (шырышты қабаттар, капсулалар), фимбриялар, пилилар, тікендер. Прокариоттар қозғалысы. Талшықтар, аксиальды жіпшелер, сырғи қозғалу. Таксистер.    
ЛС-3. Бактериялардың клетка пішіндерімен танысу, әр түрлі препараттар дайындау.   2  
  СОӨЖ-1. Бактерия клеткаларының клетка құрылысы, клетка қабықшасының қызметі    
  Лек. 4. Прокариоттардың клетка қабықшасы. Фирмикуттар және грациликуттар клетка қабықшасы. Цитоплазматкалық мембрана, құрылысы и функциясы. Ядролық аппарат құрлымы. Клетка ішілік қосылыстар мен қор заттары. Прокариоттардың көбею түрлері.    
ЛС-4 Саңырауқұлақтар, актиномицеттер морфологиясымен танысу.    
  Лек. 5. Микроорганизмдер популяциясының өсуі, микроорганизмдерді бөліп алу және дақылдау Элективтілік принципі. Таза дақылдар, бөліп алу тәсілдері. Штамм, клон.      
ЛС-5. Микроорганизмдердің клетка қабықшасын бақылау үшін Грам әдісі бойынша препараттар дайындау.   2  
  СОӨЖ-2. Микроб клеткаларының көбею формалары. Тыныштық түрлері.    
  Лек. 6. Микроорганизмдер систематикасы. Микроорганизмдер классификациясы. Номенклатура принциптері және диагностика ережелері.      
ЛС-6. Бактерия клеткаларының спораларын бақылау әдістерін игеру, препараттар дайындау.   2  
  Лек. 7. Микроорганизмдер метаболизмі. Метаболизм туралы жалпы ұғым. Анаболизм және катаболизм. Микроорганизмдер әлеміндегі қоректену типтері. Фототрофия. Хемотрофия Автотрофтар, гетеротрофтар, паратрофтар. Негізгі қоректену элементтері. Өсу факторы. Ауксотрофтар.    
ЛС-7. Микроорганизмдердің клеткадағы қор заттарын бақылау.   2  
  СОӨЖ-3. Фирмакуттардың және грациликуттардың негізгі топтары    
  1 АБ    
  Аралық бақылау    
  Лек.8. Микроорганизмдер метаболизмі (жалғасы). Литотрофия-бейорганикалық қосылыстардың тотығу (нитрификациялаушы, күкірттотықтырушы, сутекті, темірбактериялар).      
ЛС-8. Жинақты дақылдар алу, элективтілік принципі бойынша микроорганизмдерді бөліп алу.   2  
  Лек.9. Ашу. Көмірсулардың ашу жолдары. Ашу түрлері. Ашу туғызатын микроорганизмдердің сипаттамасы.    
ЛС-9. Жинақты дақылдарды зерттеу, элективтілік принципі бойынша бөлініп алынған микроорганизмдерді сипаттау, олардың қасиеттерін зерттеу.   2  
  Лек.10. Микроорганизмдерге физикалық және химиялық факторлардың әсері. Температура, су құрамы, осмостық қысым, орта рН байланысты микроорганизмдердің өсуі. Микробтардың молекулалық оттегі қатысында өсуі.    
ЛС-10. Тығыз қоректік ортаға отырғызу арқылы микроб клеткаларын санау. Кох әдісі. Микроскоппен микроорганизм клеткаларын тікелей санау. Виноградский-Брид тәсілі.     2  
  Лек.11. Анаэробты тыныс алу. Электрондар доноры және акцепторлары. Аэробты тыныс алу. Субстартты тотығуда молекулалық оттегінің қатысуы. Толық және толық емес тотығу.    
ЛС-11. Тығыз қоректік орталарға өсіп шыққан колонияларды сипаттау, препараттар дайындау.   2  
  СОӨЖ-4. Қоректену типтері. Энергетикалық және биосинтетикалық процестер. Ашу.    
  Лек.12. Фототрофты микроорганизмдермен күн сәулесін қолдануы. Фотосинтез ерекшеліктері. Фототрофтылардың негізгі топтары    
ЛС-12. Микроорганизмдердің антибиотиктерге сезімталдылығын тексеру.   2  
  Лек.13. Микроорганизмдер генетикасы. Фенотипті және генотипті өзгергіштік. Прокариоттардың генетикалық аппараты.      
ЛС-13. Ауа микрофлорасы, ауадағы микроорганизмдерді бөліп алу.
  Лек.14. Вирустар, вирустардың қасиеттері. Вирустардың химиялық құрамының ерекшелігі. Вирустардың организмге ену кезеңдері.      
ЛС-14. Ауа микрофлорасы, микроорганизмдердің дақылдық және морфологиялық қасиеттерін зерттеу.   2  
  СОӨЖ-5. Микроорганизмдердің экологиясы. Микрооргани змдердің табиғатта таралуы.    
  Лек.15. ДНҚ-лы вирустар, РНҚ-лы вирустар. Вирустық инфекциялар.    
ЛС-15. Адамның қалыпты микрофлорасы. Ауыз қуысының микрофлорасымен танысу. 2  
  2 АБ    
  2 Аралық бақылау    

ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі

1. Шигаева М.Х., Қанаев А.Т. Микробиология және вирусология. Қазақ Университеті, 2007 ж.

2. Шигаева М.Х., Цзю В.Л. Микробиология. Қазақ Университеті, 2009 ж.

3. Мишустин Е.М., Емцев Е.Т. Микробиология. М., 2002, 391с.

4. Гусев М.В., Минеева Л.А. Микробиология. М.: МГУ, 2003, 448с.

5. Шигаева М.Х. Экология микроорганизмов. Алматы. Каз. университет. 2002. 171с.

 

Осымша

1. Практикум по микробиологии. / Под ред. Н.С. Егорова. М.: Изд-во МГУ, 2000.

2. Уалиева П.С. Микробиологиядан практикалық сабақтар. Қазақ Универ-ті, 2007 ж.

3. Игнатова Л.В. Основы микробиологии. Қазақ Универ-ті, 2009 ж.

4. Практикум по микробиологии / Под ред. А.Н.Нетрусова. - М.: Academia. 2005. 597 с

6. http://subscribe.ru/archive/sciene.healt./200402/html

7. www.Biotenolq.ru

 

 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
 | Ценапокупателя - цена, предлагаемая покупателем и выгодная ему; курс покупателей.
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2499 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наглость – это ругаться с преподавателем по поводу четверки, хотя перед экзаменом уверен, что не знаешь даже на два. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2612 - | 2186 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.019 с.