Лабораториялық сабақтар үшін әдістемелік нұсқаулар
Лабораториялық сабақ №1 (2 сағат)
Лабораториялық сабақтың мақсаты – студенттерді бекітілген клеткалар мен ұлпаларды зерттеу тәсілдерімен таныстыру. Жарық, фазасы қарама-қарсы, поляризациялық, электрондық микроскоптардың құрылысымен және жұмыс істеу принциптерімен таныстыру.
Міндеттері:
1. зерттелетін материалды алу жолдарымен және оны бекіту принциптерімен танысу, материалды тығыздау, кесінді жасау және оларды жарық және электронды микроскоптармен көру үшін әртүрлі бояулармен бояу.
2. жарық микроскопының құрылысымен және онымен жұмыс істеу жолдарымен танысу.
ажетті лабораториялық құрал саймандар.
Препаравальдық үстел, скальпель, қайшы, препаравальдық ине, өлшегіш цилиндр, қалпағы бар ыдыстар, термостат, жарық микроскоп, санный микротом.
Сабақты өткізудің түрі – ауызша сұрау.
Сұрақтар тізімі:
1. Гистологиялық препараттарды дайындаудың негізгі жолдары.
2. Бояулардың түрлері.
3. Бекіткіштердің түрлері.
4. Кесілген кесінділердің қалыңдығына қарай микротомдардың түрлері.
5. Жарық, фазасы қарама-қарсы, поляризациялық, электрондық микроскоптардың құрылысы.
Лабораториялық сабақ №2 (2 сағат)
Мақсаты: Клетканың жалпы морфологиясын зерттеу. Плазмалемманың құрылысын, клеткааралық байланыстарды зерттеу.
Міндеті: жарық микроскопының көмегімен зерттеп үйрену:
1. Пияз қабықшасы клеткасының құрылысын (уақытша боялмаған өздігінше дайындалған препарат).
2. Элодей жапырағы клеткасының құрылысын (уақытша боялмаған өздігінше дайындалған препарат).
3. Қан клеткаларының құрылысы (адам қанының жағындысы, тұрақты препарат).
4. Нейронның құрылысы (қоян жұлынының көлденең кесіндісі).
5. Симпластың құрылысы (көлденең жолақты бұлшықет талшықтары, тілдің кесіндісі, тұрақты препарат).
6. Клеткааралық заттардың құрылысы (қоян қабырғасының гиалинді шеміршегі, тұрақты препарат).
Электроннограммалар арқылы оқып-үйрену:
1. Сазанның желбезек эпителийінің әртүрлі клеткааралық байланыстары.
Сабақты өткізудің түрі – ауызша сұрау.
Сұрақтар тізімі:
1. Симпласт, синцитий, клеткааралық заттар туралы түсінік алу.
2. Плазмалемманың, гликокаликстың, мембрана астындағы қабаттың құрылысы. Плазмалемманың қызметі.
3. Клеткааралық байланыстардың түрлері.
Лабораториялық сабақ №3-4 (4 сағат)
Мақсаты: эндоплазмалық тордың, Гольджи аппаратының, лизосомдардың, митохондрияның құрылысын және топографиясын зерттеу. Әртүрлі типті клеткалардың цитоплазмасындағы клетка қосындыларының (белок, көмірсу, май, пигмент) таралуын және құрамын зерттеу.
Міндеті: жарық микроскопының көмегімен препараттарды зерттеу:
1. Мысықтың арқа ганглиясының нерв клеткаларындағы Гольджи аппараты.
2. Ішектің эпителий клеткаларындағы хондриосомалар.
3. Егеуқұйрықтың қарынасты безі клеткаларындағы зимоген түйіршіктері.
4. Аксолотль терісінің Лейдиг клеткаларындағы секреторлы түйіршіктер.
5. Аксолотльдің бауыр клеткаларындағы май қосындылары.
6. Аксолотльдің бауыр клеткаларындағы гликоген қосындылары.
Электроннограммалар арқылы зерттеу:
1. Қарынасты бездің ацинус клеткаларындағы түйіршікті ЭТ.
2. Теңіз шошқасының интерстициалды аталық жыныс клеткаларындағы (Лейдиг клеткалары) түйіршіксіз ЭТ.
3. Мысық сперматозоидындағы Гольджи аппараты.
4. Тышқанның ішек эпителий клеткаларындағы лизосомалар.
Сабақты өткізудің түрі – ауызша сұрау.
Сұрақтар тізімі:
1. Клетка қосындыларына жалпы сипаттама.
2. Цитоплазмалық тордың атқаратын қызметі және құрылысы.
3. Гольджи аппаратының атқаратын қызметі және құрылысы.
4. Митохондрияның атқаратын қызметі және құрылысы.
5. Біріншілік, екіншілік лизосомдардың және қалдықты дененің құрылысы.
Лабораториялық сабақ 5-6 (2 сағат)
Мақсаты: ядроның құрылысын, пішінін және қызметтік өзгерістерін және хромосомалардың морфологиясын зерттеу.
Міндеті: жарық микроскоптың көегімен зерттеу:
1. Аксолотль ішегінің эпителий және бұлшықет клеткаларындағы ядролардың құрылысы және пішіні.
2. Адам қаны клеткалары ядроларының құрылысы және пішіні (лейкоциттер, лимфоциттер).
3. Егеуқұйрық мегакариоциттерінің ядросының құрылысы мен пішіні.
4. Жұлын ганглиі нерв клеткалары ядроларының құрылысы мен пішіні.
5. Тритондардың ооцитіндегі хромосомалар.
Қажетті лабораториялық құрал-жабдықтар – жарық микроскопы
Сабақты өткізудің түрі – ауызша сұрау.
Сұрақтар тізімі:
1. Клетка ядросының құрылысы және химиялық құрамы (ядро қабықшасы, хроматин, ядрошық, белоктық матрикс).
Лабораториялық сабақ 7 (2 сағат)
Мақсаты: өсімдік және жануар клеткаларындағы митоздың барлық кезеңдерін, мейоздың, амитоздың ерекшеліктерін оқып-үйрену.
Міндеті: жарық микроскопының көмегімен зерттеу:
1. Пияз қабықшаларының клеткасындағы митоз.
2. Аскариданың жұмыртқсының бөлшектенуі.
3. Аксолотль бауырының шеткі аймағындағы гепатоциттердегі митоз.
4. Бақаның қуық клеткаларындағы митоз.
5. Мысықтың жұмыртқасындағы аналық жыныс клеткаларының дамуы.
6. Егеуқұйрықтың аталық жыныс безіндегі клеткалардың дамуы.
Қажетті лабораториялық құрал-жабдықтар – жарық микроскопы
Сабақты өткізудің түрі – ауызша сұрау.
Сұрақтар тізімі:
1. Клетка циклы.
2. Митоз
3. Мейоз.
4. Митоз патологиясы.
Лабораториялық сабақ 8 (2 сағат)
Мақсаты: жазық (мезотелий), куб тәрізді бірқабатты эпителийдің құрылысын зерттеу. Мүйізденбеген (көздің қасаң қабығы), мүйізденген (эпидермис), ауыспалы (қуық эпителийі) көпқабатты эпителийдің құрылысын зерттеу.
Міндеті: жарық микроскопының көмегімен зерттеу:
1. Мысықтың шажырқай безінің мезотелийі.
2. Артерияның эндотелиалды төсеніші.
3. Егеуқұйрық бүйрегінің проксимальді және дистальді эпителийі.
4. Көздің қасаң қабығының көпқабатты жалпақ мүйізденбеген эпителийі.
5. Адам саусағының көпқабатты жалпақ мүйізденген эпителийі.
6. Қуық қабырғасының ауыспалы эпителийі.
Қажетті лабораториялық құрал-жабдықтар – жарық микроскопы
Электроннограммалар арқылы қарау:
1. Диффренциацияның әртүрлі кезеңіндегі кератиноциттер.
2. Меланоцит.
Сабақты өткізудің түрі – ауызша сұрау.
Сұрақтар тізімі:
1. Эпителий ұлпасына жалпы сипаттама.
2. Эпителийдің морфологиялық классификациясы.
3. Бірқабатты эпителийдің құрылысы, атқаратын қызметі, клеткалық құрамы.
4. Эпителий ұлпаларына жалпы сипаттама.
5. Жабынды эпителийдің морфологиялық классификациясы.
6. Көп қабатты
Әдебиеттер тізімі:
1. Гистология. Оқулық / Ю.И.Афанасьев, Н.А.Юрина, Е.Ф.Котовский және т.б.;- М.: Медицина, 2001. 138-150 беттер
Лабораториялық сабақ - 9 (2 сағат)
Мақсаты: асқорыту түтіктерінің, тыныс алу мүшелерінің бірқабатты эпителийінің құрылысын зерттеу.
Міндеті: жарық микроскопының көмегімен зерттеу:
1. Сүтқоректілердің жіңішке ішегінің каемкалы эпителийі.
2. Асқазанның эпителий төсеніші.
3. Кеңірдектің бірқабатты көпқатарлы кірпікшелі эпителийі.
Электроннограммалар арқылы қарау:
1. Бауырмен жорғалаушылардың респираторлы эпителийі.
2. Жіңішке ішек эпителийі.
3. Каемкалы эпителиоцит.
4. Бокал тәрізді экзокриноцит.
5. Эндокриноцит.
Қажетті лабораториялық құрал-жабдықтар – жарық микроскопы
Қабылдау түрі – ауызша сұрау.
Сұрақтар тізімі:
1. Асқорыту түтіктері эпителийінің морфологиялық классификациясы.
2. Көпқатарлы эпителийдің құрылысы, клетка құрамы, атқаратын қызметі.
Әдебиеттер тізімі:
1. Гистология. Оқулық / Ю.И.Афанасьев, Н.А.Юрина, Е.Ф.Котовский және т.б.;- М.: Медицина, 2001. 138-150 беттер
Лабораториялық сабақ - 10 (2 сағат)
Мақсаты: экзокринді және эндокринді бездердің құрылысын зерттеу.
Міндеті: жарық микроскопының көмегімен зерттеу:
1. Мысық жатырының жай бұтақтанбаған түтікті бездерінің құрылысы.
2. Адам терісінің жай бұтақтанған альвеолалы шажырқай безінің құрылысы.
3. Ит өңешінің күрделі бұтақтанған альвеолалы безінің құрылысы.
4. Қарынасты безінің экзокринді және эндокринді бөліктерінің құрылысы.
5. Қалқан безінің құрылысы.
Қажетті лабораториялық құрал-жабдықтар – жарық микроскопы
Қабылдау түрі – ауызша сұрау.
Сұрақтар тізімі:
1. Без эпителийінің сипаттамасы.
2. Бездер тобы. Экзокринді бездердің морфологиялық классификациясы.
3. Секреция типтері
Әдебиеттер тізімі:
1. Гистология. Оқулық / Ю.И.Афанасьев, Н.А.Юрина, Е.Ф.Котовский және т.б.;- М.: Медицина, 2001. 150-155 беттер.
Лабораториялық сабақ - 11 (2 сағат)
Мақсаты: омыртқалы жануарлар қанындағы эритроциттер санын, мөлшерін, пішінін зерттеу. Нейтрофильдердің, базофильдердің, эозинофильдердің, лимфоциттердің, қан пластинкаларының және тромбоциттердің морфологиясын зерттеу. Гемопоэздің негізгі этаптарын зерттеу. Эритроидты, гранулоцитарлы, мегакариоцитарлы қатардыңклеткаларын, промоноциттер, пролимфоциттер, бласт морфологиясын зерттеу.
Міндеті: жарық микроскопының көмегімен зерттеу:
1. Бақа қанының жағындысы.
2. адам қанның жағындысы.
1. Сары уыз қабырғасында қан жасалу.
2. Қызыл сүйек майының жағындысы.
Электроннограммалар арқылы қарап, зерттеу:
1. Эозинофильді гранулоцит.
2. Нейтрофильді гранулоцит.
3. Базофильді гранулоцит
4. Эритроциттер түрлері. Сканды электронды микроскоп.
5. Тромбоцит.
6. Моноцит.
7. Лимфоцит.
8. Ретикулоцит.
9. Эозинофильді метамиелоцит
10. Нейтрофильді метамиелоцит.
11. Базофильді метамиелоцит.
12. Мегакариоцит
Қажетті лабораториялық құрал-жабдықтар – жарық микроскопы
Қабылдау түрі – ауызша сұрау.
Сұрақтар тізімі:
1. Қан жүйесі туралы түсінік.
2. Қанның формалық элементтері, олардың атқаратын қызметі.
3. Лимфа.
4. Гемопоэзге жалпы сипаттама.
5. Гранулоцитопоэзге сипаттама.
6. Эртроцитопоэзге сипаттама.
7. Мегакариоцитопоэзге сипаттама.
Әдебиеттер тізімі:
1. Гистология. Оқулық / Ю.И.Афанасьев, Н.А.Юрина, Е.Ф.Котовский және т.б.;- М.: Медицина, 2001. 155-180 беттер
Лабораториялық сабақ - 12 (2 сағат)
Мақсаты: борпылдақ дәнекер ұлпасының құрылысын зерттеу. Борпылдақ дәнекер ұлпасы клеткаларының: фибробластардың, макрофагтардың, лимфоциттердің, толық клеткалардың морфологиясын зерттеу. Коллагенді және эластикалық талшықтардың таралуын және пішінін зерттеу.
Міндеті: жарық микроскопының көмегімен зерттеу:
1. Мезенхима.Тауық ұрығының көлденең кесіндісі.
2. Борпылдақ талшықты қалыптаспаған дәнекер ұлпасы.
3. Гистиоциттерде бояулардың жинақталуы.
Электроннограммалар арқылы қарап, зерттеу:
1. Жетілген макрофаг.
2. Толық клетка.
Қажетті лабораториялық құрал-жабдықтар – жарық микроскопы
Қабылдау түрі – ауызша сұрау.
Сұрақтар тізімі:
1. Дәнекер ұлпасына жалпы сипаттама.
2. Борпылдақ дәнекер ұлпасының құрылымы. Клетка морфологиясы, атқаратын қызметі.
3. Борпылдақ дәнекер ұлпасының клеткааралық заттары, талшықтарына сипаттама.
Әдебиеттер тізімі:
1. Гистология. Оқулық / Ю.И.Афанасьев, Н.А.Юрина, Е.Ф.Котовский және т.б.;- М.: Медицина, 2001. 199-218 беттер
Лабораториялық сабақ - 13 (2 сағат)
Мақсаты: тығыз қалыптасқан және қалыптаспаған дәнекер ұлпаларының ерекшеліктерін зерттеу. Гиалинді, эластикалық және талшықты шеміршектердің құрылысын зерттеу. Сүйектердің құрылысын зерттеу. Остеогенез.
Міндеті: жарық микроскопының көмегімен зерттеу:
1. Тығыз қалыптаспаған дәнекер ұлпасы – адам саусағы терісінің қабыршақ қабаты.
2. Сіңірдің көлденең кесіндісі.
3. Бұқаның эластикалық талшықты байламы.
4. Қоян қабырғасының гиалинді шеміршегі.
5. Құлақ қалқанының эластикалық шеміршегі.
6. Омыртқааралық дисктің талшықты шеміршегі.
7. Түтікті сүйектің көлденең кесіндісі.
8. Шеміршектің орнына сүйектің дамуы.
Қажетті лабораториялық құрал-жабдықтар – жарық микроскопы
Қабылдау түрі – ауызша сұрау.
Сұрақтар тізімі:
1. Тығыз дәнекер ұлпасы құрылысының ерекшелігі.
2. Шеміршек ұлпасының сипаттамасы: гиалинді, эластикалық, талшықты.
3. Сүйек ұлпаларына жалпы сипаттама.
4. Түтікті сүйектердің гистологиялық құрылысы.
Әдебиеттер тізімі:
1. Гистология. Оқулық / Ю.И.Афанасьев, Н.А.Юрина, Е.Ф.Котовский және т.б.;- М.: Медицина, 2001. 218-252 беттер.