Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Темекі дақылына сипаттама




Негізгі бөлім

2.1. Темекі дақылының зиянды объектілерінен жалпы қорғау шаралары.................................................................................................................... 13-15 бет

2.2. Темекі дақылының зиянды объектілерінен химиялық қорғау шаралары.................................................................................................................... 16-24 бет

Қорытынды.............................................................................................. 25 бет

Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................... 26 бет

Кіріспе

Қазіргі кезде Қазақстан үкіметінің халықтық әл – ауқатын жақсартудағы негізгі міндеттерінің бірі тұрғындарды сапалы тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету болып табылады. Бұл міндетті іске асыруға өсімдік шаруашылығының барлық салалары атсалысуы тиіс.

Зиянкестер мен аурулардың келтіретін шығындары біздің елде аз емес. Зиянкестер мен аурулар өндірілетін өнімнің 25 - 30% жоюда. Сонымен қатар, жиналып алынған өнімді қоймада сақтау кезінде зиянды организмдердің оған келтіретін шығыны кей кездерде 60 - 70% - ға жетеді.

Ғалымдардың зертеулері бойынша ауылшаруашылық дақылдарының негізгі зиянды түрлерінің көпшілігімен күресуге арналған шаралар жүйесі жете зерттеліп, қазіргі кезде өндіріске енгізілуде. Реформалық кезеңде кенжелеп қалған өсімдік қорғау саласы қайтадан жақсаруда.

Республикада ауылшаруашылық дақылдары мен жайылымдарға көпқоректі зиянкестердің 50 - ге жуық және маманданған зиянкестердің 100 - ден аса түрі, аурулардың 70 - тен аса түрі және арамшөптердің 120 түрі зиян келтіреді. Зиянды организмдер астық қорын және оның өңдеу өнімдерін де зақымдайды.

Қазақстанның түрлі аймақтарында ауылшаруашылық дақылдары көптеген аурулар мен зиянкестер зардабына шалдығып, өсімдік физиологиясы қалыптан ауытқып, олардан алынатын өнім шығымы мен сапасы төмендеп, шаруашылыққа едәуір зиянын тигізеді.

Зиянды организмдерден ауылшаруашылық дақылдарын қорғау жоғарғы сапалы, тұрақты өнім өндірудің кепілі болып табылады. Ал күресу шараларын дұрыс ұйымдастыру үшін зиянды организмдердің биоэколлгиялық ерекшеліктері, таралу ареалы, зияндылығы ескеріледі.

 

 

Темекі дақылына сипаттама

Темекі - техникалық өсімдіктер шаруашылығының бір саласы. Темекі құнды техникалық дақыл. Алғаш рет Оңтүстік Америкада пайда болған. Еуропада 16 ғасырда алғаш гүл және дәрілік өсімдік ретінде өсірілген. Қазақстанның оңтүстігінде, Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында және Талғар аудандарында, сондай – ақ Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей өңірлерінде өсіріледі. Осыған орай темекі өсірудің жергілікті жер жағдайларына, табиғатына бейімделген әр түрлі егіс әдістері, сұрыпталған сорттары бар. Темекі тұқымы температура 10 - 12°С болғанда және 70 - 80% ылғалдылықта өнеді. Оны өсіру көшетті жерге отырғызғанға дейінгі және жерге отырғызғаннан кейінгі екі кезеңнен тұрады. Сабақтары мен жапырақтары тұрақты егістікке отырғызғаннан кейін температура 24 - 28°С, топырағының ылғалдылығы 60 - 80% болғанда жақсы өседі. Тұрақты егістікке отырғызылатын көшеттің тамыр жүйесі өте жақсы жетілген, нақты 5 - 6 жапырағы болуы қажет.

Маңызы, өсірілетін аймағы, сорттары. Бағалы техникалық дақылдардың бірі - темекі. Ол негізінен шылым дайындауға және медицинада пайдаланылады. Темекінің құрғақ жапырағының құрамында 1,09 - 3,76% никотин, 17,1 - 18,9% күл, 4,9 - 17,6% көмірсутегі, 2,2 - 3,7% азот, 0,1 - 1,37% эфир майы және 4 - 7% шайыр бар. Темекі негізінен Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданында өсіріледі. Сонымен қатар «Филипп-Морис Казахстан» темекі компаниясының Қазақстанға келуіне байланысты, темекіні өсіру аудандары кеңейтілді. Атап айтсақ, Алматы облысының Талғар, Жамбыл аудандарында жаңадан, Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында өсіріле бастады. Темекі шикізатының орташа өнімділігі - 20,4 ц/га. Аталған аймақтарда 2006 жылы темекінің Дюбек - 44 - 07, Дюбек - 13, Талгарский - 25, Талгарский - 28 сорттары аудандастырылды. Сыртқы ортаға қойылатын талаптар. Темекі - жылу сүйгіш бір жылдың техникалық дақыл. Оның тұқымының көктеп шығуы үшін 27 - 28 °С, ал көшеттің өсіп -дамуына 18 - 22 °С жылу керек. Танапқа көшіріліп отырғызылғаннан кейін темекі көшетінің сабағы мен жапырағының өсуіне қолайлы температура 24 -28 ° С шамасында. Егер температура 35 ° С - тан асып кетсе, онда өсімдік өсуін тоқтатады. Темекіге -1 - 3°С суық қауіпті. Суды көп пайдаланатын кезеңі - жапырақтары толық шыққан мезгіл. Осы кезеңде судың кем, не артық болуы өте зиянды. Темекінің транспирациялық коэффициенті 500 -600. Темекі қоректік заттарды көп мөлшерде қажет етеді. Ол бір гектар жерде 15 центнер жапырақ қүрау үшін топырақтан 90 кг азот, 24 кг фосфор және 58 кг калийді сіңіріп алады.

Құрылымды, техникалық дақыл түріне жатады, жеңіл топырақтарда жақсы өседі. Республикада сұр топырақты жерлерде өсіріледі.

Алғы дақыл. Темекі - көшет арқылы өсірілетін дақыл. Сондықтан сапалы көшет өсіру - темекі шаруашылығындағы жауапты жұмыстың бірі. Қазіргі кезде шаруашылықтарда көшетті жылыжайларда өсіреді. Темекінің жақсы алғы даңылы - дәнді дақылдар, жоңышқа құйқасы, дәнді бұршақты дақылдар. Осыған орай Алматы облысында қолданылатын ауыспалы егіс нобайы төмендегідей:
1. Дәнді дақылдар + жоңышқа.
2. Жоңышқа.
3. Жоңышқа.
4. Дәнді масақты даңылдар.
5. Темекі.
6. Темекі.
7. Сүрлемдік жүгері.
8. Темекі.

Тыңайту және топырақ өңдеу. Топырағындағы фосфор жеткіліксіз шаруашылықтарда күзде жер жырту алдында әр гектарға 3,5 - 4 центнер аммофос және 1,5 центнер күкірт қышқылды калий тұзын берген жөн. Топырақ өңдеу жерді жырту алдындағы суарудан және жерді терең етіп жыртудан тұрады. Жер жырту тереңдігі -22 - 25 см. Көктемде ылғал жабу үшін танапты тырмалайды. Арамшөптер шыққаннан соң көшет отырғызғанша танапты тағы бір рет тырмалау, ал көшет отырғызуға 5 - 7 күн қалғанда қопсыту жүргізіледі. Техникалық дақылды көшетті танапқа отырғызу. Танапқа көшетті отырғызудың қолайлы мерзімі - мамыр айының 2-3-он-күндігі. Темекі көшетін танапқа отырғызуға дейін Трефлан 24 к.ә. (4-8,0 кг/га) бүркеді.

Темекі жапырағының пісуі - төменгі белдеудегі жапырақтан басталады, піскен жапырақ үзіп алынады, біраз уақыттан соң орта белдеудегі жапырақтар пісіп жетіледі, оны алғаннан кейін жоғарғы белдеудегі жапырақтары алынады. Өсу мерзімінде жапырақтарды 5 - 7 рет үзеді. Жиналған жапырақтарды кептіреді және оларды ферменттеуден өткізеді.

1 – сурет

Темекіні жинау. Тұқым телімдеріндегі өсімдіктерді айрықша күтеді және олардан екі рет қана жапырақ жинайды. Темекіден ең жоғарғы өнім (35 – 40 ц/га) Алматы облысының бұрынғы Алматы ұжымшарында жиналған.

Темекі шаруашылығындағы ең қиын кезең - оны жинау, өйткені, барлық жұмсалатын шығынның 60 - 70 пайызы осы операцияны орындауға жұмсалады. Темекі жапырағының пісуі бір мезгілде жүрмейді, ең алдымен темекінің ең төменгі жапырақтары, содан кейін ортаңғылары, соңынан жоғары жапырақтары піседі. Темекі жапырақтарын қолмен жинайды. 1,5 - 2 ай мөлшерінде 5 - 10 ретке дейін жиналады. Бір жинағанда, әрбір өсімдіктен 3 - 7 жапырақ сындырылады. Жиналған жапырақтар топтастырылып, кептірілуге арналған сарайға жіберіледі. Ол жерде жапырақтарды сорттап, ұзындығы 5 - 6 м жіпке түйреп кептіреді. Темекі жинаудың ең ауыр процесі -жапырақтарды жіпке тізіп кептіру. Оны негізінен қолмен істейді, сонымен қатар ТПМ 69М машинасымен жүзеге асырады. Алайда, кейінгі кезде жапырақты жіпке тізбей, арнаулы контейнерлерге салып кептіру қолданылып жүр.

Қазақстанда негізінен Дюбек - 566, Гибрид - 23, Талғар - 25 сорттары өсіріледі. Соңғы екі сортты жоғарыда аталған ұжымшардың директоры, Социалистік Еңбек ері П.Ф. Томоровский шығарған.

Темекі жапырағын кептіруді екі сатыға бөледі: көлеңкеде (томление) және күннің көзінде ұстау. Көлеңкеде кептіру арнайы сарайда жүргізіледі. Ол кезде ауа температурасы 25 - 30°С болады, өсімдік дем алады және ылғал жоғалтады. Жапырақ ұлпасында ақуыздар ажырайды, крахмал қантқа айналады. Жапырақ құрамындағы никотин азайып, ароматты заттар көбейеді. Көлеңкеде кептірген кезде жапырақ сарғыш тартып, сапасы жақсарады. Көлеңкеде кептіру 3 - 4 күнге созылады. Одан кейін темекі жапырағын күннің көзіне 15 - 20 күн кептіреді. Кептірілген жапырақтарды сорттап, байлап, дайындау пунктіне өткізеді. Тауар шикізатының ылғалдылығы 19 % - дан аспау керек.[2]

Темекі зиянкестері

Темекі трипсі - Thrips tabaci. Lind (Thysanoptera отряды, Thripidae тұқымдамасы). Темекі өсімдітерін, қозаны, қытай бұршағын, қиярды, асқабақты, пиязды, картопты, гүлді және басқа да дақылдарды зақымдайды. Ересек трипсілер және олардың дернәсілдері жапырақтардың астыңғы бетінде және гүлшоғырларында топтанып тіршілік етеді де өсімдік шырынын сорып қоректенеді. Өсімдіктердің зақымданған мүшелерінде алғашында бозарған ақшыл болып, кейіннен тотық түске айналатын дақтар пайда болады. Нәтижесінде өсімдіктің жапырақтары морт сынғыш әлсіз болып, өсуі баяулайды, никотиннің проценті кеміп, темекінің сапасы нашарлайды. Сонымен қатар трипс темекі өсімдігіне вирус ауруларын таратады (мысалы, томаттың қола вирусын).

3-сурет

Ұсақ зиянкес (ұзындығы 1 - мм шамасында) ақшыл сары немесе қара қоңыр түстес. Өн бойына созылған жүйкесі бар енсіз жіңішке қанаттарының шеттерінде шашақтар болады. Жұмыртқасының ұзындығы 0,21 – 0,25 мм, көлденеңі 0,1 – 0,14 мм, пішіні бүйрек тәрізді ақшылдау, мөлдір түсті болады. Дернәсілдерінің ұзындығы 1 мм жетеді, ересек трипсілерге қарағанда ақшылдау түсті, мұршалары, бунақтан тұрады. Ересек трипсілер топырақтың үстіңгі қабатында немесе өсімдік қалдықтарының астында қыстайды. Қысқы мекендерінен ауаның жылылығы 10 С – ден асқанда шығды. Жұмыртқаларын темекі жапырағының үстіңгі бетіндегі эпидермис қабатының астына бір – бірлеп орналастырады. Өсімталдығы 100 жұмыртқаға жетеді. Ұрықтың дамуы 3 – 5 күнге созылады. Осы мерзім ішінде 4 рет түлейді де, дамуы аяқталған соң топыраққа еніп (5 см тереңдікке дейін), онда 4 – 5 күн болады. Одан соң қанаттары жетілген ересек трипсілерге айналады да жер бетіне көтеріліп, темекі немесе басқа өсімдіктермен қоректенуге кіріседі. Зиянкестің бір генерациясының дамуы мекендеген зонасының ауа райы жағдайларына байланысты 15 күннен 30 күнге дейін созылады. Қазақстанның оңтүстік – шығысында 5 – 6 ұрпақ беріп көбейеді.

Шабдал бітесі – Myzodes persicae Sulz. Бұл түрді орежерея бітесі немесе темекі бітесі деп атайды. Тең қанаттылар (Homoptera) отрядының бітелер (Aphididae) тұқымдасына жататын ұсақ насеком. Қанатсыз партеногенетикалық ұрғашы бітенің ұзындығы 2,5 мм жетеді, түсі жасыл, сары немесе қызғылт, шырын түтікшелерінің ұзындығы денесінің ¼ бөлігіндей, цилиндр пішінді, құйрықшасы конус тәрізді, шырын түтікшелерінен 3 есе қысқа. Қанатты ұрғашы бітенің ұзындығы 1,4 - 2 мм, басы қоңыр, ортаңғы және артқы көкірек сақиналарының түсі қара, құрсағы көлденең орналасқан қара жолақтары бар жасыл немесе сары түсті, құйрықшасы шырын түтікшелерінен 2 есе қысқа болады. Ересек бітелер денесінің ұзындығы 1,9 мм, қанаттары жетілген, басы, мұртшалары және кеуде бөлімі қара, құрсағында қара түсті көлденең жолақтары бар бозғылт – жасыл болады. Жұмыртқасы алғашында жасыл түсті болады, одан соң бірте – бірте күңгірттеніп, дернәсілі шығар кезде қартаяды.

4-сурет

Шабдал бітесі темекі өсімдігінің өте қауіпті зиянкесі. Кең таралған көп қоректі насеком – темекіден басқа да көптеген дақылдарды зақымдайды. Даму циклі өте күрделі, жұмырқа фазасында көбінесе шабдал және өрік ағаштарының бұтақтарының қабығында немесе гүл бүршіктерінің қолтыында қыстайды. Личинкалар сәуір айында шығады да 4 рет түлеген соң партеногенетикалық аналық бітелерге айналады. Шабдал ағашында бітелер 7-8 ұрпақ беріп дамиды. Екінші, үшінші генерациясында қанатты ұрғашы бітелер пайда болады да шөптесін өсімдіктерге көшеді. Олар әсіресе алқа тұқымдасына жататын өсімдіктерді, солардың ішінде темекіні көбірек ұнатады. Темекі егісінде шабдал бітесі көктемнен бастап, күзге дейін 10 – 12 ұрпақ беріп өсіп – өнеді. Партегенетикалық ұрғашы бітелердің әрқайсысының табатын дернәсілдерінің саны 120 дейін жетеді. Дернәсілден бастап, ересек бітеге дейінгі даму кезеңі ауа райы жағдайларына байланысты 4 – 8 күнге ғана созылады. Күзге қарай қанатты аналық бітелер шабдал немесе өрік ағаштарына көшеді. Осы кезде аналық бітелермен қатар еркектері де шығады. Ұрықтанғаннан кейін ұрғашылары ағаш бұтақтарының қабығына қыстап шығатын жұмырқаларын салады да өздері күздің аяқ кезінде өледі.

Шабдал бітесі темекі өсімдігінің жер үстілік мүшелерінің шырынын сорып, қатты зиян келтіреді. Нәтижесінде өсімдіктің беретін өнімі кеміп, сапасы нашарлайды. [3]

 

Темекі аурулары

Көшет шірігі немесе қара сирақ. Ауру қоздырғышы – Pythym debarum Hesse, Rhizoctonia solani Kuehn. саңрауқұлақтары. Темекі көшеттерінің тамыр мойны мен сабақ негізін шірітеді. Pythym debarum саңрауқұлағымен залалданған өсімдіктің мүшелерінде бір клеткалы жіпшумақта зооспорангий тасушылар мен ооспарангийлер пайда болады. Түзілетін зооспоралар ылғалды ортада өсімдікті залалдайды.

Өсімдік ұлпаларында жынысты көбею нәтижесінде саңырауқұлақтың пішіні домалақ, қалаң қабықты, қыстайтын ооспоралары түзіледі. Тыныштық кезеңнен өткен соң ооспоралар өніп, зооспорасымен зооспарангийлер береді. Саңрауқұлақтың қолайлы температурасы 16 – 19 С температура.

Көшеттің алғаш сабағы залалданып, тамыр мойны тартылып, ауруға шалдыққан бөлік жіңішкеріп, өсімдік жойылады. Залалданған мүшелердің бетінде және айналасында, түсі ақ, кейде қоңыр киізді немесе жеңіл өңез түзіледі.

Аурумен алғаш жеке немесе бір топ өсімдік залалданып, кейін басқаларына жұғып, көшеттіктің едәуір бөлігіне таралады. Әдетте бұл ауруға өсіру технологиясы дұрыс сақталмаған жағдайда көшетхананың нашар желденуі, өсімдік санының шамадан тыс жиілігі, суық сумен суару, температураның тұрақсыздығы, сондай – ақ бірыңғай азот тыңайтқыштарымен қоректендіру нәтижесінде даму нашар, нәзік көшеттер шалдығады.

Тамырдың қара шірігі. Ауру қоздырғышы - Thelaviopsis basicoia Ferr. Саңырауқұлағы. Ол түсі қоңыр жіпшумақта алғаш түссіз, бір клеткалы, пішіні таяқша тәрізді эндоконидиялар, кейін түсі қара – қоңыр қалың қабықты тізбектелген хломидоспора түзіледі. Қоздырғыш темекімен қатар 100 – ден астам өсімдік түрлерін – мақта, беде, жоңышқа, бөрібұршақ, жасымық және т.б. залалдайды. Инфекция қоры өсімдік қалдығы мен топырақта жіпшумақ, хламидоспора түрінде сақталады. Кесел өсімдіктерді жылыжайларда және егістіктерде залалдайды.

5-сурет

Көшеттің залалданған тамырлары қоңырланып немесе қарайып, ауру қатты дамығанда жапырақтары солып, сарғайып қурайды. Жас өсімдіктер көбінесе жойылады, ал жетілгендері ауруға шыдамды келеді. Егер залалданған өсімдікті түптеп, үстеп қоректендірсе, онда жаңа тамырлар пайда болуы есебінен оның төзімділігі артады. Залалданған тамырларда қара - қоңыр дақтар пайда болып, ауру қарқынды дамығанда олар қарайып, шіриді. Егістікте ауруға шалдыққан өсімдіктің өсуі саябырлап, кейде жапырақтары сарғайып, некрозды дақтар түзіледі. Құрғақ ауа райында темекі солып, қурап, топырақтан оңай суырылады.

Жалған ақ ұнтақ немесе переноспароз. Ауру қоздырғышы - peronospora tabacina Adam саңрауқұлағы. Оның бір клеткалы жіпшумағы клетка аралығымен таралып, залалданған ұлпада конидиялы спора тасушылардан тұратын өңез түзеді. Конидия тасушылар дихотомиялы тармақталған, түссіз.

6-сурет

Көшеттің тұқым жарнағы мен негізгі жапырақтарында сары – жасыл түсті, кейін күңгіртенетін, майлы дақ астында конидиялы спора тасушылардан тұратын күлгін - сұр өңез түзіледі. Залалданған өсімдік тез солып, шіриді.

Егістікте жапырақ, сабақ, сағақ, тұқым қауашағы және тұқым залалданады. Ауруға алғаш төменгі жапырақтары, кейін орта және жоғарғылары шалдығады. Кеселдің белгісі жапырақта хлорозды дақтар мен оның астында ылғалды ауа райында мол, көкшіл сұр өңез түзілумен білінеді. Өңез кеуіп сұрланады. Дақтар көбінесе дөңгелек пішінді жүйке аралығында орналасады.

Қоздырғыш ауру өсімдікте диффузды таралуы да мүмкін. Бұл жағдайда сағақта, сабақта жаралар немесе жолақ түрінде басылған қоңыр дақтар пайда болады. Дақтар сабақты түгел орап дамығанда, ол сынады. Залалданған гүлсидамдар жіңішкеріп күңгірттеніп, кеуіп, қауашақта түзілген тұқым әлжуазданып, жетілмейді. Аурудың диффузды түрінде өсімдіктің бойы өспей, буынаралықтары қысқарады.

Ақ ұнтақ. Ауру қоздырғышы - Erysipe cichoracearum DC. саңрауқұлағы. Оның жіпшумағы көп клеткалы, түссіз. Конидия тасушылары қарапайым, конидиялары элипс тәрізді, тізбектеліп түзіледі. Ақ ұнтақ ылғалды мол ойпаң учаскелерде және шамадан тыс жиі егістіктерде жақсы дамиды. Инфекция қоры – залалданған өсімдік қалдықтары. Бұл аурумен өсімдік негізінде егістікте залалданады. Аурудың белгісі алғаш темекі өсімдігінің төменгі жапырақтарында білініп, кейін жоғарыларына таралады. Жапырақтың үстіңгі бетінде жеке дақтар түрінде ақ ұнтақты өңез түзіледі де, тез ұлғайып оны түгел қамтиды. Залалданған жапырақ түсі қоңырланып кеуіп, сынғыш келеді.

Бактериялы, вирусты және микоплазмалы аурулар

Шұбар бактертоз. Ауру қоздырғышы – Pseudomonas syringae pv. Tabaci Young et al. бактериясы. Өсімдікке қоздырғыш механикалық жаралар, жарықтар және су тамшысы болған жағдайда леп саңлауы арқылы енеді. Кеселдің дамуына 22 – 25 С температура және жоғары ауа ылғалдығы қолайлы.

7-сурет

Темекіден басқа шұбар бактериоз кеселіне бұрыш, қызанақ, картоп және басқа да дақылдар шалдығды. Бактерия тұқымда, картоп және басқа да дақылдар шалдығады. Бактерия тұқымда, шірімеген өсімдік қалдықтарында, қолданылған құралдарда сақталады. Ылғалы мол топырақта қоздырғыш тез жойылады. Ауруға көшеттер мен өсіп жетілген өсімдіктердің жапырақтары шалдығады. Көшет жапырақтарының жиегінде майлы немесе суланған дақтар түзіледі. Құрғақ ауа райында дақтар кеуіп, қоңырланып немесе қарайып, ал ылғалды жағдайда олар шіриді. Егістікте аурудың белгісі жапырақта дөңгелек хлорозды дақ түрінде білініп, бірте – бірте ұлғайып, дақ ұлпасы ортасынан бастап жансызданып, қоңыр сұр түстіболып, дөңестеніп, оның айналасы шеңберленеді. Жапырақ сағағында ашық қоңыр, ал тұқым қауашағында басылған қоғыр дақ түзіледі.

Темекі мозайкасы. Ауру қоздырғышы – Tabako mosaic virus вирусы. Қоздырғыш құрғақшылыққа өте төзімді, олар ұзақ уақыт темекі тозаңында сақталып, желмен көшеттерге және егістікке тарайды. Вирус аса потогенді, жапырақ және басқада мүшелерге майда жарақаттар арқылы енеді.

Өсімдік барлық вегетациялық кезеңдерде залалданады. Жапырақта ашық – жасыл түсті, мозайкалы дақтар пайда болады. Залалданған жапырақ шеті үстіне қарай сәл ширатылып, кейін қабынған көпіршіктер түзіледі. [1]

 

 

Негізгі бөлім





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2536 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Даже страх смягчается привычкой. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2420 - | 2132 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.