Тарау. ҚР-дағы діни қызмет. 7-бап. Дiни жоралар мен рәсiмдер ғибадат үйлерінде заңда белгiленген тәртіппен жүзеге асырылады. Құдайға құлшылық етуді, діни жораларды, миссионерлік қызмет жасауға: білім беру ұйымдарының аумағындажәнеғимараттарында жол берілмейді.
8-бап. Миссионерлік қызмет. Бұл қызметті кез келген адам емес діни бірлестік ұсынған адам жүргізеді. Қызметін жүргізетін аумағы мен мерзiмi болады;
Уағыздайтын діни әдебиеті, дiни ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттары діни сараптамадан өтеді.
10-бап. Қайырымдылық. Дiни бiрлестiктер қайырымдылық ұйымдарын ашуға құқылы. Қайырымдылықты жүзеге асыру кезінде діни қызметке тарту үшін адамдардың материалдық мұқтаждығын пайдалануға болмайды.
Тарау 14 – бап. Діни бірлестіктің атауы
1-шіден, Діни бірлестіктің атауы ұстанатын діні мен мәртебесін қамтуы тиіс
2-шіден, Толық және қысқартылған атауы мен оның нышаны
v Қ.Р және басқа да мемлекеттің рәміздерін
v Қ.Р мемлекеттік органдарының
v Қ.Р да тіркелген діни бірлестіктердің
v Қ.Р ның заңнамасын бұзуына байланысты тыйым салынған.
Тарау 15- бап. Діни бірлестіктерді мемлекеттік құру
v Республикалық және өңірлік діни бірлетіктерді ҚР Әділет министірлігі тіркейді
v Жергілікті діни бірлестіктерді Аумақтық Әділет органдары тіркейді
Діни бірлестіктерді құру туралы шешім қабылдаған сәттен бастап 2 ай мерзім ішінде тіркелу үшін тіркеуші органға өтініш беріледі
Тарау 16- бап. Діни бірлестіктің жарғысы
Өз қызметін жарғының негізінде жүзеге асыра алады, онда мыналар болуға тиіс
1) Атауы, қызметіның мәні мен мақсаттары
2) Орналасқан жері және оның шегінде өз қызметін жүзеге асыратын аумақ
3) Құрылымы, басқару органдарын қалыптастыру тәртібі мен олардың құзіреті
4) Қатысушыларының құқықтары мен міндеттері
5) Ұстанатын діни іліміне сәйкес келетін діни қызметі туралы мәліметтер
6) Діни бірлестіктің мүшесі етіп қабылдаудың және одан шығудың шарттары мен тәртібі
7) Мүлікті қалыптастыру көздері
8) Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
9) Қызметін қайта ұйымдастыру және оны тоқтату шаралары
10) Таратылған жағдайда мүлікті пайдалану тәртібі
11) Филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтер болуға тиіс
Тарау 17- бап. Діни бірлестікті тіркеуден бас тарту
1-шіден, Қ.Р заңына сәйкес, құрылатын бірлестік дінтану сараптамасының нәтижелері негізінде діни бірлестік ретінде танылмаған жағдайда діни бірлестікті мемлекеттік тіркеуден, оның құрылымдық филиалын есептік тіркеуден бас тартылады.
2-шіден, тіркеуден бас тартылған жағдайда сотқа шағымдануға болады
Тарау 18- бап. Діни бірлестікті қайта құру мен тарату
Діни бірлестік тек басқа діни бірлестік болып немесе жеке мекеме болып қайта құрылуы мүмкін.
1-шіден, діни бірлестіктерді қайта құру Қ.Р заңдарына сай, қосылу, бірігу, бөліну, қайта құру және бөлініп шығу жолымен діни бірлестіктің құрылтай құжаты уәкілеттік берген органның шешімі бойынша не сот шешімі бойынша жүзеге асырылады.
2-шіден, діни бірлестіктің қызметін тоқтата тұру және оны тарату Қ.Р заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі
Тарау 19- бап. Мемлекет және шетелдік діни бірлестіктер
Шетелдік діни орталық діни бірлестіктің басшысы лауазымына кандидатты келісу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады
v Кандидат туралы, оның шетелдік діни орталықтағы бұрынғы қызметі туралы мәліметтер қамтылған қолдаухатты
v Кандидатты Қ.Р ның аумағында жұмыс істейтін діни бірлестіктің басшысы етіп тағайындау туралы шешімді
v Діни бірлестіктің басшысы лауазымына кандидаттың паспортының немесе жеке куәлігінің көшірмесін ұсынады.
Құжаттарды уәкілетті орган олардың ұсынылған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде қарайды.
тарау 20- бап. Діни бірлестіктердің меншігі
v Діни бірлестіктердің өз қаражаты есебінен сатып алынған, Қ.Р азаматтарының, ұйымдарының қайырымдылыққа берген немесе Қ.Р заңдарына қайшы келмейтін негіздер бойынша сатып алынған мүлікке меншіктік құқығы бар
v Меншік құқығындағы жылжымайтын және жылжымалы мүлік діни бірлестіктердің меншігі болып табылады
v Қ.Р ның шегінен тыс жердегі мүлік те діни бірлестіктердің меншігінде болуы мүмкін
v Діни бірлестіктер ерікті түрде қаржылай және қайырымдылықтар сұрауға құқылы
v Діни бірлестіктердің меншік құқығы заңмен қорғалады