Лекции.Орг


Поиск:




СК-5 және СК-6 комбайндарының молотилкасын




толтыруды автоматты реттеуіш (АРЗМ)

Құрылысы. Молотилканы толтырудың автоматты реттеуішінің (АРЗМ) міндеті — астық маосасы комбайнның бастыру құрылғы-сына бірқалыпты беріп тұру. Астық биік, әрі қалың шыққан учаскелерде АРЗМ автоматты түрде жүргізушінің қатысуынсыз комбайнның қозғалу жылдамдығын баяулатады. Астық сирек және аласа өскен жерлерде ол тиісінше комбайнның жылдамдығын арттырады.

АРЗМ-нің мынадай негізгі құрылғылары бар: датчик, комбайн-ның жүру жылдамдығын қолмен басқаратын механизм, астық мас-сасын беру шамасын бабына келтіретін механизм, бөлгіш және гидроцилиндр.

Датчик жатканың көлбеу корпусына орналасқан. Ол екі табанды 4 біліктен 3 тұрады (100-сурет), бұлар қалықтама транспортер шынжырының 5 төменгі шынжыры арқылы сырғанайды. Оларды ролик тізбегімен сырғанап, оның жақтауларына жанаспайтындай етіп орнатады. Жатканың көлбеу корпусының сол жақ тұсындағы біліктің табанына рычаг 1 пісіріліп бекітіледі.

Тартпаның 6 бір жағы рычаг 1 планкасына, ал екінші жағы — втулкаға 12пісіріліп ұстатылған рычагқа 7 жалғанған.

Втулка 12 рычагымен 7 қоса білікке 9 бос орнатылған, ал 10- рычагы мен 13-рычагы бар втулка 11білікке бекітілген. Бұл рычаг бөлгіш 17золотнигіне тартпамен 14 жалғанған.

Втулкалар 11, 12бүйіріндегі ойықтары арқылы бір-біріне ша-малы бұрыш жасап айнала алады. Серіпе 8 рычагтарды 7, 10 втул-калар 11, 12бүйіріндегі ойықтарға тірелгенше тартады.

100-сурет. СК-5 комбайнының молотилкасын толтыруды автоматты реттеуіштік (АРЗМ) өзгертілген құрылғысының схемасы:

1, 7, 10 және 13 — рычагтар; 2 — қамыт; 3 және 9 — біліктер; 4 — датчик табан темірі; 5 — қалықтама транспортердің шынжыры; 6 — тартпа; 8 — серіппе; 11 және; 12 — втулкалар; 14 — золотник тартпасы; 15 — комбайнның қозғалу жылдамдығын қолмен атқаратын тұтқа; 16 — астық: массасын беруге. икемдейтін тұтқа; 17—б өлгіш; 18 — сфералық қалпақша 19 — қос иінді рычаг.

Тұтқа 15 екі иінді рычаг 19 және сфералық қалпақша 18 арқылы золотникпен байланысады. Тұтқаны 15 мынадай үш жағдайда орналастыруға болады: алдыңғы (автомат қосылған); ортаңғы (бейтарап); артқы (комбайн жылдамдығының бәсеңдеуі).

Тұтқа 15 алдыңғы жағында тұрғанда сфералық қалпақша 18 рычагпен 19 золотник бүйірінен ығысады. Тұтқаны бір тұрған қалпынан екіншісіне ауыстырып қосу үшін алдымен шарикті тұтқаны басу қажет. Тұтқа 16 астық массасын беруді өзгертуге арналған. Жүргізуші астық шығынын көрсеткіштің (УПЗ) көрсетуіне қарай, АРЗМ-ді астық массасын молотилкаға берудің ең қолайлы шамасына келтіреді. Егер УПЗ көрсеткіші бойынша шығын нормадан төмен болса, онда тұтқаны 16 алға жылжытады; мұндайда комбайнның жылдамдығы артады. Егер шығын нормадан артық болса, онда тұтқаны 16 артқа, өзіне қарай ауыстырады, сонда комбайнның жылдамдығы бәсеңдейді.

Жұмыс процесі. Қосылған АРЗМ-нің (тұтқа 15 алдыңғы жа-ғында тұрғанда) жұмыс процесі былай өтеді.

Молотилканы бірқалыпты жүктеу үшін, қалықтама транспор-тердің төменгі тармағында белгілі бір қалыңдықта (есептегі) сабақ қабаты болуы тиіс. Егер осы қалыңдық нормадан артса, онда шынжыр табан темірді көтереді. Табан темірдің бұл қозғалысы бөлгіштің золотнигіне беріледі де, ол вариатор блогын жылдам-дықты баяулатура ауыстырып қосады. Егер сабан қабаты қалың-дығы бойынша нормадан кемісе, мұның өзі де табан темір арқылы эолотникке беріліп, соңғысы вариатор блогын жоғары жылдам-

 

101-сурет. АРЗМ гидробөлгішЬ

/ — АРЗМ-нің басқару тұтқасы; 3 —сфералық қалпақша; 3 — золотннк;канал; 5 және 9 — бітеуіш шариктер; 6 — итергіш; 7 — қуыс; 8 — баяулатқыш клапан; 10 — датчик білігінің рычагы; 11 — ағызу трубопроводы; 12 — насостағы майды жіберетін трубопровод; (гидрокөлемді қолмен басқарғыштың бөлгіші арқылы); 13 — айдау камерасы; 14 — дроссельді тесік; 15 — сақиналы тесік; 16 — қайыра қую клапанының плунжері; 17 — ағын клапаны; 18 — дроссельден кейінгі камера; 19 — серіппе.

дыққа ауыстырады. Сабақтың қалывдыры бірқалыпты болған жағдайда золотник бейтарап қалпында тұрады.

Бөлгіш бекіткіш және қайта қүю клапандары бар бір секциядан тұрады. Негізгі гидробөлгіш секциясынан АРЗМ бөлгіші сек-циясының басты айырмашылығы, мұндағы золотникте қолдан бас-қарылатын рычагпен жалғайтын тесік жоқ. Серіппе золотникті үнемі шеткі (сол жақ) қалпында қысып тұрады. Золотниктің оң жақ шеті датчик арқылы автоматты басқарылатын рычагпек 10 жалғанады (101-сурет).

Золотник бейтарап қалпында тұрған кездегі жүйедегі майдың

 

жылжуын қарастырайық. Гидроцилиндр камерасына май жіберуге мүмкіндігі барбөлгіштегі канал золотник кертпегімен жабылған. Золотниктің сақиналы тесігі дроссельден кейінгі камераны 18 ағызу трубопроводымен 11 жалғайды. Сонын, нәтижесінде онда ағызу қысымы лайда болады. Ал айдау камерасында 13, трубопроводқа келетін май әсерінен жоғары қысым туындайды. Серіппе 19 қайыра құю клапанының плунжерін 16 оң жаққа қысады (аздаған күшпен). Айдалған майдың әсерімен плунжер осы серіппенің күші мен камерадағы 18 ағызу қысымын жеңе отырып, сол жаққа жылжиды да, айдау камерасын 13 ағызу кранына жалғайды.

Астықты бастыру нормадан артқан жағдайда былай болады: рычаг 10 золотникті оңға ығыстырады; золотник кертпегі каналды 4 жабады; камералардары 13, 18 қысым теңеседі, өйткені олар дроссельді тесікпен 14 жалғанған; серіппе 19 плунжерді оңға ығыстырады; камера 13 сақиналы қырнама 15 мен ағызу трубо-проводынан ажырайды; айдалған май қуысқа 7 құйылады. Шарик 9 ұядан шығады және гидроцилиндрдің штоксыз камерасына қарай майды жібереді; итергіш 6 солға қарай жылжып, өзінің бүртігімен шарикті 5 ұядан жылжытады; гидроцилиндрдін, штокты ка-мерасынан ығыстырылып шыққан май ағызу трубопроводына ке-теді; гидроцилиндр вариатор блогының түрған орнын ауыстырып, комбайн жылдамдығын баяулатады.

Комбайнның жылдамдығы баяулағаннан кейін астықтың бас-тырылуы да баяулайды. Осыған орай автомат механизмі золотникті бейтарап қалпына “өшіреді де, бөлгіште жоғарыда сипатталған құбылыс болады.

Қомбайнның жүріс жылдамдығын қолмен басқару. Комбайнның жүріс жылдамдығын автоматсыз басқару мынадай жағдайда жүзеге -асырылады: а) жол жүргенде; ә) астықты жинау жағдайына қарай, мәселен комбайнның жылдамдығын астықтың бастырылу көлеміне қарай емес, оның шығымдылығына немесе егістің ерекшелігіне қарай белгілегенде.

Бөлгіш золотнигі бейтарап жағдайда тұрғанда, ол өзінін керт-пегімен гидроцилиндр камерасыньщ каналын жабатындығы жоға-рыда айтылған болатын. Золотниктің бейтарап жағдайда тұруы тұтқаның 1 ортаңғы қалпына сәйкес келеді (101-сурет).

Егер тұтқаны алдыңғы жағына қойса, онда сфералық қалпақша 2 золотниктен 3 шығады да, серіппе золотникті солға ығыстырады. Соның нәтижесінде гидроцилиндр вариатор блогын төменгі қалпына ауыстырады да, комбайнның жүріс жылдамдығы артады.

Тұтқаны 1артқы қалпына қойғанда сфералы қалпақша 2 зо-лотникті оңға қарай жылжытады. Вариатор блогы жоғарғы қалпына ауысып, комбайнның жылдамдығын бәсеңдетеді.

 

Автоматты тексеру. Комбайнға орнатылған автоматтың дұрыс құрастырылуын тексереді. Мұны двигатель жұмыс ісугеп тұрған-

да, ал басқарылушы доңғалақ шеткі қалпында тұрмаған кезде атқарады. Тұтқаны 13 алдыға қарай шегіне жеткенше жылжытады (100-сурет). Мұндайда вариатор блогы ең төменгі қалпына түсірілуге, яғни ең жоғары жылдамдықта болуға тиіс. Сонан соң тұқаны арт жағына шегіне жеткенше жылжытады; осындай орын ауыстырудың нәтижесінде вариатор блогы ең жоғарғы қалпына ауысуға тиіс.

Вариатор блогынын, ең шеткі бір қалпынан екіншісіне толық көтерілуі мен түсірілуі 4—5 секундта атқарылуға тиіс. Вариатор блогын түсірудің ұзақтығы реттелмейтін баяулатқыш клапанға 5 байланысты (101-сурет). Блокты көтеру уақытын ағын клапанымен 17белгілейді. Егер двигатель толық айнальш жасаған кезде блоктың көтерілуі 5 секундтен асса, онда ағын клапаны тудыратын кысымды арттырады. Егер блок 4 секундтан тезірек көтерілсе, онда қысымды бәсеңдетеді (ағын;клапаны стерженін бұрап босату арқылы).

Вариатор блогын аралық қалпында және тұтқаны ортаңғы (бейтарап) қалпында қояды. Мұндайда вариатор блогы өзі тұрған калпын берік сақтауға тиіс.

Тұтқаны 16 алдыңғы жағына тірелгенше жылжытады (100-сурет). Мұндайда вариатор блогы ед шеткі жоғарғы қалпына (ең аз айналуға) ауысуы тиіс.


Бесінші бөлім





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 769 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

80% успеха - это появиться в нужном месте в нужное время. © Вуди Аллен
==> читать все изречения...

795 - | 739 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.