Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


II.Үй тапсырмасын тексеру.




1) Мемлекеттік рәміздерге не жатады?

2) Мемлекеттік рәміздердің құрастырушылары кімдер болды?

3) Жаңа әнұранының ерекшелігі неде?

Жаңа сабақтың жоспары:

1) Елорданың көшірілуі.

2) Астана – жаңа елордасы.

III. Жаңа сабақ.

Қазақстанның астанасы 1920–1925 жыл-
дар аралығында Орынбор, 1925–1929 жылда-
ры Қызылорда (бұрынғы Ақмешіт), 1929–1997
жылдары Алматы қаласы болды.

Қазіргі астана орнындағы қала ертеде Қара-
өткел атанды. 1832 жылы патша өкіметі отарлау мақсатымен бұл жерге бекініс салып, Ақмола деп атайды. 1961 жылы тың игеруге байланысты қала аты Целино
град болып өзгертілді. 1992 жылы қалаға оның Ақмола атауы қайта берілді.

1997 жылғы 20 қазанда Президенттің жарлығымен Ақмола қаласы астана болып жарияланды. 1998 жылы 6 мамырда Елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасы астанасының атауы
Астана деп өзгертілді. 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесері өтті.

Астана Сарыарқа даласында, Есіл өзенінің бойындағы нулы, сулы жерде орналасқан.

Елдің орталығы, осы қалаға көшірілуінің бірнеше себептері бар:

1) Қала қазақ жерінің орталығында орналасқан.

2) географиялық жағдайы өте қолайлы жерде орналасқан.

3) әуе жолдары, теміржол мен автомобиль жолдарының қиылысында орналасқан.

4) Қала экологиялық жағынан да қолайлы, таза, желдетіліп тұрады.

 

Бүгінде Астана жыл сайын көркейе түсуде. Астананы көркейтуге еліміздің түпкір-түпкірлерінен құрылысшылар, белгілі сәулетшілер келді. Жаңа астананың құрылысына Италия, Түркия, Швейцария құрылыс фирмалары қатысуда.

ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана – Әлем қаласы деп жарияланды. Қазір астана құрылысы шапшаң дамып келеді.

 

 

 

 

 

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1) Астана қаласы жайында сұрақ, сөзжұмбак құрастыру.

2) Астанада қандай өзен бар?

3) Президенттің резиденциясы қалай аталады?

4) Елбасы қандай монумент салғызды?

5) Астанадағы ең үлкен оқу орны қалай аталады?

6) Астана қаласы қандай ежелгі қоныста орналасқан?

V. Бағалау: Әр оқушыға тиісті баға қою.

VI. Үйге тапсырма: Астана туралы шығарма құрастыру.

 

Сынып: 5 «а». Сабақ №:______ 33 _____ Күні:_______________

Пән: Қазақстан тарихынан әңгімелер.

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан ХХ ғасырда.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: қазіргі елорда Астана қаласы жайында, оның тарихы, Алматыдан астананы Ақмолаға көшірудің алғышарты жайында оқушыларға жалпылама мағлұмат беру, елорда жайында білімдерін кеңейтуге жағдай жасау;

Дамытушылық: өз беттерінше білім алу, ізденіс әрекеттерін дамытуға жағдай жасау, тарихи оқиғалардың маңыздылығын түсіне білу, оған баға беріп, пікір алу дағдыларын қалыптастыруға көмектесу;

Тәрбиелік: Астана арқылы мақтана білуге үйрету, елордаға, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық, азаматтық тәрбие алуға көмектесу, рухани-материалдық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақ әдісі: әңгіме, пікір алысу, түсіндірмелі, сұрақ – жауап, тапсырма орындау.

Негізгі ұғымдар: Астана, елорда.

Сабақтың жоспары:I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

· Оқушылармен амандасу.

· Оқушыларды түгендеу.

· Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 747 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Свобода ничего не стоит, если она не включает в себя свободу ошибаться. © Махатма Ганди
==> читать все изречения...

2338 - | 2092 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.