Лекции.Орг


Поиск:




Бірінші сынып оқушысының сөмкесі.




Оқушы бұрышы.

·Оқушы бұрышын безендірудегі бірінші талап – бала денсаулығының қауіпсіздігі. (сұлулық емес...)

·Жиһаз зиянды заттарды шығармайтын, табиғи материалдан (үйеңкі, қарағай, қайын, бүк ағашы) жасалған болуы қажет. Немесе сыртынан меламинмен сырланған ДСП болғаны жөн, себебі ол арзандау.

·Міндетті түрде жиһаздың үш түрі қажет: үстел, орындық, кітап сөресі.

·Жұмыс орнын жарықпен сапалы түрде қамтамасыз етуді ойластыру қажет.

·Орындықтың арқасы қатты болуы қажет. Орындықта отырған баланың аяғы еденге тіреліп, 90 градусқа бүгіліп тұруы қажет.

·Компьютерлік дайын үстел сатып алуға болады. 120*60 см, мүмкіндігінше бұрыштары дөңгелектенген болғаны дұрыс. Монитор көзден 50 см аралықта болуы керек. Үстелдің шеті баланың кеудесіне сәйкес келу керек.

·Жарық оң қолымен жазатын балаға сол жақтан, ал сол қолымен жазатын балаға керісінше оң жақтан түсуі керек.

·Кітап сөресі баланың қолы жететін жерде болуы қажет.

·Үстел шамы болғаны дұрыс.

·Бөлмеде жасыл өсімдіктер болғаны дұрыс.

·Бала назарын сабақтан алаң еткізетін заттарды жинап қойыңыз

Бірінші сынып оқушысының сөмкесі.

·Бірінші талап – мықтылығы мен пайдалануға жеңіл болуы (жуылатын, су өтпейтін, сыйымды, (теріні алмастыратын және пленка қажет емес)

·Тұтқасы мықты, қайып тігілген, ұзындығы 4 см реттеліп отыруы қажет.

·Реттелетін элементтері боуы қажет (темір немесе мықты пластиктен жасалған)

·Баулары, ілгектері мен сыдырма ілгектерге де осындай талаптар

·Сөмкесі тасуға ыңғайлы болуы қажет

·Сөмкенің арқаға келетін жағы жалпақ және жұмсақ болуы қажет (сөмкенің арқасы ортопедиялық болғаны дұрыс)

·Сөмкенің түбі жалпақ және мықты болуы керек

·Сөмкенің салмағы баланың салмағынан 10% асуға болмайды (бос сөмке салмағы жеңіл 500-800 грамм болуы керек), дөңгелекшесі болуы мүмкін.

·Сөмкенің ені бірінші сынып оқушысының арқасынан жалпақ болмауы керек.

·Сөмкені келесідей толтырасыз: оқулықтар және кітаптар – арқаға жақын салынады. Ортанғы бөлікке – дәптерлер мен қаламсауыт, сыртқы қалтаға – суы бар бөтелке мен басқа заттар.

·Мектеп сөмкесінің салмағына қойылатын гигиеналық нормалар:

o1-2 сыныптар - 1,5кг

o3-4 сыныптар - 2,5кг

o5-6 сыныптар - 3 кг

o7-8 сыныптар - 3,5кг

o9-11 сыныптар - 4 кг

·Сөмкені баламен бірге таңдаңыз, балаға ұнауы керек, гендерлік айырмашылықты ескеріндер.

Бірінші сынып оқушыларының бейімделуі кезіңде ата-аналарға көмек (мектепке бейімделу)

·Баланы мектепке шығарып салыңыз және қарсы алыңыз

·Жол жүру ережесін қайталап тұрындар

·Баламен мектептегі жұмыстар, жаңалықтар, сабақтар, тапсырмалар, үзілістер, достары, не ұнады, не ұнаған жоқ, не ренжітті, не қызықтырды туралы әңгімелесіп тұрыңыз…

·Қолдап, сенімін күшейтіңіз, жағымды іске бағыттаңыз

·Өзіңіздің мектептегі жылдарыңыз туралы айтып беріңіз

·Жиі мақтап, кез келген жетістіктер мен жеңістерге қуаныңыз

·Áàëà á³ð íәðñåí³ òүñ³íáåñå ñөêïåé, àñûқïàé òүñ³íä³ð³ң³ç. Áàëàíûң қàòåë³êêå құқûғû áàð, îë үéðåí³ï æүð.

·Балаға тіл тигізбеңіз, сөкпеңіз

·Күн тәртібін құрастырыңыз және сақтауға үйретіңіз (үйде сабақ оқу барысында 30 минут сайын 15-20 минут үзіліс жасап, демалтыңыз және таза ауада серуендітіңіз)

·Оқушының жұмыс орнын жабдықтаңыз

·Алғашқы кезде үй тапсырмасын біргі отырып орындаңыз. Бірте-бірте үй тапсырмасын бірге орындаудан сырт қалып, балаға өзіне орындауға мүмкіндік беріңіз, өзіңіз бақылаңыз

·Баланы үй жұмысына қатыстырыңыз (ыдыс жуғызу, өз бөлмесін жинату...)

·Балаларыңыздың мүддесімен өмір сүріңіз

·Ìұғàë³ìäåðìåí æè³ ò³ëäåñ³ï òұðûңûç (á³ç á³ð æàëïû ³ñ ³ñòåï æàòûðìûç)

·Áàëàңûçäûң æàңà äîñòàðûìåí òàңûñûңûç

·Баланың сырқаттану туралы шағымына назар аударыңыз (бұл бейімсіздік белгілері болуы мүмкін)

·Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделуіне екі тоқсан беріледі (егер осы уақыт ішінде бала мектепке бейімделмесе, мамандарға жүгіну қажет)

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 620 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если вы думаете, что на что-то способны, вы правы; если думаете, что у вас ничего не получится - вы тоже правы. © Генри Форд
==> читать все изречения...

741 - | 763 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.