Плашкалы превенторлар мұнай-газ атқылауынан сақтандыру мақсатында ұңғы сағасын саңылаусыздандыру үшін қолданылады. Плашкалар жабылғаннан кейін, бұрғылау тізбегі қозғалмайтын болады. Қажет болған жағдайда құбырларды кесетін арнайы плашкалары болады.
Егер плашка деңгейінде бағыттаушы құбыр, бұрғылау құлпы, муфта және диаметрлері мен геометриялық формалары орнатылған плашкаларға сәйкес келмейтін құбырлары тізбегінің басқа да бөлшектері орналасқанда саңылаусыздықты қамтамасыз ете алмайды. Жабық превентор жағдайында тізбектің баяу қозғалуына жол беріледі, ал бұрғылау тізбегінің айналуына, көтеріп және түсіруіне жол берілмейді.
Билет № 12
Мбебап превенторлар, тағайындалуы, конструкциясы мен жұмыс істеу принципі.
Әмбебап превенторлар кең мүмкіндіктерге ие. Әмбебап превенторлар бұрғыланатын мұнай және газ ұңғылар сағасын саңылаусыздандыру, бұрғылау тізбегін бұру және құбырларды муфталарымен қоса тарту үшін қолданылады, яғни ол ППГ превенторларына қарағанда мүмкіндіктері кең. ПУ тығыздалатын заттың диаметрі мен геометриялық формасына тәуелсіз ұңғыма сағасын саңылаусыздандыра алады.
2. Екі жақты әсерлі бұрғылау сорабы – конструтивтік ерекшеліктері, кинематикалық сұлбасы.
Дуплекс сораптарда поршеннің бір жүрісі кезінде сұйықтықты айдаушы коллекторға айдау және қабылдаушы коллектордан поршень мен цилиндрлі төлкенің жасайтын аумағына соруы жүреді. Дуплекс сораптарының жұмыс істеу принципі келесідей: поршеннің оңнан сол жаққа клапан 4 арқылы қозғалысы кезінде оң жақтағы аумаққа сұйықтың сорылуы болады және бір уақытта клапан 1 арқылы сол жақтағы аумақтан сұйықтықтың айдаушы колллекторға айдалуы болады. Кейін қарай жүрісі кезінде клапандар 1 және 4 жабылып, 2 мен 3 клапандары ашылады, солар арқылы сұйықтықты сору және айдау болады.
1,2 – айдаушы клапандар; 3,4 – сорушы клапандар; 5,6 – сол жақ және оң жақ аумақтар; 7 – шток
«Дуплекс» сорабының жұмыс істеу сұлбасы
Бұрғылау шығырларының гидродинамикалық тежегіштері.
Гидродинамикалық және электромагниттік тежегіштер қосымша реттегіш тежегіштерге жатады. Оларды әдетте шығырдың білігімен муфта арқылы жалғап, тізбектерді 200-300 м тереңдіктен бастап және салмағы 100-200 кН тізбекті түсірген кезде қосады. Реттеуші тежегіш жеткілікті түрде қуатты болу керек, өйткені түсіру кезінде қысқа уақытт үлкен қуат бөлінеді (2-5 кВт-қа дейн). Осындай тежегіштер ретінде ротанционды типті гидродинамикалық және электромагниттік тежегіштер қолданыс тапты. Гидродинамикалық реттеуші тежегіштер БҚ өзінің құрылымының қарапайымдылығы және оның толуына байланысты тізбектің түсіру жылдамдығы автоматты түрде орнатылатынына байланысты көп қолданылады.
Гидродинамикалық тежегіштер бұрғылау және шегендеу құбырларының ұңғымаға түсіру жылдамдығын шектейді. Ол жұмыс аумағы сумен толтырылған айналмалы ротордан және қозғалмайтын статордан тұратын қалақшалы гидравликалық құрылғы болып табылады. Гидродинамикалық тежегіш тежеу режиміндегі гидромуфта секілді іске қосылады. Бұл кезде турбиналы дөңгелек сыналанып, үйкеліс 100% тең болады.
Билет № 13