Ежелгі Грециядағы саяси және құқықтық ойлар: негізгі бағыттары және мәселелері, көрнекті өкілдері. Ерте кезеңдегі саяси-құқықтық ойлар. Пифагор. Гераклит. Сократтың саяси және құқықтық идеялары. Платонның мемлекет және құқық туралы ілімдері, оның философиялық негіздері. Мемлекет нысанын жіктеу және мемлекет нысандарының айналымы идеясы. Идеалды мемлекет үлгілері. Аристотельдің құқық және мемлекет туралы ілімдері. Аристотельдің «Саясаты». Мемлекеттің пайда болуы. Мемлекет нысандары және олардың эволюциясы. Полибийдің саяси және құқықтық идеялары. Полибий саяси өмір нысандарының айналымы туралы. Аралас мемлекет концепциясы.Б.з.д. мың жылдықтың басында Ежелгі Грецияда жеке және тәуелсіз полистер формасы түрінде бірнеше қала-мемлекеттер пайда болды.
Ежелгі грек полистерде саяси-құкықтық көзқарастьң пайда болуы мен дамуында үш кезең айқын байқалады. Epлiк кезең- (б.з.д. IX—VI ғғ) ежелгі грек мемлекетінің пайда болуына сәйкес келеді. Бұл кезеңде саяси-құқықтық көзқараста рационализм (Гомер, Гесиод, атақты "жеті данышпан") байқалады –және "мемлекет пен құқық проблемаларына философиялық тұрғыдан қарау (Пифагор, Гераклит) қалыптасады Екінші кезең — (б.з.д. V және IV ғасырдың бірінші жартысы) ежелгі грек философиясы мен саяси-құкықтық ойларының гүлденген кезеңі (Демокрит, софистер, Сократ, Платон, Аристотель және т.б.) Үшінші кезең — (б.з.д. IV ғасырдың екінші жартысы мен II ғасырлары) эллинизм кезеңі. Ежелгі грек мемлекетінің құлдырауы, грек полистерінің алғашқыда Македония, кейіннен Рим билігіне көшуі (Эпикур, стоиктер, Полибий)
Б.з.д. IX—VIII ғасырларда ежелгі мифтік көзқарастар архаистік поэзияда, одан кейін Гомер мсн Гесиодтың поэмаларында өзінің алғашқы сипатын жоғалтып, этикалық және саяси-құқықтық өзгеріске ұшырайды. Гомердің "Илиада" және "Одиссея" поэмаларындағы оқиғалар (б.з.д. VI I ғ.) гректердін әскери және қоғамдық өмірінен көптеген құнды мәліметтер береді.
Гомер мен Гесиод поэмаларына тән адамдар әрекеті мен олардың өзара қарым-қатынастарындағы адамгершілік-құкықтык, тәртіптер туралы көзқарастар Ежслгі Грециядағы "Жеті данышпан" деп аталғандардың шығармашылығында одан әрі жалғасын табады. Оларға әдетте Фалес, Питтак, Периандр, Биант, Солон, Клеобул және Хилон енген. Олар полистік өмірде әділетті зандардың үстем болуын батыл жақтады. Олардың кейбіреулері билік және заң шығару қызметтерінде өздерінің саяси-құқықтық идеяларын жүзеге асыруға әрекеттенді. Биант, Солон, Хилон сияқты грек ойшылдарының пікірінше, ізгілікті полистік қоғамдағы заңның, сақталуы және салтанат құруы оның айрықша бөлімі больп табылады. Азаматардың тираннан қорқатындай заңы қалыптасқан мемлекетті Биант ең үлгілі мемлекет деп есептеді. "Өзіңді-өзің таны" қағидасының авторы спартандық Хилонның "Заңға табын" деген шақыруы Дельфадағы Аполлон храмына ойылып жазылды. "Жеті ғүламаның" қатарына қосылған Солон (б.з.д. 638—559 жж) тарихта атақты реформатор, мемлекеттік кайраткер және заң шығарушы ретінде қалған. Архонт болып сайланган ол б.з.д. 594 жылы жаңа зандар шығарды. Оның реформаларын экономикалык және саяси деп бөлуге болады. Заң шығарушы ретінде Солон селолық және қалалык демостық және оған қосылған евпатридтердің мүддесін қорғады. Оның ең басты реформасы "сисахфия"-("ауыр жүкті сілкіп тастау"), яғни кедейлердің кепілдікке алушы жер учаскесіндегі қарыз тастарды жою еді. Бұл қарыз тастар бойынша қарызын өтей алмаған адамдар өзінің жеке бостандығын кепілдікке салған, яғни қарызын өтей алмағандар құлға айналдырылған.
Б.з.д. V1-V ғасырларда Пифагор, Архит, Гераклит және тағы басқалар қоғамдық және саяси-құқықтық тәртіптерді философиялық негізде қайта құру қажеттігі туралы идеялар ұсынды. Олар демократияны сынай отырып, ақыл және адамгершілік элитасының "озықтары" билігі — аристократиялық идеалды жақтады. Гректің ұлы ойшылы Демокрит б.з.д. IV ғасырдың бірінші жартысының алғашқы жылдарында адамның, адам қауымдастығының және қоғамның пайда болуы мен тұрақтауын әлемдік дамудың табиғи процесіндегі бір бөлшек ретінде қарастыруға талпынды. Мемлекеттік басқаруда халық билігі — демократияны жақтаған Демокрит сонымен бірге аристократияның пайдалы жақтары бар екендігін айтады. Оның пайымдауынша, "Ақымақтардың ел басқарғанынан бағынғаны артық. Табиғатты да үздіктер мен саналылардың басқаратыны мәлім, сондықтан да жоғары ақыл мен адамгершілік касиеттері бар адамдардың билігі дұрыс болып табылады". Демокриттің айтуы бойынша, заңдар адамдардың қоғамдағы қалыпты өмірін қамтамасыз етуге және соңдай нәтижеге жетуге қажетті жағдай жасауы тиіс.
Платон — антикалық заманның ғана емес, бүкіл философия, саяси және құқықтық ілімдер тарихындағы ұлы ойшылдардың бірі. Өзінің еңбектері мен шығармаларында ұлы ойшыл абсолюттік социализмді жақтады. Оның айтуынша, әрбір идея жеке заттың немесе барша заттың абсолюттік мәнін білдіретін ерекше идеялар әлемін құрайды, яғни идеялар мәңгілік, олар жоғалып кетпейді, жаңадан пайда болмайды.
Платон идеалды мемлекет туралы еңбегінде әділдікті әркімнің өз ісімен айналысуынан және басқаның ісіне араласпауынан көреді. Адамдардың әлеуметтік топқа бөлінуі мен олардың арасындағы мүлік теңсіздігін қалыпты жағдай ретінде қарастырады және олардың бір топтан екінші топқа өту мүмкіншілігін жоққа шығармайды. Платон идеалды мемлекет құру туралы жобасында аристократиялық мемлекеттік құрылымды жақтайды және өз жобасын қиындықпен болса да жүзеге асатынына сенеді. Идеалды мемлекеттің өзі де, Платонның ойынша, мәңгі өмір сүре алмайды.
Платон адамдардың жан дүниесіне мемлекеттік құрылымның бес түрінің сәйкес келетіндігі туралы (аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания) айтады.
"Заң" деген шығармасында Платон мемлекеттік қүрылымнын. екінші жобасын ұсынады. Екінші мемлекеттің бірінші мемлекеттен басты айырмашылығы оның 5040 азаматы жеребе бойынша жер учаскслерін алады. Бұл жер оларға жеке меншік түріңде емес, пайдалану құқығы түрінде ғана беріледі де, мемлекеттін жалпы меншігі болып саналады. Мүлік санына қарай барлық азаматтар төрт топқа бөлінеді. Қайыршылық пен байлыктың заң шеңберіңдегі шегі анықталады.
Антикалық саяси-құқықтық ойдың одан әрі дамуы және тереңдеуі Платонын шәкірті және сыншысы Аристотельдің (б.з.д. 384—322жж.) есімімен тікелей байланысты.
Аристотель тұңғыш рет саясат ғылымы туралы талдау жасауға талпыныс жасады. Аристотельде саясат ғылым ретінде этикамен тығыз байланысты. Саясатты ғылыми тұрғыдан түсіну адамгершілік пен этиканың дамыған ұғымы болып табылады. Этика саясаттың бастауы, оньң кіріспесі ретінде көрінеді. Аристотель әділдіктің екі түрін — теңестіретін және үлестіретін түрлерін анықтайды. Теңестіретін әділдіктің өлшемі ретінде "арифметикалық теңдік" қарастырылады.
Мемлекет формасын Аристотель мемлекеттегі жоғары билікті білдіретін саяси жүйе ретінде сипаттайды. Бұл жерде мемлекет формасы билеушілердің санымен (біреу, аз ғана топ, көпшілік) анықталады. Бүдан басқа мемлекеттін дұрыс және бұрыс формалары туралы да айтылады. Дұрыс формадағы билеушілер көпшіліктін мүддесін қорғаса, бұрыс формадағы билеушілер тек қана өздерінің жеке басының мүдделсрін көздейді. Аристотель пікірінше, дұрыс формадағы мемлекеттерге монархиялық, аристократиялық және полития, ал екінші формаға тирания, олигархия және демократия жатады. Мемлекеттің ең дұрыс формасы ретінде Аристотель политияны айтады. Политияда жалпының мүддесі үшін көпшілік билік құрады.
Адамдардың табиғи және тарихи қауымдасуын Полибий олардың жануарлар сияқты қорғансыздығы мен әлсіздігінен, осыдан келіп тобырға басшылық жасаудың қажеттілігін түсінуінен деп ұғындырады. Алғашқы кезде өзінің күшімен және батылдылығымен тобыр көсемі болғандар бірден билікті өз колдарына алып, бұл билікті табиғи заңдылық ретінде пайдаланды. Мемлекеттің демократиялык басқару формасының алғашқы кезеңінде бостандық пен еркіндік жоғары бағаланады. Бірақ басқалар есебінен өмір сүруге дағдыланған тобыр өздерінің көсемін сайлап, демократиялық билікті құлатады және мемлекет билігінен бойын аулақ салады. Демократия охлократияға айналады. Бұл жағдай ізгілікті мемлекеттің ең нашар түрі ретінде көрінеді және басқару формаларының ең соңғы сатысы болып есептеледі. Мемлекеттік билік формаларының ауысуын сипаттай келе, Полибий басқарудың ең тиімді формасы ретінде патшалық биліктің, аристократияның және демократияның ең жақсы тұстарының араласқан формасын ұсынады. Оның баскарудың аралас формасы туралы ойлары мемлекет, құқық және билікті бөлу теориясында одан әрі дамытылды.
Әдебиеттер: 1-16;18-20;22;29;31;34;52;67;76;81;84,94-96;136-148.