Жылытқышты қолдану
Мақсаты: жылыту емшараларын өткізу.
Көрсетім: қабыну процесстерін тарату, денені жылыту, ауырғандықты басу.
Қарсы көрсетм: іш пердесіндегі ауырғандық және жіті қабыну процесстері, ісіктер, қан кету, жарақаттың алғашқы сағаттарында, тері жамылғыларын бүтіндігінің бұзылыстарында.
Жабдықтар: - резеңке жылытқыш, сыйымдылығы 1,5 - 2 л;
- Температурасы 60-70 0 С су;
- сүлгі;
- 0,015% деохлор зарарсыздандырушы ерітіндісі бар ыдыс;
- ветошь (жылытқышты дезинфекциялау үшін 2 салфетка);
- термометр, судың температурасын өлшеу үшін.
ЕМШАРАҒА ДАЙЫНДЫҚ:
1. Науқасқа емшараның мақсатын, барысымен түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
2. Керекті жабдықтарды дайындаңыз.
3. Жылытқышқа ыстық суды (60 0 С) құйыңыз.
4. Жылытқыштан ауасын шығарып, вентилін бекітіңіз.
Есте сақтаңыз! Жылытқыштың ауасын шығару денемен түгел жанасып тұруы үшін қажет.
5. Жылытқышты төмен қаратып, тексеріңіз. (суы тамшылап тұрмаса дұрыс бекітілгені), жылытқышты құрғатып сүртіңіз.
6. Сүлгімен орап науқасқа беріңіз.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1. Жылытқышты науқастың қажетті жеріне 20 минутқа қойыңыз.
Назар аударыңыз! Дәрігердің тағайындауы бойынша жылытқышты ұзақ уақыт қою керек болса, 10-15 минуттық үзіліс жасап, суын ауыстырып беру қажет.
2.Жылытқышты суығанша ұстаңыз.
ЕМШАРАНЫ АЯҚТАУ:
1. Жылытқышты алып, қақпағын ашып, суын төгіңіз.
2. Науқастың терісін қарап шығып, ыңғайлы етіп жатқызып, үстін жамылғымен жабыңыз.
3. Қолыңызды жуып, кептіріп, қолғапты киіңіз.
4. 0,015% деохлор ерітіндісімен арасына 15 минут салып, 2 мәрте жылытқышты сүртіп зарарсыздандырыңыз.
5. Жылытқышты сумен жуып, құрғатып, арнайы орынға сақтаңыз.
6. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Мұзды мұйықты қолдану
Мақсаты: қан кеткенде және қызбаның асқынуларының алдын алу үшін.
Көрсетім: қан кету, жарақттанудың алғашқы тәулігінде, қызбаның ІІ кезеңі.
Жабдықтау: бүтіндігі тексерілгенмұзды мұйық, мұз кесектері, 14-16 0 С су, сүлгі, 0,015% деохлор зарарсыздандырушы ерітіндісі бар ыдыс, 2 ветошь
ЕМШАРАҒА ДАЙЫНДЫҚ:
1. Мұйықты мұздатқышта дайындалған мұз кесектерімен толтырып, үстіне салқын су құйыңыз.
2. Мұйықты көлденең орналастырыңыз. Ауасын шығарып, қақпағын жабыңыз.
3. Мұзды мұйықты сүлгімен мұқият, емшара барысында сүлгі сытылып түсіп қалмайтындай етіп ораңыз.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1. Науқастың керекті жеріне мұзды мұйықты 15-20 минутқа қойыңыз.
Назар аударыңыз! Бас аумағына мұзды мұйықты қоюға болмайды, оны 5-7 см қашықтықта 20 минутқа іліп қоюға рұқсат етіледі. Қажет болса 15 минут үзіліс жасап қайталауға болады.
2. Мұйықты алып, тері жамылғыларын қарап шығыңыз. Қажет болса 30 минут үзіліс жасап қайталауға болады.
Есте сақтаңыз! Жалпы қолдану уақыты үзілістерді қосқанда 2 сағаттан артық болмауы тиіс. Мұздың еруіне қарай суын төгіп, үстіне мұз шақпақтарын салып отыруға болады.
ЕМШАРАНЫ АЯҚТАУ:,
1. Мұзды мұйықты алып, суын төгіп, қалған мұз шақпақтарын алып тастаңыз.
2. Науқасқа тыныштық жағдай орнатып, ыңғайлы етіп жатқызыңыз.
3. Мұйықты 2 мәрте 15 минут үзіліс салып дез.ерітіндіге малынған ветошьпен зарарсыздандырыңыз.
Ескерту: науқастың тері жамылғыларының бүтіндігінің бұзылыстары кезінде мейірбике процедура барысында қолғаптарды киіп, аяқталған соң шешіп, 0,06 % деохлор немесе т.б. ерітіндіге салыуы немесе ҚКЖҚ тастауы қажет.
Қыша қағаздарын қолдану
Мақсаты: ішкі ағзаларды қанмен қамтамасыз ету
Қышаның әсер ету механизмі: науқастың терісіне ене отырып, қышаның эфир майы теріні тітіркендіріп, қан тамырларын кеңейтеді, iшкi органдардың қан тамырларының рефлекторлық кеңейтуiне алып келедi.
Көрсетім: өкпе, бронх жүйесінің аурулары, жүйке жүйесінін аурулары (неврит,невралгия), бұлшық ет аурулары, жоғарағы АҚ(кризис), жүрек аймағының аурулары (стенокардия), остеохондроз, гипертония қатты ауруы.
Қарсы көрсетім: қан кету, тері аурулары, әр түрлі этиологиялы ісіктер, эфир майына аллергиялық реакция, тері жамылғыларының бұзылыстары, гипертермия (38 0 С- жоғары болғанда).
Жабдықтау: - қыша қағазы;
- температурасы 40-45 0С су құйылған лоток;,
- су температурасын өлшейтін термометр,
- пайдаланылған материалдарға арналған лоток;
- сүлгі;
- марлі салфеткалары.
Міндетті шарт:
Қолданар алдында қышаның сапасын, қолданылу мерзімін тексеру қажет.
Қолдануға болатын қышалардың өзіне тән иісі болады және үгітілмейді.
ЕМШАРАҒА ДАЙЫНДЫҚ:
1. науқастың қыша қойылатын жерлерінің тері жамылғыларын тексеріп, қыша қоюға қарсы көрсеткіштердің жоқтығына көз жеткізіңіз.
2. Қышаның сапасын тексеріңіз.
3. Қышаны малатын судың температурасын тексеріңіз. (40-45 0 С аспауы тиіс)
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1.Қыша қағаздарының әр біреуін 5 секундтай суға малыңыз.
2. Суға малынған қыша қағазын сілкіп алып, қышасы бар жағын белгіленген теріге төмен қаратып салып,бетінен орамалмен жабуыңыз керек.
Есте сақтаңыз! Қыша қағазының қойылатын жері:
- Өкпе,бронх жүйесінің ауруларында:жаурын үсті,жауырын асты,жауырын арасы,кеуде торының бүйір жақтарының жоғарғы бетіне;
- Жүйке бағаналарының ауруында бел тұсына,жүйке бағаналары аймағы,АҚ жоғарлауы кезінде
(криз);
- Жүрек аймағының ауруы (стенокардия): көбіне жүрек аймағына.
3. Науқастың үстін көрпемен жабыңыз.
4.Қыша қағаздарын 10-15минут ұстаңыз.
Есте сақтаңыз! Жүрек аймақтарында қыша қағазды 5 минуттан артық ұстамаңыз.
ЕМШАРАНЫ АЯҚТАУ:
1.Қыша қағаздарын алып,қолданылған заттарға арналған лотокқа салыңыз.
2.Теріні жылы суға малынған салфеткамен,сонан соң құрғақ орамалмен сүртіңіз.
3.Науқастың киінуіне көмектесіп,ыңғайлы қалыпқа жатқызыңыз.
4.Науқасты жылы жауып, 30-60минутқа демалуын ұсыныңыз.
Жылыту компресін қолдану
Мақсаты: ұзақ уақыт бойы қан тамырларының кеңеюіне шақырады,осы процес теріге және төмен жатқан ұлпаларға қан толуын жоғарлатып,қабынуға қарсы,ауруды жеңілдетіп қойдыру әсерін тигізеді.
Көрсетім: науқастың жергілікті жерін жылыту үшін,қабыну инфильтраты,буындар,тері қабыну процесстері,ұрып алған жерлер мен шандырлардың тартылуы(жарақат алғаннан кейін бір тәуліктен соң)
Қарсы көрсетім: қан кеткенде, терінің іріңді қабынуында, тері жамылғыларының зақымдануы, қатерлі жаңа ісіктер,жарақаттан кейінгі бірінші тәулік.
Жабдықтау: мәрлі салфеткалары, 8 қабатқа салу, мәрлі салфеткаларын салатын ертінді (бөлме температурасына байланысты су: 20-250, 40 0 спирт немесе 6% сірке су ертіндісі (жарты литр суға 1 ас қасық сірке суы), клеенка немесе компресс қағазы, мақта, бинт, қайшы.
ЕМШАРАҒА ДАЙЫНДЫҚ:
1.Жеке қарым-қатынас орнатыңыз.
2.Емшара өткізудің қажеттілігін науқасқа түсіндіріңіз.
3.Науқастың компресс қоятын орындарының тері бүтіндігіне (терінің іріңді қабынуы жане жылытушы компрессті орнатуға қарсы әсердің жоқтығына көз жеткізу т.б)
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1.Компресс қоятын дене орынының көлемі бойынша 6-8 қабатты дәкелі салфетка даярлау(дымқыл қабат).
2.Дәкелі салфетканің көлемінен 1,5-2 см үлкен клеенка немесе компресстік қағазды қиып алу керек.
3.1,5-2 см үлкендеу етіп мақта қабатын салу керек. Компрессті нықтап қою үшін бинт даярлау керек,дәкелі салфеткіні жартылай спиртті ертіндіге малып жайлап сығып алыңыз.
Есте сақтаңыз! 1) Марлі салфетка жарақаттанған жерден 2 см артық болады
2.Компресстік қағаздың көлемі алдыңғы қабаттан 1,5-2 см артық болуы керек.
ЕМШАРАНЫ АЯҚТАУ:
1 5-30 минуттан киін науқастан жағдайын сұрау (ыстықты сезінуін, науқастың қозғалуына компресстің кедергі келтіріп жатпағандығын)
2.Уақыт қадағалау (компрессті 6-12сағат аралығында ұстау,ал спиртке малынған компрессті 4-6 сағат).
3.Компресстің дұрыс салынғанын тексеріп, саусақты таңғыш астына салыңыз.
Есте сақтаңыз!Егер салфетка дымқыл және жылы болса компресс дұрыс салынған.
4.Компресті шешіп оның тигізген әсерін анықтау керек(салфетка жылы,дымқыл болуы керек)
5.Компресті шешкен соң теріге құрғақ,жылы таңғыш салу (бинт немесе сүлгі,мақта қолдану)
Суық компрестерді қолдану
Мақсаты:Суық компресті қойғанда ол жергілікті жерді суытады және қан тамырларын тарылтады, қанмен толуын, ауырсынуларды, ұлпалардың ісінуін төмендетеді.
Көрсетім: Жарақаттан кейінгі алғашқы сағаттарда, мұрыннан қан кету, қызбаның 2 кезеңі.
Қарсы көрсетім: Іштегі спастикалық ауырсынулар, коллапс, шок.
Жабдықтау: 8 қабатталған мәрлі, суық су, лоток.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1.Дәкені бірнеше қатармен алу
2.Бірнеше салфетканы суық суға малу (мәрлі).
3.Әлсіз сығу.
4.Науқастың ауырған жеріне басу.
5.Компресті 2-3минут сайын ауыстыру
б.Қолды мұқият жуу.
Аяққа арналған қыша ваннасы
Мақсаты: қан айналымның рефлекторлық қызметіне әсер етеді.
Көрсеткіші: суық тию
Жабдықтар: 50 г құрғақ қыша 10 л суға (40-45 0С); емшарадан кейін жылы су аяқ жууға және орамал;аяқ орайтын көрпе
ЕМШАРАҒА ДАЙЫНДЫҚ:
1. Науқастан қышаға әсерін біліп алу (науқасқа қыша жақпайтын болса, онда басқа да ешараларға оны қолдануға болмайды).
2.Теріні қарап оның қарсы әсері жоқтығын қадағалау.
3.Қыша ваннасын дайындап,қышаны жылы суда еріту.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1.Аяқты тізеге дейін 15-20 мин суға салу
Есте сақтаңыз! Су температурасынның 40-50 0 С болуын қадағалау.
2. Аяқты емшарадан кейін жылы сумен жуып, орамалмен сүрту керек.
ЕМШАРАНЫ АЯҚТАУ:
1. Аяқты 30-35 мин дейін жапқышпен орау.
Сүлік қою
Мақсаты: қанның іркілуі, қан кету (гипертониялық криз кезінде), ауырсынуды басу (тромб себеп болғанда)
Көрсетім: гипертониялық криз, қанның тамырлы іркілуі, стенокардия,миокард инфаркті,тромбофлебит, геморрой
Қарсы көрсетім: гипотензия, анемия (қан аздық), қан ұюының төмендеуі, септикалық және аллергиялық жағдайларда, антикоагулянттармен емделу кезінде, терінің жоғарғы сезімталдығы
Жабдықтау:
-эаласыздандырылған лоток,
-пинцет,
-сутегі асқын тотығы,
-глюкоза,
-пробирка,
-заласыздандырылған мақта тампондары,
-заласыздандырылған сүлгілер,таңу материалдары
Қойылатын жері: семсер тәрізді өскін аймағына, оң жақ қабырға асты аймағы, кеуде торының сол жағы,
зақымданған көк тамырдың ұзынан, құйымшақ аймағы, самай аймағы
Асқынуы: Ережелерді бұзған жағдайда тері қышымасы, қан кету, терінің іріңдеуі болуы мүкін.
Әсер ету механизімі: Медициналық сүліктердің емдік әсер ету механизімі қан алудан басқа адам қанына түсетін оның безі бөлетін-гирудин антикоагулянтына да байланысты.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1.Сүлік қоятын жерді және оның айналасын жылы сумен суланған заласыздандырылған мақта шаригімен сүртіңіз (теріге қан құйылуына көмектеседі).
2.Әзірленген жерді заласыздандырылған глюкоза ертіндісімен сулаңыз.
3.Бір сүлікті артқы жақ сорғышыпен пробирканың түбіне салыңыз.
4.Әзірленген пробирканы жақындатып,сүлікті сол әсерге бағыттаңыз.
5.Сүлік теріні сорып,оның алдыңғы жағы жиырылып,қимылдағанда,оны пробиркадан босатыңыз.
б.Сүліктің артқы жақ сорғышына заласыздандырылған салфетканы салыңыз.
7.Жоғарғы тәсілмен барлық сүлікті қойыңыз.
Назар аударыңыз! Науқастың қанын сорып алғанан кейін сүліктер өздері түсіп қалады.Егер сүлікті уақытынан бұрын алу қажет болса,сүлік орналасқан жерге тұз ертіндісін немесе спирт тамызу қажет. Сүліктер қан сорып алады да өздері түсіп қалады, ал жарадан қан ағу (6 сағаттан 1 тәулікке дейін созылады).
8.Сол себепті сүлікті алғаннан кейін орнына құрғақ асептикалық таңғыш салады,егер бұл танғыш қанмен толық сіңген болса,оны ауыстырмай үстіне бинттің жаңасын салады.
Оттегі жастығынан оттегіні беру
(Оксигенотерапия)
Мақсаты:әртүрлі гипоксиялармен күресу үшін.
Көрсетім: гипоксия
Жабдықтар: Оттегі жастығы; воронка (мүштік);марлі салфетка, 4қатарға бөліңген; зарарсыздандырушы ертінділер (3% хлорамин ертіндісі,0,06% деохлор ертіндісі); тазартылған су (этил спирті 20% немесе 10% антифомсин)
ЕМШАРАҒА ДАЙЫНДЫҚ
1.Оттегі баллонынан жастыққа ауа толтыру:
- Оттегі жастығының бұрандасын оттегі баллонының редукторына жалғастырыңыз;
- жастық бұрандасын,кейін редуктор бұрандасын ақырын ашыңыз;
- жастықты ауаға толтырыңыз;
- редуктор бұрандасын және жастық бұрандасын жабыңыз;
- редуктор баллонынан резеңке түтікшені ақырындап алу
- оттегі жастығына мүштік кигізіңіз (әр жастықта шамамен 10л ауа болады)
Есте сақтаңыз!Оттегімен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау қажет,бұл бөлмеде темекі шегіп,косметика немесе ис суларды қолдануға болмайды.
2.Салфетканы пеногасителге немесе суға малу (пенегастелге салфетканы науқаста өкпе қабыныуы болған жағдайда малады. 20% спирт және антифомсиланға).
3. Дымқыл мәрлімен мүштікті орау.
4. Науқастың аузы мен мұрнын қақырықтан мақтамен сүртіп тазалау, емшараның алдында (тыныс алу жолдары бос болуы керек).
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ
1. Мүштікті науқас аузына басыңыз.
Назар аударыңыз! Науқас тынысты алғанда ауызбен ауаны жұтып, мұрынмен шығаруы керек
2.Оттегінің ену жылдамдығын анықтау қажет (минутына 4-5литр)
Есте сақтаңыз! 15 минут аралығында 80-100% оттегін беру қажет. Емшараны қажет жағдайда 10-15минут қайталауға болады.Ұзақ 100% ингаляция қауіпті,ол жағдайда кеуденің қысылуы, кеуденің ауруы, естен тану, ауыздың кебуі және т.б, байқалады
3.Оттегі азайған жағдайда – жастықты бос қолыңызбен қысыңыз, содан кейін мүштікке қарай қарсы шетінен оттегі жастығы босағанға дейін орау керек.
4.Жастықпен оттегін ауыстыру
ЕМШАРАНЫ АЯҚТАУ:
1.Оттегі жастығын алып,оттегі мүштігінен ажырату.
2.Мүштікті және салфетканы дезинфекциялық ертіндіге салу (үй жағдайында 2% ас содасы ертіндісінде 30 минут қайнату,немесе мүштікті 70% спиртпен сүрту).
Мұрын катетері көмегімен дымқыл оттегін беру
Мақсаты: ұлпалардағы гипоксияны азайту
Көрсетім:Дәрігердің нұсқауымен тыныс алу және қан айналымы аурулары
Жабдықтар: Бобров аппараты, тазартылған су,немесе 20% спирт, заласыздандырылған: лоток, мұрын катетері, вазелин майы, шпатель, бинт, лейкопластырь,қолғап.
ЕМШАРАҒА ДАЙЫНДЫҚ:
1. Науқаспен мүмкіндігінше сенімді қарым-қатынас орнату.
2. Науқастан гипоксияға байланысты белгілерді анықтаңыз.
3. Науқасқа және оның туыстарына емшараның мақсатымен және өту барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз. Гипоксия тахикардияға әкеліп соқтыруы мүмкін –пульстің жиілеуі, брадиаритмия –пульстің сиреуі мен жиілігінің азаюы.
4.Қолды жуып,қолғап кию керек.
5.Бобров аппаратын жұмысқа дайындау:
а)таза әйнек түтікшесіне тазартылған су, немесе 20%-спирт (20% спирт немесе антифомсилан өкпе шемені болған науқасқа көмек ретінде көпірік басушыларды қолданады) 2/3 көлемде, 30-40 0С;
б) Тығынның бұрандасының көмегімен қосылыстардың бүтіндігін тексеріңіз.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1Катетердің ұшы тамақ өсіндісінен көрініп тұрса және кіші тілдің 1,5см төмен болса орыналасса катетер дұрыс енгізілген болып есептеледі.
2.Заласыздандырылған мұрын катетерін алыңыз да, оны вазелинмен майлаңыз.
3.Катетерді төменгі мұрын жолына,әрі қарай жұтқыншаққа,құсу рефлекісін тудырмай енгізу.
4. Егер катетер дұрыс енгізілген болса,оның ұшы жұтқыншақтан көрінуі керек
5.Шпательді зарарсыздандырушы ерітіндіге салу
6.Катетердің сыртқы бөлігін науқастың маңдайына,самайына жапсырғышпен жапсыру қажет.
7.Бобров апаратына жалғап,тазартылған сумен немесе 20% спиртпен толтыру немесе көпірікті сөндіргіш арқылы.
Есте сақтаңыз! Тері тесілуін және тыныс жолдарпының кілегейлі қабықтарының кеуіп кетпеуінің алдын алу үшін катетердің орналасу орнын өзгерту қажет,оны мұрынның екінші қуысына енгізу керек.
8.Оттегі ену жылдамдығын анықтау қажет, дозиметр бұрандасын ашып, оттегінің минутына жылдамдығын білу (дәрігердің нұсқауымен).
9. Науқастың мұрын қуысының шырышты қабығын тексеріңіз (мүмкін болатын тітіркенулерді анықтау үшін).
ЕМШАРАНЫ АЯҚТАУ:
1.Гипоксияға байланысты науқаспен толық қорытынды талдау жасаңыз.
2.Катетерді суырып алу керек.
3.Катетерді, Бобров аппаратын,шпателді зарарсыздандырыңыз.
4.Қолды жуып кептіру.
Ескерту:Дәрігердің нұсқауымен ингаляцияны 40-60 минут ұстау керек. Катетерді толығымен 12 сағатқа қалдыруға болады.
VIII.ДӘРІЛЕРДІ ҚОЛДАНУ ТӘСІЛДЕРІ
Дәрілік заттарды энтеральды енгізу
Мақсаты: дәрілерді науқасқа энтеральды енгізу.
Көрсетім: дәрігерлік тағайындаулар.
Жабдықтар: дәрігерлік тағайындау парағы (немесе дәрігерлік тағайындау дәптері) дәрілік препараттар, қайнаған суы бар графин, мензуркалар, тамызғыштар (пипеткалар), қайшылар.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
Таблеткіні беру. Дәрілік заттарды қолданғанға дейін орауынан шығармаңыз. Науқастың қолына дәріні беріңіз,науқас оны тілдің түбіріне қойып, сумен ішуін бақылаңыз.Егер науқас таблетканы жұта алмаса, оны уатыңыз,суға ерітіңіз және науқасқа ішуге беріңіз.
Ұнтақ беру. Ұнтақты тілдің түбіріне салып, сумен ішуге беріңіз.Ұнтақты суда ерітіп науқасқа ішкізуге де болады.
Микстураны беру. Микстураны температурасы 20-35°С дейін жылытыңыз. Микстураны қасықтармен немесе мензуркамен мөлшерлеңіз. Ересек науқастарға ас қасықпен (15грамм). Балаларға - шай қасықпен (5грамм) және десерт қасықпен (10грамм).Ащы микстураларды сумен ішкізіңіз.
Балауызды (суппозитории) енгізіңіз. Науқасты сол жақ бүйірге жатқызыңыз,балауызды қабығынан босатыңыз. Сол қолыңызбен құйымшақты ашып, оң қолыңызбен балауызды тік ішекке енгізіңіз.Науқасқа 10-15 минут жатуына және 1-1,5 сағат дәретханаға бармауына кеңес беріңіз.
Дәрілік затарды сыртқы тәсілмен қолдану
Мақсаты: дәрілік заттарды теріге жағу.
Көрсетім:тері аурулары.
Жабдықтар: майлар,эмульсия, дәкелер, бинт.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1.Май жағу – теріні асептикалық ертіндімен дезинфекциялаңыз, майды жұқалап дәкеге салыңыз, май жағылған дәкені теріге басып, бинтпен байлаңыз.
2. Теріні майлап ысқылау – теріні асептикалық ертіндімен дезинфекциялаңыз, майды жұқалап таза қолдың алақанына салып, май толық сіңгенше теріні ысқылаңыз.
3. Науқас терісін уқалау – асептикалық ертіндімен теріні дезинфекциялаңыз,теріге майдың, тұнбаның кішкене бөлігін салыңыз, теріні бірқалыпты жеңіл гиперемияға дейін уқалаңыз. Май қалдықтарын дәкемен алып тастаңыз.
4. Жабысқақ таңғышты қолдану – жабысқақ таңғыш (пластырь) - су өтпейтін дәкемен жабылған, жабысқақ май. Май негізі дәрілік заттарды құрайды. Пластырьды жабыстырар алдында теріні спиртпен сүртеді, шаш болса қырқып тастайды. Содан кейін қайшымен пластырьды қажетінше қиып, теріге жабыстырады. Алдын-ала спиртпен бір шетін сулап, жайлап пластырьды шешеді. Таңғышты бекіту үшін пластырьды қолданады. Қызарғанда және терлегенде теріні құрғату үшін ұнтақ тәрізді заттарды немесе сепкіштерді қолданады.
ҚАЙТАЛАҢЫЗ! Кілегей қабықшаға дәрілік заттарды қолдану: мұрын, көз тамызғылары, құлаққа, көзге майлар жағу ("Науқастың жеке бас гигиенасы" тақырыбын қараңыз)
Науқастарға дәрілерді тарату
Мейірбике дәрілерді дәрігердің тағайындауымен қатаң сәйкестікте таратады. Мейірбике дәрілерді
өзі тағайындауға, оларды науқасқа беруге немесе басқа дәрілермен алмастыруға құқығы жоқ.
Науқасқа жедел көмек қажет болса немесе дәрі жақпай қалған жағдайда, ол туралы дәрігерге хабарлау керек.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1. Науқастарға дәрілерді тарату алдында жылжымалы үстел үстіне дәрілер бар ыдыстарды (қатты және сұйық), пипеткалар,(әрбір флаконға бөлек), мензуркалар, су құйылған графин, қайшылар, тағайындаулық парақтарды қойыңыз.
2. Дәрігердің нұсқауына сәйкес дәрілерді емделушілердің төсегі жанында таратыңыз.
3. Науқасқа дәріні бере отырып, оған осы дәрі туралы қажетті ақпаратты беріңіз.
4. Науқасқа дәрілердің түрін ауыз арқылы және тіластына қабылдауды үйретіңіз.
5. Науқас дәріні сіздің көзіңізше қабылдауы керек.
Дәрілерді осы тәртіппен тарату өте ұтымды болады, өйткені:
- мейірбике науқастың дәріні қабылдауын бақылайды;
- мейірбике тағайындалған дәрі туралы емделуші сұрақтарына жауап бере алады;
- дәрілерді тарату кезінде дәрілерді тарату кезінде қателіктер болмайды.
Дәрілерді тарату кезінде мыналарды есте ұстаңыз:
1. Дәрілерді ауыз арқылы тамақтанудан 15-30 минут бұрын береді, себебі бір-біріне тигізетін әсері сорылуын баяулатады.
2. Ас қорту жолдарының шыршыты қабаты тітіркендіретін (темір препараттары, ацетилсалицил қышқылы, хлорлы кальций ерітіндісі және т.б.) тамақтан кейін 15-30 минут өткен соң қабылданады.
3. Ас қорыту процесін жақсартатын ферментті препараттарды (фестал, панзинорм, асқазан сөлі және т.б.) емделушіге аспен бірге беріледі.
4. «Ашқарынға» белгіленген дәрілер емделушіге таңғы астан 20-60 минут бұрын береді.
5. Ұйықтататын дәрілер ұйқыдан 30 минут бұрын қабылданады.
6. Нитроглицерин, валидол (қажет болса) емделуші тумбасында үнемі сақталады.
7. Тұнбалар, қайнатпалар, ертінділер, микстуралар әдетте ас қасықпен белгіленеді (15мл). Ал стационарда мөлшерленген мензурканы қолданған ыңғайлы.
8. Спирттік тұнбалар, экстрактлер және кейбір ертінділер (мысалы, 0,1% атропин ерітіндісі, шөп тұнбасы) тамшы ретінде тағайындалады. Дәрі флаконының тамызғышы болмаса, пипетка қолданылады.Әрбір дәріге арналған бөлек пипетка болу керек!
9. Құрамында темірі бар пилюля, драже, капсула және таблеткалар сол күйінде қолданылады. Көптеген емдеу бөлімшілерінде мейірбикелер уақытты үнемдеу мақсатымен ұяшықтарға бөлінген лотоктарға дәрілерді алдын–ала салып қояды. Әр ұяшықта емделушінің аты-жөні, палата нөмірі көрсітілген. Мейірбике осы лотокпен дәрілерді емделушілерге палаталар бойынша таратады.
Осы тәртіпен таратудың кемшіліктері:
1. Дәріні қабылдағанда бақылаудың болмауы (науқас дәрі қабылдауды ұмытып кетеді, дәріні лақтырып тастайды немесе уақытынан кешіктіріп қабылдайды).
2. Дәрілерді таратудың жекеленген кестесімен қабылдаудың тәртібі сақталынбайды («тамақтан бұрын», «тамақтан кейін», «тамақпен бірге»).
3. Тарату кезінде қателіктер болуы мүмкін (медбикенің мұқиятсыздығынан дәрілік заттар басқа ұяшыққа салынуы мүмкін немесе емделуші қателесіп, оған белгіленбеген дәрілерді алуы мүмкін).
4. Науқасқа белгіленген дәрілік препараттар жөнінде сұрақтарға жауап беру қиын, өйткені лотоктың ішінде дәрілік препараттар дәріханалық қорапсыз жатады.
Науқастарға дәрілерді тарату
Мақсаты: науқастың дәрілерді қабылдауы.
Көрсетім: дәрігерлік тағайындаулар.
Жабдықтар: дәрігерлік тағайындаулар парағы (немесе дәрігерлік тағайындаулар дәптері) жылжымалы үстел, дәрілер,қайнаған су бар графин, мензурка, пипетка, процедура тағайындаулық парақтар
ЕМШАРАҒА ДАЙЫНДЫҚ:
1.Қатты, сұйық дәрі түрлері бар шишалар(тамшылары бар әрбір шиша үшін бөлек) пипеткадан сыйымдылықтың жылжымалы үстелшесіне орнатыңыз, суы бар графин қырықтық, мензурка орындаудының тағайындауларын парақшаларды қойыңыз.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1.Науқастан науқасқа өте беріңіз, төсекте жатқан науқасқа дәрілік емдікті тағайындау парағы бойынша беру (құрал дәріханадан алынған ораушадан шығып тұрады)
2Науқас дәріні сіздің көзіңізше қабылдау керек.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗДАР!
Дәрілерді тарату ережелері
1.Белгілеуді, ораушадағы және тағайындаулар парақтағы жазуды ықыласпен оқып шығыңыз.
2.Дәріні тек төсекте жатқан науқасқа таратыңыз.
3.Науқас дәріні сіздің көзіңізше қабылдауы керек (тағам уақытында қолданылады).
4.Құрал тағамға дейін азықтың қабылдауына дейін 15 минут бұрын қабылдауы керек болуға тағайындалатын құлалдар; науқасқа 20-60 минут бұрын таңертеңгілік тамаққа дейін оларға ашақарынға қабылдауы керек (іш өткізетін)
5. Ұйықтататын дәріні науқасқа 30 минут бұрын ұйықтар алдында қабылдау керек.
6.Нитроглицерин немесе валидол науқастың тумбочкасы үстінде тұруы керек.
Есірткілік дәрілерді сақтау және есептеу ережелері
1. Дәріханадан емдеу бөлімшесіне есірткілік препараттар бас дәрігердің қолы қойылған ЕАМ мөрі басылған талап (3 дана) ету құжатымен жазып алынады. Бөлімшеде есірткілік препараттардың қоры 3 – күннен, улы заттардың – 5 күннен, қатты әсерлі – 10 күннен аспауы тиіс.
2. Есірткілік дәрілер есігінің ішкі бетінде қолданылатын препараттардың тәуліктік дозалары көрсетілген тізімі бар сейфте сақталады.
3. Есірткілік заттарды бұйымдық-сандық есептен өткізеді.
4. Сейфтің кілті ЕАМ басшысы бұйрығымен бекіткен «А» тобы дәрілік заттарын сақтауға және беруге жауапты адамда сақталады және кезекшілікті тапсырған кезде бір-біріне тапсырады.
5. Науқасқа есірткілік дәрілерді дәрігердің нұсқауы бойынша және оның қатысуымен ғана енгізеді.
6. Есірткілерді енгізу туралы сейфте сақталатын есірткілік заттарды есептеу журналында жазу қажет.Есірткілерді есептеу журналының барлық беттерін нөмірлеп, бау өткізіп, баудың бос ұштарын журналдың соңғы бетіне қағазбен жабыстырады. Бұл қағазда журнал беттерінің саны көрсетіліп, ЕАМ басшысының немесе оның орынбасарының қолы мен мөрі қойылады.
Әрбір дәрілерді есептеу үшін төмендегідей бөлек беттер бөлініп жазылады:
Емдеу мекемесінің атауы
КІТАП /ЖУРНАЛ/
Бөлімше мен кабинеттегі наркотикалық дәрілік заттардың есебі
Дәрілік заттың атауы
Өлшем бірлігі________________________
Кіріс | |||
Алған күні | Қайдан алынды, №, дата | Препарат саны | А.Ж.Т. алған кісінің қолы |
Шығын
Препарат саны | Ауру тарихы № Науқастың А.Ж.Т. | Берілген күні | Жіберген кісінің А.Ж.Т | Қалған препараттың саны |
7. Наркотикалық дәрілерден босаған ампулдарын лақтырмайды, оларды жинап, қолданылмаған ампулдармен бірге қосып кезекшілікті тапсырған кезде бір- біріне тапсырады, соңында бос ампулдар аға мейірбикеге тапсырылады.
8. Есірткілерден босаған ампулаларды тастамайды. Оларды жинап, қолданылмаған ампулалармен бірге қояды. Соңында бос ампулалар аға медбикеге тапсырылады.Сейф кілтін беру кезінде қолданылмаған және бос ампулалардың нақты санын есептеу журналындағы жазумен сәйкестігін тексереді. Кілтті берген және алған кезде журналға қолдарын қояды. Есірткілерден босаған ампулаларды аға медбике ЕАМ басшысы бекіткен арнайы комиссия акті бойынша тапсырады. Ампулалар комиссияның көзінше жойылады.
Дәрілік заттарды ректалдық жолмен енгізу
Дәрілік заттарды ректалдық жолмен енгізу деп дәрілік заттарды тік ішек арқылы (per rectum) енгізуді айтады. Ректалдық жолмен сұйық (мысалы: қайнатпа, ерітінді, шырыштар), сонымен қатар қатты (ректалдық суппозиторий) дәрілерді енгізеді.
Бұл жолмен енгізілген дәрілік заттар ағзаға резорбтивті әсерін тигізген сияқты тік ішектің шырышты қабығына жергілікті де әсер етеді.
Есте ұста!
Дәріні тік ішекке енгізер алдынан тазалау клизмасын жасау керек!
Мақсаты: дәрілік заттарды ректалдық енгізу
Көрсетім: дәрілерді басқа жолмен кейбір себептерге байланысты енгізуге болмаған жағдайда
Жабдықтар: дәрігер тағайындауы бойынша дәрілік заттар (суппозиторий)
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
Суппозиторийді (балауыз) тік ішекке енгізу
1. Науқасты тағайындалған дәрілік препарат және манипуляцияның жүру барысы туралы хабардар етіңіз.
2. Қолғапты киіңіз.
3. Науқасты сол жақ қырына жатқызып аяқтарын бүгіп ішіне жинатқызып жатқызу.
4. Қаптағыш қағазын ашып, балауызды алыңыз.
5. Сол қолдың саусақтарымен құйымшақты ашыңыз.
6. Оң қолмен балауыздың жіңішке жағын анусқа тік ішектің сыртқы сфинктерінің ішіне түгелдей енгізіңіз. Сұйық дәрілік заттарды тік ішекке клизма түрінде енгізеді. Енгізілген дәрілік заттар бауырға соқпай бұзылмай қанға түсіп, ағзаға әсер етеді. Бұл жолмен енгізудің артықшылығы осы да. Ал кемшілігі болып тік ішекке ферменттердің болмауынан дәрілік заттар ыдырауға ұшырайды. Тік ішекте ферменттердің болмауы, дәрі құрамында ақуыз, май, полисахаридтің негіздері тік ішектен өте алмайды, сондықтан бұл тәсілді жергілікті әсер беретін дәрілік микроклизма түрінде тағайындалады.
Тоқ ішектің төменгі бөлігінде тік ішек маңында тек қана тек су, натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісі, глюкоза ерітіндісі, аминоқышқылдардың кейбірі ғана сіңіріледі, сондықтан ағзаға мұндай дәрілік заттарды тамшылы клизма тәсілімен енгізеді.
Егер дәрілік заттарды ауыз арқылы қабылдау мүмкіндігі болмаған жағдайда (құсу, жұтыну бұзылғанда, науқастың ес-түссіз жағдайында, асқазанның шырышты қабығының зақымдануы кезінде және т.б.) немесе жергілікті әсер ету қажет болғанда ректалдық енгізу тәсілі қолданылады.
Тамшыларды тамызу
Жабдықтар | Науқастың қалпы | Іс-әрекет алгоритмі | |
Мұрынға | Мұрынға арналған тамшылар, залалсыздандырылған тамызғыш (пипетка) | Отырған немесе жатқан қалыпта (жағдайына байланысты), басын қарсы жаққа иығына қарай қисайтып, ақырын шалқайту | 1. Тамшы дәрінің дәрігер тағайындауымен сәйкестігін тексеріңіз. 2.Қолыңызды жуыңыз. 3.Науқасты қажетті қалыпты беріп отырғызыңыз. 4.Тамшының қажетті мөлшерін тамызғышқа алыңыз (3-4 тамшы) 5.Тамшыны бір мұрын тесігіне, 1-2 минуттан соң екінші тесігіне тамызыңыз, басын керек жаққа қарай шалқайту. 6. Қолыңызды жуыңыз. Назар аудар!Тамшыжұтқыншаққа түсуі үшін, науқастың басын барынша артқа қарай шалқайтып, 5-6 тамшы тамызу керек. Науқас тамшының дәмін сезіну керек. |
Құлаққа | Құлаққа арналған жылы тамшылар, залалсыздандырылған тамызғыш (пипетка), Залалсыздандырылған тампон | Отырған немесе жатқан қалыпта басын қарсы жаққа қарай шалқайту | 1. Тамшы дәрінің дәрігер тағайындауымен сәйкестігін тексеріңіз. 2.Қолыңызды жуыңыз. 3.Науқасты қажетті қалыпты беріп отырғызыңыз. 4.Тамшының қажетті мөлшерін тамызғышқа алыңыз (6-8 тамшы) 5.Құлақ қалқанын артқа және жоғары қарай тартыңыз. 6.Сыртқы дыбыс жолына тамшыны енгізіңіз 7. Сыртқы дыбыс жолын мақта тампонымен жабыңыз. 8. Қолыңызды жуыңыз. |
Көзге | Көзге арналған тамшылар, залалсыздандырылған тамызғыш (пипетка) | 1. Тамшы дәрінің дәрігер тағайындауымен сәйкестігін тексеріңіз. 2.Қолыңызды жуыңыз. 3.Науқасты қажетті қалыпты беріп отырғызыңыз. 4.Тамшының қажетті мөлшерін тамызғышқа алыңыз (Әр көзге 2-3 тамшы) 5.Науқастың жоғары қарауын сұраңыз. 6.Төменгі қабақты астына қарай тартыңыз. 7.Кірпіктерге тигізбей тамшыны көздің коньюнктивальдық қыртысының ортасына тамызыңыз. 8.Көзден шыққын дәрінің бөліктерін мақта шаригімен сүртіңіз. 9 Қолыңызды жуыңыз. Ескерту.Егер науқас ессіз жағдайда болса, мейірбике тамшыны тамызу үшін жоғарғы қабақты –жоғарыға қарай, төменгі қабақты – төменге қарай тарту керек |
Құлаққа май жағу
Мақсаты: құлаққа май жағу
Көрсетім: дәрігер тағайындауы
Жабдықтар: залалсыздандырылған мақта турундасы, май (дәрігердің нұсқауымен)
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1. Қолыңызды жуыңыз
2.Науқасты отырғызыңыз
3. Науқастың басын қарсы жаққа бұрыңыз
4. Залалсыздандырылған мақта турундасымен қажетті мөлшерде майды алыңыз
5. Науқастың құлақ қалқаншасын артқа және жоғары тартыңыз
6. Мақта турундасын бұрай отырып, сыртқы дыбыс жолына майды жағыңыз.
7. Қолыңызды жуыңыз
Көзге май жағу
Мақсаты: көзге май жағу
Көрсетім: дәрігер тағайындауы
Жабдықтар: залалсыздандырылған шыны таяқша, дәрігер тағайындауымен ыдыстағы май немесе сықпа май
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1. Майдың атауы мен дәрігердің тағайындағанын тексеріңіз.
2. Қолыңызды жуыңыз.
3. Науқасты отырғызыңыз.
4.Залалсыздандырылған шыны таяқшаға майды толтырып алыңыз
5. Науқастың басын шалқайтыңыз
6. Науқастың жоғары қарауын сұраңыз да, төменгі қабақты тартыңыз
7. Май көз алмашығына бағытталу үшін, таяқшадағы майды төменгі қабаққа жағыңыз
8. Төменгі қабақты түсіріп, науқастан көзін жабуды сұраңыз.
9. Таяқшаны жабық тұрған көзден алыңыз да, майды ақырын ғана көздің алмашығына басыңыз
10. Майды артығын мақтамен сүртіп алыңыз.
11. Қолыңызды жуыңыз.
Майды құтысынан көзге жағуға болады
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1. Науқасты отырғызыңыз.
2. Науқастың басын шалқайтыңыз
3. Науқастың жоғары қарауын сұраңыз да, төменгі қабақты тартыңыз
4. Құтыны көздің ішкі жағында ұстап, майдың ұшы қабақты толығымен айналып өтетіндей етіп жылжытыңыз.
5. Төменгі қабақты түсіріңіз
6. Майды ақырын көздің алмашығына басыңыз
7. Майды артығын мақтамен сүртіп алыңыз.
Ингаляциялық (тыныс жолы) енгізу жолдары
Ингаляциялық енгізу дегеніміз - дәрілік заттарды тыныс жолдары арқылы енгізу. Ингаляция арқылы ағзаға газ тәрізді заттарды (мысалы: азот қышқылы, қыпшқылтегін),қос ұшпалы сұйықтьқтарды (эфир, фторотан), аэрозольдер (дәрілік заттардың ұсақ бөліктерінің ауадағы салмағы).
Ингаляциялық енгізу жолдарының тиімділігі
1. Тыныс жолындағы патологиялық процеске тікелей әсері.
2. Қабынған жерге бауырда сүзілмей, ешбір өзгермей өзінің жоғары сапасында жетуі.
Ингаляциялық енгізу жолдарының тиімсіздігі
1. Бронхиалдың өту жолдарының нашар өткізгіштігінен дәрілік заттың қабынған жерге дұрыс жетпеуі.
2. Тыныс алу жолдарының шырышты бөлігінің дәрілік заттар әсерінен қабынуы мүмкін.
Бұл жолмен дәрі енгізу кезінде ағзаға жергілікті әсер етеді, сонымен қатар жалпы әсері болуы мүмкін, жергілікті тік ішектің шырышты қабығына әсер етуі мүмкін.
Дәрі енгізбес бұрын тік ішекті тазалау мақсатында клизма жасау керек!
Ингаляция жасау
Медициналық практикада булы, жылы-ылғалды, майлы ингаляциялар қолданылады. Олар арнайы аппараттар көмегімен жүгізіледі.
Дәрілік игаляцияны сонымен қатар, қатты бүрікпелермен жасауға да болады.
Мақсаты: Дәрілік заттарды ингаляцияық жолмен тыныс алу жолдарына енгізу.
Көрсетім: дәрігер тағайындауымен, (жоғарғы тыныс алу жолдарының ісігі, бронх астма)
Жабдықтау: ингалятор, дәрілік заттар, дәрігер тағайындауымен.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1. Баллонның қақпағын шешіп төмен қаратыңыз.
2. Аэрозольды баллонды жақсылап шайқаңыз
3. Мүштікті ауызға енгізу керек.
4. Терең тыныс алып баллонның төменгі жағын басу керек.
5. Бірнеше секунд тыныс алмай, кейін ауыздан мүштікті шығарып баяу тыныс шығар.
6. Бүріккеннен кейін баллон қақпағын жабу керек.
Ингаляторды қолдану тәртібі
1. Баллонның қақпағын шешіп, төмен қаратыңыз.
2. Аэрозолды баллонды жақсылап шайқаңыз.
3. Мүштікті ауызға енгізу керек.
4. Терең тыныс алып баллонның төменгі жағын басу. Осы кезде аэрозолдың белгілі мөлшері бөлінеді.
5. Бірнеше секунд тыныс алмай, кейін ауыздан мүштікті шығарып баяу тыныс шығар.
6. Бүріккеннен кейін баллон қақпағын жабу.
Дәрілік заттарды ингаляторлық жолмен мұрынғада енгізуге болады
Арнайы сұйықтықтар үшін ингаляция мұрын арқылы әсер етеді.
1. Баллонның қақпағын шешіп төмен қаратыңыз.
2. Аэрозольды баллонды жақсылап шайқаңыз
3. Науқастың басын артқа шалқайтыңыз.
4. Оң жақ мұрын қуысын қолыңызбен басыңыз.
5. Ауызбен демалыңыз.
6. Ингалятор мүштігін сол жақ мұрын қуысына енгізіңіз.
7. Терең тыныс алып баллонның төменгі жағын басу керек, осы кезде аэрозольдың белгілі мөлшері білінеді.
8. Бірнеше секунд тыныс алмай, кейін ауыздан мүштікті шығарып, баяу тыныс шығар.
Дәл осы манипуляцияны келесі мұрын қуысынан қайталау арқылы енгіземіз.
Дәрілік затты ампуладан сорып алу
Мақсаты: егу үшін залалсыздандырылған шприцке дәріні сорып алу
Көрсетім: инъекция жасау үшін
Жабдықтау: ерітіндісі бар ампула, спиртке батырылған мақта шариктері, ампуланы ашу үшін егеуіш, залалсыздандырылған шприцтер мен инелер, бүйрек тәріздес лоток, қолғаптар.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1. Ерітінді ампуланың жалпақ жағына толық түсу үшін аздап сілкіңіз.
2. Спиртке малынған мақта шаригімен ампуланы өңдеңіз, (дәріні сорып алғанда ине ампуланың сыртқы жағына тиіп кеткен жағдайына) егеуішпен ампуланы егеп, сол мақтамен ампуланың басын сындырыңыз.
3. Ампуланы алыңыз, оған абайлап инені кіргізіңіз және порщеньді өзіңізге қарай тартып, керек мөлшердегі ерітіндіні сорып алыңыз. (Егер ампула үлкен болса- 5, 10, 20 мл, ерітіндіні сорған сайын ампуланың астын жоғары қарай көтеруге болады).
4. Ерітіндіні сорып алған инені шприцтен алып, басқа лотокқа салыңыз да, егу жасайтын инені кигізіңіз.
5. Инені бекітіп, оның өткізгіштігін аз мөлшердегі ерітіндіні шығарып тексеріңіз, бұл жағдайда шприцті тік, көз деңгейінде болатындай етіп ұстаңыз.
6. Залалсыздандырылған лотокқа шприцті, спиртке малынған залалсыздандырылған мақта шариктерін салыңыз.
Дәрілік затты флаконнан сорып алу
Мақсаты: егуді орындау үшін залалсыздандырылған шприцке дәріні сорып алу
Көрсетім: инъекция жасау үшін
Жабдықтау:
Ұнтақ тәріздес дәрілік зат бар флакон, ерітінді бар ампула, спиртке батырылған мақта шариктері, ампуланы ашуға арналған егеуіш, пинцет, залалсыздандырылған шприцтер, инелер, бүйрек тәріздес лоток, қолғаптар.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1. Флаконның сыртындағы жазуды оқыңыз (атын, мөлшерін, қолдану мерзімін).
2. Ортасындағы алюминий қақпағын пинцетпен ашыңыз.
3. Резеңке тығынын спиртпен өңдеңіз.
4. Егер флаконның ішінде дәрі ұнтақ түрінде болса, оны
еріткішті қолдану арқылы еріту керек.
5. Поршеньді өзіңізге қарай тартып, шприцке керек
мөлшердегі еріткішті сорып алыдыз (ампуладан ерітіндіні сорып алу алгоритмін қараңыз).
6. Шприцпен флакондағы резеңке тығынын тесіп, еріткішті ішіне құйыңыз.
7. Флаконды инемен бірге ине салатын конустан
шығарыңыз да, флаконды сілкіп, ұнтақты түгелімен ерітіңіз.
8. Инені флаконмен бірге ине салатын конусқа жалғастырыңыз.
9.Флаконды астыңғы жағын үстіне қаратып, саусақпен ұстап, флаконның ішіндегі ерітіндіні немесе оның бір бөлігін шприцке сорып алыңыз.
10. Флаконды инемен бірге ине салатын конустан шығарыңыз (инені суырмаңыз - ол келесі флакондағы ерітіндіні ерітуге қажет болады).
11. Ине салатын конусқа бұлшық етке егу жасайтын инені кигізіп, бекітіңіз.
12. Инеден аз мөлшерде ерітінді шығарып, оның өткізгіштігін тексеріңіз.
13. Залалсыздандырылған лотокқа шприцті, спиртке малынған 2-3 мақта шариктерін салыңыз.
Антибиотиктерді есептеу және еріту ережесі
Антибиотиктерді бұлшық етке жиі енгізеді. Антибиотиктер арнайы флакондарда кристалды ұнтақ түрінде шығарылады. Қолданар алдында оны залалсыздандырылған изотониялық хлорид натрий ерітіндісімен (физиологиялық 0,9% натрий хлорид ерітіндісі), инъекция жасауға арналған сумен немесе 0,5% новокаин ерітіндісімен ерітеді.
Антибиотиктерді еріту ережелерін талқылаймыз.
Ең тараған антибиотик пенициллин болып табылады (бензилпенициллин натрийлік немесе калийлік тұз). Ол флакондарда 250 000, 500 000,1 000 000 бірлікте (Б) шығарылады."Әсер тигізу бірліктермен" саналады.
Пенициллинді 0,25 % немесе 0,5 % новокаин ерітіндісімен еріту дұрыс, өйткені ол ағзада жақсы таралады.
Х= 1000 000 = 10 мл еріткіш 100 000 |
1 мл ерітіндіде 100 000 Б пенициллин болуы керек. Осылайша, егер флаконда 1000 000 Б болса, 10 мл новокаин алу керек.
Пенициллин ерітіндісін жылытуға болмайды, себебі ол жоғары температурада бұзылады. Пенициллинді ерітілген күйінде бір тәуліктен артық сақтауға болмайды. Пенициллинді қараңғы және салқын жерде сақтау керек. Йод пенициллинді бұзады, сондықтан йод тұнбаларын флаконның резеңке тығынын және егу жасаған жерін өңдеуге қолданбайды. Пенициллинді күніне 4-6 рет 4 сағаттан кейін енгізеді. Антибиотиктерді шприцке сорып алу үшін "Дәріні ампуладан және флаконнан сорып алу" бөлімін қараңыз.
БИЦИЛЛИН - көп уақыт әсер ететін антибиотик. Оны 300 000 Б, 600 000 Б, 1 200 000 Б, 1 500 000 Б флакондарда шығарылады.
Бициллинді еріту үшін новокаинды қолданбайды, изотониялық натрий хлоридінің ерітіндісімен ерітеді.
300 000 Б - 2,5 мл, 600 000 Б - 5 мл, 1 200 000 Б - 10 мл, 1 500 000 Б - 10 мл еріткішті алу керек екенін
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!
Бицилиинді егу ережелері
1. Суспензияның тез кристалдануына байланысты егуді тез жасау қажет.
2. Науқас инъекцияға дайын болу керек. Науқастың көзінше абайлап ерітеміз, флаконда көпіршіктерді пайда болдырмауға тырысамыз.
3. Суспензияны тез шприцке сорып алу керек.
2-сәттілік әдісімен бұлшық етке енгізіледі: кіргеннен кейін поршеньді өзіңізге қарай тартып, шприцтің ішінде қан жоғын тексереміз.
4. Егу жасаған жеріне жылытқышты қою.
Стрептомицин – мөлшері граммен немесе бірлікпен мөлшерленеді.
Стрептомицин флаконда 1,0г, 0,5г, 0,25г. шығарылады. Сондықтан, дұрыс еріту үшін екі ережені білу шарт:
1. 1,0 г - 1 000 000 Б -ке сәйкес, 0,5г – 500 000 Б, 0,25 г - 250 000 Б сәйкес
2. 250 000Б стрептомицин 1 мл 0,5% новокаин ерітіндісімен ерітіледі.
500 000 Б стрептомицин 2 мл 0,5% новокаин ерітіндісімен ерітіледі.
1000 000 Б стрептомицин 4 мл 0,5 % новокаин ерітіндісімен ерітіледі.
Тері ішіне инъекция жасау
Мақсаты: тері ішіне егу жасау
Көрсетім: антибиотиктерге сезімталдығын анықтау үшін
Жабдықтау: ерітіндісі бар ампула, флакондар, спиртке батырылған мақта шариктері, ампуланы егеуге арналған егеуіш, залалсыздандырылған пинцет, залалсыздандырылған шприцтер, инелер, бүйрек тәріздес лоток, латекстен жасалған қолғаптар.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1. Қолыңызды инъекцияға дайындаңыз.
2. Шприцті (туберкулиндік) құрастырыңыз, тексеріңіз.
3. Екі ине дайындаңыз: дәріні сорып алу үшін, егу үшін.
4. Шприцке (ұзындығы 15 мм, инесінің кесіндісі 0,4 мм ине) 0,5 мл дәрі сорып алыңыз (егуді орындау үшін 0,1 мл ерітінді қажет, шприцтен артық дәріні ауасымен бірге шығарып тастаңыз).
5. Инесін ауыстырып, өткізгіштігін тексеріңіз.
Назар аударыңыз!
Қазіргі уақытта сынама өткізу үшін бір реттік туберкулиндік немесе инсулиндік шприцтер қолданылады. Шприцтің бөліктерін шамамен санап алыңыз.
6. Науқастың білегінің ортаңғы бөлігін екі мақта шаригімен өңдеңіз.
7. Тері кепкенше күтіңіз.
8. Иненің кесіндісін жоғары қаратып, теріге параллель етіп инені енгізіңіз де
0,1 мл ерітінді жіберіңіз.
Назар аударыңыз!
Егуді дұрыс жасаған жағдайда диаметрі 0,5 см, 30-40 мин сің