Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Меншіктің обьектілері мен субьектілері, нысандары мен түрлері

Меншіктің экономикалық және құқықтық мәні

Меншік Құқығы — субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.

Меншік құқығы мәміле жасалған кезде болған барлық жүктемелерімен басқа адамға беріледі. Меншік иесінің өз мүлкін иелену құқығы, пайдалану құқығы және оған билік ету құқығы болады. Меншік құқығының мерзімі шексіз. Мүлікке меншік құқығы Азаматтық кодексте көзделген негіздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкін.

Экономикалық тұрғыдан иелену объектісі өте маңызды болып табылады. Объектілерді бір жағынан өндіріс факторлары, талаптары және құралдары, екінші жағынан тұтынушылық игіліктер деп бөлу шешуші әлеуметтік экономикалық мәнге ие. Алайда, меншік жүйесіндегі басты анықтаушы объект өндіріс құралдары болып табылады деп есептеу жөн емес. Жұмыс күші, ақпарат, ақыл-ой өнімі, сондай-ақ ақша қаражаттарына деген меншік те экономикалық үрдістерге айтарлықтай дәрежеде әсер етеді.

Ағылшын заңгері Б.Оноре меншік құқықтарының жиынын толық көрсетіп, жалпы меншік қатынастарының жиынтығынан келесідей 11 элементті бөліп көрсетеді:

— иелену құқығы;

— пайдалану құқығы;

— басқару құқығы, яғни меншік объектісінің қалай, кіммен және қандай талаптарға сәйкес пайдалану мүмкіндігі жөнінде шешім қабылдау;

— меншікті пайдаланудан табыс алу құқығы;

— заттың капиталдық құнына құқық (иеліктен шығару, тұтыну, өзгерту, физикалық құрту құқығы);

— қауіпсіздік құқығы – қарсы иммунитет;

— мұраға қалдыру құқығы;

— меншік құқықтарының мерзімсіздігі;

— зиянды пайдалануға тыйым салу, яғни меншікті басқаларға зиян келтірмейтіндей пайдалану міндеті;

— меншікті қарыз төлемі ретінде пайдалану мүмкіндігін көздейтін мүліктік жауапкершілік;

— «қайтарым сипатындағы меншік құқықтары, яғни келісім-шарт мерзімінің бітуіне, оның талаптарының бұзылуына байланысты әлдекімге берілген құқық қабілеттілігінің қайтарылуы.

Меншік құқықтары

Меншік Құқығы — субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.

Меншік құқығы мәміле жасалған кезде болған барлық жүктемелерімен басқа адамға беріледі. Меншік иесінің өз мүлкін иелену құқығы, пайдалану құқығы және оған билік ету құқығы болады. Меншік құқығының мерзімі шексіз. Мүлікке меншік құқығы Азаматтық кодексте көзделген негіздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкін.[1]

1. Мүлікті меншіктенуге қатысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жүйесі;

2. Заңнамалық тұрғыдан жан-жақты қамтамасыз етіліп, меншігіне бекітілген мүлікті меншіктенушінің өз қалауы мен мүддесіне орай иелену, пайдалану және оған билік ету мүмкіндігі, сондай-ақ өз шаруашылығының үстемдік аясына өзгелердің араласуына жол бермеу мүмкіндігі.

Бұл мүмкіндіктер заңға қайшы келмейтін және өзгелердің заңды құқықтары мен мүдделерін таптамайтын кез келген әрекет арқылы жүзеге асады. Бұл тұрғыда меншік құқығы үш түрлі бөліктен тұрады:

1. Иелену хақысы – меншіктенушінің мүлікке деген шаруашылық үстемдігі. Яғни мүліктің иесіне заң жүзінде бекітілуі;

2. Пайдалану хақысы – мүлікті іске асырып, пайдаға жарату;

3. Билік ету хақысы – құқықтық әрекеттер жасау арқылы мүліктің тағдырын белгілеу.

Мысалы, үйдің иесі оны сатса да, жалға берсе де немесе өзі тұрса да өзі біледі. Осы үшеуі Меншік құқығының құрамдас бөліктері болғанмен, барлық кезде бірге жүрмейді. Мысалы, жалға алған пәтерді пайдалану хақысы болғанымен, жалдаушының ол пәтерге деген иелену және билік ету хақысы жоқ. Көрсетілген үш мүмкіндіктің ішіндегі мүлікті меншіктендіретіні, яғни ең маңыздысы иелену хақысы. Қалған екеуі меншік иесінде болуы да, болмауы да оны меншік құқығынан айыра алмайды. Сондықтан мүліктің барлық ауыртпалығы, жауапкершілігі меншік иесінде.

Меншіктің обьектілері мен субьектілері, нысандары мен түрлері

Меншік – белгілі бір материалдық игілікті иелігіне алу үшін адамдар арасындағы қатынас. Меншіктің экономикалық мазмұны өндірістік қатынастар жиынтығы, яғни өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну арқылы көрсетіледі. Меншіктің құқықтық мазмұны меншік иесінің табыс пен қауісіздікті иелену, пайдалану, басқару құқығы.

Меншік субъектісі – меншік қатынастарының активті жағы, яғни меншік объектісін иелену құқығы.

Меншік объектісі - меншік қатынастарының пассивті жағы, яғни табиғат, заттар, энергия, мүліктер, ақпараттар т.б. Меншік объектісі мен субъектісі арасындағы қатынас иелік ету, пайдалану, билік ету, жауапкершілігі бір уақытта құқықтық, заңдық және экономикалық категориямен байланысты.

Меншік объектісі – келесідей түрдегі меншік қатынастарының пассивті жағы:

а) жылжымайтын мүлік — жер учаскелері, сондай-ақ ғимараттар, құрылыс және жермен тығыз байланысты өзге де мүліктер, яғни орны ауысқан жағдайда негізгі қызметіне айтарлықтай көлемде (қалпына келместей) нұқсан келетін объектілер;

б) жылжитын мүлік — көлік құралдары, айналыстағы тауарлар, бағалы қағаздар, ақша, мүліктік құқықтар, т.б.

в) ақыл-ой меншігі (интеллектуалды меншік) – рухани, ой қабілетімен байланысты іс-әрекеттің нәтижелері және оларға теңестірілетін келесідей индивидуализация құралдары: фирмалық ойлау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі, ноу-хау, авторлық құқық, технологиялық жобалар т.б.



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
 | По осуществлению перевозок организованных групп детей
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1057 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если вы думаете, что на что-то способны, вы правы; если думаете, что у вас ничего не получится - вы тоже правы. © Генри Форд
==> читать все изречения...

2261 - | 2187 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.