Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Полиэтиленнің алу технологиясы мен қолдану салаларын көрсетіңіз.




Қарапайым көмірсутекті полимер – полиэтилен: -[CH2-CH2]n- ең көп тараған және арзан полимердің бірі. Мұны өнеркәсіпте 1933ж алғаш рет Англияда этиленді полимерлеу арқылы алған.

Этиленді ацетиленді гидрлеу немесе этил спиртін дегидратациялау арқылы алуға болады. Кейбір елдерде этиленді мұнайды крекингілеу тәсілімен де өндіреді. Бұл процесс кезінде этан, пропан сияқты қаныққан көмірсутектер каталитикалық деструкцияға және дегидрлеуге ұшырап, этилен түзеді.

Полиэтиленнің екі түрі бар: төменгі және жоғары тығыздықты.

Төменгі тығыздықты полиэтилен эиленді жоғары қысымда полимерлеу арқылы алынады, иницатор қызметін оттек атқарады. Реакция 1,5*105Па қысымда және 180-250˚С температурада жүргізеді. Иницирлеу үшін оттектің аз мөлшері де (0,1%) жеткілікті. Бұдан басқа пероксидтерді, гидропероксидтерді және азоқосылыстарды қолдануға болады. Этиленді массада немесе ерітіндіде полимерлейді. Еріткіш ретінде бензол, хлорбензол т.б. органикалық еріткіштер қолданылады. Реакция шарты бойынша мономер мен полимерді еріткіште еритін етіп таңдайды, яғни жүйе гомогенді болуы қажет.

Төменгі тығыздықты полиэтилен 110-125˚С та балқиды және кристалдану дәрежесі 40% шамасында, ал тығыздығы 0,91-0,92г/см3. ТТП бөлме температурасында жиі қолданылатын еріткіштерде ерімейді, бірақ, температура өскенде оның ерігіштігі артып, бірқатар еріткіштерде ериді. Бұл үшін төрт хлорлы көміртек, толуол, ксилилен, декалин және трихлорэтиленді қолданған тиімді.
Жоғары тығыздықты полиэтиленді (ЖТП) екі тәсілмен алады. Бірінші – мономерді комплексті катализатор (триэтилалюминий мен төрт хлорлы титан) қатысында координациялық полимерлеу. Екіншісі полимерлеуді металоксидті катализатормен (алюминий мен силикатқа қондырылған оксидтер) жүргізу. Екі тәсілде де орташа жоғары емес қысым қолданылады. ЖТП кристалдану дәрежесі 90%, ал тығыздығы 0,965г/см3. Ол 144-150˚С аралығында балқиды, ТТП ге қарағанда қатаңдау және беріктігі жоғары.
Полиэтиленді жоғары қысымда және 200˚С температурада өңдеу арқылы әр түрлі пішін беруге, яғни талшық, жіп, құбыр, қабықша және т.б. алуға болады.

Полиэтилен әр түрлі салада, әсіресе электротехника өнеркәсібінде, медицина саласында, құрылыста қолданылады. Үй тұрмысына қажет әр түрлі бұйымдар, балалар ойыншықтары және тамақ өнімдерін буып-түюге арналған қабықшалар алуға жұмсалады.

 

 

  Полимер туралы негізгі ұғымдар,
  Жоғары молекулалық қосылыстардың жіктелуін атап
  Жоғары молекулалық қосылыстардың номенклатурасын
  Макромолекулалардың конфигурациялық изомериясын
  Полимерлердің молекулалық массасы туралы түсініктер
  Полимердің молекулалық массаларын анықтау әдістерін
  Полимердің иілгіштік қасиетін түсіндіріңіз, Кун сегменті
  Полимер ерітінділерінің ерекше қасиеттерін келтіріңіз
  Полимерледің еру процесінің механизмін түсіндіріңіз.
  Полимерлердің сұйытылған ерітінділерінің қасиеттерін
  Полимерлердің концентрлі ерітінділерінің қасиеттерін
  Полиэлектролиттер, олардың түрлері, негізгі қасиеттерін
  Полимердің еру термодинпмикасы формуласын жазып,
  Полимер-еріткіш жүйесінің фазалық диаграммалары
  Полимер-еріткіш жүйесінің бір-біріне ынтықтығы, осмос
  Полимерлер еріткіштерінің қасиеттер формуласын
  Полимерлердің негізгі физикалық қасиеттерін келтіріңіз,
  Аморфты полимерлердің термомеханикалық қисықтар
  Кристалды полимерлер туралы түсінік, кристалдану
  Полимерлердің кристалдану дәрежесі мен жылдамдығын
  Аморфты полимерлердің шыны тәрізді күйінің
  Аморфты полимерлердің жоғары элестикалық күйінің
  Аморфты полимерлердің тұтқыраққыш күйіндегі
  Полимерлерді синтездеудің негізгі жолдарын анықтаңыз,
  Радикалды полимерлеу реакциясына әсер ететін
  Радикалды полимерлеудің қарапайым сатыларының
  Ионды полимерлеудің анықтамасын, әдістерінің түрлерін
  Катионды полимерлеу реакциясының механизмі мен
  Катионды полимерлеу реакцияларына әсер ететін фактор
  Анионды полимерлеу реакцияларын, катализаторларын,
  Ионды-координациялық полимерлеу реакциясының
  Стереоретті полимерлерді алу жолдары, Циглер-Натта
  Радикалды сополимерлеу реакциясының механизмі мен
  Радикалды сополимерлеу реакциясының кинетикасы
  Полимерлердің химиялық реакцияларына әсер ететін
  Радикалды сополимерлену реакциясының кинетикасы, Майо-Льюис теңдеуін шығарып беріңіз
  Полимерлену дәрежесін төмендететін реакция түрлерін,
  Полимерлерді поликонденсациялау әдісімен алу
  Полимерлену дәрежесін өзгертпейтін реакция түрлерін
  Полимерлену дәрежесін ұлғайтатын реакция түрлерін
  Поликонденсациялау реакциясының механизмі мен
  Поликонденсациялау кезінде жүретін қосалқы
  Полимерлерді химиялық түрлендіру анықтамасын және
  Бір бірімен әрекеттесе алатын бифункционалды
  Катионды полимерлеу реакциясына қолданатын
  Иницирлеу реакцияларының түрлері, реакцияларын
  Полимерлеуді практикада жүргізу әдістерін келтіріп
  Полимерлеу мен поликонденсациялау әдістерінің айырм
  Полимерлердің ішкі молекулалық реакцияларын
  Резолды негіздік ортада алу реакциясы, резитті алу
  Гексаметилендиамин мен адипин қышқылын
  Үш өлшемді полимерді алу жолы, мысал
  Глифталь шайырын алу жолын көрсету, реакциясын
  Полимерлердің молекулалық массаларын анықтау
  Анионды полимерлеу әдісіне түсетін мономерлер,
  Полимерлерді түрлендіру реакцияларына әсер ететін
  Полимерлеуді практикада жүргізу әдістерін келтіріп,
  Синдиотактикалық, изотактикалық және атактикалық
  Полимергомологты реакциялар, мысал келтіріріп
  Полиэтиленнің алу технологиясы мен қолдану салаларын




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1320 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Сложнее всего начать действовать, все остальное зависит только от упорства. © Амелия Эрхарт
==> читать все изречения...

4269 - | 4121 -


© 2015-2026 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.