ІШКІ АУРУЛАР» ПӘННІҢ «ДЕРМАТОВЕНЕРОЛОГИЯ» БЛОГЫ БОЙЫНША СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ТӘЖІРИБЕЛІК ДАҒДЫЛАР
Мамандық: 051301 – «ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА»
Курс – 4
Семестр – 7-8
Растырғандар: доц. Хабижанов А.Б.
Доц. Сагидолдина Л.К.
2014
Практикалық дағдылар дерматовенерология модуль жиналысында талқыланды және бекітілді
«06» қыркүйек 2014 ж., хат. №2
Мод. жет., м.ғ.д., проф. Нурушева С.М.
Дерматовенерология» пәннің циклді өткеннен соң студент білу қажеттегі тәжірибелік дағдылардың тізбе
№ | Тәжірибелік дағдылардың тізбесі |
«Псориаздық үштік» белгісің анықтау әдістемесі | |
Поспелов белгісің анықтау әдістемесі | |
Бенье-Мещерский белгісің анықтау әдістемесі |
Дерматовенерология» пәннің циклді өткеннен соң нәтижелер бойынша тәжірибелік дағдылардың бағалауының нышандар
№ | Тәжірибелік дағдылар, бағалауының нышандар | Баллдар бойынша қадам-далған бағалау |
1. Псориаздық үштік» белгісің анықтау әдістемесі | ||
Стерилді әйнектің қабырғасымен түйіншектің (табақшаның) бетін қыру. Псориаздық түйіншектің бетін қырғанда үш феномен қатарласа отырып анықталады: стеаринді дақ, терминалді қабық, нүктелі қан шығу. Феномендердің негізінде паракератоз, акантоз, папилломатоз жатыр. | ||
Феномен 1 – стеаринді дақ феномені: қырған кезде түйіншектің (табақшаның) бетінде қабыршақтанудың көбеюі байқалады. | ||
Феномен 2 – терминалді қабық феномені: қабаршақтарды қырып алғанан кейін бүкіл бөртпенің бетін жапқаң нәзік жұқа кабық көрінеді. | ||
Феномен 3 – нүктелі қан шығуы феномені (Ауспитц феномені): қыруды жалғастырған кезде терминалді қабық түскенен кейін ашылған ылғалды бетте нүктелі қан (тамшы тәрізді) құйылулар байқалады. | ||
| ||
1. | Негіздеу. Поспелов белгісі (зонд белгісі) туберкулездік жегіге тән. | |
2. | Төмпешікті доғал зондпен басқанда оның бетінде өте баяу жоғалатын шұңқыр пайда болады. | |
3. | Ал одан қаттырақ басқанда зонд бөртпеге жеңіл кіріп кетеді, ауырады, қанайды. | |
4. | Түсіндіру. Туберкулездік жегіде созылғыш және коллагентік талшықтар бұзылғандықтан және сіңбе эпителиоидты жасушалардан түзілгендіктен төмпешіктер қамырдай жұмсақ | |
| 4,0 | |
1. | Негіздеу. Бенье-Мещерский белгісі қызыл жегіге тән. | |
2. | Пинцетпен зақым ошағының бетінен қабыршақтарды алады немесе оларды қырады. | |
3. | Белгіні анықтау кезінде қатты ауру сезімі туады. | |
4. | Түсіндіру. Ошақтағы екінші патогномоникалық өзгеріс – фолликулярлық гиперкератоз (1-инфильтративті эритема, 3-тыртықты атрофия) –бетінде тығыз орналасқан қабыршақтары бар табақшалармен сипатталады. Қабыршақтардың төменгі бетінде орналасқан гиперкератозық тікенектер кеңейген шаш фоликулаларында орналасқандықтан, алған кезде тері қалыңдығындағы жүйке ұштарын тітіркендіреді. |
Тәжірибелік дағдылардың бағалауы критерилері
«Дерматовенерология» мамандығы бойынша элективті циклдерді өткенде алған дағдылар әріптік жүйе бойынша бағаланады (оң бағалар кему өлшемі бойынша, А-дан С-ге дейін, төртбаллдық жүйе бойынша жүйенің цифрлік эквивалентіне сәйкес). Әр дағдыны орындау қадамдар бойынша бағаланады, кадамдардың жиынтық 4 баллға тең. Соңдықтан, барлық қадамды орындаған студент дағдыны толық және дұрыс орындағаны үшін максималды цифрлік эквивалент - 4,0 балл, әріптік-баллдық жүйе бойынша әріпті А бағаны алады.