Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Жалпы медицина» мамандығы бағыты «Педиатрия» 5 курс студенттеріне арналған қорытынды тесттері

?

1.

3 айлық бала. Күніне жетіп туған, салмағы 4 кг. Табиғи тамақтандырылады. Витамин D қабылдамаған. Анасы баланың ұйқысының бұзылуына, мазасыздық, емізу кезінде терлегіштікке шағымданады. Қарау кезінде: тері қабаты дымқыл, қызыл дермографизм, шүйде аймағының тақырлануы байқалады. Еңбегі үлкен 1,5x1,5 см шеті жұмсарған, әлсіз бұлшық еттік гипотония. Қаңқа мен ішкі мүшелер өзгерісі жоқ. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу жүргізу керек?

- ақуыз, ақуыз фракциялары

-кальций, фосфор, сілтілі фосфатаза

- трансферриннің темірге қанығуы

- СРБ, сілтілі фосфатаза

- сиал қышқылы, белоктық фракциялары

?

2. Менингококк бөледі:

- экзотоксин

- эндотоксин

- дик токсині

- гиалуронидаза

- протеиназа

 

?

3. Бала 5- ші жүктіліктен, өз уақытында 3000 г салмақпен туылған, бойы 50см. Туылған кезде терісінің сарғыштығы, әлсіздік, дауысы әлсіз. Емуі нашар, лоқсиды, бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы анықталған. Сіздің алдын-ала диагнозыңыз?

- нәрестенің гемолитикалық ауруы

- вирусты гепатит

- цитомегаловирусты инфекция

- гемофилия

- Минковский-Шоффар анемиясы

?

4. Балаға 3 ай. Перзентханада гемолитикалық аурудын (Rh фактор бойынша сәйкестелмеген), сарғаю түрі диагнозы қойылды. Екі рет қан алмастыру жүргізілген. Қазіргі уақытта бала табиғи тамақтануда, 3 ай ішінде 2200г салмақ қосқан. Бала қандай арнайы маманда қаралуы керек?

- педиатр және невропатолог

- хирург және невропатолог

- окулист және ортопед

- лор-дәрігер және ортопед

- эндокринолог және ортопед

?

5. Бала 7 жаста. Анамнезінде: әжесі бронх демікпесімен ауырады, 6 айынан бастап цитрустарға аллергиясы бар. 3 жасында жедел есекжеммен ауырған. 1 сағат бұрын, жөтел, қиын шулы тыныс пайда болды. Объективті: тері қабаты бозғылт, мұрын-ерін үшбұрышының цианозы, экспираторлы ентігу 1 минутта 50 рет, тынысы әлсіз, құрғақ ысқырықты сырылдар, перкуссияда өкпеде қорап тәрізді дыбыс. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

- пневмония

- бронх демікпесі

- жедел жай бронхит

- бөгде зат

- ларингит

?

6. Балаға 2 жас, бірден қатқыл жөтел пайда болды, тыныстың қиындауы, мазасыздық, 1 сағат бұрын бала балық жеген. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, инспираторлы ентігу, қатқыл тыныс. Анамнезінде: балада бірнеше рет терісінде бөртпелер байқалды. Баланың анасында нейродермит. Көрсетілген клиникалық көріністер қай ауруға тән?

- обструктивті бронхит

- бронхиолит

- аллергиялық ларинготрахеит

- демікпе

- созылмалы пневмония

.

?

8.Қандай спецификалық ем тағайындау керек

- поливитамин

- Д витамин курсы

- кальций, ірімшік

- жалпы массаж

- шынықтыру

?

9.Аденовирусты инфекцияда көбінесе қандай мүшелер зақымданады:

- көмей

- тері

- ОЖЖ

- бауыр

-мұрын, жұтқыншақ

?

10. Бала 6 жаста. Шағымы: тізе, табан буынының ауырсынуына, дене қызуы 37,6° дейін. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, екі жақ тізе буынының ісінуі, қозғалғанда ауырсынуы байқалады. Бөксе аймағымен, бүкіл буындарда симметриялық геморрагиялық бөртпелер бар. Диагноз қойылған: геморрагиялық васкулит. Бұл ауру немен қауіпті?

- бауырдың зақымдалуымен

- орталық жүйке жүйесінің зақымдалуымен

- жүрек тамыр жүйесінің зақымдалуымен

- асқазан ішектен қан кетуімен

- эндокриндік жүйенің зақымдануымен

?

11. 5 жасар бала. Шағымдары: оң жақ тізе буынының ауырсынуы. Анамнезінде: жиі мұрыннан қан кету, жарақттан кейін буын мен теріге қан құйылу байқалған. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Тері қабаты бозғылт. Денесінде экхимоз диаметірі 6 см. Оң жақ тізе буыны шар тәрізді, бірден қозғалыстың тежелеуі байқалады. Буын сұйықтығында – гемолизденген қан алынған. Қан анализінде: эр.- 3,6х1012, НЬ - 100 г/л, СОЭ - 20 мм/сағ, тромб. - 200x10%, Ли-Уайт бойынша қан ұю ұзақтығы 18 мин. Рекальцификация уақыты 450 мин. Доннорлық плазма құйғаннан кейін рекальфикация қалпына келді. Диагноздың қайсысы дұрыс?

- А гемофилиясы

- тромбоцитопениялық пурпура

- геморрагиялық васкулит

- жедел лейкоз

- ревматоидты артрит

?

12. 8 жасар бала. Ылғалды жөтел мен дене температурасы жоғарлауына шағымданады. Объективті: тері қабаты бозғылт. өкпеде қатқыл тыныс, құрғақ жайылған сырылдар, өкпенің барлық жерінде естіледі. Рентгенде: өкпе суретінің, өкпе түбірінде күшеюі көрінеді. Перифериялық қанда: L — 5,0 х 10 /л (п - 8 %, с - 51%, л - 39 %, м - 6 %); СОЭ - 6 мм\сағ. Диагноздың қайсысы дұрыс?

- жедел обструктивті бронхит

- жай бронхит

- жедел пневмония

- жедел бронхиолит

- тыныс жолдарында бөгде зат

?

13. Балаға 3 ай. Жиі қинайтын жөтел, тыныстың қиындауы. Объективті: жағдайы ауыр, қосымша бұлшық ет қатысуымен экспираторлы ентігу. Өкпеде «қорап» тәрізді дыбыс, әлсіреген тыныс, ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Рентгенограммада: өкпенің желденуі, интерстиция мен тамыр суретінің күшеюі, перибронхиалды тығыздалу. Перифериялық қан анализінде лифоцитоз бен ЭТЖ жоғары. Диагноздың қайсысы дұрыс?

- бронхиолит

- бронх демікпесі

- қайталамалы бронхит

- жедел трахеит

- ларинготрахеит

?

11. Бала 3 жаста. Шағымы: дене температурасының жоғарлауына, ылғалды жөтел, тыныс қиындауына. Объектвиті: жағдайы орташа ауырлықта, бозғылт, экспираторлы ентігу. өкпеде «қораб» тәрізді дыбыс. Аускультация кезінде тынысы қатаң, құрғақ және әртүрлі калибрлы ылғалды сырылдар. Болжам диагнозы қандай?

- обструктивті бронхит

- жедел жай бронхит

- созымалы бронхит

- созылмалы пневмония

- бронх демікпесі

?

12. 12 жасар бала. Шағымдары: дене қызуы 39,8°, бас ауруы, ішінің және оң жақ кеудесінің ауырсынуы, құрғақ жөтел. Объективті қарағанда: жағдайы ауыр, терісі бозғылт. Перкуссияда: оң жақ жауырын астында өкпе дыбысы қысқарған. Аускультацияда қысқарған аймақта тынысы әлсіреген, пальпация кезінде ішінің қатаюы байқалады, «Щеткин-Блюмберг» симптомы оң. Қан анализінде: L - 18х109/л, э - 2%, жас жасушалар - 5%, таяқшалар - 12%, с - 52%, л - 21%, м - 8%, ЭТЖ - 56 мм/сағ. Сіздің болжам диагнозыңыз?

- ошақты пневмония

- сегментарлық пневмония

- крупозды пневмония

- интерстициальды пневмония

- созылмалы пневмония

?

13. 10 жасар бала. Шағымы: тұрақты жөтел, таңертеңгілік уақытта кілегей – іріңді қақырықтың бөлуіне. Жүгіргенде ентігу, әлсіздік, тәбеттің төмедеуі. 2 жасында жедел десструктивті пневмониямен ауырған. Содан бері жыл сайын пневмониямен немесе бронхитпен ауырады. Қарағанда: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, t - 37,3°, терісі бозғылт, физикалық дамуы артта қалған. Микрополиаденит. Перкуссияда: 4-5 –ші қабырға аймағында өкпе дыбысы қысқарған, тынысы қатаң, әртүрлі калибірлы ылғалды сырылдар естіледі. Жөтелгеннен кейін сырылдар өзгермейді. Қандай диагноз дұрыс?

-созылмалы пневмония

- созылмалы бронхит

- бронх демікпсі

- муковисцидоз

- бронхта бөгде зат

?

14. Бала 7 жаста. Стационарға ауыр жағдайымен түсті. Шағымдары. Бірнеше реттік «кофе» тәрізді құсу, жүрек айну, ауырсынуы, полидипсия, әлсіздік, бас айналу, көздің көруі нашарлайды.Объективті: жағдайы ауыр, әлсіз, үйқының бұзылуы, аузынан ацетон иісі шығады. Бетінің ұшында қызару, тілі құрғақ, ауыз бұрыштарында жаралар. Пульс минутына 120 рет, әлсіз. Жүрек шекаралары қалыпты. Жүрек үні – ырғақты, әлсіреген. Тынысы шулы (Куссмаул). Өкпе перкуссиясында және аускультациясында өзгерістер жоқ. Іші – жұмсақ, пальпациялағанда ішінің жоғарғы бөлігі ауырсынады. Үлкен дәреті қалыпты. Температура 35,8°. Қандай диагноз дұрыс?

- гипогликемиялық кома

- гипергликемиялық кома

- гиперосмолярлық кома

- диабеттік кетоацидоз

- гиперлактацидемиялық кома

?

15. Бала 11 жаста, стационарға бала есін жоғалтқанда әжесі әкелген. Анамнезінде: қант диабетімен ауырады, инсулин қабылдайды. Соңғы рет инсулинді 1,5 сағ бұрын қабылдаған. Әжесінің сөзіне қарағанда бала бірден бозарған, терлеген, есін жоғалтқан. Қарағанда: терісі бозарған, ылғалды; бұлшық ет тонусы қалыпты, ацетон иісі жоқ, пульсі минутына 110 рет, қанағаттанарлық. АҚ - 90/60 мм; тынысы қалыпты, іші жұмсақ, бауыр ұлғаймаған, температура 36,4°. Қандай диагноз тура келеді?

- гипогликемиялық кома

- гипергликемиялық кома

- гиперосмолярлық кома

- диабеттік кетоацидоз

- гиперлактацидемиялық кома

?

16. Бала 4 жаста. Шағымдары: тәбеті төмен және кіндік тұсында ауырсыну, тамақ қабылдауымен байланысты емес. Ауырсыну қысқа уақытта және өздігімен жойылады. Объективті: жағадйы қанағаттанарлық. Тамақтануы қалыпты. Тілі ақ жамылғымен жабылған. Ішті пальпациялағанда ауырсынусыз. Үлкен дәреті қалыпты, дизуриялық белгілер жоқ. Үлкен нәжісінде құрттар табылмаған. Қандай диагноз дұрыс?

- асқазанның функционалдық бұзылуы

- қарапайым диспепсия

- жедел гастрит

- дисбактериоз

- энтеробиоз

?

17. Бала 11 жаста. Шағымдары: эпигастрий аймағында әлсіз ауырсыну, тамақ қабылдағаннан кейін пайда болды, кекірік, эпигастрий аймағында ауырлық сезімі. Анамнезінде: осы шағымдары 2 жасынан мазалайды. Анасында – созылмалы гастрит. Объективті: баланың жағадйы қанағаттанаралық. Тыныс алу, жүрек қан тамыр жүйелерінде өзгерістер жоқ. Ішті пальпациялағанда – эпигастрий аймағында белгісіз ауырсыну, үлкен дәреті қалыпты. Қандай аурумен салыстырмалы диагноз жүргізуге болады?

- созылмалы гастродуоденитпен

- геморрагиялық васкулиттің абдоминальды түрімен

- крупозды пневмониямен, абдоминальды синдромымен

- өт жолдарының ауруларымен

- дизбактериоз

?

18. Бала 13 жаста. Шағымы: іштің түнде және ашқарында ауырсынуы, әртүрлі интесивті, тамақ қабылдағанда ауырсыну қайтады, қыжылдау, кекірік, жүрек айну, үлкен дәреті қатуға бейім. Анамнезінде: 10 жасынан ауырады, гастродуоденит диагнозы қойылған, мерзімдік өршуі байқалады. Диета ұстамайды. Анасында, атасында – ойық жара ауруы. Объективті: баланың жағдайы қанағаттанарлық, физикалық дамуы орташа. Тілі ақ жамылғымен жабылған. Ішін пальпациялағанда эпигастрий және пилородуоденалды аймағында ауырсыну, Мендель симптомы оң. Бауыры ұлғаймаған. Қандай диагноз тура келеді?

- өт шығару жолдарының дискинезиясы

- созылмалы холецистит

- 12елі ішектің ойық жарасы

- созылмалы гастродуоденит

- созылмалы панкреатит

?

19. Бала 3 жаста. Шағымдары: жиі ішінің өтуіне, тәбеті нашар, салмақ қоспауына. Анамнезінде: бала 1 жүктіліктен, 3400 г салмақпен туған, бойы 51см. Алғашқы күннен бастап үлкен нәжісі тұрақсыз. Ол стафилококкты энтероколит немесе дисбактериоз деп бағаланған. 11 айлығында энтероколлитпен ауырған. Бір жаста салмағы 8700г, 2 жасында -10 кг, 3 жасында 10,5 кг.сүт тағамдарын жақтыртпайды. Ферменттермен және биопрепараттарды қабылдаған. Әкесі сүтті жақтыртпайды. Қарағанда: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Жұмсақ тін тургоры төмен, терісі бозғылт. Іштің кебуі байқалады. Пальпация кезінде тоқ ішектің қорылдауы байқалады. Бауыр -1,5см. Қандай диагноз туралы ойлауға болады?

+лактоза жақпауы

- муковисцидоз

- целиакия

- хлоридтық диарея

- натриялық диарея

?

20. Бала 1 жаста. Шағымы: сұйық нәжіс (1 күнде 3 рет), салмақ қоспауы. Анамнезінде: қалыпты жүктілік, туған салмағы 3300 г, бойы 51 см, 4,5 айға дейін табиғи тамақтануда. Тамағы: манна ботқасы, лоқсу пайда болған, жиі, көлемді, көпіршікті, иісі жағымсыз, сұйық нәжіс. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Салмағы - 7500 г. Бозару және терінің құрғауы, глоссит, афтозды стоматит. Іші үлкен, үрленген, пальпациялағанда ауырсынусыз, копрограммада май қышқылдары және сабындар көп, бауыры +2см, көк бауыры ұлғаймаған. Сіздің болжам диагнозыңыз?

- лактозаға төзімсіздік

- муковисцидоз ішек түрі

- целиакия

- ұйқы безінің гипоплазиясы

- дисахаридтік кемістік

?

21. Нервопатолог қабылдауында 11 жасар қыз бала. Дәрігерге қаралмастан бұрын 1 ай бұрын баспамен ауырған. Соңғы кездері тез шаршағыш, үлгерімі нашарлап, тітіркендіргіштік пайда болды, жылауық, мимикалық бұлшық еттерінің тартуы, жүрісінің тұрақсыздығы, жазуы өзгерген. Объективті қарағанда: жүрек шекараларының кеңеюі, тахикардия, жүрек ұшында систолалық шу, сонымен қатар бұлшықет тонусы төмендеген және сіңірлік рефлекстері де төмендеген, координациялық сынамалардың бұзылуы. Дәрігер қойған диагноз: жедел ревматикалық қызба (кіші хорея), аурудың этиологиясы қандай?

- вирустық этиология

- стрептококктық инфекция

- аденовирустық инфекция

- стафилококктық инфекция

- ротовирустық инфекция

?

22. 10 жасар балада баспамен ауырғаннан кейін 2 аптадан сон дене қызуы 38° жоғарлаған, алдымен тізе буынында, кейін сирақ, тобық буынының ауырсынуы, қызаруы және ісінуі пайда болды. Объективті қарағанда: ісіну, қозғалысының шектелуі және тізе, сирақ тобық буынында ауырсыну, жүрек шекараларының солға қарай ұлғаюы, тахикардия минутына 108 ретке дейін, 1 тонның бәсіңдеуі, жүрек ұшында және Боткин нүктесінде музыкалды систолалық шу. АҚҚ 90/50 мм.с.б. Қан анализінде: Эр - 4,3х 1012/л, НЬ - 132 г/л, Л -12хЮ12/л, СОЭ-48мм в I сағ. Алдын ала қойылған диагноз: Ревматизм? Диагнозды нақтылау үшін қандай лабораторлық-құралдық зерттеу жүргізу керек?

- СРБ, сиал қышқылы, стрептококктық антидене титры, ЭКГ

- құрсақ қуысының УДЗ

- кеуде клеткасының рентгенограммасы

- эхоэнцефалограмма

- қанның биохимиялық анализі (АЛАТ, АСАТ)

?

23. Бала 1,5 жаста. Шағымдары: әлсіздік, тамақтан бас тартуы, дене қызуының 38° көтерілуі, мұрын бітуі, жөтел. 7 күн ауырып жүр. Соңғы 2 күнде катарльді көріністермен температураның азаюына қарамастан жағдайы нашарлаған. Объективті қарағанда: жалпы жағдайы ауыр, тері жамылғысы бозарған, аңқасы қызарған. Өкпе перкуссиясында айқын өкпелік дыбыс, аускультацияда қатаң тыныс, сырылдар естілмейді. Жүрек шекаралары: оң жақ – оң парастерналды сызығынан, жоғарғы –екінші қабырғадан, сол жақ – сол жақ ортаңғы бұғана сызығынан 3см сыртқа. Пульс - 180 рет минутына тондары ырғақты, ұшында нәзік систолалық шу естіледі. Қандай лабораторлы-құралдық зерттеулерді дереу жүргізу қажет?

-жалпы зәр анализі

- СРБ, сиал қышқылы, ЛДГ, ЭКГ

- коогулограмма

- миелограмма

- жалпы билирубин, темір сарысуының ТТТ

?

24. 4 жасар бала ауруханада полисегментарлы пенвмониямен жатыр. 6 –шы күні баланың жалпы жағдайы нашарлады, әлсіздік, ентігу, тахиаритмия, жүректің көлденең шекарасының ұлғаюы, жүрек үндерінің әсіресе 1 тонның күшеюі, функционалдық, систолалық шудын пайда болуы анықталады. Осы баланың жағдайының нашарлауы немен байланысты?

- нейротоксикозбен

- эндокардитпен

- перикардитпен

- өкпе ісінумен

- миокардитпен

?

25. 5 жасар бала. Шағымдары: зәр шығарудың жиілігін және ауырсынуына, ішінің ауырсынуына. Дене қызуы 38,5°, әлсіздік. Ауырғанына 3 күн болды. Зәр анамнезінде: нәруыз- 0,099 г/л, лейкоциттер - 20-30 көз аймағында, бактерии ++. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

- жедел гломерулонефрит

- цистит

- тубулопатия

- тұқымқуалаушы нефрит

- жедел пиелонефрит

?

26. 3 жасар бала. Шағымдары: көп көлемде ісінулер, әлсіздік, диурез төмендуі, 1 апта бұрын пайда болған. Анамнезінде бірнеше рет тағамдық аллергиялар болған. Жалпы қарағанда: хал жағдайы ауыр, бет, аяқ бетінде айқын ісінулер бар, асцит көріністері байқалады. Жүрек тондары айқын. АҚ-90/50 мм с.б. Бауыр – қабырға доғасынан 4см шыққан. Зәрдің клиникалық анамнезінде: аққуыз - 20 г/л, лейкоцит. 0 - 1 көру аймағында, эритроцит. 0 - 1 көру аймағында, гиалинды цилиндрлер 2-3 көру аймағында. Тәуліктік диурез 200 мл. Бұл қандай синдромға тән?

- нефротикалық синдром

- нефритикалық синдром

- Берже синдромы

- гематуриялық синдром

- гипертензиялық синдром

?

27. Бала 9 жаста. Шағымдары: сирек кіші дәретке отыру, зәр түсі өзгеруі («ет жуындылары»), субфебрильді температура, жағдайының нашарлауы. 3 апта бұрын қызғымақпен ауырған. Жалпы қарағанда: бет ісінуі, АҚ - 140/90 мм с. б., жүректің жиырылу жиілігі 120 рет минутына, іші – пальпацияда ауырсынусыз, бауыр мен көк бауыры ұлғаймаған. Диурез төмендеген. Анамнез және клиникалық көріністері негізінде қандай диагноз қоюға болады?

- жедел пиелонефрит

-жедел постстрептококкты гломерулонефрит

- жедел цистит

- тұқым қуалаушылық нефрит

- зәр-тас ауруы

?

28. 6 жасар қыз бала. Шағымдары: іштің ауырсынуы. Анамнезінде 1 апта бұрын жедел респираторлы аурулармен ауырған. Зәрдің 2 реттік анализінде: аққауыз - 0,033 г/л, лейкоцит 16 - 20 көру алаңында, дизуриялық көріністерімен интоксикация симптомдары жоқ. Жалпы қарауда: ішкі ағзаларында патологиялық өзгерістер жоқ. Дәрігермен болжам диагноз қойылған: зәр шығару жолдарының инфекциялары. Қандай аурумен ажыратпалы диагноз жасау керек?

- пиелонефритом

- тұқы қуалаушылық нефритом

- зәр шығару жолдарының дискинезиясы

- холецистит

- зәр-тас ауруы

?

29. 8 жасар қыз бала. Шағымдары: ауырсынумен жиі зәр шығару, субфебрильді температура, әлсіздік. Анамнезінен: 5 және 7 жасында жоғары температурамен 38-38,5° лейкоцитурия эпизодтары байқалған. Амбулаторлы емделді. Жалпы қарауда: бел аймағында оң жағында ұрғылау симптомы оң, қалған мүшелері патологиясыз. Қанның клиникалық анализінде: лейкоцит - 10,5x10 /литр, ЭТЖ - 26 мм/сағ. Зәр анализінде: тығыздығы 1018, аққауыз - 0,099 г/литр, лейкоцит. 50-60 көру аланында, бактерия +++. Анамнез бойынша қандай ауру туралы ойлауға болады?

- созылмалы гломерулонефрит, ремиссия сатысы

- жедел цистит

- зәр-тас ауруы

- созылмалы пиелонефрит

- интерстициалды нефрит

?

30. Бала 7 айда. Туғаннан табиғи тамақтануда. Шағымдары: мазасыздық, ұйқысы нашар. Жалпы қарауда: маңдай және самай төмпешіктерінің ұлғаюы, рахиттік «тасбиік», іші үлкейген кеуде көкрегінің төменгі аппертурасының кеңеюі, бауыр шеті қабырға доғасынан 3 см шыққан, көк бауыры пальпациаланбайды. Қан сарысуында: Са - 1,7 мм/л, Р - 1.12мм/л. Қандай диагноз қоясыз?

- рахит II, өршу кезеңі, жедел асты ағымы

- рахит I, жедел ағымы

- рахит III, жедел асты ағымы

- «Д» витамин тәуелсіз рахит

- хондродистрофия

?

31. Балаға 6 ай. Шағымдары: қозғыштық, енжарлыққа, ұйқысы нашар, тәбітінің төмендеуі, тершеңдік, теріде бөртпелер. Жалпы қарауда: жағдайы қанағаттанарлық. Тері жамылғылары ылғалды, баздану тері бүкпелерінде шүйде сүйгенін жалпақтануы «бақа тәрізді» іш, буындардың босауы. Диагноз: рахит II, жеделдеу ағымы, өршу кезеңі. Д2 витаминінің курстық мөлшерін тағайындаңыз?

- курстық доза 300-400 мың. ХБ

- курстық доза 100-200 мың. ХБ

- курстық доза 600-800 мың. ХБ

- курстық доза 1 млн ХБ

- курстық доза 900 мың. ХБ

?

32. Балаға 3 ай. Шағымдары: мазасыздық, ұйқы бұзылысы, тершеңдік. Симптомдары – 2 ай бойы болған. Жалпы қарауда: тершеңдік, баздану, шүйдесінің тақырлануы, үлкен еңбегінің шеттері жұмсарған. Диагноз: рахит I, бастапқы кезеңі, жедел ағымды. Спецификалық емес ем тағайындаңнар?

- УФО №20

- Д2 витаминің беру

- Д3 витаминін беру

- цитраттық қоспа

- балық майы

?

33. Бала 6 айында. Шағымдары: әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, құсу, іш қатуына. 2 апта бойы балаға берілген майлы ерітінділермен, Д витаминімен 5000 ME тәулігіне 4 рет. Жалпы қарауда: жағдайы орташа ауырлықта, әлсіз, тері асты май қабаты жұқарған, тері серпімділігі төмендеген, бауыр ұлғайған. Диурезі қалыпты. Токсикоздың белгілері бар. Бала жағдайының нашаралауы неге байланысты?

- Д вит. көп мөлшерде қабыладауы

- диспепсия

- Д2 вит. курстық дозасының жеткіліксіздігі

- тамақтану режимінің бұзылуы

- токсикоинфекция

?

34. 2 айлық баланы дәрігер тексерген кейін, рахиттің алдын алу үшін тағайындады: 1) массаж; 2) таза ауада серуендеу; 3) УФО № 15. Қандай нұсқаулар рахиттың арнайы емес алдын алуына жатады?

- УФО

- режим, массаж, серуендеу

- Д2 вит. майлы ертіндісін беру

- Д3 вит. сулы ерітіндісін беру

- Д2 вит. спиртті ертіндісін беру

?

35. Дәрігер акушер 20 жасар жүкті әйелмен (365 апта мерзімде) мешелдің антенатальды алдын алуы жайлы әңгіме жүргізді. Ол нұсқау берді: витаминге бай тамақтармен тамақтану, таза ауада көп демалу, УФО курсымен күн тәртібін сақтау. Дәрігердің мешелдің спецификалық алдын алуына қандай кеңестері жатады:

- УФО

- массаж

- таза ауада демалу

- Д тобының витмаиндерін қабылдау

- режим (тәртіп)

?

36. Бала 11 айында көктемде қаралған. Шағымы: жалпы жағдайының қанағаттанралық және дене температурасының қалыпты, 2 күн бойы бірнеше рет қайталанған тырысуларға шағымданады. Объективті қарағанда: жағдайы қанағаттанарлық самай мен маңдайында айқын байқалатын төмпешіктер, рахиттің «білезік және тасбиік» ішінің үлкеюі, үлкен еңбек -0,2-0,2 шеттері тығыздалған, нерв-бұлшықеттің қозғыштықтың симптомдарының оң болуы: Хвостеке, Люста, Труссо. Тырысудың этиологиясы қандай?

- гипергликемиялық тырысу

- гипокальцемиялық тырысу

- гиперкальцимиялық тырысу

- гипокалийемиялық тырысу

- гипонатриемиялық тырысу

?

37. Бала 2 жаста. Шағымы. Аяғының О-тәрізді дефорациясы. Дамуы қалыпты. 8 айлығына дейін төспен емізуде болған, мешелдің алдын алуы УФС түрінде алған. Күнделікті 3 сағ,таза ауада болады. Бір жастан кейін бала жүре бастады, сол кезде балтырларының қисаюы байқалған, соңғы кездері деформация кенеттен көбейген, жүрісі өзгерген, рахиттың арнайы емін алады. Лабораторлық зерттеулерде: гипофосфатемия, гиперфосфатоурия, қанында және зәрінде кальций қалыпта. Төмендегі диагноздардың қайсысы сенімдірек?

- фосфатдиабет

- бүйрек глюкозурия

- Фанкони синдром

- бүйректік қантсыз диабет

- бүйректік ацидоз

?

38. Бала 3 айлық. Шағымы: мазасыз, дене салмағының аз қосуы, іш қатуға бейім. Еркін төспен емеді. Таза ауада сирек шығады. Туылғандағы салмағы 3100г, бойы 50 см. Объективті: іштің тері асты май қабаты жұқарған және жұмсақ тіндердің тургоры төмендеген. Салмағы 4320г, бойы 59см. Бақылауық салмақ өлшеуінде 80 мл сут сорып алды. Балада қандай ауру туралы ойлауға болады?

- гипостатура

- гипотрофия

- паратрофия

- Квашиоркор

- нормотрофия

?

39. 6 жасар бала, дәрігерге қаралынды. Шағымдары жоқ. Туылғандағы салмағы 3200 г., бойы 51 см. 2 айдан бастап жасанды тамақтануда. Тәбеті жақсы. Тамақтануы ретсіз, күніне 3 рет манка ботқасын жейді. Объективті қарағанда: салмағы 9500 гр., терісі бозғылт, солғын, ұлпа тургоры төмендеген. Мешел белгілері бар. Нәжісі ботқа тәрізді, жағымсыз иісті. Тамақтанудың бұзылысының қандай түрі?

- гипостатура

- гипотрофия

-паратрофия

- Квашиоркор

- нормотрофия

?

40. Балаға 2 ай. Жиі түрде лоқсу мен құсуға, іштің қатуына, мазасыздыққа шағымданды. Туғандағы салмағы 3400 гр., бойы 51 см. Қазіргі салмағы 4000гр., бойы 55 см. Табиғи тамақтандырылуда, анасының сүті жеткілікті. Лоқсу туылғаннан кейін бірден пайда болды. Объективті қарау: бозғылт, денесінде тері асты май шелі қабаты жоқ, аяқ-қолдарында май қабаты жұқарған, ұлпа тургоры төмендеген. Сіздің диагнозыңыз?

-пилороспазм

-пилоростеноз

-адрено-генитальды синдром

-целиакия

-Дебре-Фибигер синдромы

?

41. Бала 1 айда. Күніне 3 рет массивті «фонтан» тәрізді құсуға, 1 апта бұрын бастаған бірден арықтауы, нәжісінің болмауына, кіші дәреттің сирек болуына шағымданады. Бала табиғи тамақтандыруда, 1-ші айда 700гр қосқан. Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта туғандағы салмағы 3500гр. Тері асты май қабаты денесімен аяқ-қолдарында жоқ. Қандай диагноз болжамдайсыз?

- пилороспазм

-пилоростеноз

- адрено-генетальды синдром

- целиакия

- Дебре-Фибигер синдромы

?

42. Бала 1,5 ай. Туылғындағы салмағы 2100 грамм шала туылған. Табиғи тамақтандыруда анасының сүті жетікліксіз. Салмақты жақсы қосады. Ауырмаған. Қарағанда: жағадайы қанағаттанарлық, терісі бозғылт. Қан анализінде: эр - 3,1х10|2/литр, Нв - 90 г/л, түстік көрсеткіш - 0,82. Ақ қан түйіршіктерінде өзгеріс жоқ. Қандай диагноз қоясыз?

- Минковский-Шоффара анемиясы

-шала туылғандар анемиясы

- Талассемия

- апластикалық анемия

- гипопластикалық анемия

?

43. Бала 9 ай. Шаршағыштыққа, тәбетінің төмендеуіне, бозаруға шағымданады. Қарағанда: тері және шырышты қабатының бозаруы, терінің қатпарлануы және құрғақтануына, бұлшық еттің гипотониясы, тахикардия. Функционалды систолалық шу. Қан анализінде: эр - ЗхЮ|2/литр, НВ - 70 г/л, түстін көрсеткіші- 0,7, гипохромия - ++, ретикулоциттер - 1,8 %. Сарысудағы темір – 7,2 ммоль/л. Транферринмен темірдің қанығуы төмен. Қандай анемияға қандағы өзгерістері тән?

- теміржетіспеушілік анемия

- витамин жетіспеушілік анемия

- аққуыз-жетіспеушілік анемия

- фолижетіспеушілік анемия

- постгеморрагиялық анемия

?

44. Бала 3 жаста. Енжарлық, тамақтан бас тарту, құсу, іштің кенет ауырсынуына шағымданады. Эпизодтар бірнеше рет қайталанды. Балада перзентханада созылыңқы сарғаю байқалған. Rh — конфликтімен байланыссыз және АВО қан жүйесінің сәйкессізді анықталды. Қарағанда: жағдайы ауыр, жүрек шекаралары кеңейген, тахикардия. Бауыр қабырға доғасынан 6 см., көкбауыр 4 см түседі. Зәрі тұнық, нәжісі боялған. Қан анализінде: Эр - 2,4x1012/литр, микросфероциттер басым, Нв — 40 г/л, ретикулоциттер 5%; ЭТЖ — 45 мм сағатына. Анемияға қандай өзгерістер тән?

- Минковский-Шоффар анемиясы

- Талассемия

- апластикалық анемия

- гипопластикалық анемия

- тұқым қуалайтын несфероцитарлы анемия

?

45. Балаға 1 ай. Мазасыздық, бетте, денеде және аяғында бөртпе болуына шағымданады. Бөртпе сүт қоспаларын енгізгеннен бір күн соң пайда болды. Анасында бала кезінде қайталамалы көпіршіктер болған. Педиатр жағынан диагноз қойылған: аллергиялық дерматит. Баланы қандай дәрігер бақылау қажет?

- аллерголог

- гастроэнтеролог

- гематолог

- педиатр

- невропатолог

 

?

46. 5 жастағы бала, жайлауға бірінші келген күні суық тию, түшкіру, жөтел, тамағында гиперемия және ісіну пайда болды. Жағдайы қанағаттанарлық, дене температурасы 36,4°. Бір жасында аллергиялық дерматит басталуы айқындалған. Баланың әкесі бронх демікпесімен ауырады. Қандай диагозды қоюға болады?

- поллиноз

- бронх демікпесі

- қайталамалы обструктивті бронхит

- аллергиялық ларингит

- аллергиялық трахеит

?

47. 4 жасар бала. Іштің ұстамалы ауырсынуына, көп қайталамалы құсуға шағымданады. Ауру жедел басталады. Екі апта бұрын ЖРВИ мен ауырған. Қарағанда: жағдайы ауыр, тері жамылғылары бозғылт. Балтырдың симметриялы бүгу аймағында папулезді- геморрагиялық бөртпе, буындар өзгермеген. Іші жұмсақ, эпигастрий аймағында тоқ ішектің ауырсынуы, температура - 37.6 С. Нәжісінде қан. Қандай вазопатия болу мүмкін?

- Рондо-Ослер ауруы

- синдром Эллерса-Данлоса

-С витамин тапшылығы

- Р витамин тапшылығы

- геморрагиялық васкулит

?

48. 10 жасар бала. Шағымдары: мұрыннан қан кету, теріде қан құйылу. Қарауда жағдайы қанағаттанарлық. Денеде, бетте, аяқта әр түрлі көлемдегі қан құйылулар. Буындары өзгермеген. Қан анализінде: эр - 3.8х1012, НЬ - 100 г/л, тромб.-30хЮ9/л, СОЭ - 24 мм в час. Қан ағу уақыты 18 мин. қан ағу жылдамдығы 2 мин., соңы - 7 мин. Қан ұю ретракциясы жоқ. Диагноз: Верльгоф ауруы. Бұл ауру немен қауіпті?

- тыныс алу жеткіліксіздігі

- жедел жүрек жеткіліксіздігі

- жедел бүрек жеткіліксіздігі

- қан кету

- бүйрек үсті жеткіліксіздігі

?

49. Бала 3 жаста. Ауырғанына 2 ай болды. Тәбетінің төмендегеніне, шаршаңғыштық, субфебрилитет, аяқ ауырсынуына, мұрыннан қан кетумен денесінде көгерулерге шағымданады. Объективті: бала енжар, бозарған, терісі мен денесінде және дене бөліктерінде геморрагиялық дақтар диаметрі 1 см. Ерін шырышты қабаты құрғақ, иек қанталаған. Перифериялық лимфа түйіндері ұлғайған 1-3 см, тығыз, шынжыр тәрізді, ауырсынады. Бауыр қабырға доғасынан 3 см шығып тұрады, көк бауыр +1,5 см. Геморрагиялық диатезге жатпайтын қай ауру туралы ойлауға болады?

-гемофилия А

-тромбоцитопениялық пурпура

-геморрагиялық васкулит

-жедел лейкоз

-тромбоцитопатия

?

50. Аурудың 3 күнінен, 1,5 жастағы бала халының нашарлауына байланысты әке-шешесі дәрігерге қаралды. Шағымы температура жоғарлауы, жиі тыныс, жөтел, тамақтан бас тарту, енжар. Бала жағдайы орта дәрежелі. Өкпені перкуссиясында перкуторлы дыбыс қысқаруы оң жақ жауырын астында байқалады. Тынысы қатты, қысқару аймағында – әлсіреген, соның салдарынан ұсақ көпіршікті ылғалды сырыл естіледі.

Рентгенограммада өкпелік сүреті күшейген, оң жағында майда ошақты көлеңкелер. Жедел пневмонияның морфологиялық түрін анықтаңыз.

-ошақты

-сегментарлы пневмония

-полисегментарлы

-крупозды

-интерстициальды

?

51. Бала 4 жаста, стационарда полисегментарлы пневмония бойынша емделеді. Стационарда жатқанында 5 –ші күнінде жағдайы күрт нашарлады, тыныс жеткіліксіздігі салдарынан. Объективті: жағдайы ауыр, тері қабаты бозарған, сұрғылт реңді, мұрын ауыз ұшбұрышы аймағында айқын цианоз. Тыныс алғанда қосымша бұлшықет қатысады,тыныс алғанда сол жақ өкпе тыныс алуға қатыспайды. Перкуссия жасағанда сол жақ кеуде қуысында төменгі бөлігінде тұйықталу Гарлянд пен Раухфус үшбұрыштары перкуторланады. Сол жақта дыбыс дірілі төмендеген. Бала жағдайының нашарлауы неге байланысты.

-гидроторакс

-пиопневмоторакс

-пневмоторакс

-токсикоз

-деструктивті пневмония

?

52. 1 жас 2 айлық баладағы ЖРВИ диагнозы қойылған. Емінде қандай үстел № тағайындау қажет:

- 15

- 16

- 5

- 16б

- 1

?

53. Менингококкты инфекциямен ауырған балаға люмбальді пункция жүргізгеннен кейін қанша уақытқа қатаң төсектік тәртіп тағайындалады:

- 1 сағат

- 2 сағат

- 3 сағат

- 4 сағат

- 5 сағат

?

54. 4 жастағы қыз бала қызуының жоғарылауымен, қайталап құсумен жедел ауырды, 2 күні көзінің қасаң қабығының тамырларының инъекциясы пайда болды, аңқасында шамалы гиперемия, бадамша бездерінде ұшықтық бөртпелер бар, нәжісі сұйылған тәулігіне 3 рет. Диагнозын қойыңыз:

- менингит

- ЖРВИ

- ұшықтық инфекция

- энтеровирустық инфекция

- жедел ішектік инфекция

52. 1,5 жасар бала. Шағымы: дене қызуы- 39,20 С. Сирек жөтел мазасыздық. Объективті: жағдайы орташа ауырлықты. мазасыз. Тері жамылғысы ашық-қызыл, таза. Мұрыннан шырышты бөліндер бөлінеді. Аңқада айқын гиперемия. Тыныс жиілігі – минутына 32. Өкпе дыбысы анық. Қатаң тыныс, сырыл жоқ. Пульс- 150сағ/минутына. Жүрек тоны –қатаң, ырғақты, менингеальды симптомдар (-). Сіздің болжам синдромыңыз.

-гипертермиялық

-тырысулық

-геморрагиялық

-өкпе тінінің тығыздалу синдромы

-бронхобструктивті

?

53. 10 айлық бала. Шағымы: әлсіздік, жөтел, тағамнан бас тарту, дене қызуы 39,40С. Объективті: жағдайы ауыр, әлсіз, қарағанда жауап бермейді. Мұрын арқылы тыныс алу қиындаған. Тері жамылғысы бозарған, «мәрмәр» тәрізді, аяқтары суық. Пульс – 160соққы/минутына, әлсіз. Жүрек тоны күңгірт ырғақты. Айқын өкпелік дыбыс. Перкуторлы дыбыс оң жақта тұйықталған. Тыныс алуы қатаң, сырыл жоқ. Гиперстезия. Мүмкін болатын асқыну?

-нейротоксикоз 2 дәрежелі

-нейротоксикоз 1 дәрежелі

-нейротоксикоз 3 дәрежелі

-бас миының ісінуі

-серозды менингит

?

54. 6 жастағы балаға бронх демікпе ұстамасына жедел дәрігер шақырылды. Анамнезінен 4 жастан бастап бронх демікпе ұстамасы болып тұратыны анықталған. Аллергологқа қаралған, үй шаңына сезімталдығы бар, өнімді тағамдарған. Ұстаманы өздігінен қайтаруға болмаған. Жағдайы орташа ауырлықта, бозғылт. Экспираторлы ентігу, тыныс алуға қосымша бұлшықеттер қатысады. Дем алу 1 мин - 40 рет. Дистантты сырыл естіледі. Перкуторлы өкпе дыбысы «қорап» тәрізді дыбыспен жүреді. Демалысы әлсіз, жайылған құрғақ сырыл. Қандай ем міндетті түрде жүргізу керек?

-сальбутамол

-кетатифен

-кромоглюконат Na

-недокромил

-тайлед

?

55. 11 айлық бала. Шағымдары: қалыпты жағдайда қол аяғының тырысуы. Бала қалыпты жүктіліктен және босанудан. Соңғы уақытта көктем болғандықтан анасы баласымен далада көп болады. Алғашқы 6 айлығында витамин Д2 балаға 1 рет аптасында берілген. Объективті: хал-жағдайы қанағаттанарлық, есі анық, маңдай төбе төмпешіктері айқын көрінеді, шүйдесі жалпақ, кеуде көкірегі деформацияланған, аяқтары «Х» тәрізді. Бұлшықеттің гипотониясы байқалады. Менингеальды симптомдар «-». Түскенде спазмофилияны күдіктеген. Спазмофилияның жасырыңды белгілерін атаңыз.

-ларингоспазм

-карпопедалды спазм

-эклампсия ұстамасы

-«акушер» қолы

-Хвостек феномы

?

56. Бала 11 жаста. Эпигастрий аймағында ауырсыну, тамақтанудан кейін лоқсу, құсу. Ауамен кекіру. Анамнезінде: 3 жылдай ауырады. Диета мен режимді сақтамайды. Ауырған аурулары: 3 жасында жедел гастроэнтерит, энтеробиоз. Анасында жедел гастродуоденит. Объективті: бозарған, көз астында «көлеңке». Тілі ақ жамылғылы. Тыныс алу жүйесі мен жүрек қан-тамыр жүйесінде өзгерістер жоқ. Іш аймағын пальпациялағанда пилородуоденальды аймақта ауырсыну. Бауыры ұлғаймаған. Іш қатуға бейім. ФГДС-та 12 елі-ішектің буылтығының ойығы. Ойық жараның агрессивті факторын атаңыз

-кілегейлік қорғаныш барьер

-белсенділік регенерация

-толық қантамасу

-ішектік антродуоденалдық тормоз

-пилорикалық геликобактер

?

57. 12 жасар бала. Буындарының ісінуіне, қызаруына, ауырсынуына шағымданды, теріде бөртпелер. Объективті: жағдайы ауыр. Терісі бозғылт. Әрі буындарда анулярлы эритемалар. Оң сирақ табандық және екі тізе буындары гиперемияланған, мөлшері ұлғайған, ұстағанда ыстық ауырсынады. Жүрек шекаралары сол жаққа ұлғайған, тоны тұйықталған- үрдемелі систолалық шу естіледі, жүректен тыс аймаққа беріледі, пульс-110 рет минутына, АҚҚ 90-60мм с.б. Қан анализі: лейкоциттер-12,6*109/л, ЭТЖ-58 мм/сағ, лимфоцит-18 %, нейтрофил-70%, таяқша ядролы -2%, ЭКГ -1 дәрежелі атриовентрикулярлы блокада, бұлшықеттік өзгерістер. Жалпы қан анализіндегі өзгерістер. Қан биохимиясында: СРБ++++, АСЛ-0 800. Ревматизмнің белсенділік дәрежесін анықта?

- белсенділік фазасы

-1 белсенділік фазасы

-2 белсенділік фазасы

-3 белсенділік фазасы

- жасырын түрі

?

58. 6 айлық балада систолалық шу анықталды. Анамнезінен бала 1 –ші қалыпты жүктіліктен және уақытымен босанылған, туылғандағы салмағы 3400 г, бойы 52 см. Объективті: жүрек аймақ клеткаларының деформациясы жоқ, жүрек түрткісі өзгермеген, шекаралары – жасына сәйкес. Жүрек тондары ырғақты, қатты, жүрек түрткісінде, Боткин нүктесінде функционалдық систолалық шу, қысқа орташа ырғақты. Пульс 126 рет минутына. Бауыры ұлғаймаған. Балада жүрек жағынан өзгерістерне байланысты емді керек етеді?

-керек

-керек емес

-жүрек гликозидтерін тағайындау

-антибиотик тағайындау

-витаминдер тағайындау

?

59. 14 жастағы баланың қанында LE жасуша тексерілген, антинуклеарлы фактормен ДНК- ға қарсы антиденелер жоғары титрде. Аталған диагноздардың қайсы болуы мүмкін?

- жүйелік қызыл ноқта

- склеродермия

- геморрагиялық васкулит

- түйінді периартериит

- Бушке склеремасы

?

60. Бала 4 жаста, стационарға жедел жәрдеммен жеткізілді, 3 күн бұрын жедел ауырған. Ауру жөтелмен, дене қызуының 37,70 басталған. Емделмеген. Бала 2 – ші жүктіліктен, 2-ші босанудан. Туылғандағы салмағы 3400,0гр, бойы 55 см. 1 жасқа дейін табиғи тамақтануда. 1 жастан кейін цитрусқа аллергиялық бөртпелер пайда болған. 6 айынан бастап 2 рет жылына ЖРВИ - мен ауырған. Анасында бронх демікпесі бар, әкесінің дені сау. Аталған факторлардың арасында қайсы әсер еткен?

-уақытынан ерте босану

-ірі ұрық

-ерте жасанды тамақтану

-аллергиялық анамнезі жағымсыз

-жиі ЖРВИ

?

61. 2 айлық бала. Анасының айтуы бойынша қорқақтық, мазасыздық, ұйқысының бұзылуына, тершеңдікке шағымданды. Анамнез бойынша - бала жасанды тамақтануда, сиыр сүтімен қоректенеді. Витамин Д2 алған жоқ. Биохимиялық қан анализінде: фосфор төмен, кальций қалыпты. Рахиттің кезеңін атаңыз

-бастапқы кезең

-өршу кезеңі

-реконвалесценция

-қалдықтық көрініс

-қайталамалы

?

62. Бала 2 жас 6 айлық. Қарағанда: сүйек жүйесінің деформациясы, тісінің дұрыс өспеуі байқалады. Кальций және фосфор, сілтілік фосфотаза қалыпты. Анамнез бойынша бала рахитпен ауырған. Рахиттің кезеңін анықтаңыз.

- бастапқы кезең

-өршу кезеңі

-реконвалесценция

-қалдықтық көрініс

-қайталамалы

?

63. 8 жасар бала. Диагнозы «Ревматизм». Тыныс алу жиілігі 60%, жоғары қалыпты жағдайы, жүрек жиілігі 50% қалыпты жағдайдан. Өкпесінде ылғалды майда көпіршікті сырылдар, акроцианоз, гепатомегалия, бетінің ісінуі. Қанайналу жеткіліксіздігінің дәрежесін анықтаңыз.

-ҚЖ0

-ҚЖ І

- ҚЖ ІІА

-ҚЖ ІІ Б

-ҚЖ ІІІ

 

?

64. 6 жастағы балада біріншілік ревматизм ақаусыз. Осы балада бициллинмен екіншілік алдын алуы жоспары қандай

-3 жылдық, 2 жыл- мерзімдік

-2 жылдық, 3 жыл- мерзімдік

-5 жылдық

-мерзімдік

-1 жыл мерзімдік

?

65. жасар балада қайталмалы ревматизм митральдық жетіспеушілігімен. Екіншілік бициллинмен алдын алу жоспары қандай

-3 жылдық, 2 жыл - мерзімдік

-2 жылдық, 3 жыл -мерзімдік

-5 жыл жыл бойы алдын алу

-3 жыл мерзімдік

-5 жыл мерзімдік

?

66. Ревматизмен ауыратын балада ТЖ 45% жоғары, ЖСЖ 25% жоғары,гепатомегалия +3 см қабырға доғасынан. Қан айналу жеткіліксіздігінің дәрежесін анықтаңыз

-ҚЖ0

-ҚЖ І

- ҚЖ ІІА

-ҚЖ ІІ Б

-ҚЖ ІІІ

?

67. 12 жасар бала. Біріншілік ревматизм кезінде, балада келесі симптомдар анықталған: тыныс жиілігі 50% және жүрек соғуы жиілігі 50% жоғары қалыпты жағдайдан, бауыры +2 см қабырға доғасынан. Қан айналу жеткіліксіздігінін дәрежесін анықтаңыз

-ҚЖ0

-ҚЖ І

- ҚЖ ІІА

-ҚЖ ІІ Б

-ҚЖ ІІІ

?

68. 10 жасар қыз бала, ара шақаннан кейін, кенет ауырған, тізе және шынтақ буындардың үстінде түйінді бөртпелер пайда болды. Осындай бөртпелер ішкі сандарында, жанбасында пайда болды. Шымшу, бұрау симптомдары теріс, температурасы 37,30С. Қандай вазопатияға тән?

-геморрагиялық васкулит терілік түрі

-тромбоцитопениялық пурпура

-Верльгоф ауруы

-Эбштейн ауруы

-Гиппель-Линдау синдромы

?

69. 8 айлық бала, ауруханаға 390С температурамен және ентігумен түсті, 6 күн ауырған. Қарағанда терісі ақшыл, ентігу, перкуссия кезінде сол жақ жауырын астында перкуторлық дыбыс қысқарған. Осы жерде тыныс әлсіреген. Қан анализінде нейтрофильды лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлаған. Бұлшық етке цефтриаксонды алады. Цефалоспоринның қай тобына жатады?

-І буын

-ІІ буын

-ІІІ буын

-ІV буын

-V буын

?

70. 5 жасар бала, кенет ауырған. Түскендегі: температурасы 37,20С, жиі құрғақ жөтел, тыныс жиілігі 28, перкуторлы өкпелік дыбыс, аускультацияда тынысы қатаң, құрғақ сырылдар, жүрек тондары ырғақты. Қан анализы өзгерісіз. Өкпе рентгенограммасында - өкпе суреті күшейген. Аталған диагноздардың қайсы болуы мүмкін?

-жедел жай бронхит

-обструктивті бронхит

-созылмалы пневмония

-бронх демікпесі

-қайталмалы бронхит

?

71. 3 айлық бала, кенет ұстамалы жөтел пайда болды, ентігу, ұйықтағанда басылады. Анасының айтуы бойынша мойыншақ және бұршақтармен ойнады. Перкуссияда өкпеде қораб тәрізді дыбыс, аусскультацияда везикулярлы тыныс. Қан анализы өзгеріссіз. өкпенің рентгенограммасында өкпенің кебу белгілері бар. Аталған диагноздардың қайсы болуы мүмкін?

-бөгде зат

-обструктивті бронхит

-жедел жай бронхит

-бронх демікпесі

-бронхиолит

?

72. 4 жасар бала түскендегі шағымдары жиі ылғалды жөтел, температурасы 390С, құсу, тырысу, әлсіздік, тәбеті төмен. Қарағанда айқын интоксикация белгілері, тыныс жиілігі 60, аралас ентігу. Перкуссияда оң жақта перкуторлық дыбыс қысқарған, сол жерде аускультацияда тынысы әлсіз, тұрақты майда көпіршікті ылғалды сырылдар, крепитация. Қан анализінде лейкоцитоз, нейтрофилезбен, сол жаққа ығысқан, ЭТЖ жоғарлаған. Диагноз қойылған крупозды пневмония. Крупозды пневмонияның менингеальдық түрі қай бөлігіне орналасады?

-оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде

-сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде

-оң жақ ортаңғы бөлігінде

-сол жақ астыңғы бөлігінде

-оң жақтың астыңғы бөлігінде

?

73. 5 жасар бала. Ауруханада 5 күн, диагнозы: «Жедел оң жақтық ошақты пневмония, асқынбаған». Қабылдайды бұлшық етке пенициллин. Жалпы жағдайы динамикасыз, кейбір кезде қалтырайды, интоксиация симптомы айқын, тәбеті төмен, ентігу бар. Емінде қандай өзгерістер жүргізу қажет

+антибоитикті ауыстыру

-витаминдер беру

-физио емін ауыстыру

-қақырық түсіретін дәрілерді ауыстыру

-ингаляцияны ауыстыру

?

74. 7 айлық бала, туғандағы салмағы 3500, бойы 50см, 2 айға дейін ана сүтімен қоректенген, әрі қарай «В» кефир қоспасымен, 1,5 айынан кейбір кезде алма шырыны берілген. 7 айында көкініс ұнтағы анда-санда беріледі. Диспепсия, ЖРВИ мен ауырған. Қарағанда терісі ақшыл, құрғақ, тахикардия, жүрегінде шу естіледі, бауыры 2см, көк бауыры 1 см. Қан анализында Нв 80г/м, эр 3,5х1012, т.к 0,6 анизоцитоз, пойкилоцитоз, СОЭ 10 мм/сағ. Аталған анемияның қайсы болуы мүмкін?

-темір тапшылық анемия, орташа дәрежесі

-гипопластикалық

-апластикалық

-гемолитикалық (Минковский-Шаффар)

-гемоглобиноза

?

75. 6 айлық бала, шала туған, туғаннан бері жасанды тамақтандыруда, қосымша тамақтарды алмайды. Диспансерлік тексеруі кезінде анықталған Нв 85г/л, эр. 3,8х1012, биохимиялық анализында сары судағы темір 8,2ммоль/л. Темір препараттардың ең маңызды қайсы?

- темір тапшылық анемия, орташа дәрежесі

- темір тапшылық анемия, ауыр дәрежесі

- темір тапшылық анемия, маңызды дәрежесі

- жасырын темір тапшылығы

- гемолитикалық анемия

?

76. 2 жасар бала, терісі ақшыл құрғақ, ауыз аймағында езу сызаты, шашы жұқа, сыңғыш, тырнақтары жұқа, сыңғыш, тәбеті төмен, бор жейді. Жүрек үстінде систолалық шу, бауыры сәл ұлғайған Нв 83г/л, эр 3,5х1012. Аталған диагноздардың қайсы болуы мүмкін?

-темір тапшылық анемия, орташа дәрежесі

-темір тапшылық анемия, жеңіл дәрежесі

-темір тапшылық анемия, ауыр дәрежесі

-жасырын темір тапышылығы

-гемолитикалық анемия

?

77. Науқаста келесі симптомдар анықталған: бетінің көгеруі, аккроцианоз, веналары кеңейген, веналық пульсі оң, аускультацияда семсер өсіндісінде үрілген систолалық шу, жоғарыға және оң жаққа беріледі, тыныс алғанда күшейеді, дем шығарғанда әлсірейді. Бауыры ұлғайған, пальпациялаған кезде бауырда пульсация сезіледі, ол қарыншаның систоласымен синхронды ЭКГда Р тісшесі биік, рентгенограммада жүрек көлеңкесі үш бұрышты, ол оң жақ жүрекшемен қарыншаның үлкеюмен байланысты. Қандай ақау туралы ойлауға болады

-митральды қақпашаның стенозы

-митральды қақпашаның жеткіліксіздігі

-үшжармалы қақпашаның жеткіліксіздігі

-үшжармалы қақпашаның стенозы

-қолқа қақпашаның стенозы

?

78. 10 жасар Даша, бетінде, қолында сәл ісік бар, асцит, олигурия. Жалпы зәр анализінде протеинурия 6 г/л, б/х анализінде – гипопротеинемия, гиперлипидемия. Патогенетикалық емнің қандай түрі маңызды?

-преднизолон

-феррумлек

-Д2 витамині

-кальций глюконаты

-капотен

?

79. 12 жасар бала, жалпы жағдайы орташа. Интоксикация температурасы 38,7 С, «соққылау» симптомы оң. Жалпы зәр анализінде лейкоцитурия, бактериурия. Бүйректің ультра дыбыстық зерттеуінде тостақанша түбек жүйесінде қабыну белгілері. Аталған диагноздардың қайсы болуы мүмкін?

- цистит

- тұқым қуалаушы нефрит

- гломерулонефрит

- пиелонефрит

- интерстициалды нефрит

?

80.Паротиттік инфекция кезінде сірлі менингитті қандай аурулармен салыстыру қажет:

- менингококкты инфекция

- полиомиелит

-энцефалит

- менингизм

- туберкулездік менингит

?

81.Көмей дифтериясында қабыну сипаты қандай:

- катаральді

- фибринозды

- іріңді

- крупозды

- жарамен

?

82. Аңқа дифтериясында баспа сипаты қандай:

- фолликулярлы

- лакунарлы

- некротикалық

- фибринозды-қабыршақты

- некротикалық-жарамен

80. Науқаста дизуриялық бұзылыстар – зәр шығару кезінде ауырсыну, қан анализі қалыпты. Температурасы тұрақты. Зәр анализінде: лейкоцитурия. Аталған диагноздардың қайсы болуы мүмкін?

+ цистит

- пиелонефрит

- гломерулонефрит

- пневмония

- интерстициалды нефрит

?

81. 9 жасар бала, мектепте профилактикалық қарауда зәр анализінде гематурия, артериалдық қысымы төмен. Жанұясында – анасында нефропатия, саңырау. Сіздің болжам диагнозыңыз:

- пиелонефрит

- тубулопатия

- нефротикалық синдром

- тұқым қуалаушы нефрит

- жедел гломерулонефрит

?

82. 10 жасар науқас, бүйрек ауруымен ұзақ ауырады, зерттеу кезінде азотемия, гиперкреатининемия 0,43 ммоль/л, анемия, гипертензия және остеодистрофия.

Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің қандай кезеңі?

-І А

-І Б

-ІІ А

-ІІ Б

-ІІІ

?

83. Бала баспамен ауырған, ацетилсалицил қышқылын және сульфадимизинмен емделген 2 аптадан кейін аяғында және қолында экхимоздар және петехиалар пайда болды, содан соң мұрыннан қан кетті, о&#



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Аналіз та інтерпретація результатів дослідження | Аннотация этапов конкурсной программы
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 859 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Даже страх смягчается привычкой. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2420 - | 2132 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.