Т-қызметтік тағайындалу
Біліктер ҚТ бойынша алуан түрлі және белгілі бір жылдамдық пен айналу моментімен айналу қозғалысын беру мақсатында механизмдер мен бөлшектерді монтаждау үшін, айналдыруда қозғалысты арттыру үшін қызмет көрсетеді.
Конструкциясының алуан түрлілігі
Әр түрлі үлгідегі біліктерді келесі топтарға бөлуге болады:
1) тұрақты диаметрдегі тегіс біліктер;
2) сатылы біліктер;
3) шестерна-біліктер және рейка-біліктер;
4) сәнді бетті немесе мойыны центрден тыс орналасқан арнайы біліктер.
Көрсетілген әр бір топ кеңінен анықталған конструктивті-технологиялықбелгілерімен жіктеледі.
Тұрақты диаметрдегі тегіс біліктер жасалынуда технологиялығы жоғары, бірақ қолданылуы шектеулі. Олар (L,D) өлшемді белгілері бойынша ғана жіктелетін бір конструктивті-технологиялық топты көрсетеді. Осы топты әр түрлі тағайындалудағы өстер мен саусақшалар сипаттайды.
Сатылы біліктер алуан түрлі және жалпымашина жасауда және әсіресе автомоболь мен транспорт өндіру салаларында, ауылшаруашылығы машинасын жасауда, станоктар жасауда кеңінен пайдаланылады.
ТП типтеріндегі жалпы машина жасаудағы қолданылатын сатылы біліктердің орташа өлшемі, геометриялық пішіні бойынша 12 конструктивті топқа және 8 өлшемдік топқа жіктелген, сөйтіп барлығы 96 типтік өлшемдерді құрайды.
(L) ұзындығы және (D) диаметрі байланысты қолданылатын сатылы біліктерге 3-суретте мысал келтірілген.
100
60 65,2
57,3
40
18,4 17 20 20,6
7,3 8,2 8,4
5,8
160 500 800 дейін 12 25 65 дейін
160 500 800 1200 1200 жоғары L,мм 12 25 65 100 100 жоғары D,мм
3-сурет
Көрсетілген диаграммадан төмендегідей аралықтағы диаметрлі біліктердің кеңінен қолданыдатыны байқауға болады:
25÷65 – 65,5%;
65÷100 – 20,6%;
100 жоғары – 8,4%.
Берілген аралық бойынша:
160÷500 – 57,3%;
500÷800 – 18,4%;
800÷1200 – 17%.
Шестерна біліктер салыстырмалы түрде аз қолданылады, шығарылу көлемі бойынша сатылы біліктен кейін 2-ші орында. Жіктелуі бойынша біліктің геометриялық пішіміне байланысты конструктивті тобының саны – шестерналар 12 және өлшемдік тобы 16, барлығы 192 типтік өлшемді құрайды.
Бұл біліктерді өндіру тезнлогиялық жабдықтардың арнайы түрлерін қолдануға негізделген.
Біліктерді жасаудың технологиялық шарттары (ТШ)
Барлық топтардағы біліктер жеткілікті дәлдікпен жасалады, сонда да сипаттамасы жұмысшы отырғызылу бетті, 7-8 квалитеті бойынша орындалатын, кедір-бұдырлығы Rа=1,25÷0,63 мкм, шлицті байланысуының квалитеті 7 мен 8 және тісті тәж элементінің дәлдік дәрежесі 6,7,8 болып табылады.
Сипаттамаларының дәлдігінен, біліктерді жасауға келесі ТШ қойылады:
- «В» отырғызылатын жұмысшы бетін А және Б жалпы геометриялық өсіне қатысты 0,001-ден 0,05мм-ге дейінгі аралықта соғу (4-сурет);
- «Б» тіректі шеттерін А жалпы геометриялық өсіне (шеті өске перпендикульяр емес) қатысты 0,02-ден 0,09мм-ге діейінгі аралықта соғу;
А
Б
В 4- сурет
- геометриялық пішінінің ауытқуы (цилиндрлік, дөңгелектік)1/2÷1/3 өлшемге жіберілу;
- тісті тәжге МЕСТ 13755-81 және МЕСТ 9587-81 бойынша талаптар қою;
- шлицтерге МЕСТ 1139-80,6033 сәйкес талаптар қою.
Технологиялылық
Біліктер конструкциясының технолдогиялылығы- автоматтандырылған өндіріс үшін келесілерді қанағаттандыруы тиіс:
- біліктердің қаттылығын қамтамасыз ету, қаттылық шарты L/Dmax≤ 15;
- білік конструкциясы сатыларның диаметрлері ұзарушы немесе қысқарушы болуы керек;
- біліктің өлшемдері барлық барлық элементтері бойынша қалыпты болуы керек;
- диаметрлерінің азаюы көп болмауы керек;
- мойындарының ұзындығы тең немесе өзара қалдықсыз болуы керек;
- біліктер конструкциясының жеке элементтерінің шеттік бетері болуы керек;
- біліктер конструкциясы өтімдерге өңдеуді жібере алуы керек;
- кесуші аспаптың кіріп-шығуына қолайлы жағдай жасауы керек.
Арнайы біліктердің технологиялылығы олардың жұмыстарының өзіне тән шартарының түрлермен үнемі қамтамасыз етпеуі мүмкін, нәтижесінде осы біліктерді өңдеу кезінде арнайы жабдықтар түрін қолданудың қажеттілігі туындайды.
Материалдар
Біліктерді жасауға қолданылатын материалдар алуан түрлі. Нақты материал маркасын қолдану біліктің ҚТ-на, жүктеме шамасына, жұмыс сипаттамасына, тозуға қарсылық шарттарына, ұсынылатын жүктемелердің сипаттамаларына (статикалық, динамикалық), жұмыс істеу ортасына (қажалуы, бейтараптығы), температурасына (төменгі, жоғарғы) және басқа да шартарына байланысты болады.
Негізінен біліктердің барлық типтері конструктивті және легирленген болаттардан жасалынады. Біліктерді жасауға арналған болат маркаларының кең тарағандары – 20, 35, 40, 40Х,45.
Беріктігі жоғары және жоғарлатылған біліктер үшін, сонымен бірге ерекше сипаттамалы біліктер үшін болаттардың жоғары легирленген түрлері – 20Х, 20ХН, 20Х2Н4Л, 12Х43, 18ХГТ, 20ХГНТР, 25Х2ГНТА, 40ХН, 40Г, 35ХГС, 30ГХТ, 40ХТ, 40ХНМА, 40ХГТР қолданылады. ослармен қоса ерекше жағдайларда материал ретінде 30Л және 40Л құйма маркаларын қолданады, сонымен бірге жоғары легирленген модификацияланған шоын да қолданылады.
Технологиялық базаларды таңдау
Базалар. Станоктарда өңдеу кезінде келесі беттерді бөлуге болады:
- жұмысшы аспаптың әсер етуіне ұшырайтын, өңделуші беттер;
- өңдеу кезінде дайындаманың жағдайын анықтайтын беттер;
- ұстап тұратын өлшемдерін өлшейтін беттер;
- еркін беттер.
Дайындамаға немесе бұйымға қойылған талаптарды беретін салыстырмалы таңдап алынған координат жүйесін базалау деп атаймыз.
Базалау үшін қолданылған және дайындама немесе бұйымға жататын беттер немесе бетке сәйкес сол функцияны орындаушы өс, нүкте база деп аталады.
Жобаллық, конструкциялық, технологиялық және өлшеу базаларға бөлінеді.
Жобалық базалар — бұйымды, технологиялық процессті немесе бұйымды жөндеуді жобалауда таңдап алынған базалар.
Конструкциялық базалар — бұйымның жағдайын немесе бұйымдардағы жинақты бірліктерді анықтау үшін қолданылатын базалар.
Технологиялық базалар — бұйымды немесе дайындаманы жасау процессіндегі жағдайын анықтау үшін қолданылатын базалар. Олар негізгі және көмекші механикалық базаларға бөлінеді.
Негізгі технологиялық база — бұл бөлшек конструкциясының алынбайтын элементі болып табылатын және оның бұйыммен жұмыс істеу кезінде белгілі рол орындайтын беттер. Мысалғы: тісті кесу кезінде базалау үшін қолданылатын 2 шеті және 1 тесігі бар беттер, негізгі технологиялық базалар болып табылады.
Көмекші базалар — бұл технологиялық ойлаудан пайда болатын бөлшектерде арнайы құрылған және бөлшектердің бұйым дарда жұмыс істеуіне қажет емес беттер. Көмекші технологиялық базалар ретінде біліктердің орталық ұясын, корпусты бөлшектердің дайындамаларындағы екі орнату тесігін қолданады.
Өлшеу базалары — дайындамаларды өңдеу кезінде (бұйымдарды жинау кезінде) немесе бөлшек беттерінің өзара жағдайларын (бұйым элементтерін) тексеруде өлшемдерді тексеру ұшын қолданылады.
Сатылы біліктерді өңдеу кезінде токарлық және тегістеу топтпрының станоктарында базалаудың келесі түрлері қолданылады:
1) L/Dmax≤ 15 ұзындығының диаметріне қатысты біліктер үшін центрінде;
2) L/Dmax≤ 15 кезіндегі патронда;
3) артқы центрінде қысылған патронда;
4) патрон мен монетада;
5) жетекпен қатты байланыспаған кездегі екі монетада (негізгі базалар бойынша базалау кезіндегі - мойындарға);
6) жабдықтарда (угольниктерде);
7) бет немесе белгі бойынша өлшегіш планшайбада.
Базалаудың ең жақсы әдісі өлшеу базалары орнатыу базаларына сәйкес келетіні (мысалға, радиальді бағыттау үшін центрде базалау).
Ұсынылатын әдебиеттер:
1нег.: 80-86 бет.;
2нег.: 169-175 бет.
Бақылау сұрақтары:
1. Айналу үлгісіндегі денелі бөлшектер қандай сыныптарға бөлінеді.
2. Біліктердің конструкциясының алуан түрлілігі.
3. Біліктердің технологиялылығы дегеніміз не?
4. Машина жасаудағы ТШ дегеніміз не?
5. Қандай базалар болады?
6. Біліктерді жасауға арналған материалдардың сипаттамалары