Сенімділікті бағалауға деректер жинау. Жабдықтардың сенімділіктерін бағалау олар жұмыс істеп тұрғанда алынған статистикалык деректерді жинау, жүйелеу және өңдеу арқылы іске асырылады.
Жабдықтардың сенімділігін бағалау 4 негізгі кезеңдерден тұрады:
1) жабдықтардың істен шығулары жөнінде деректер жинау;
2) алынған деректерді жүйелеу, талдау жасау және жалпылау;
3) жабдықтардың сенімділігін бағалайтын сандық көрсеткіштерді таңдау және негіздеу;
4) істен шығулар заңдылықтарын табу үшін алынған деректерді математикалық өңдеу.
Бірінші кезең жұмыстың ең қиын бөлігі болып табылады. Осы кезеңді ұйымдастыруға алынатын ақпараттың сапасы өте жоғары дәрежеде бағынышты, сондай-ақ бұл кезеңге жабдықтардың төзімділігіне берілетін баға да тәуелді. Жиналатын ақпараттар талапқа сай сапа беру үшін бұл кезеңде алынатын деректер шын, толық және үзіліссіз болуы керек. Жабдықтардың істен шығулары жөніндегі шындық олардың жұмыс істеу уақытын, істен шыққан уақытын және жөндеуге кеткен уақыттын үздіксіз анықтап көрсету арқылы анықталады.
Деректердің толықтығы жабдықтарды пайдалану жағдайы мен жұмыс істеу режимдеріне байланысты. Деректер үздіксіз болу үшін істен шығулар кезінде де деректер жинауды тоқтакпай, үздіксіз жүргізу керек.
Статистикалық деректер жинаудың екі жол бар:
1) іс жүзінде пайдаланылык жатқан жабдықтардың жұмысын бақылау;
2) жабдықтың жұмыс істеуін тәжірибеде көрсететін арнай жабдықтар көмегімен сынау.
Жабдықтардың істен шығулары мен жұмыс қабілеттілігі жөніндегі мәліметтерді шын жағдайда алу үшін ол деректер жазылатын арнайы жорналдар жүргізеді немесе сынау кезінде істен шығулар мен ақаулар сол сынауға арналған жорналға тіркеледі.
Бұл жорналдардан басқа статистикалық ақпараттар тәуліктік рапорттардан, сұрау парақтары арқылы, техникалық формулярлардан және т.б. алынады.
Алынған алғашқы деректер жүйеленеді, жалпыланады, талдау жасалады және алғашқы бағалаудан өтеді. Бұл жұмыстар үшін өте көп уақыт керек. Оларды оңайлату үшін есептегіш машиналарды пайдаланған тиімді.
Технологиялық машиналардың сенімділігін төменде көрсетілген сандық көрсеткіштер кешенімен анағұрлым дәл анықтауға болады. Олар:
- істен шықпай жұмыс істеу ықтималдылығы;
- істен шығудың жиілігі мен қарқыны;
- істен шыққанға дейінгі орташа уақыт;
- орташа қызмет уақыты;
- техникалық пайдалану коэффициенті;
- жұмыс істеу қабілетін қалпына келтірудің орташа уақыты;
- жөндеудің өзіндік жұмыс қиындығы.
Осы көрсеткіштерді пайдаланып математикалық жолмен кездейсоқ шамалардың таралуының сандық мәндерін анықтау керек.
Математикалық жолмен алынған шамаларды өңдеу кездейсоқ шамалардың қатарын құрауға, олардың эмпирикалық функцияларын табуға, эмпериялық таралулар параметрлерін есептеуге, оларды алдын-ала алынған теориялық заңдармен салыстыруға келіп саяды.
Таралу қатарының берілуінің ең қарпайым түрі деректерді кесте түрінде беру.
Кесте көмегімен таралу гистограммалары (үзгісіз кездейсоқ шамалар үшін) мен полигондарын сызады.
Жабдықтың шыдам мерзімін және оның физикалық мағынасын бағалау үшін шыдам мерзімінің 3 категориясын қарастырамыз:
- физикалық ;
- моральдық ;
- техника-экономикалық .
Физикалық өмір ұзақтығы заттың орташа жағдайда ортаңғы немесе күрделі жөндеуге дейінгі жұмыс істеу уақытының ұзақтығы.
жабдықтың бөліктері мен агрегаттардың жұмыс істеуінің ұзақтығына және олардың бір бірімен қалай қосылғанына байланысты.
Қосылу саңылаумен немесе қысылумен мінездемеленеді. Сонда мына формуламен анықталады:
, (1.1)
мұнда, саңылаудың өсу жылдамдығын сипаттайтын шама.
Физикалық өмір ұзақтығы сипаттау үшін үйкелісетін беттердің – білік-төлке жұбының – тозу кинетикасын қарастырайық (1.3-сурет).
|
1.3 – сурет – жұмысшы жұптардың
бөлшектерінің тозуының өсу қисығы.
Қалыпты тозу кезеңі (II) – бұл кезде tg const. Бұл кезде бөлшектердің тозуы тұрақты жылдамдыкпен өседі. Бұл жылдамдық саңылаудың шамасы Smax кейін, шұғыл өседі. Smax өткеннен кейін тозу механизмнің жұмыс қабілетін күрт төмендетеді. Демек тозу қалыптыдан қатерлікке (III) өтеді. Әрі қарай беттескен жұптарды пайдалана берсе, бұл қосылу істен шығады. Техникалық күтімнің міндеті шектік тозу сәтін алықтау, қатердің алдын алу. Физикалық шыдам мерзімін есептегенде I және III учаскелер ескерілмейді. Sбаст және Smax нақты түйінде есептеулер жүргізгенде аналитикалық жолмен аңықталады.
Моральдық өмір ұзақтығы машинаны, пайдалану техникалық және экономикалық жағынан жаңа машинамен салыстырғанда тиімсіз болып қалатын жұмыс істеу уақыты. ның көрсеткіші оның моральдық коэффициенті болып табылады:
, (2.2)
мұнда, ескі машинаның өнімі бірлігінің өзіндік құны;
жаңа машинаның өнімі бірлігінің өзіндік құны;
жаңа машинаны пайдаланудан түскен үнемдеу (тиімділік).
Техника-экономикалық өмір ұзақтығы жұмысының өзіндік құнының ең аз болуына сай келетін экономикалық жағынан тиімді машинаның қызмет ету уақыты.
Бұны былай сан жағынан түсінуге болады – уақыт өткен сайын машинаның ескіруіне байланысты машинаның өнімділігі төмендейді, пайдалануға кететін шығын өседі.
Әрбір күрделі жөндеуден өткен сайын оған керекті бөлшектер саны да өседі. Бұлар шыққан өнімнің өзіндік құнын арттырады.
Машинаны пайдалануға кеткен шығын:
, (2.3)
мұнда, машина сатып алуға кеткен шығын;
сақтауға, отынға, жұмыс күшіне кеткен шығын;
пайдаланымдық материалдарға, қосалқы бөлшектерге, жөндеуге және баптауға кеткен шығын. уақытқа пропорциональ:
. (2.4)
уақыт өткен сайын көбейе береді.
, (2.5)
мұнда, машинаны пайдаланудың уақыт бірлігі ішіндегі тобының шығыны;
пайдалануға бастапқы кеткен шығынның шамасы;
машинаның ескіруіне қарай шығынның өсу дәрежесі.
(2.6)
Өзіндік шығын уақыт арқылы:
(2.7)
Бұдан туынды тауып, нольге теңестіреміз:
(2.8)
Бұл теңдікті салыстыру арқылы:
- технико-экономикалық өмір ұзақтығы.
Бұл формула машинаны пайдаланудың ең тиімді ұзақтығын анықтауға көмектеседі.
В.Н.Казарцевтің формуласы бойынша болуы керек. Бұл жағдайда күрделі жөндеу керек емес. Өйткені ұзақ уақыт пайдалану арқылы бір цикл ішінде машина амортизацияланады (ескіреді), оның құны істелінген жұмыспен өтелінеді. Бұл уақытқа дейін жаңа машина шығуы мүмкін. Моральдық жағынан ескірген машинаны тізімнен шығаруға болады.
Машина бөлшектерінің өмір ұзақтығын арттыру. Машина бөлшектерінің өмір ұзақтығын арттыру әдістерін үшке бөлуге болады:
- конструктивтік;
- технологиялық;
- пайдаланулық.
Конструктивтік әдіске машинаның оңтайлы түрін жасаумен байланысты іс-шаралар кешені кіреді. Олардың ішіндегі маңыздылары бөлшектердің жұмыс қабілеттілігіне, агрегаттың тиімділігі мен үнемділігіне әсер ететін құрылымын дұрыс таңдауы, сондай-ақ конструктордың материалды дұрыс таңдауы мен бөлшектер мен түйіндердің тең беріктігін камтамасыз ететін шаралар. Бұдан басқа машина ұзақ уақыт пайдаланылуы үшін конструктор оны техникалық күту мен жөндеуді қарапайымдандыру іс-шараларын да қарастыру керек.
Технологиялық әдістерге мерзімін арттыратын іс-шаралар жатады. Бұл өмір ұзақтығын және химия-жылулық болып бөлінеді. Бұлардың бөлшектерді жасау мен жөндеу кезінде машинаның шыдам әсерінен бөлшектердің беріктігі мен тозуға төзімділігі артады.
Механикалық әдіске жататындар:
-бөлшектің бетін қақтамалап беріктендіру;
-бөлшектердің беттерін электрұшқындық өсірумен бір мезгілде беріктендіру;
- беттерді электр-механикалық өңдеу;
-жоғарғы жиілікті токпен қыздырып беттерді шынықтыру.
Химиялық-жылулық әдістерге цементтеу, азаттау, цианийлеу, борлау, хромдау, сульфаттау жатады.
Әдебиеттер: 3 нег. , 8 қос.
Бақылау сұрақтары:
1. Жабдықтың сенімділігін бағалау қандай кезеңдерден тұрады?
2. Жабдықтың физикалық, моральдық және техника-экономикалық өмір ұзақтықтарына анықтама беріңіздер.
3. Жабдықтың өмір ұзақтығын арттыру әдістерін атаңыздар.