Лекции.Орг


Поиск:




Ионизациялық камералар.




Бөліну камералары. Бөлінетін заттың қабаттары орнатылған ионизациялық камералар нейтрондармен бірқатар зерттеулер жүргізу үшін өте ыңғайлы. Мұндай камераларды бөліну камералары деп атаймыз.Олардың негізгі артықшылығы, нейтрондармен ядроларды атқылаған кезінде жоғарғы энергияға ие болған бөліну жарықшақтары (сынықтары) пайда болады. Мұның өзі бөліну жарықшақтарынан басқа зарядталған бөлшектерден дискриминациялауға мүмкіндік береді. Бөліну камераларын нейтрон ағындарын салыстырмалы және абсолютті өлшеу үшін, ядролар бөліну қимасын өлшеу үшін, бөлінумен қатар жүретін өнімдердің қасиетін зерттеу үшін қолданады. Мұндай камераларда бөлінуші материалды жұқа қабаттар түрінде орнатады. Қабаттың қалыңдығын әдетте бөліну жарықшақтарының жүру жолы ұзындығының ең жоғарғы шамасына қарағанда аздау етіп таңдайды. Жарықшақтың жүру жолынан қалыңырақ қабаттарды пайдаланудың қажеттігі жоқ, өйткені ол камераның тиімділігін арттырмайды. Екінші жағынан, қабат қалың болса, жарықшақтармен туындайтын α-бөлшектер саны да артады. Бұл қосымша фон тудырады. Бірнеше α-бөлшектерден туындаған импульстар қосылып жарықшақ энергиясына жақындауы мүмкін. Бұл импульстардың қосылу ықтималдығын Пуассон таралуы бойынша бағалауға болады. Ол үшінимпульстың формасын тікбұрыш, ал ұзақтығын τ-ға тең деп қарастырамыз. Камерада 1 секунд ішінде n0 α- бөлшектер пайда болсын делік, сонда 1 секунд ішіндегі санауыштар саны n=n0/(1+n0τ). Камерада τ уақыт интервалында бір α-бөлшекті тіркеу кезінде тағы да (к-1) бөлшек пайда болуы ықтималдығы, яғни импульстардың к-рет беттесуі орын алуы p(k-1)= . Демек к-рет беттесудің жиілігі

n(k)= , мұнда k=1,2,3.. (2.8)

Олай болса n= екендігін оңай көруге болады.

Импульстардың беттесуінің жиілігін анықтау кезінде импульстың шынайы формасы мен камераның RC тұрақтысы ескерілуі қажет. α–бөлшектер фонын төмендету үшін бөліну камераларын электрондарының қозғалғыштығы жоғары болған газдармен толтырады (мәселен, метан). Егерде камера электродтары арасындағы арақашықтық сантиметрдің ондық үлесіне жуық болса, онда метанмен толтырылған камераларда ұзақтығы шамамен 10 нсек импульстар алуға болады. Осы мақсатта жарықшақтары жұмысшы көлемде өз энергиясының бір бөлігін ғана шығындайтындай етіп қысым мен камераның электродтары арасындағы арақашықтықты таңдап алуға болады. Бұл жарықшақ импульсының α-бөлшектер импульстарына қатынасын ұлғайтады.

Камера көмегімен өлшеу жоғары дәлдікпен болады, егерде олардың санау сипаттамасында плато болатын болса (тұрақты сәулелендіру кезіндегі импульстар санының тіркеуші құрылғы дискриминациясының деңгейіне тәуелділігі). Егер уран қабаты жұқа болса, жарықшақтардың интегралдық саны платаға ие болады. Мұның өзі де түсінікті жайт, себебі камераның жұмысшы көлеміне түсетін жарықшақтардың спектрі 40-100 Мэв энергияда максимумға ие. Егер қабат қалың болса камераның жұмысшы көлеміне келіп түсетін бөліну сынықтарының спектрі үздіксіз болады және төмен энергия аумағында жоғарылайды. Сол себептен мұндай камераның интегралды есептік сипаттамасында плато болмайды.

Бөліну камералары бар тіркеуші аппаратураларды бақылау α– бөлшектер тудырған импульстарды санау арқылы оңай жүзеге асыруға болады. α-бөлшектерді санау жылдамдықтарының логарифмі тіркеуші құрылғы дискриминациясының деңгейіне тікелей тәуелді болып табылады. Мұндай тәуелділікті камераның α- бөлшектік қисығы деп атайды. Бұл жағдайды құрылғы дискриминациясының қажетті деңгейін анықтау үшін пайдаланады. α-бөлшектік қисықтан пайдаланып бөлшектердің есептік жылдамдығы, мәселен 0,05 имп/мин тең болғандағы дискриминация деңгейінің күйін экстраполяция жолымен табуға болады. Дискриминация деңгейін мұндай әдіспен орнату сезімталдылықтың қандайда бір деңгейінде әрқашан жұмыс істеуге мүмкіндік береді(күшейту контролі). Бөліну камераларының сезімталдылығын келесі түрде жазуға болады:

S=N0σfB (2.9)

Мұндағы N0– камерадағы бөлінуші ядролар саны, σf-бөліну қимасы, В-тіркеуші аппаратураның дискриминациясының деңгейіне, қабат қалыңдығына және камераның геометриясына тәуелді коэффициент. В шамасын жұқа қабаттар, жазық камера және төмен табалдырықтар үшін оңай есептеуге болады. Қалың қабаттарда В шамасын есептеу өте қиын [4].

Тәжірибе арқылы бөліну камераларының В шамасын жеткілікті дәлдікпен анықтауға болады. Камераны Ф жылулық нейтрондардың ағынына орналастырамыз. Сонда камера nf=ФТ0σfB бөліну санын тіркейді. Әрбір бөліну ν жылдам нейтрондар тудырады. Оларды жылдам нейтрондар детекторымен тіркеуге болады. Бұл детектор nn=ФN0σfνΔΩεd импульстар санын тіркейді, мұндағы ΔΩ-денелік бұрыш. Бөліну камерасын сәйкес келу схемасы арқылы жылдам нейтрондардың детекторына қосамыз және сәйкес келу жылдамдықтарын санаймыз: nfn=ФN0σfνΔΩεdВ, мұнда B=nfn/nn болатындығын оңай көруге болады. Мұндай әдіспен В шамасын анықтаудағы қателік статистикалық қателікпен шамалас болады. U3O8 қалын қабаттарға ие камераларда есептік сипаттамаларда плато болмайды. Жылулық нейтрондарды тіркеуге арналған камераларда әдетте U235- ие қабаттар жиі қолданылады.

Пропорционалды борлы есептеуіш және борлы камера. Жылулық және резонансты нейтрондарды тіркеу үшін үш фторлы бормен (ВҒ3) толтырылған пропорционалды есептеуіштер қолданылады. Нейтрондар B10(n,α) Li7 реакция өнімдері бойынша тіркеледі, олар шамамен 2,3 Мэв жалпы энергияға ие болады. Бұл реакция қысымы 5 кэв төмен нейтрондар энергиясы аумағындағы нейтрондар жылдамдығына кері пропорционал, сол себепті борлы есептеуіш нейтрондар тығыздығын өлшейді. Борлы есептеуіштің типтік сипаттамалары келесі түрде болып келеді: ВҒ3 қысымы шамамен 120 мм сн.бағ, жұмысшы кернеу шамамен 1500в, анодтың диаметрін 0,05, катод диаметрі 22 мм. Торға түсетін жылулық нейтрондар үшін 150 мм ұзындықтағы борлы есептеуіштің эффективтілігі шамамен 20%.

Борлы есептеуіштің есептік сипаттамасы платаға ие. Бұл түсінікті жайт, өйткені төмен энергиядағы нейтрондарды тіркеу кезінде импульc амплитудасы нейтрондар энергиясына мүлдем тәуелді емес (реакция энергиясы өте жоғары). Платоның болуы пропорционалды есептеуіштер үшін өте маңызды, себебі газдық күшею коэффициенті есептеуіштегі кернеуді арттыру кезінде экспоненциалды түрде өсе түседі.

Нейтрондардың үлкен ағындарын тіркеу қажеттілігі кезінде токтық режимдегі көппластинкалы ионизациялық камералар қолданылады. Графитті пластиналар бордың жіңішке қабатымен жабылады(~0,4 мг/см). Бірлікке тең сезімталдыққа егер камера ие болса, онда 108 нейтрон/(см2сек) нейтрон ағынына 10-6 а ток сәйкес келеді. Токтық режимдегі камералар реактордың қуатын бақылау үшін пайдаланылады. Реакторда γ-кванттардың ағындарын нейтрондар ағынымен салыстыруға болады. Алайда, реактор қуаты төмендесе, онда кванттардың ағыны нейтрондар ағынын бірнеше есе жоғарылатады. Сол себепті камераның кванттарға сезімталдығын мүмкіндігінше төмендету керек. Пропорционалдық есептеуіште γ-сәулеленуден импультерді дискриманация-лауға болады, ал токтық құрылғыда мұндай дискриминацияны жүргізуге болмайды.

Иондау камерасы.

Иондау камерасы зарядталған бөлшектерді тіркеу үшін қолданылады. Қарапайым иондау камерасының схемасы 2.4-суретте берілген. Металл А қорабының металл фольгадан істеген В терезесі арқылы камераға тіркелетін бөлшек енеді. Электрод – коллектор К және электрод С-қорғаушы сақинамен қосылған. Камера А инертті газбен толтырылған. Иондаушы бөлшек камераға еніп, энергиясына байланысты камера ішінде мыңдаған қос иондарды туғызады. Мысалы, жылдам электрон ауада қалыпты қысымда бірнеше жүздеген қос ион тудырады. Иондау камерасы иек ауыр бөлшектерді ғана тіркейді. Тіркелуші бөлшектердің әсерінен пайда болған ион импульстары коллектор мен сақинаның электр өрісіне жетеді де, әрі қарай электр күшейткішіне беріліп тіркеледі.

2.4-сурет.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1196 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Самообман может довести до саморазрушения. © Неизвестно
==> читать все изречения...

1042 - | 898 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.