Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Ылмысты айғақтайтын заттарды іздеу, табу, тексеруге алу.




Сот медицина сарапшысы мәйітті табылған жерінде қарау кезінде төмендегідей мәліметтерді хаттамаға енгізу үшін тергеушіге хабарлауы керек:

- мәйіттің қай жерде жатқандығы, айналасындағы қозғалмайтын заттарға байланысты ара қашықтығы сипатталуы керек, яғни ол заттардан неше метр (сантиметр) қашықтықта екендігі көрсетіледі. Егер мәйіт бөлме ішінен табылса, бұндай қозғалмайтын заттарға қабырға, есік, терезе, ошақ және т. б. жатады: сипаттау былай болуы мүмкін:

есіктен сол жақтағы қабырғадан мәйіттің сол қолына дейінгі аралық метр және т.. Егер дене даладан табылса, қозғалмайтын заттар ағаш, көпір, жолдың шеті және т. б. болуы мүмкін.

- мәйіттің қалай жатқандығы сипатталады: еденде шалқасынан жатыр. аяқ қолдары денесіне келтіріліп созылған қалпында және т. б.

-қайтыс болған адамның киімі: киімнің размері, саласы, түсі; киімде зақымданулар мен былғаныштар бар ма. Егер мәйіттен алшақ жатқан киім бөлшектері болса, хаттамада көрсстілуі қажет. Оқиға болған жердс мәйіттің киімін шешу қажеттігі жоқ, тек оны көтеріп, түймесін ағытып тексеру жүргізуге болады.

-міндетті түрде мәйіттің айналасындағы заттар сипаттааады. Мысалы тас, таяқ, қару, пышақ және т. б. табылуы мүмкін.

- мәйіттік құбылыстар және сыртқы жарақаттар мұқият сипатталады.

Мәйітті тек сыртқы тексеру кезінде, өлім себебі туралы қорытынды- жасауға болмайды.

Мәйітті және айналасындағы заттарды тексеру барысында, қылмысгық іздерді бұзбауға тырысу керек; егер жарақат оқпен алынған болса, Оқиға болған жерден гильзаны, тығынды, қаруды іздеу керек.

Егер улануға күмән туса, оқиға болған жердегі ыдыс-аяқ, бөтелке, шүмектер мұқият тексеріліп, қажеттік туған жағдайда лабораториялық тексеруге жіберілуі керек.

Мәйіттің жатқан ортасын тексеру.

Мәйіт жатқан орта мұқият тексеріліп сипатталады. Бөлме іші болса ондағы жиһаз, үй-тұрмыс құралдары, киім, ыдыс және т. б. сипатталады. Бөгде иіс шықса, оның неден шығатынын анықтау қажет (улануға күдік туса).

Ашық далада мәйіт табылғанда, жақын орналасқан ірі заттар сипатталады, мәйіттің айналасындағы топырақ сипаты, іздердің бар (немесе жоқ) екендігі көрсетіледі.

Оқиға болған жерді қарап тексеруді құжаттау. Оқиға болған жерді, табылған жеріндс мәйітті тексеру құжатқа түсіріледі, яғни, хаттама жазылады. Хаттаманы тергеуші жазады, құжат 2 дана болып жазылады: біреуі тергеушіде болады, екіншісі сот-медицина сарапшысына беріледі.

Дәрігер-маманның /сот медицина сарапшысының/ мәйітті табылғанжерінде тексерукезіндегі міндеттерінбылайша түжырымдауға болады

Міндеттері

1.Өлім дамыған белгілерін, өлімнің уақытын, жарақаттардың сипаты меналыну жолдарын, жарақаттаушы затты сипаттау

2.Мәйітті қарап тексеру, ашьш кесу сұрақтары бойынша тергушіге кеңес беру

3.Қылмыс болған жерде адам организмінің бөлінділеріне /қанға, спермаға, сілекейге ж.т.б./ ұқсас дақтарды іздеуге, тексеруге алуға тергеушіге көмек көрсету

4. Мәйітті және биологиялық объектілерді табылған жерінде сипаттауға, хаттама толтыруға тергеушіге көмек көрсету

5. Сот медициналық сарап кезінде шешілетін сұрақтарды құрастыруға тергеушіге көмек беру.

ӨЛІМ ҚҰБЫЛЫСЫ. МӘЙІТТІК ҚҰБЫЛЫСТАР.

Өлім құбылысын зерттейтін ғьлым саласы танатология (грекше t һапаtos - өлім) деп аталады. Мәйітті сот-медицина тұрғысынан зерттеу - сарап жұмыстарының аса маңыздысы әрі күрделісі болып табылады.

Мәйітті тексеру кезінде өлім себебі және өлімнің уақыты анықталуы керек. Өлім уақытын анықтау үшін өлімнен кейін дамитын құбылыстарды, олардың даму жағдайын зерттеу керек. Тірі адамға тән функциялар тоқтауына байланысты өлі денеде тіндер мен ағзалар өзгере бастайды. Бұл өзгерістер мәйіттік құбылыстар ден аталады. Мәйіттік құбылыстар өлімнен кейін тез арада көрінуі мүмкін немесе бірнеше тәуліктен кейін байқалуы мүмкін. Көріну жылдамдығъша қарай ерте пайда болатындар және кеш пайда болатындар деп ажыратылады. Ерте көрінетін мәйіттік құбылыстарға өлі дененің сууы, өліктің тобарсуы, мәйіттік дақтар, өлі дененің құрысып-сіресуі және тіндердің аутолизі жатады. Кеш көрінетін мәйіттік құбылыстарға: дененің шіруі, мумификациялану, майлы балауыз түзілуі, терінің иленіп қатаюы жатады.

1- Ерте көрінетін мәйіттік құбылыстар

Өлі денепің сууы. Өлгеннен ксйін тірі кезде жүретін зат, ауа алмасу процестері тоқталады да, өлі дене кез-келген физикалык зат іспетті қоршаған ортаға жылу шығара бастайды, бұл дене температурасының төмендеп қоршаған орта темпетарусына жуықтауына әкеледі. Бірінші дененің ашық жерлері: құлак ұшы, беті, саусақтары суи бастайды. Жылудың тез бөлініп шығуына айналадағы ортаның физикалық жағдайлары (ауаның температурасы, ылғалдығы, қөзғалысы). киімнің сипаты, қайтыс болған адамның жеке ерекшеліктері: адамның толықтығы, өлім себептері, жасы ж.т.б. ықпал етеді. Жаңа туған нәрестелерде жылу бөлу тез жүреді.

Егер мәйіт жатқан орта қалыпты климат болып, қоршаған орта температурасы бөлме температурасына жақын болса, онда мәйіттің денесі орта сееппен сағат сайын 1 градусқа суиды. Мәйіттің температурасы бойынша өлім уақыты туралы тұжырым жасау үшін қоршаған орта факторлары, адамның жеке ерекшеліктері есепке алынуы керек, және бұл құбылыс басқа мәйіттік белгілермен бірге қарастырылуы керек.

2. Тері жабындысының, шырышшы қабықтардың тобарсуы, кебуі. Тері бетінен, әсіресе адам тірі кезінде үнемі ылғалданып тұратын шырышты қабықтардан (аққабықшалар, еріннің шырышты қабығы) су буланып, сол жерлердің тобарсып кебуіне әкеледі. Тобарсудың тез жүруі сыртқы ортаның жай-күйіне (температура, ылғалдылық, ауа қозғалысы, т. б.), киімнің сипатына байланысты болады. Көз қабығының тобарсуын көрсететін белгі «Лярше дағы» болып табылады. Егер адам қайтыс болатын кезде көзі ашық болса, көз қабағы жаппаған жерлер кеуіп күңгірттенген «Лярше дақтары» байқалады. Сонан соң еріннің шырышты қабығытобарсиды. Бұл әсіресе еріннің жиектерінен айқын аңғарылады. Жаңа туған нәресте мен емшектегі баланың өлігінен бұл ерекшелік айқын көрінеді, өйткені балалардың шырышты қабықтары неғұрлым нәзік келеді, сондықтан тезірек тобарсиды. Эпидермисі өте жұқа болатын ұма терісінің тобарсуы тез жүреді. Тобарсуды адамның тірі кезіндегі алынған сызаттарынан ажырата білу керек. 2-3 сағат бойы жылы сумен шылаған кезде тобарсу белгілері жойылып кетеді, ал адамнын. тірі кезіндегі алған сызаты жойылмайды. Тобарсу сыртқы орта факторларына тікелей байланысты болғандықтан адамның өлген уақытын тобарсу бойынша анықтауға болмайды, тобарсу тек өлімнің айқын белгісі болып қана табылады.

3. Мәйіттік дақтар. Жүрек қызметі тоқтағаннан кейін қан дененің төменгі бөліктеріне қарай ағып жиналады, дененің жоғарғы бөліктері қансызданып бозарады, ал төменгі бөліктері қызғылт көкшіл түске енеді. 1-ші сурет. Мәйіт дақтары организм тіршілігінің тоқталғанын көрсетеді және өлімнің ең анық белгісі болып табылады.

Мәйіт дақтарының дамуы мынадай үш сатыдан тұрады:

Б і р і н ш і с а т ы - гипостаз - адам өлгеннен кейін 2-4 сағаттан соң басталып 8-12 сағатқа дейін жүреді. Гипостаз сатысында тамырдағы қан сұйық болғандықтан дақты саусақпен басып қарағанда олар жойылып кетеді де, басуды тоқтатқанда қайтадан көрінеді. Гипостаз сатысында өлікті аударса мәйіт дақтары дененің аударылған жағына ауысады. Егер мәйіт дағы көрінген жерді тіліп қараса қан тамырларынан қан тамшылары шығады, оларды сумен жуса қайта пайда болады.

Екінші с а т ы с ы - стаз немесе диффузия деп аталады, әдетте адам өлгеннен кейінгі 8-10 сағатта басталып 24 сағатқа дейін созылады. Бұл кезде лимфалар, ұлпааралық сұйықтық қан тамырларына өтеді; ал қанның сұйық бөлігі қан тамырларынан айналасындағы ұлпаларға көп мелшерде шыға бастайды, яғни, екі жақты диффузия жүреді. Қан тамырларындағы қан ұйиды, қозғалысы азаяды. Бұл кезде мәйіт дақтарын саусақпен басқан кезде аздап бозарады, бірақ мүлдем жоғалып кетпейді, саусақты жібергеннен кейін таңбаның түсі тез арада қалпына келмейді. Егер осы уақыт ішінде өлік аударылған болса, бірінші пайда болған дақтар сақталып қалады және дененің аударылған бетінде де мәйіт дақтар пайда болады. Өлім дамығаннан кейінгі алғашқы тәуліктің аяғына қарай мәйіт дағының дамуының ү ш і н ш і с ат ы с ы - имбибиция басталады. Бұл сатыда ұлпаларға гемолизацияланған қан сіңіп кетеді. Гемолизацияланып түзілген сарысу қан тамырларының кабырғаларына, тамыр айналасындапғы ұлпаға сіңеді. Имбибиция процесі бірте-бірте шіру процесіне ұласады.

Имбибиция сатысында дақты саусақпен басып тексергенде олар өзгермейді, сондай-ақ өлікті аударған кезде аударылған жағына мәйіт дағы ығыспайды. Теріні тілген кезде кесілген тамырлардан қан тамшылары шықпайды. Мәйіт дақтарының тез пайда болуы өлімнің себептері мсн генезіне байланысты. Көп қан кетіп қаназдылық дамыған жағдайда мәйіт дақтары өлімнен кейін ұзақ уақыг байкалмауы мүмкін. Алайда бұл жағдайда да мәйіт дақтары міндетті түрде пайда болады, өйткені қан өте көп кеткен жағдайдың өзінде де бүкіл қан толық ағып кетпейді. Бұл кезде мәйіт дақтары сирек, көлемі шағын, түсі айқын емес болады.

Қан гемоглобинін байланыстыратын улы заттармен уланудан өлім болғанда, мысалы, кеміртегі тотығымен уланған жағдайда - қанда карбоксигемоглобин түзіліп мәйіт дақтары ашық-қызғылт түсті болады. Метгемоглобин түзетін улармен уланған жағдайда (мысалы, бертолет тұзымен уланғанда) мәйіт дақтарының түсі қоңыр-сұр болады. Мәйіт дақтарының дамуымен қатар ішкі мүшелерде өлік гипостаздары пайда болады. Жұмсақ ұлпаларда гипостаз қанық болып имбибиция құбылысы қан құйылуы ошақтарына ұқсас келеді.

Мәйіт дақтарының сот медициналық маңызы: 1) олар өлімнің анық белгілері; 2) өлім уақытын анықтауға септігін тигізеді; 3) адам қайтыс болған кезде, өлгеннен кейін өліктің қалай жатқанын, дененің қозғалтылғандығын көрсетеді; 4) олар өлу процесінің тез немесе баяу болғанын айтуға мүмкіндік береді; 5) кейбір уланудың, өліктің суықта жатқандығыныц диагностикалық белгісі болып табылады;

4. Мәйіт бұлшық еттерініц құрысып-сіресуі. Өлімнен 2-4 сағат өткеннен кейін денедегі бұлшық етгер қатая бастайды, бұл бірте-бірте қарқындап бүкіл дененің құрысып қалуына әкеледі. Ең, алдымен сіресу мимикалық бұлшық еттерде байқалады, сонан соң мойын мен қол-аяғының бұлшық еттері сіреседі. Одан әрі кеудс құрсақ, жалпы тұлға бұлшық еттері сіреседі, бүкіл дененің сіресуі 24 сағаттан соң аяқталады. 1-2 тәулік бойы өлі дене сірескен қалпында болады, ал сосын бұлшық еттер босап, сіресу «қайта» бастайды, барлық бұлшық еттердің сіресуі «қайту» үшінде 24 сағаттай уақыт кетеді. Сіресу процесіне сыртқы орта көп ықпал жасайды. Мысалы, температураның жоғары жәнс ауаның құрғақ болуы сіресудің тез пайда болуына септігін тигізеді, ал төмен температура мен неғұрлым ылғалды ортада сіресу баяу жүреді. Бұлшық еті толық жетілмеген жас балаларда, қарттарда, жүдеген адамдарда сіресу әлсіз болады.

Сіреспеге, дірілдерге әкелетін улар /стрихнин, пилокарпин/ организге түсіп өлім дамыса сіресу тез дамиды және айқын болады. Өлім анықталғаннан көп ұзамай барлық бұлшық еттердің бірден сіресіп қалуы - кателептикалық сіресу деп аталады. Каталептикалық сіресу сопақша ми, жұлынның жоғары жағы жарақаттанған дамуы мүмкін. Сіресу құбылысын түсіндіретін бірнеше теориялар бар. Соның ішіндегі биохимиялық теория бұлшық еттің сіресуін адам өлгеннен кейін бұлшық, етте аденозинтрифосфор қышқылының (АТФ) ыдырауымен байланыстыра қарастырады.

Мәйіттегі сіресу процесінің сот – медициналық маңызы: 1) сіресу өлімнің анық белгісі; 2) сіросу адамның өлген кездегі дене қалпын анықтауға септігін тигізеді; 3) сіресу дәрежесіне карай өлім уақытын анықтауға болады; 4) кейбір жағдайларда өлім себептерін жорамалдауға болады;

5. Аутолиз құбылысы - микроорганизмдерсіз протеолиттік ферметттердің ықпалынан ұлпалардың босап ыдырауы. Аутолиз процесі бастапқыда ұқы безінде тез дамиды, сосын барлық ағзалар мен тіндер аутолизге ұшырайды.

Аутолиз дене шіри басгағанда тоқталады.

Кеш дамитын мәйіттік құбылыстар.

Шіру - микроорганизмдер тіршілігінің нәтижесінен күрделі органикалық қосындылардың, негізінен белоктардың неғұрлым қарапайым компонентгерге айналып ыдырауы. Шіру кезінде күкіртті сутегі, метан, аммиак, көмір қышқылы сияқты заттар түзіліп, қатты шіріген иіс шығады.

Шіру процесін аэробты және анаэробты бактериялар жүргізеді. Шіру барысында-путресцин, кадаверин, птомаиндер мен өлік алкалоидтары ж.т.б улы заттар түзіледі.

Шіру процесінің белгілсрі: тері жабындысының жасылдануымен, іріңді торланумен, мәйіттің эмфиземасымен көрінеді.

Мумификациялану -дене шірімей, сол қалпында қатып кептірілуі. Бұл құбылыс өлі дене шөлді құмдарда, құрғақ ыстық ауада жатқанда дамуы мүмкін.

Майлы балауыз тузілуі - мәйіт оттсгі жеткіліксіз және ылғалды ортада жатқанда жүреді. Бұл кезде денеге су көптеп еніп, майды глицерин мен май қышқылдарына ыдыратады. Глицерин мен олеин қышқылы суға шайылып кетеді, ал пальмитин және стеарин қышқылдары суда болатын кальций және магний тұздарымен қосылып сабын түзейді. Сондықтан майлы болауыздың түзілуі сабындану деп те аталады.

Терінің қатайып илепуі. Өлі дене батпақты жерде немесе шымтезекті батпақта жатқанда дамиды, мәйіт жақсы сақталуы мумкін. Мумификациялану, майлы балауыз түзілуі, терінің иленуі мәйіттің ұзақ уақыт бойы сақталуына себепші болады

5. Бақылау сұрақтары:

1.Уақиға болған жерді сараптаудың маңызы

2.Дәрігер -маманның атқаратын рө лі.

3 3.Өлім құбылысы.Мәиіттік құбылыстар.

 

6.Тақырыпқа байланысты СӨЖ-ге тапсырма: Студент өздігінен тақырыпқа байланысты сұрақтарға дайындалып,келесі тақырыпқа сұрақтарды дайындауы қажет.

7.Ұсынылған әдебиеттер:

НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТ:

1. «Сот медицинасы» Қ.Қаракөбенов. Алматы. «Жеті жарғы» 1996ж.

2. «Сот медицинасы» Ю.И.Пиголкин. М.Медицина. 2003ж.

ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТ:

1. «Сот медицинасы» В.Н.Крюков. М.Медицина. 1998ж.

2.«Сот медицинасы» И.В.Виноградов, В.В.Томилин,«Заңгерлік журнал»1991ж.

3. «Сот медицинасы» В.В.Томилин, ИНФРА-тобы баспасы. М.1996ж.

4. «Сот медицинасы» А.А.Матышев, А.Р.Деньковский, Л. «Медицина» 1985ж.

5. «Сот медицинасы» С.С.Самищенко, «Құқық және заң» 1996ж.

6. «Сот медицинасынан тәжірибелік нұсқау және тесттік бақылау» В.Н.Крюкова, И.В.Буромский. М.Медицина 1998ж.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1257 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Лучшая месть – огромный успех. © Фрэнк Синатра
==> читать все изречения...

2205 - | 2093 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.