А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Медицина факультеті
Адам патологиясы кафедрасы
«БЕКІТЕМІН»
Кафедра меңгерушісі, доцент
Н.А.Жуманазаров
хаттама №_ ”__ ” _____2016 ж.
Сот медицинасы курсы
Дәріс: №5
Тақырып: Кейбір физикалық факторлардың әсерінен зақымдану және өлу
Түркістан 2016 ж.
1. Дәріс тақырыбы:Кейбір физикалық факторлардың әсерінен зақымдану және өлу
2. Дәріс жоспары: 1. Кіріспе.
2. Сот медицинасы пәніне сипаттама.
3. Процессуальды негіздері.
4. Оқиға болған жерді сот медициналық сараптаудың маңызы.
5. Қорытынды.
3. Дәрістің мақсаты: Студенттерге сот медициналық сараптаманың құрылымы мен ұйымдастырылу принциптерін үйрету. Сот медидициналық сараптаманың процессуальдық негіздерін білу.
4. Дәрістің мазмұны: Жоғары температураның әсері
Жоғары температура жалпы және бір жерге әсер етуі мүмкін. Ал оның жалпы әсер етуі жылу және күн өту түрінде көрінеді.
Жылу етуі организмнің қатты қызуына себепші болатын жағдайларда: температура, ауаның ылғалдылығы жоғары болғанда және жұмыста бұлшық етке көп күш түскенде байқалады. Мұндай жағдайлар ыстық цехтарда жұмыс істеген, оңтүстік ендіктерде теңізде жүзіп жүрген адамдарда, терен шахталарда жүмыс істейтін кеншілерде, соңдайақ ыстық күндерде сап түзеп жүрген солдаттарда кездесуі мүмкін.
Жылу өткенде адам денесінің температурасы 43-44°-қа дейін жетуі ықтимал. Сонымен бірге адамнан әлі кетіп, әуелі қатты тер басады да сонан соң ол тоқталады, шеміршек асты ауырып, несеп жиі бөлінеді, жүрек соғысы жиілеп, артерия қысымы төмендейді, көзі бұлдырап, беті қызарып кетеді, адам есінен танып, кейде оның құсуы мүмкін, клонустың тырыспа пайда болады.
Мұндай жағдайда өлікті сот-медицина тұрғысынан зерттеген кезде өліктің тез сіресуі, ішкі мүшелеріне, әсіресе, өкпеге күрт қан толғаны анықталады, өкпе көбінесе қарайып кетеді. Мидың және ми қабықтарының ісінуі, ми затыңа шашыраңқы түрде қан құйылғаны, сондай-ақ сірі қабықтар астына, көбінесе сіріқауыз бен эпикард астына ұсақ-ұсақ қан аққаны байқалады. Бұл морфологиялық өзгерістер жылу өтуден адамның өліп кетуі үшін патогномоникалық белгілері болып табылмайды. Сондықтан оқиғаны мән-жайларымен салыстырмайынша, жылу өту жөніндегі мәселені морфологиялық белгілері негізінде ғана адамның өлуіне себеп болған деп санауға болмайды.
Күн өткенде күн сәулесі (ультракүлгін сәуле) адамның жалаң басына әсер етеді. Мұның өзі басқа қан құйылуын, мидың қызып кетуін туғызып, ол содан соң орталық нерв жүйесінің жұмысын бұзады. Күн өткенде оған қоса жалпы дененің қызып кетуі мүмкін. Күн еткеннен өлген адамдардың өліктерін сойып қарағанда миға қанның күрт толып кеткені мен ұсақ топталып қан құйылғаны байқалады.
Жоғары температураның бір жерге әсер етуі ол жерді күйдіріп жібереді. Мұндай күйікті от, қызған заттар, ыстық сұйықтар, бу, күн сәулесі, т.б. туғызуы мүмкін. Қатты қышқылдар мен сілтілердің әсерінен химиялық күйіктер болатыны байқалады. Термиялық күйіктер жағдайында ұлпаларда пайда болатын жергілікті өзгерістер медицинада төрт дөрежеге белінеді.
I дәрежелі күйік тірі адам мен өлікте түрліше көрінеді. Өлікте I дәрежелі күйік жағдайында күйген жер қызармайды және іспейді, әдетте, терісінің түсі сарғылт тартып, құрғақ болып тұрады, көбінесе түлейді. I дәрежелі күйіктердің күн сәулесінің әсерінен болуы жиі кездеседі. Дене бетінің 3/4 бөлігінің I дәрежелі күйігі адам өміріне қауіпті екенін ескерген жөн.
ІІ дәрежелі күйіктер кезінде өліктегі күлбіреген жерлер кеуіп, қан тамырлары кенейіп, беті жарғақтанып кетеді. Күйіктің кепкен учаскелері сарғылт және қоңыр қызғылт түс алады, кесу қиын болады, кескенде қан шықпайды. Күйіктің күлбіреуін — іріңдеп күлбіреуден, кепкен күйіктерді терінің жырылуы мен теріге бензин салған іздерден айыра білу керек.
ІІІ дәрежелі күйік жағдайында өлікте, егер адам күйгеннен кейін бірсыпыра уақыт өмір сүрсе, демаркациялық қабынуы бар ақшыл немесе ақшыл сұрғылт қабыршақ пайда болады.
IV дәрежелі күйіктер оттың ұзақ уақыт әсер етуінен болады, бұдан жұмсақ ұлпалар мен сүйектер өртеніп кетеді. Бұлайша өртену сатысы тек оттың әсерімен ғана болуы мүмкін, оны адамның терісі ысталып қалатын басқа да күйік дәрежелерінен айыра білу қажет.
Өртенген өлікке сот-медицина сараптамасын жасаған кезде күйіктің адам тірі кезде болғаны туралы сұрақ туындайды. Отқа адамның тірі кезінде түсуіне тән белгілерге тыныс жолдарынан күйенің табылуы жатады, мұның өзі марқұмның от ішінде тыныс алып, қүйе жұтқанын дәлелдейді. Ал күйе өкпенің ең ұсақ тарамдарына дейін өте алады. Өлік қатты өртеніп, едәуір бұзылған жағданда да гистологиялық зерттеулер кезінде өкпенің ең кішкене тарамдарындағы күйені анықтауға болады.
Адам отқа тірі кезінде түскен ретте оған өліктің қаны мен ұлпаларынан өрт кезінде пайда болатын көміртегі тотығын жұту салдарынан карбоксигемоглобиннің табылуы да тән. Мынаны есте сақтаған жөн: қаннан карбоксигемоглобиннің табылуы қан өліктін жүрегінен немесе теренде жатқан жерлерінен алынып зерттелген жағдайда ғана адамның отқа тірі кезінде түскенінің белгісі деп саналуы мүмкін. Көптеген авторлардың пікірінше, көміртегі тотығы өліктін терісінен, әсіресе қан аққан кезде, өлгеннен кейін де өтіп кетуі мүмкін. Мұндай жағдайларда қанның ашық қызыл түсі қанда карбоксигемоглобиннің болуына айғақ болмайды, өйткені қанның қыздырылған кезде де ашық қызыл түс алуы ықтимал.
Жүрек пен тамырдағы қанның мөлшері мен жай-күйіне қарап та адамиың отқа тірі кезінде түскені жөнінде белгілі бір дережеде пікір айтуға болады. Өртте қаза тапқан адамдардың жүрегі мен ірі көк тамырларынан көп мөлшерде ұйыған қан табылады. Егер өлік отқа өліктік таңбалар пайда болғаннан кейін түссе, ірі көк тамыр бос қалады.
Отқа адамның тірі кезінде түскен белігілерінің бірі - көздің айналасындағы терінің зақымданбаған және ысталмаған қатпарлары бола алады, бұл марқұмның көзін жұмып алғанын дәлелдейді. Мұндай жағдайларда көз алмасы мен конъюнктиваларының зақымданбай қалуы жиі кездеседі.
Күйіктердің адам өлместен бұрын салынуына келетін болсақ, оны өсіресе өртеніп кеткеннен кейін анықтау өте қиын, өйткені өлгеннен кейінгі күйік адам өлмей тұрғандағы күйікке өте ұқсас болады.
Сот-медицина сараптамасы алдына кейде күйіктердің неден болғанын анықтау туралы мәселе қойылады. Сұйықтан күйгенде (пісіп қалу) оған ыстық сұйық ағуынан із қалуы, сондай-ақ дене түктерінде өзгерістер болмауы тән. Пісіп қалғанда күйген жерлерде және киімде төгілген не құйылған сұйықтың құрамдас бөліктері болып, күйіктің неден болғанын анықтауға (сорпа, сүт, шай, т.б.) мүмкіндік береді.
Отқа күйген жағдайда күйген жерлерде ыс, күйе іздері сақталып, дене түктері үйтіледі. Ыстық сұйыққа күйгенде ол төмен қарай ақса, отқа күйгенде жалын жоғары қарай шарпиды. Күйікгердің сипатына қарай отырып, кейбір жағдайларда зардап шегушінің күйген кезде қандай жағдайда болғанын (отырғанын, тұрғаның, т.б.) байқауға болады. Мысалы, адам киімі жанса, жалынға оранып жүгіреді, мұндай жағдайда өлікке сараптама жасағанда, күйік пен ыс жоғары қарай жолақтанып түскені анықталады. Егер жатқан адамның киімі өртенсе, жолақтар көлденеңінен түседі.
Қызған металл заттардан күйгенде олар сол заттың түрі мен көлеміне сөйкес келеді.
Отқа күюді қышқылдарға күюден айыру қиынырақ. Химиялық заттардан күйгенде, онда күлдіреген жер болмайды, ал қабыршақтары қьпықылдың ерекшеліктеріне қарай алуан түрлі болады. Химиялық күтктің неден болғанын анықтау үшін өліктің ұлпалары мен киім-кешегіне сот-химиялық зерттеу жүргізу керек. Кенде күйдірген заттар, мысалы, битум, қара май, т.т. теріге жабысып қалады.
Адам күйіктен көп кешікпей өліп кетуі немесе бірсыпыра уақыт өткен сон өлуі мүмкін. Күйік ауруып асқындырып, адамның өлуіне өкеп соғатын жұқпалы ауруларға өкпенін қабынуы, соның ішінде абсцедирования, септикопиемия, септицемия құбылыстары бар аурулар жатады. Кейде адам өзі күйгеннен кейін ұзак, уақыт өткен соң үдей түскен өлсіреу салдарынан да өледі. Бұл жағдайда өлудің себептері мен мерзімі, негізінен алғанда, күйіктің ауқымы мен оның дәрежесіне байланысты. Медицина тәжірибесі ІІ және ІІІ дәрежелі күйік дененің үштен бір бөлігін және одан да көбін қамтыса, өмірге қауіп төндіретінін көрсетеді.
Өртенген өліктерге сот-медицина сараптамасын жасаған кезде оларды тану (ұқсастыру) туралы мәселе туындайды. Бұл, әсіресе, бір топ адамдардың қаза табуына байланысты авариялар болғанда, мысалы, авиация апаттары, үлкен тұрғын үйлердегі өрт жағдайларында маңызды. Ұқсастыру адамның әр түрлі ерекшеліктері, сақталып қалған ерекше белгілері, киім-кешегінің қалдықтары және ондағы өрттен бүлінбейтін түрлі заттар негізінде жүзеге асырылады. Өртенген өлікгерді ұқсастырған кезде ондай өліктердің ұзындығы адамның тірі кезіндегі бойынан қысқа болатынын ескеру керек. Өлген адамнын кім екенін ұқсастыруға бұрынғы жарақаттарының сүйекте қалған іздерін анықтау жәрдемдесуі мүмкін. Бұл жөнінен сүйектерге рентгенологиялық зерттеу жүргізудің зор маңызы бар, ол өлген адамның жынысын, жасын, ал кейде оның қаңқасының жеке ерекшеліктерін де анықтауға мүмкіндік береді.
Оқиғалардың мәң-жайына қарағанда, адамдардын көпшілігі өртке, күйікке кездейсоқтан, өлдебіреудің абайламай жасаған әрекетінің салдарынан ұшырайды. Күю ересектер арасында сирек болмаса да, балалар арасында жиірек кездеседі.
Сондай-ақ қылмыс ізін жасыру мақсатымен өліктерді ертеп жіберуге әрекет жасалады. Өлікті өртеудің тездігі оның салмағына, пештің құрылысына, отынның сипатына, т.б. байланысты. Жас нәресте мөйітін әдеттегі пеште бас-аяғы екі, екі жарым сағат ішінде ағаш отынмен өртеп жіберуге болатын болса, ересек адамның өлігін шамамен 20 сағаттай өртеуге тура келеді.
Өлікті бөлшектеп өртеу жөнінде күдік туған жағдайда белгілі бір жердегі күл-қоқысты мұқият зерттеу қажет, онда жоғары температураға неғұрлым төзімді сүйектер мен тістердің қалдықтары табылуы мүмкін.
Төмен температураның әсері
Суықтың ұзақ уақыт, әсіресе нашар киінген адамға әсер етуі салдарынан дене біршама тез суынады, сөйггіп дене температурасы 25°-тан төмендегенде организмде орны толмас өзгерістер болып, адам өліп кетеді.
Дене салқындаған жағдайда тотықтану қалпына келу процесі бұзылып, мұның өзі ұлпада ауаның жетіспеуі (гипоксия) мен оттегі жеткіліксіздігіне (аноксия) әкеп соғады, бірақ қанда оттегі кемімейді (аноксемия болмайды). Гиперартериалдық қан болған жағдайда гипоксия мен аноксияның бел алуы қан айналысынын суық әсерінен байқалатын едәуір бұзылуына байланысты. Ұлпалардың 30°-қа дейін салқындауы оларда қан айналысының едәуір бүзылатыны, ал температурасы 380 жағдайында қан тамырларының рефлекторлық спазмасы салдарынан ұлпаларға қаң ағуы жартылай азаятыны, сонан соң стаз басталып, үлпалар некрозына апарып соғатыны анықталған. Сондықтан дене салқындаған кезде негізгі өмірлік қызметтер (тыныс алу, қан айналысы, зат алмасу) нашарлап, мүның өзі клиникалық түрғыдан әлсіздік, қиналу, үйқы басу және, ақырында, есінен тану сезімдерінен көрінеді.
Дененің сууынан елуді, айтылып жүргеніндей, қатып өлу деу дұрыс емес, өйткені адам дене температурасы 25° төмендегенде өледі де, өлік бірсыпыра уақыт суықта жатса, ол сонда барып қатады. Дегенмен, суыққа қарттар мен балалар төзбейді, ал жаңа туған нәресте жалаңаш қалса, едеттегі бөлме температурасьшда-ақ өліп қалады. Сондай-ақ, денесі салқындағанда алкогольмен мас болу адамның өлуіне едәуір дәрежеде себепші болады. Ондай жағдайдадене терісінің гиперемиясы орын алып, организмнен жылудын бөлінуі мен оның тез салқындауын туғызады. Сонымен бірге мас адам айналадағы жағдайды аңгармайды, сөйтіп, мүны бағаламау өлімге соқтырады.
Денесі салқындаған адамның өлуіне тыныстың тоқталуы тікелей себеп болады. Сондай-ақ бірқатар жағдайларда адам қан айналысының тоқталуы мен жүректің алғашқы фибрилляциясынан да өлуі мүмкін, ал бұл орайда қан айналысынын тоқталуы әдетте қан тамырларының коллапсына байланысты.
Дене суынуынан өлуді анықтау кейде едәуір қиындық келтіреді, өйткені бұл ретте өлікгі жарғанда ерекше белгілер болмайды. Суықтан өлген адамның өлігін сырттай қараған-да, тоңган адамға тән белгілі бір сипат аңғарылады ("бүрісу"). "Боксер сипатынан" айырмашылығы "бүрісу" адамның тірі кезімен байланысты, өйткені жылуын сақтағысы келген адам амалсыздан сондай жағдайға ұшырайды. Алайда, суыққа тоңғанда барлық уақытта бірдей "бүрісе" бермейді. Әдетте, адам есін білмей мас болғанда олай істемейді.
Суықтың әсеріне ұзақ уақыт ұшырағанда домбығу белгілері байқалады. Ол дененің жалаңаш жерлерінен көрінеді, ашық жер көгеріп, ісініп тұрады, кесіндісінде бояулы, нүкте сияқты қан аққан жерлер көп болады. Дененін домбыққан бөлігі (саусақтар) мен киім ішіндегі басқа жағы арасында айқын шек болуы жиі кездеседі. Кейде мұрын мен ауыз алдында мұз сүңгілері, кірігікте қырау болуы мүмкін, бұл адамға суық тірі кезінде әсер еткенін көрсетеді. Сирек болса да, бұлшық еттердің қысқаруы салдарынан пайда болатын "қүс еттілік" байқалады, ол дене терісіндегі түктерді тікірейтіп жібереді.
Егер айналадағы ортаның температурасы 00-тан төмен болса, мәйіттің өлгеннен кейін мұздауы (сіресіп қатуы) орын алады. Мәйіттін сырты немесе түгел аресіп қатуы мүмкін. Ми толық мұздаған жағдайда оның көлемі ұлғаяды да, бұл бас сүйектің шытынап жарылуына соқтырады. Егер бас жіктері бітпеген болса (жас адамда), бас сүйектің жіктер: сөгіліп кетеді. Бас сүйек шытьшағанда, терінің жыртылуы байқалады. Өлік жібіген кезде ұлпаларда адам өлгеннен кейінгі жыртылған жерлеріне гемолизденген қан сіңіп, тірі кезінде алған жарақаттарға ұқсайды.
Қан гемолизі өлік жібіген жағдайда орын алады, бұл орайда гемолиз дәрежесі, демек, мүшелер мен ұлпаларда адам өлген соң гемолизденген қанның сінуінен болған өзгерістер де жібудің қаншалықты тез жүретініне байланысты болады. Егер өлік жоғары температура жағдайында, мәселен, ыстық суда жібітілсе, гемолизденген қанның сіңуінен адам өлгеннен кейін болған өзгерістер едәуір дәрежеге жетіп, жарып диагноз қоюды қатты қиындатады. Сондықтан қатып қалған өліктерді онша жылы емес бөлме жағдайында ұзақ уақыт жібіту керек.
Өліктің сіресіп қатуы мен оның жібуі кезіндегі қанның гемолизі өліктік таңбалардың түсіне айтарлықтай әсер етеді. Ал өліктік таңбалар суықтан әдетте қызғылт тартады. Кейбір авторлардын пікірінше, ол ұлпаларда тотықтану процестерінің жеткіліксіздігіне байланысты. Ал басқа бір зерттеушілер өліктік таңбалар түсінің қызыл болуын өлгеннен кейін болған құбылыс, ол ауа оттегісінің эпидермистегі ең ұсак сызаттар арқылы түсуіне байланысты, бұл сызаттар дене қатқан кезде терінің созылуы салдарынан болады деп санайды. Бұл көзқарасты өліктік таңбалардың түсімен салыстырғанда тереңірек орналасқан ұлпалар түсінің неғұрлым қошқыл болуы растайды. Жібіген өліктерде өліктік таңбалар түсінің қызғылт болуы ұлпалардың гемолизденген қанды сініруіне де байланысты.
Кейде қатып қалған өліктің ашық жерлерінде ол жібігеннен кейін көптеген шектеулі немесе жайылып кеткен жарғақ сияқты сүрғылт дақтар байқалады. Олар бұрқасын кезіндегі қатқан қар мен мүз түйіршіктерінін әсерінен пайда болады және сырттай қарағанда адамның тірі кезінде түскен сызат сияқты болып көрінеді. Жалпы алғанда суықтан өлген адамдардын өліктерінде қанталаған және тырналған жердін болуы жиі кездеседі, өйткені мұндай жағдайға көбінесе мас адам ұшырайды, ал мас адамның құлап, жарақат алуы, өсіресе, мұндай жарақаттардың денесінің шығыңқы жерлеріне, мысалы, мұрнына, иегіне, тізесіне, қолына, шынтагына және т.б. түсуі мүмкін.
Суықтан қатып өлу диагаозының негізгі белгісі асқазанның шырышты қабығына қан қуйылуы болып табылады. Ол Вишневский дағы деп аталады. Бұл дақ нүкте мөлшерінен 0,5x0,5 см-ге дейін жететін, түсі қызғылт тартқан сұр болып тұратын қанталаған жерлер болып келеді. Вишневский дақтарының болуы гистологиялық зерттеулердің нәтижелерімен қуатталуға тиіс.
Суықтан қатып өлудің жанама белгісі - жүректе ауру өзгерістері болмаған жағдайда оның қанға толуы. Бұл орайда жүректің оң жақ және сол жақ жартыларындағы қанның түсінде кейде айырмашылық анғарылуы мүмкін. Мүндай жағдайларда жүректің оң жақ жартысындағы қанның түсі қара қошқыл, ал сол жағында ашық түсті болады, бұл жүректен құрамында оттегі мол қан ағатынын көрсетеді. Суықтан қатып өлудін басқа белгілері арасынан қуықтыңтолы болуын және бауырдан гликоген мен қанттың жойылуын атап өткен жөн.
Қатып қалған мүшелерге гистологиялық зерттеу жүргізген кезде саңылаулар мен қуыстар табылады, олардың пайда болуы мұздың механикалық әсеріне байланысты. Кейбір деректерге қарағанда, өліктің сіресіп қатуына төн ерекше белгісі - базальдық (негіздік) қабат бүртіктерінің арасындағы теріден, без өзектері мен ен өзекшелерінен көпіршіген және белокты құрылымдардың байқалуы.
Суықтан қатып өлу диагностикасын екінің бірінде оған қоса механикалық жарақаттардың болуы немесе ес-түссіз мас болу жағдайы қиындата түседі. Суықта қалған адам өлігінен елеулі жарақаттардың табылуы оның өлуіне жарақат себепші болған немесе оның негізгі себебі болған деген күдік туғызады. Бұл мәселені шешкен кезде нақты жарақаттардың сипаты мен ерекшеліктерін, дене сууы белгілерінің айқындық дәрежесін егжей-тегжейлі зерттеудің, сондай-ақ оқиғаның барлық мән-жайын тәптіштеп талдаудың зор маңызы бар.
Өліктің қаны мен несебі құрамындағы алкоголь мөлшерін, сондай-ақ адамның төмен температура әсерінен елуінің жарғандағы белгілерінің айқындық дәрежесін салғастыру негізінде дененің сууы мен алкогольге мас болу арасына сараланған диагноз қойылады.
Суықтан үсудің түрлі дәрежеде әсерлері (мүрынның, құлақтың, саусақтардың, башпайлардың және т.б. үсуі) тірі адамдардан, әдетте олардың денесі жылығаннан кейін байқалады, өйткені реактивтік өзгерістердің өрістері үшін белгілі бір жылылық керек. Сондықтан дененің суынуынан тез өліп кеткен адамдардың өліктерінен әдетте үсу белгілері байқалмайды. Егер суық біртіндеп және ұзақ уақыт әсер етіп, адам өз денесінің тоңған жерлерін жылытуға әрекет жасаса, ондағы реактивтік өзгерістер адам өлгенге дейін де орын алуы мүмкін. Мұндай жағдайларда өліктерден I дәрежелі үсік байқалады. Өліктерде сирек кездесетін ІІ дәрежелі үсік ұйыған немесе геморрагиялық жалқыққа (экссудатқа) толы көпіршіктердің пайда болуымен сипатталады.
Тірі адамдарда ІІІ және IV дәрежелі үсіктер байқалуы мүмкін. Олардың үсіген дене бөліктерінің толық немесе ішінара шіруімен аяқталады. Тірі адамлар үсуінің қаншалықты ауыр екені әдетте қалай аяқталатынына қарай бағаланады.
Оқиғаның мән-жайы бойьшша дененің сууынан адамның өлуі жазатайым оқиғаларга жатқызылады, бұл орайда ересек адамдарда ол көбінесе мас болып, суықта ұйықтап қалумен байланыстырылады. Психикалық ауруы бар адамдардың өзін-өзі суықта қалып өлтіруге әрекет жасаған бірлі-жарым оқиғалары болған.