Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Бап. Қорғау құжаттарын беру туралы мәлiметтердi жариялау

Бап. Қорғау құжатын беруге өтiнiм жасау

1. Қорғау құжатын алуға өтiнiмдi сараптама жасау ұйымына осы Заңның 10-бабының 1-тармағына сәйкес қорғау құжатын иелену құқығы бар адам (бұдан әрi - өтiнiм берушi) бередi.
Өтiнiм электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат түрiнде берiлуi мүмкiн.

2. Қорғау құжатын беру туралы өтiнiм қазақ немесе орыс тiлiнде берiледi. Өтінiмнiң өзге құжаттары қазақ, орыс тілдерінде немесе басқа тiлде берiледi. Егер өтiнiмнiң басқа құжаттары өзге тiлде берiлсе, өтiнiмге олардың қазақ немесе орыс тiлiндегi аудармасы қоса тапсырылады. Аударманы өтiнiм берушi сараптама жасау ұйымына басқа тiлдегi құжаттары бар өтiнiм түскеннен кейiн екi ай iшiнде тапсыруға мiндеттi. Тиiстi төлемдер енгiзiлген жағдайларда бұл мерзiм ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол екi айдан аспауға тиiс.
Белгiленген мерзiмде аударма табыс етiлмеген жағдайда өтiнiм берiлмеген болып есептеледi.

3. Өтiнiм берушi өтiнген немесе рұқсат берген не қылмыстық қудалау органдарының немесе соттың талабы болған жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi орган және сараптама жасау ұйымы қорғау құжатын беру туралы мәлiметтер жарияланғанға дейiн үшiншi тұлғалардың өтiнiмге қол жеткiзуiне рұқсат бермеуге тиiс.

Бап. Өнертабысқа қорғау құжатын беруге өтінiм

1. Өнертабысқа қорғау құжатын беруге өтiнiм (бұдан әрi - өнертабысқа өтiнiм) бiр өнертабысқа немесе өзара байланыстылығы өнертапқыштық бiр ойды құрайтын өнертабыс тобына берiледi (өнертабыс бiрлiгiнiң талабы).

2. Өнертабысқа өтiнiмде мынадай құжаттар:
1) өнертабыс авторлары және атына қорғау құжаты сұралып отырған адамдар, сондай-ақ олардың тұрғылықты жерi немесе орналасқан орны көрсетiлген қорғау құжатын беру туралы өтiнiм;

2) бiлiмнiң тиiстi саласындағы маманның өнертабысты жүзеге асыруы үшiн толық, жеткiлiктi ашылған сипаттамасы;

3) өнертабыстың объектiсiн айқындайтын және оның мәнiн бiлдiретiн өнертабыстың формуласы. Формула анық, нақты болуға және сипаттамаға негiзделуге тиiс;

4) егер өнертабыстың мәнiн түсiну үшiн қажет болса, сызбалар және өзге де материалдар;

5) реферат;

6) сенiмдi өкiлдер арқылы iс жүргiзiлген жағдайда - сенiмхат;
Өнертабысқа өтiнiмге өтiнiм беруге, сонымен бiрге ресми сараптама жүргiзуге белгiленген мөлшерде ақы төленгенiн растайтын құжат және оның мөлшерiн азайту негiздемесiн растайтын құжат қоса тiркеледi, оларды өтінімге қоса немесе өтiнiм түскен күннен бастап екi ай iшiнде тапсыруға болады. Тиiстi төлем жасалған жағдайда бұл мерзiм ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол екi айдан аспауға тиiс.
Төлем жөнiндегi құжаттар белгiленген мерзiмде тапсырылмаған жағдайда өтiнiм берiлмеген болып есептеледi.

3. Өнертабысқа өтiнiм берiлген күн сараптама жасау ұйымына осы баптың 2-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетiлген өтiнiм құжаттары түскен күн бойынша белгiленедi, ал егер көрсетiлген құжаттар бiр мезгiлде тапсырылмаса, онда тапсырылған құжаттардың соңғысы түскен күнi бойынша белгiленедi.

4. Өнертабысқа өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау, мәлiметтердi Қазақстан Республикасы өнертабыстарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу, сондай-ақ қорғау құжатын беру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi..
25-бап. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн тiркеу және қорғау құжатын беру

1. Сараптама жасау ұйымы Қазақстан Республикасының Өнертабыстарының мемлекеттiк тiзiлiмiне, Қазақстан Республикасының Пайдалы модельдер мемлекеттiк тiзiлiмiне немесе Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп үлгiлерi мемлекеттік тiзiлiмiне тиiсiнше өнертабысты, пайдалы модельдi немесе өнеркәсiп үлгiсiн енгiзедi.

2. Уәкiлеттi орган патенттi беру туралы мәлiметтердi бюллетеньге жариялай отырып, патент иеленушiге тиiстi қорғау құжатын бередi.
Атына қорғау құжаты сұралған адам бiрнешеу болған жағдайда оларға бiр қорғау құжаты берiледi.

3. Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң патент иеленушi болып табылмайтын авторына уәкiлеттi орган оның авторлығын растайтын ресми куәлiк бередi.

4. Қорғау құжаты мен автор куәлiгiнiң нысанын, оларда көрсетiлген мәлiметтер құрамын уәкiлеттi орган белгiлейдi.

бап. Қорғау құжаттарын беру туралы мәлiметтердi жариялау

1. Сараптама ұйымы өнертабысқа патент беру туралы мәлiметтердi өтiнiм берiлген күннен бастап – он сегiз ай өткеннен кейін, ал пайдалы модельге және өнеркәсiптiк үлгiге патент беру туралы мәлiметтердi он екi ай өткеннен кейін бюллетеньде жариялайды. Өтiнiм берушiнiң өтiнiшхаты бойынша сараптама ұйымы мәлiметтердi көрсетiлген мерзiмнен ерте жариялайды.
3. Автордың қорғау құжаты туралы жарияланған мәлiметтерде автор ретiнде аталынудан бас тартуға құқығы бар.

4. Жарияланатын мәлiметтердiң толық құрамын уәкiлеттi орган белгiлейдi.

5. Қорғау құжатын беру туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiн кез келген тұлға өтінiмнiң материалдарымен және сараптама жасау ұйымы дайындаған ақпараттық iздестiру туралы есеппен танысуға құқылы.

6. Осы Заңның 5-бабы 3-тармағына сәйкес сараптама жасау ұйымы бюллетеньде қорғау құжаттарының қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы мәлiметтер, сондай-ақ тиiстi мемлекеттiк тiзiлiмдердегi жазбалардың өзгерiстерi туралы мәлiметтер жариялайды..



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Мақсаты: Заманауи кластерлі жүйелер туралы білімдерін бекіту | Каменный век на Дальнем Востоке
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 524 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Начинать всегда стоит с того, что сеет сомнения. © Борис Стругацкий
==> читать все изречения...

2298 - | 2047 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.