Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Төменде келтірілген біріккен әдістер қолданды.




1. Дельбе әдісі + ТЖТК (тігінен жартылай кисетті тігіспен капитонаж) бойынша ота 20 науқасқа колданылды. Ол кезде фиброзды капсуланың тар, терең бөлігіне 1-2 қатар кисетті тігіс, ал кең беткей бөлігіне 3-5 қатар жартылай кисеттік тігіс салынады.

2. Алжирлік әдіс(үздіксіз қайтармалы тігіс) + ТЖТК бойынша ота 10 науқасқа қолданылды. Ол кезде фиброзды капсуланың тар, терең, ұзын бөлігіне 1-2 қатар үздіксіз қайтармалы тігіс, ал кең беткей бөлікке 3-5 қатар жартылай кисеттік тігіс салынады.

3. Алжирлік әдіс+ А. А. Вишневский бойынша ота 5 науқасқа қолданылды. Ол кезде фиброзды капсуланың тар, терең, ұзын бөлігіне 1-2 қатар үздіксіз қайтармалы тігіс салынады, ал кең беткей бөлік «жалпақ тәрелке» тәрізді ашық қалдырылады.

4. Дельбе әдісі + А. А. Вишневский бойынша ота 5 науқасқа қолданылды. Ол кезде фиброзды капсуланың тар, терең, ұзын бөлігіне 1-2 қатар кисетті тігіс салынады, ал кең беткей бөлік «жалпақ тәрелке» тәрізді ашық қалдырылады.

5. Дельбе әдісі + Алжирлік әдіс + ТЖТК бойынша ота қалдық қуысы күрделі құрылымды 3 науқасқа қолданылды. Ол кезде фиброзды капсуланың тар, терең бөлігіне 1-2 қатар кисетті тігіс, кең ұзын бөлігіне 1-2 қатар үздіксіз қайтармалы тігіс салынады, тар ұзын бөлігіне 3-5 қатар жартылай кисеттік тігіс салынады.

Қорытынды:

Соңғы 9 жыл ішінде өкпе эхинококкозы бар 392 науқас отаға алынды.Клиникаға ТЖТК және біріктірілген әдіс енгізу нәтижесінде өкпе резекциясы тек 30 (7,6%) науқаста жасалынды. Зерттеу алдынғы жылдары өкпе эхинококкозы бар 432 науқастың 90(20,8%) өкпе резекциясына ұшырады, яғни бұл 3 есе көп. Өкпе эхинококкозының ағзасақтаушы операцияларының 79,2%-дан 92,4%-ға дейін өсуі, науқастардың көпшілігінің толықтай әлеуметтік және медициналық реабилитациясына әсері зор. Жүргізілген зерттеулерді негіздей отырып, біз өкпе эхинококкозының келесі ота түрлерін ұсынамыз:

1. Асқынбаған, іріңдеген, көбінесе өкпе ішінде орналасқан (өкпе тінінің ½ - 2/3 көлемі), кез келген өлшемдегі, овальды немесе соған жақын формалы киста түрінде тігінен жартылай кисет тігісімен капитонаж. Ұсынылған капитонаж түрі өкпе эхинококкозы бар науқастардың 40-50 %-ында орындалуы мүмкін. Кейбір күрделі жағдайларда (күрделі конфигурациялы киста)басқа да ота әдістерімен біріктіру жүргізіледі.

2. Өкпе резекциясына көрсеткіштер болып табылады: өкпенің өткір ұшында орналасқан кіші көлемдегі кисталар; бір немесе екі бөлік көлемінде, айналасында қызмет атқармайтын өкпе тіні бар асқынбаған киста; іріңдеумен асқынған кисталар (бір немесе көптеген) айқын іріңді-қабынулы өзерістермен, айналасындағы өкпе тінінің фиброзымен. Науқастардың 10%-15%-ында –өкпе резекциясын жасау мәжбүрлі.

3. Дельбе әдісімен капитонаж өкпе эхинококкозы бар науқастардың өкпеішілік, өкпе осіне қарағанда тігінен орналасқан цилиндр немесе конус тәрізді қалдық қуысы бар, көп жағдайда асқынбаған киста кезінде 10%-15%-ында көрсетілген. Тек осы жағдайда ішкі көлденеңнен кисетті тігіс салу арқылы кистаның қабырғаларын тығыз жақындатып, асқынулардың алдын-алуға болады.

4. А. А. Вишневский бойынша эхинококкэктомия кез келген өлшемдегі киста түрінде, асқыну түріне байланыссыз, өкпеден 2/3 және одан да көп көлемде шығып тұрған, бронхтік жыланкөздерді (БЖ) тігу техникалық қиындықсыз жүргенде қолданылады. Орташа алғанда жоғарыда айтылған шарттар 10%-15% кездеседі.

5. Бобров-Спасокукоцкий бойынша эхинококкэктомия өзінің оңай орындалуы мен жеткілікті тиімділігі әсерінен кіші және орташа (10%-дан артық емес) көлемді кисталарда, және де паразиттік кистаның паразиттік емес кистага ауыстыру мақсатында, үлкен және гиганттік кисталарда да қолданылуы керек.

6. Күрделі конфигурациясы бар киста кезінде өкпе жарақаттылығы жоғары өкпе резекциясын орындамау үшін, отадан кеінгі кезең және емнің қорытындысының нашар көрсеткішінің алдын алу үшін, кистаның қалдық қуысын жоюдың біріктірілген әдісін қолдану керек. Ол бір кезеңде сәйкес бірнеше ота түрлерін біріктірумен көрініс табады. Осы әдіс өкпе эхинококкозы бар 4%-8% науқастарда көрсетілген.

7. Қазіргі уақытта ашық эхинококкэктомияға шек қойылуы қажет. Ауыр, әлсіз, егде жастағы науқастарда оның өзгертілген түрі –Аскерхан немесе Эль-Муалль бойынша жартылай жабық эхинококкэктомия қолданылады.Оң өкпе және бауырдың оң бөлігінің диафрагмалық бетінің эхинококкозы кезінде плевра арқылы жету, диафрагмотомия жүргізіп, өкпенің және бауырдың бір этапты, бірмоментті эхинококкэктомиясы жүргізіледі. Осы жолмен 34 науқасқа ота жасалынды (соның ішінде 25 науқаста – төменгі бөлік, 6 науқаста – орташа бөлік, 3 науқаста – жоғарғы бөлік зақымданған. Бірэтапты, кезегінен жүретін лапаротомия жолымен ота 18 науқасқа өткізуге мәжбүр болды. Соның ішінде алдымен оң (13) немесе сол (5) өкпе бөлігі, кейін бауырда (төменгі сегмент, сол бөлік) жасалынды (жалпы жағдайы жақсы, отаның кеуде ішілік этапында асқынусыз өткен жағдайда). Қалған науқастарға 2-3 этапты ота жасалынды.

Түрлі өкпе эхинококкозына байланысты жүргізілген 994 ота ішінде 125 (12,5%) науқаста отадан кейінгі асқынумен өтті, соның ішінде 12-сі өліммен аяқталды (1,4%).Ерте отадан кейінгі кезеңде 8 науқаста пайда болған асқынуларға байланысты қайта отаға алынды. 19 науқаста (2,3%) эхинококкозрецидиві көрініс берді.Фиброздық капсуланың қалдық қуысын жою үшін сараламалы емдеу әдісін қолдану өлім-жітімніің 2,3 есе, ал асқынудың 1,6 есе төмендеуіне алып келді.

Өкпе эхинококкозында ота түрін таңдау жекеленген және сараламалы болуы шарт. Сонымен қоса, паразиттік киста айналасындағы өкпенің функционалдық жағдайы, отадан кейінгі өкпе деформациясы және қалдық қуыстың толықтай жойылуы ескерілуі қажет. Өкпе эхинококкозының қалдық қуысын жоюда эхинококкоз сатысы, зақымдалу түрі, көлемі, формасы, орналасуы, киста санына байланысты сараламалы емдеу жолы осы патологияда қолданылатын ағзасақтаушы ота санын 79,2%-дан 92,4%-ға дейін жоғарылатты, сонымен бірге өлім-жітімнің 2,3 есе, ал асқынудың 1,6 есетөмендеуіне алып келді. Бұл көрсеткіштер әлеуметтік және медициналық реабилитация көзінен маңызды.

 

Мазмұны

1.Кіріспе

2.Эхинококкоздың тарихы

3.Эхинококкоз қалай жұғады

4.Одан қалай сақтануға болады

5.Ол қалай зиян тигізеді

6.Қорытынды





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 600 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Надо любить жизнь больше, чем смысл жизни. © Федор Достоевский
==> читать все изречения...

2298 - | 1984 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.