Лекции.Орг


Поиск:




Зеленов аудандық әдістемелік кабинеті

 

 

«Логика. Ойнайық та, ойлайық»

бағдарламасы.

 

2014-2015оқу жылы

 

 

Зеленов аудандық әдістемелік кабинеттің сараптамалық кеңесінің 2014 жылдың 28 тамыздағы №13 хаттамасымен ұсынылды.

Құрастырған: Дарьинск қазақ жалпы білім беретін мектебінің тәрбиешісі Тилақбаева Айгүл Болтабайқызы

 

 

Пікір жазған: Зеленов аудандық әдістемелік кабинетінің мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру бойынша әдіскері Г.Х.Мусагалиева

 

«Логика» оқу құралы балалардың мектепалды тобында оқылатын негізгі пәндерден алған білімдерін тереңдетуді, қоршаған ортамен таныстырып, ойлау, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды көздейді. Танымдық қызығушылығындамытуға жағдай жасай отырып, балаларды ізденімпаздыққа және өзінің даму деңгейіне сенімді болуға тәрбиелейді. Сана-сезімін және өзін-өзі бақылай білуін қалыптастырады. Оқу құралындағы ойын түрінде берілген қызықты логикалық тапсырмалар түрлі тәсілдер арқылы пайымдауға, шығармашылық тұрғысынан ойлауға, өз беттерінше шешім қабылдауға және қорытынды жасауға үйретеді.

Логика

Түсінік хат

Мектепалды даярлық тобының тәрбие және білім берудегі басты мақсатының бірі – оқыта және дамыта отырып, балаларды өз бетінше оқып, білім алуға үйрету. Тек өздігінен оқи, жаза алғанда ғана бала білімді мақсатты және нәтижелі түрде игеретіні анық. Ал өздігінен жұмыс істеу бала бойында оқу еңбегінің дағдысы мен икемділіктің қалыптасуын қажет етеді. Бала ақпаратты қабылдап қана қоймай, оны меңгеру технологиясын да үйренуі үшін оқу процесін қалай ұйымдастыру керек? Бұл орайда «Логика. Ойнайықта ойлайық» атты дамыту курсының тигізер көмегі зор.

Бұл курс мынадай міндеттерді басшылыққа алады:

1. Баланың оқу іс-әрекетіне деген қызығушылығын арттыру;

2. Бағдарламаның көздеген мақсатына жету үшін өз бетінше іздену әрекеттерін қалыптастыру;

3. Негізгі ойлау операцияларын саналы түрде қолдана білуге үйрету. Яғни, ақпаратты сауатты қолдана білуін қалыптастыру;

4. Қиялдар, елестету және шығармашылық ойлауын дамыту;

5. Өз пікірін айту және оны дәлелдеу, дұрыс сөйлеуге дағдыларын қалыптастыру;

6. Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету және тәрбиелеу.

Логика оқу іс-әрекетінің ерекшелігі – негізгі оқулықтан тыс тапсырма берілетіндігінде. Сондықтан оқу іс-әрекеті ойын түрінде жүргізіледі. Танымдық қабілетті балалардың өздерінің икемі мен мінез-құлқына сай дамыту көзделеді. «Логика» курсының негізгі мақсаттарының бірі – «Әрдайым өзің үшін еңбектен!» дегенді баланың санасына сіңіру.

Логика оқу іс-әрекетіне ұсынылатын ойындар мен жаттығулар танымдық, тәрбиелік және дамыту мақсатын көздейді.

Танымдық

Есте сақтау түрлерін, қиял мен зейінді қалыптастыру және дамыту. Жалпы оқу икемі мен дағдыны (өздігінен оқулықпен жұмыс істеуін, бақылай білуін және жұмысын бағалай білуін) қалыптастыру және дамыту. Жаңа шешімдерді іздеу және қажетті нәтижеге жетудің ерекше тәсілдерін табу.

Тәрбиелік

Қоршаған ортаға оң көзқараспен қарауына ықпал етіп, қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.

Дамыту

Сөздермен, сөз тіркестерімен және сөйлеммен жұмыс істеу барысында тілді дамыту. Ойлау мен тіл бір-бірімен тығыз байланысты. Олар бірге пайда болды және бірге дамиды.

Оқу әдістемелік кешен:

 

  • «Логика» Н.Н.Амирова Алматыкітап баспасы 2014

 

 

Аптасына – 2 сағат

Барлығы - 64 сағат

 

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы Мақсаты Беті Са-ғат са-ны Уақы- ты Ескерту
Қыркүйек 8 сағат
І тоқсан 18 сағат
  Менің отбасым Балалар өз отбасымен таныстыру.        
  Дұрысын тап Балалардың ойлау қабілетін дамыту.        
  Жолын тап Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.        
  Кім шапшаң? Шапшаң қозғалыс арқылы балалардың қызығушылығын ояту.        
  Кім тапқыр Бір-бірімен ауызбіршілігін дамыту арқылы адалдыққа тәрбиелеу.        
  Суретші кім? Қол моторикасын дамыту.          
  Бірдей қуыршақты тап Мидың белсенді жұмыс істеуін, есте сақтау қабілетін дамыту.        
  Мамандықтар Мамандықтармен таныстыру.          
Қазан 10 сағат
  Дұрысын жапсыр Қолының икемділігін қадағалау.          
  Айырмашылықтарын тап Шапшаңдығын бақылау 13-14      
  Ғажайып жұмбақтар Ойын, зейінін тиянақтау. 15-17      
  Дұрысын қорша Ойлау қабілетін, дұрыс жасауын дағдыланды-ру.        
  «Ойлан, тап» Ойын, зейінін тиянақтау.        
  Үлгіге қарап боя Шапшаңдығын бақылау        
  Үйін тап Шапшаң қозғалыс арқылы балалардың қызығушылығын ояту.        
  Ақ тиын Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.        
  Артығын тап Ойын, зейінін тиянақтау        
  Суреттерді жетістір Қолының икемділігін қадағалау.        
Қараша 6 сағат
ІІ тоқсан 14 сағат
  Айгерімге көмектес Балалардың ойлау қабілетін дамыту.        
  Қайда мекендейді? Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.        
  Ойнайық та, ойлайық Шапшаң қозғалыс арқылы балалардың қызығушылығын ояту.        
  Қайсысы артық? Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.        
  Бағытын тап Ойлау қабілетін, дұрыс жасауын дағдыландыру.        
  Жыланнан сақтан Ойын, зейінін тиянақтау.        
Желтоқсан 8 сағат
  Жануарларды ата Шапшаңдығын бақылау 31-32      
  Қыс қызығы тамаша Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту. 32-33      
  Қандай фигура Шапшаң қозғалыс арқылы балалардың қызығушылығын ояту. 33-34      
  Ертегіні тап Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту. 34-35      
  Суреттерді қос Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.        
  Жалғастыр Ойлау қабілетін, дұрыс жасауын дағдыландыру.        
  Диалог құр Ойын, зейінін тиянақтау.          
  Фигураның суретін сал Шапшаңдығын бақылау          
Қаңтар 6 сағат
ІІІ тоқсан
  Шотқа сал Балалардың ойлау қабілетін дамыту.          
  Аттарын ата Қол моторикасын дамыту.   41-42      
  Гүл салынған құмыра Мидың белсенді жұмыс істеуін, есте сақтау қабілетін дамыту.        
  Ретімен белгіле Мамандықтармен таныстыру.          
  Тапсырманы орында Қолының икемділігін қадағалау.        
  Цифрлар тізбегін жалғастыр Шапшаңдығын бақылау          
  Қуыршақ пен Әділ Ойын, зейінін тиянақтау.          
Ақпан 7 сағат
  40-41 Ойланайық, балақай! Ойлау қабілетін, дұрыс жасауын дағдыландыру.        
  Өзің таңда Ойын, зейінін тиянақтау.          
  Тапқыр болсаң жазып қой Шапшаңдығын бақылау          
  Біріктір, тап Шапшаң қозғалыс арқылы балалардың қызығушылығын ояту.        
45-46 Қараторғайдың ұясы Бір-бірімен ауызбіршілігін дамыту арқылы адалдыққа тәрбиелеу.        
Наурыз 5 сағат
  Тасбақаға көмектес Қол моторикасын дамыту.        
  Цифрларды жаз Мидың белсенді жұмыс істеуін, есте сақтау қабілетін дамыту.        
49-50 Қандай сан? Қолының икемділігін қадағалау.        
  Қанша шар бар? Шапшаңдығын бақылау        
Сәуір 6 сағат
ІҮ тоқсан
  Дәлін сал Ойын, зейінін тиянақтау.        
53-54-55 Есепте, ойлан Ойлау қабілетін, дұрыс жасауын дағдыландыру.        
  Қоларбаға салайық Ойын, зейінін тиянақтау.        
  Жолда абай болайық Шапшаң қозғалыс арқылы балалардың қызығушылығын ояту.        
Мамыр 8 сағат
  Ойлан, дұрысын тап Бір-бірімен ауызбіршілігін дамыту арқылы адалдыққа тәрбиелеу.        
  Сенің білуің тиіс Қол моторикасын дамыту.        
  Ойлан, түсіндір Мидың белсенді жұмыс істеуін, есте сақтау қабілетін дамыту.        
  Кімнің марғауы Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.        
  Сиқырлы шаршылар Балалардың ойлау қабілетін дамыту.        
63-64 Әділге көмектес Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.        

Күтілетін нәтиже:

· Логикалық ойлау қабілеттері дамиды, оқу іс-әрекетіне

деген қызығушылығы артады;

· 5-6 жастағы – балалардың зейіні мен есте сақтау қабілеті дамиды;

· Балалар шыдамдылыққа, ұқыптылыққа үйренеді;

· Балалар белсенді жұмыс істеп, зерттеуге ұмтылады.

 

 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Критерии статуса виды статуса | Изменение технологической платформы и сети «Интернет».
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 884 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наглость – это ругаться с преподавателем по поводу четверки, хотя перед экзаменом уверен, что не знаешь даже на два. © Неизвестно
==> читать все изречения...

1116 - | 867 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.