Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Патологиялық материал алу




Инфекциялық ауруларды балау ерекшелiктерi

Микробиологиылық диагноз қоюдын маңызы және жалпы принциптері

Патологиялық материалдарды микробиологиялық зерттеу әдістері

Патогенді коккалар

Инфекциялық ауруларды балау ерекшелiктерi. Бiрiншiден,аурудыңнозологиялық балауы тез арада қойылуы қажет. Екiншiден, балау әдiстерi жүйелi қолданылып, инфекцияның iндеттiк өзiне тән ерекшелiктерiне, клиникалық, патология-анатомиялық белгiлерiне баса мән берiледi. Мысалы сiреспе, секiртпе ауруларын балауда клиникалық белгiлерi бұл ауруларға өте тән. Жұқпалы ауруларға қарсы күресте негiзгi проблемалық мәселе ауру жануарларды емдеу емес, iндет ошағын өрбiтпей, аурудың нозологиялық балауын ерте, дер уақытында қойып, iндет ошағынан арылу шараларын жедел ұйымдастыру. Көптеген жұқпалы ауруларда жеке нозологиялық балау әдiстерi шешушi роль атқармайды. Сондықтан әдiстердi жүйелi т үрде қолдану аурудың нозологиялық балауын дәл қоюға мүмкiндiк бередi. Жүйеге: iндеттанулық талдау, клиникалық, патоморфологиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, серологиялық, баяу типтi сезiмталдыққа негiзделген аллергиялық әдiс, т.б. жатады.

 

Клиникалық балау. Клиникалық зерттеу жүргiзгенде инфекциялық процестiң түрлерi, байқалу сатылары ескерiледi. Қазiргi кезде инфекциялық аурулардың клиникалық белгiлерi классикалық түрде кездеспейдi. Әсiресе қосалқы инфекцияларда мұндай жағдай өте жиi байқалады (мысалы шошқа обасы пастереллезбен, сальмонелезбен асқынғанда).

 

Тiптi қазiргi уақытта бруцеллезге тән жануарлардың iш тастауы, төлдiң өмiршең емес туылуы, шудың түспеуi, т.б. топалаңға тән малдың жаппай қырылуы, қанның ұйымауы, т.б. клиникалық белгiлер өте сирек кездесiп жүр.

 

Яғни көптеген классикалық инфекциялардың созылмалы жасырын түрде байқалуы тенденция алған. Мұндай жағдайлар Қазақстан мен басқа ТМД мемлекеттерiнде вакциналарды жиi, кең түрде қолданылуынан туындалған болса керек. Әйтсе де, құтырық, iндеттi лимфангит, аусыл, т.б. ауруларда ауруға тән клиникалық белгiлер нозологиялық балау қоюда басты, ал сiреспе мен бұзаутазды балауда шешушi роль атқарады.

 

Клиникалық зерттеудi малдың дене қызуын өлшеуден бастау ұсынылады. Қолданылатын термометрлер тексеруден өтулерi қажет және олардың дезинфекциялық ерiтiндiлерде сақталуы шарт.

 

Ауруға тән клиникалық белгiлер мал бос тұрғанда айқын байқалады. Сондықтан ауру малды байламай, олардың жағдайына бақылау жүргiзу (қозғалысына, сыртқы пiшiнiне, азықтануына, зәр, нәжiс шығаруына, соңғыларының түрiне, түсiне, т.б.) керек. Бұдан кейiн қажет саналса, тиiстi мүшелерiне арнайы зерттеулер (пальпация, аускультация, т.б.) жүргiзiледi.

 

Клиникалық балау қоюда қосалқы (mixed) инфекциялардың болатыны назарға алынуы қажет.

 

Клиникалық зерттеуге гематологиялық әдiс те жатады. Инфекциялық ауруларда көбiнесе гемоглобин концентрациясы, эритроциттердiң шөгу жылдамдығы, лейкоцитарлық формула анықталады.

 

Патологиялық материал алу

 

 

1. Патологиялық материалды алу және консервациялау тәртiптерi:

 

-материал стерильдi құралдармен залалсыздандырылған ыдысқа алынады;

 

- патологиялық материалды лабораторияға алынған күйiнде немесе консервациялап жiбередi. Бактериологиялық зерттеулер үшiн материалды глицериннiң судағы 30%-ды ерiтiндiсiмен консервациялайды, ал вирусологиялық зерттеулер үшiн материалды глицериннiң 0,85%-ды хлорлы натрийдегi 50%-ды ерiтiндiсiмен консервациялайды.

- Материал мен консерванттың қатынастары 1:4 шамасындай болу керек (вирустық ауруларды патологиялық материал алу, оны лабораториялық зерттеуге жiберу ерекшелiктерi вирусологиялық зерттеу тақырыбында көрсетiледi);

 

- жiлiктердi жiберу үшiн сiңiр мен еттен жақсылап тазартып, сыртынан 5%-ды карбол қышқылының ерiтiндiсiне малынған дәкемен орайды;

- iшектердi нәжiсiнен тазалап, шеттерiн бекiтiп байлап глицериннiң судағы 30%-ды ерiтiндiсi бар ыдысқа салады;

 

- мал өлексесiнiң нәжiсiн iшекпен бiрге екi шетiн байлап жiбередi;

- терiнiң көбiрек зақымданған жерiнiң көлемi 10х10 см болатындай кесiндiлер түрiнде алып, таза ыдысқа салып аузын дәнекерлеп жiбередi;

- қан, iрiң, сiлекей, кiлегейлi зат, экссудат, зәр, ет және басқа патоло-гиялық материалдарды ұшы балқытылып бекiтiлген Пастер түтiкшелерiне, стерильдi шыны құтыларға, пробиркаларға салып, аузын стерильдi тығындармен бекiтiп жабады;

- өлексенi сыртқы тамырларынан алынған қаннан арнайы әйнекке жағынды дайындап, ауада кептiредi

2. Патологиялық материалдарды орналастыру және жөнелтуге әзiрлеу тәртiптерi:

-патологиялық материалды дайындап, 5%-дық карбол қышқылының ерiтiндiсiмен ылғалданған дәкеге орап, ағаш ұнтағы салынған жәшiкке салады;

 

- сұйық және ағзалардан алынған патологиялық материалдарды шыны құтыларға салып, аузын тығыз тығындап жауып, сыртынан балауыз құйып бекiтедi;

 

- жiлiктердi 5%-дық карбол қышқылының ерiтiндiсiмен ылғалданған дәкеге орап жәшiкке орналастырады;

 

- iшiнде сұйық материалы бар, ұштары балқытылған бекiтiлген Пастер түтiкшелерiн сынбайтындай қылып мақтаға орап шыны құтыға салып, содан кейiн оны темiр сауытқа орналастырады;

 

- жағындыларды екi-екiден бiрiктiрiп (сiлемдерiн iш жағына қаратып, араларына сiрiңке шилерiн қояды), пергамент, целофан қағаздарға орап, жiппен байлайды;

 

- материал салынған жәшiктiң iшiне алынған материалдардың нөмiрленуi бойынша тiзiмi салынып, жабылып, бекiтiлiп қақпағына "шыны", "жоғары", "байқаңдар", "зарарлы" деген белгiлер жазылады.

 

Лабораториялық зерттеуге жiберiлген материалға жолдама құжат толтырылады, онда зерттеуге жiберiлген мекеменiң аты-жөнi, бөлiмi, мекен жайы, шаруашылықтағы (ауылдық аймақтағы, елдi мекендегi) немесе басқа патматериал алынған обьектінiң аты, ондағы iндеттiк жағдай, мал басы, негiзгi клиникалық белгiлері, өлген, ауырып тұрған мал саны, негiзгi патология-анатомиялық өзгерiстер, алдын ала қойылған диагнозы, патоло-гиялық материал алынған уақыты, қандай аурулардан ажыратылуы қажеттiлiгi, материал жiберiлген шаруашылықтың немесе клиниканың аты-жөнi көрсетiледi.

 

Патологиялық материалға толтырылатын жолдама құжат үлгiсi төмендегiдей:

 

Үржар аудандық ветеринария лабораториясының бактериология бөлiмiне. Үржар ауылы, Би -Боранбай көшесi №55 үй.

 

Жолдама

 

Мақаншы ауылына қарасты "Қылыш" елдi мекенiнде ерiксiз сойылған жылқыдан алынған патологиялық материал: көкбауыр, бауыр, жүрек кесiндiсi, iшек, терiнiң пұшпағы, лимфа түйiндерi, бүккiш және жазғыш бұлшықеттерiнен алынған сынамалар, сонымен қатар азық ретiнде қолданылған бұзылған арпа зерттеуге жiберiледi.

Iндеттiк жағдайы: аталған мекендегi биебауда 8 бие, 6 құлын, сонымен қатар екi айғыр үйiрi бар. Малшының айтуына қарағанда 2 жылқы аяқ астынан ауырып, тыпырлап, колик тәрiздес клиникалық белгiлер берiп (тышқаншық), ерiксiз сойылған.

Негiзгi патологиялық өзгерiстер: қан жақсы ұйымаған, лимфа түйiндерiнде нүктелi қанталаулар бар. Көк бауырдың көлемi аздап ұлғайған, талақты тiлiп қарағанда қалыпты жағдайда көрiнетiн ақ және қызыл рең сақталмаған, торша структурасы езілген, қою қарамай реңді қан ағады.

 

Алдын ала қойылған балау - топалаң. Материал 14.03.2016 жылы сағат 10.00-де алынды.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2277 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Лучшая месть – огромный успех. © Фрэнк Синатра
==> читать все изречения...

2205 - | 2093 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.