Лекции.Орг


Поиск:




Күншуақ» ересектер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы




Білім беру саласы: «Таным»

Тақырыбы: «Қазақстанды мекендейтін жануарлар»

Бөлімдері: Экология негіздері

Күні, айы, жылы: 12. 11. 2015 жыл

Мақсаты

Білімділік: Қазақстан жерін мекендейтін жануарлармен балаларды таныстыру, олардың тіршілігі туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Балалардың жануарлар туралы білімдерін әрі қарай кеңейту, өздері білетін түсініктерін жеткізу арқылы балалардың тілдік қорын дамыту.

Тәрбиелік: Жануарларға деген сүйіспеншілікке, оларға деген қамқорлық сезімге тәрбиелеу.

Қостілдік компонент: Қазақстанды мекендейтін жануарлар-Звери обетающие в Казахстане

Көрнекілік құралдар: Арқар, барыс, саршұнақ, дала тасбақасы суреттері

 

Іс –әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
  Мотивациялық- қозғаушылық - Бүгін бізге ерекше көңіл күй қажет. Ол үшін бір – біріңе қарап күлімсіреңдер, жақсы тілектер айтыңдар. Мен сендерді табиғатқа саяхатқа шығуға шақырамын. Балалар бір – біріне қарап, жақсы тілектер айтады. Назарларын бүгігі оқу іс – әрекетіне аударады.
    Ұйымдастыру- іздестіру   Жағымды музыка қойылады. - Балалар, біздің жеріміздің табиғатына қараңдаршы (таудың, даланың әдемі табиғат көрінісі көрсетіледі). Біздің жеріміз кең – байтақ. Онда алуан түрлі жануарлар мекендейді. Қандай жануарларды білесіңдер? Тақтаға әртүрлі жануарлар суреті ілінеді (арқар, барыс, қосаяқ, құлан, дала тасбақасы) - Мына суретте көрсетілген жануарлар түрі қандай көп, оларға сүйсіне қарауға болады екен. Сергіту сәті. Картотека №82 Иіліп оңға бір, Иіліп солға бір. Денемізді дұрыстап, Тұрамыз тік ұстап. Түсіндіру: Алтай арқары – өте бағалы аң. Биік тау беткейлерін мекендейді. Шөптесін өсімдіктермен қоректенеді. Ол бағалы аң болғандықтан оны аулауға тыйым салынған. Оның жасын мүйізіндегі сақинасына қарап анықтайды.Құлжасының мүйізі ірі, бұралып иіліп тұрады. 12 – 14 жыл өмір сүреді. Барыс – мысық тұқымдас жыртқыш аң. Ол басын мәңгі қар басқан тауларды мекендейді. Оның терісі бағалы. Қимылы жылдам, епті. Жемтігін қуғанда 7 – 8 м биіктікке дейін секіреді. Олар ойынпаз, қарға аунап ойнағанды жақсы көреді. Қазақ ежелден барыстың тектілігі, батылдығын пір тұтқан. Қосаяқ – кішкентай кеміргіш аң. Балқаш өңірінде тіршілік етеді. Сирек кездеседі. Ол өсімдік дәнімен, жемісімен, қоңыз, шегірткемен қоректенеді.Қыстай денесіне жинаған майымен қоректеніп, ұйықтап жатады. Құлан шөлді жерді мекндейді. Алматы,Қарағанды хайуанаттар бағында бағылады.Түрікмен жерінен әкеліп жерсіндірілген. Ол есекке де, жылқыға да құсайды. Олар бұрын Қазақстан жерінде үйір – үйірімен жүретін. Оны есепсіз аулап, азайып кетті. Қазір қорғауға алынған. Дала тасбақасы шөлді жерлерді мекендейді. Ол қауіп тектенде, басын сауытының ішіне жиып алады. 150 жылдай тіпшілік етеді. Өсімдіктермен қоректенеді. Жылына 3 – 4 ай ояу, қалған уақытта ұйқыда болады. Саршұнақ ашық дала кеңістігінде өмір сүреді.Олар ін қазып, топырағын келтіреді. Бірақ оның терісі бағалы. - Бұл жануарларды сендер қай жерден кердіңдер? Балалар табиғат көрінісі туралы өздерінің алған әсерлерін әңгімелейді. Өздері білетін жануарларды атайды. Балалар педагог көмегімен атауымен танысады.   Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.     Мұқият тыңдап, әңгімеге кіріседі.     Бұл жануарларды теледидардан, кітаптан көргендерін айтады. Өздерінің білетіңдерін әңгімелейді.
  Рефлексивті- түзетушілік   Балалардың жануарлардың пайдасы, оларды қоғау туралы қортынды ойлары тыңдалады. «Мұқият бол!» ойыны. Ал енді мен сендерге бүгінгі танысқан жануарлардың бір белгісін айтамын, сендер қандай аң екенін табасыңдар.   Балалар педагогтің айтқан сипатамасы бойынша қандай жануар екенін табады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Қазақстан жерінде мекендейтін жануарлардың кейбір түрін сурет бойынша ажыратады; олардың тірішілгі мен мекені туралы мәліметтер іздейді.

Қандай түсініктерді игерді: Қазақстан жануарларының алуан түрлі екенін; жануарлардың пайдасын, оларды қорғауды.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Жануарлар туралы білімді.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-17; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 578 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Ваше время ограничено, не тратьте его, живя чужой жизнью © Стив Джобс
==> читать все изречения...

586 - | 593 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.023 с.