Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин, рухани негізсіз, экономикалық модернизация мүмкін еместігіне қатысты: «Любая модернизация, вне национальных традиций, обречена на неудачу» деп, Қазақ елінің ХХІ ғасырдағы саяси-экономикалық даму бағытын нақтылады. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Нұр Отан» ХДП кезектен тыс ХІІ съезінде, егеменді ел тарихында алғашқы рет, идеологиялық бағытымызды белгілеп: «Дағдарыс ашып көрсеткен ішкі проблемалардың үлкен бір бөлігі, қоғамның рухани ахуалымен байланысты «Нұр Отанның» идеологиялық жұмысы, қоғамда рухани-парасаттылық құндылықтардың жаңа жүйесін орнықтыруға бағытталуы тиіс» деп, нақты белгілеп берді. Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын қабылдап», «жеке тұлғаның рухани жағынан қалыптасуы, барлық тәрбие үдерісінің өзегі болып тұр» деп нақтылады. Астанада бас қосқан Әлем діндері көшбасшыларының съезі, адамзаттың үшінші мыңжылдықта тек рухани негізде ғана біріге алатындығының дәлелі ретінде, Қазақстан халқы ассамблеясы жұмысы негізінде, «Ел бірлігі доктринасы» қабылданып, үшінші тарауы, бірлік пен бейбітшілік, теңдік пен жасампаздыққа негізделген, «Ұлт рухын дамыту» қағидаты бекітілді. Айналамызды қоршап тұрған материалдық дүние ой-сана эволюциясының жемісі болғандықтан, алғашқы тас құрал-сайманнан бастап, жабайы атты қолға үйретіп, шалбар, дөңгелек, арба, т.б. материалдық құндылықтар ойлап тауып, адамзаттың мәдени-экономикалық дамуына үлес қосқан, бүгінгі қуатты Қазақ еліміз. Ұлт рухын, көк Туымыздағы қырандай биікке самғатқан, Есік қорғанынан табылған, Алтын Адам сияқты мұраларымыз, (кешегі шумер (кеңгір), сақ (скиф), көк түрк (түрк қытай сөзі, тәңір – құты, қуатты мемлекет – деген мағынаны білдіреді), түріктің түп қазығы – қазақ (қалай оқысаң да «АҚ» – деген сөзден тұратын, «КЕҢ» – деген ұғым. «Кең болсаң, кем болмайсың» деген осыдан шыққан), халқымыздың болашаққа нық басқан, тереңде жатқан, тарихи және мәдени сабақтастығына дәлел. Адам Ата – Хауа Ананың мөлдір махаббатына себепші болған, алғашқы алма жемісі (Алма алуға болмайды – деген қазақ сөзі) мен сұлулықтың нышаны қызғалдақ та қазақ жері, Алатау шыңы мен бөктерінде, Алмалы қазіргі Алматы маңында пайда болғанын, ағылшын мен француз ғалымдары дәлелдеп берді. Тарих кеше, бүгін, ертеңнен тұратындықтан, егеменді ел болып, Елбасымыздың ұсынысымен, ұрпақтар болашағы, рухани алтын ғасырға бағытталып, қолға алынып жатқан, қуатты Қазақстан – ұлттық идея доктринасы, әлемге қазақ халқын, ХХІ ғасырда тіл, дәстүр, діл, тарихи шындық негізінде ұлт рухын көтеріп, болашаққа нық басқан ел ретінде, үш бөлімнен тұруы қажет. 1. Қазақ елі – кеше. (cаяси-мәдени (тіл, дәстүр, діл, тарих, ғылыми), әлеуметтік, саяси-экономикалық даму). 2. Қуатты Қазақстан – бүгін. (бірлік, теңдік, ұлт рухын дамыту негізіндегі, саяси-мәдени (тіл, дәстүр, діл, тарих), ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық даму) 3. Қуатты Қазақ елі – ертең. (бірлік, теңдік, ұлт рухын дамыту негізіндегі, саяси-мәдени (тіл, дәстүр, діл, тарих), ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық даму) адамзатының рухани алтын ғасырына бағытталған қуатты Қазақстан ұлттық идея доктринасы, рухани және материалдық құндылықтарды өмірге келтіретін сана жемісі, идеялар туындататын даналықты меңгерген, ақыл- парасат иесі, интеллектуалды ұлт қалыптастыру механизмдерін іске асыратын құжат ретінде жазылып, қабылдануы қажет. Сонда ғана ол адамзатқа үлгі, өніп-өсіп, өркендеген ел доктринасы ретінде, барша халқымыздың мүддесіне сай, ұрпақтардың жарқын болашағына кеңінен жол ашатын құжат ретінде жемісін береді. Доктрина корпоративті мәдениетімізді ұлт рухын көтеру арқылы іске асыратын құжат ретінде жазылуы үшін, адамның жаны мен тәні сияқты, корпорация формасы болса, қозғаушы күші оның жаны тіл мен дәстүр, діл, тарихи шындықты бойына сіңіріп, дүниетанымы қалыптасқан, даналықты меңгерген ақыл-парасат иесі, интеллектуалды ұлт негізі, рухы биік тұлға болуы керек. Осы екі мәселені ұштастыратын, қуатты Қазақстан – ұлттық идеясы болып тұр. Қазіргі ғылымда, өмірге біржақты, материалистік тұрғыдағы көзқараспен қарау негізінде, қалыптасқан түсініктер бойынша: Адам дегеніміз – «Homo sapiens» түріндегі, сүтқоректілер қатарына жататын саналы жануар. Өмір мәні – әркім өзінше түсінетін ұғым.Тәрбие дегеніміз – (ҚР Білім және ғылым министрлігі тәрбие тұжырымдамасына сай) қойылған мақсатқа жетуге бағытталған, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара тиімді іс-әрекеті – достастық. Әркімге бір еліктеп, жалтақтаудан туындап жатқан, осындай ұғымдар мен түсініктер, егеменді ел дүниетанымына әсер етіп, дамуымызға кедергі болуда. Сол себепті доктринаның қабылдануы, алдымыздағы кем дегенде жүзжылдық межені қамтитындықтан, ел үшін ерекше стратегиялық құжат пен заңдар, өз рухани дүниетанымымызға сай, ана тілімізде жазылып, өзге ұлт дүниетанымынан туындаған заңдардан көшіруді азайтсақ қана, ұлтымыздың бай қазынасы – рухы, жарыққа шығып, санасы оянып, дамуға көшері анық. Әр жүз жылда ұғымдар өзгеріп тұратындықтан, рухани алтын ғасырға бағытталған бағдарлама жасау мақсатымен, 2005 жылы Алматы мектептерінде эксперимент ретінде қолға алынып, 2009 жылдан бастап «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының қолдауымен «Ақбастау – рухани тазалық ұстанымдарына негізделген, жүйелі ой-сана қалыптастыруға бағытталған, кешенді тәрбие бағдарламасы» өз жемісін беріп, қуатты Қазақстан – ұлттық идеясын іске асыруға бағытталған, интеллектуалды ұлт қалыптастыру механизмі, әлем ғылымында осы уақытқа дейін шешімі табылмай келген, қазақстандық брэнд, «рухани заңдылықтарға негізделген, адам ой-санасы жұмыс жүйесінің, пирамидалық құрылымының галограммасы» немесе тұмар жүйесі ғылыми жаңалық ретінде іске асырылып, авторлық құқыққа ие болды. Қуатты Қазақстан – ұлттық идеясын іске асыруға бағытталған, кейбір ұғымдарға түсініктер: Қуатты Қазақстан – ұлттық идеясы деген не? Ұлттық (діл) идея, адам өмірінің мәнінен туындайтын ұғым. Адам өмірінің мәні – өмір сынақтары (қиындықтары) арқылы, рухани жетілу болса, адамдар қауымдастығы, мемлекеттің ұлттық идеясы, рухы күшті, қуатты мемлекет қалыптастыру. Яғни «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын іске асыруға бағытталған, алтын ғасыр доктринасы. Доктрина деген не? Доктрина – лат. «doctrina», ілім, ғылым, оқыту, білімділік. Әрбір ұлт, халықтың, тіл, дәстүр, діліне қарай, қалыптасқан дүниетанымына сай ұстанымдары негізіндегі, саяси, теориялық даму бағытына, заманауи көзқарас.
Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Этномәдени бірлестіктердің өзінің саны тұрақты өсуде, қазір олар 800-ден асады, оның ішінде 28-і республикалық. 15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарламалар 7 тілде телебағдарламалар шығады. Білім беру толықтай өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп жұмыс істейді. 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде жүргізіледі. Осымен қатар, балалардан басқа үлкендер де 30 этнос тілдерін оқуға мүмкіндік алған 195 этно-білім беру кешендері, жексенбілік және лингвистикалық мектептер ашылды. Қазақ және орыс театрларын қоспағанда елімізде тағы төрт ұлттық – өзбек, ұйғыр, кәріс және неміс театрлары жұмыс істейді. Әр жыл сайын Қазақстан этностарының тілдерінде бірнеше ондаған жаңа кітаптар жарық көреді. Жыл сайынға халықтық мерекелер Наурыз, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, масленица, сабантой дәстүрге айналды. Егер мемлекеттің қалыптасу кезеңінде басты міндет этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісім негізінде қоғамды ұйыстыру болса, ел дамуының жаңа кезеңінде, стратегиялық басымдық ретінде, қоғамның барлық азаматтары мойындаған ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесіне негізделген Ұлт Бірлігіне жету болып табылады. Сондықтан 2010 жылы сәуірде азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттардың, азаматтардың сындарлы ұсыныстарын жинақтаған Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы қабылданды. Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы – халықтың, уақыт талабына сәйкес, бірігу қажеттігін түсінуіне негіз. Бұл – бізді қандай күш біріктіреді және біртұтас етеді - соны түсінудің тәсілі. Бұл – болашаққа бірігіп ұмтылудың серпіні.
Ел Президенті еліміздегі тіл мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Этносаралық қатынастар жүйесінде мемлекеттік тіл ел бірлігін қалыптастырудың маңызды факторы болып танылған. Сондықтан да Ассамблея қызметінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту маңызды орынға ие.
Қазақстандық үлгі Біріккен ұлттар ұйымында, ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдерде, Копенгагенде, Венада, Женевада, Нью-Йоркте өткен халықаралық форумдарда таныстырылып оң бағаға ие болды, ЕҚЫҰ-ға қатысушы 56 мемлекет тіліне аударылды.
Бақылау сұрақтары:
1. Қазақстандық үлгі және Қазақстандағы экономикалық даму
2. Қазақстандағы өтпелі кезеңдегі экономикалық қиыншылықтар мен шешу жолдары
3. Әлемдік қаржы жағдарысындағы Қазақстанның экономикалық жаңғыруы.
4. «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол»-Қазахстанның жаңа экономикалық саясаты
5. Қазақстандағы әлеуметтік реформалардың әлеуметтік жаңғыртудағы сәйкестігі.
6.Қазақстанның әлеуметтік реформалар жолындағы Стратегиялық бағарламалардың мақсаты мен міндеті.
7. Әлеуметтік реформалардың заманауи білім жүйесін модернизациялаудың өзекті мақсаты мен міндеттері.
8. Қазақстандағы этнодемографиялық үдерістер және этносаларалық келісімнің нығаюы.
Әдебиеттер:
1. Б.М.Мұхамедиев, Р.Т. Дуламбаева, Д.Ж.Рахматуллаева «Макроэкономика» Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университетi, 2008.
2. Е.Б.Жатқанбаев. «Экономикалық теория бойынша практикалық оқу құралы» Алматы 2006
3. Тарасевич Л.С., Гребенников П.И., Леусский А.И.Макроэкономика – Учебник. - М.: ЮРАЙТ, 2009. — 654 с.
4. Т.А.Агапова, С.Ф.Серегина «Макроэкономика» 6-е издание, издательство «Дело и сервис» 2004г.
5. ҚР статистика агенттігі «ҚР әлеуметтік экономикалық даму» 2008 жылғы қаңтар - желтоқсан. «Астана» баспасы, 2009ж
6. веб сайт www.stat.kz
7. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана: Елорда, 2012 // www.akorda.kz/
8. веб сайт www.minplan.kz
9. Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика: оқу құралы - Алматы: Экономика, 2008.
10. Тарасевич Л.С., Гребенников П.И., Леусский А.И.Макроэкономика – Учебник. - М.: ЮРАЙТ
11. Кубаев К.Е. Эффективное государственное управление. - Алматы.: Қазақ университеті, 2006
12. Қазақстан Республикасының Конститутциясы.
13. «Қазақстан – 2030» Президенттің Қазақстан халқына жолдауы.
14. Президенттің Қазақстан Республикасының азаматтарына жолдауы 2005 жыл. веб сайт www.minplan.kz
15.ҚР статистика агенттігі «ҚР әлеуметтік экономикалық даму» 2008 жылғы қаңтар - желтоқсан. «Астана» баспасы, 2009ж веб сайт www.stat.kz
16. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана: Елорда, 2012 // www.akorda.kz/
17.Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика: оқу құралы - Алматы: Экономика, 2008.