Науқас түскен кездегі шағымдарына:
жалпы әлсіздік, күш түскен кезде ентігу, бас айналуы, құлақтың шулауы.
Anamnez morbi: науқас өзін 2012 жылдын шілде айынан бастап,аурудың алғашқы симптомдары(айқын жалпы әлсіздік,физикалық жүктеме кезінде ентікпе,бас ауруы,субфебрильди дене температурасы)осы симптомдар пайда болгалы бері аурумын деп санайды. 23.07-30.07 аралығында гематологиялық орталықта бақыланды. 9 –шы поликлиникаға апластикалық анемия,өте ауыр түрі диагнозын нақтылау үшін жолданды.1 тамыздан бастап 300мг циклоспорин таңертең және 300мг кешке,преднизалон 3 таблеткі таңертең және 3 таблеткіден түс қайта қабылдайды.
Науқастың өмір тарихы (Anamnesis vitae):
Балалық шақта дамуы қалыпты болған. Отбасында бірінші бала.Балалық шақтағы аурулар аппендицит болып апендэктомия жасалған.ЖРВИ мен ауырған.
Зиянды әдеттері;Темекі шекпейді. Алкагольді шектелген мөлшерде қолданады.
Апластикалық анемия, өте ауыр дәрежесімен Д есепте тұр.
Обьективті тексерулерге байланысты: Теріде қанды сүйел түріндегі геморрагиялық бөртпелер бар.Еккен жерлерде аумақты гематомалар бар. Көзге көрінетін кілегей қабаттары:Түсі – қуқыл-қызғылт түсті,ылғалды және сарғыштық рең көрінеді. Тырнақтары сынғыш және тырнақ пластинкалары қабыршақтанады. Тыныс алуы жиі – 22 рет минутына.
Қарап тексеру және пальпацияада: Кеуде торы цилиндр формасында.Бұғаналар бір деңгейде,қабырғалар қиғаш көлденең орналасқан. Ентікпе бар.
Перкуссия: симметриялы аймақтарда бірдей анық өкпелік дыбыс.
Аускультация: Анық өкпелік тыныс, сырылдар естіледі.
Лабараториялық зерттеулер:
ЖҚА:Қортынды: эритроциттер,тромбоциттер,гранулоциттер томендеген,ЭТЖ жоғарылаған.
БхҚА: Қортынды: АСТ,АЛТ,мочевина деңгейі жоғарылаған
ЭКГ: Синустық тахикардия, ЖСЖ 100 рет/мин.. ЖЭӨ солға жылжуы.
Осы зерттеулерді талқылай отыра және обьективті белгілерді ескере отырып клиникалық диагнозды: Апластикалық анемия,өте ауыр дәрежесі.
Асқынуы:Анемиялық синдром
ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ
Апластикалық немесе гипопластикалық анемияның негізгі емдеу тәсілі – шеткі қанның немесе сүйек миының бағана клеткаларын алмастырып салу (трансплантация).
Апластикалық анемияның емінде гемотрансфузия, гормонды дәрілер, спленэктомия, сүйек миы не шеткі бағаналық жасушалар трансплантациясы, антилимфоцитарлық глобулинді қолданады. Сиысымды донор іздеген кезде немесе трансплантация мүмкін емес кезде консервативті ем қолданылады:
- глюкокортикоидтармен емдеу
- Анаболикалық препараттармен емдеу
- цитостатиктермен (иммунодепрессантами).
- Спленэктомия.
Негізгі дəрі дəрмектер тізімі:
1.Цитостатиктер
Азатиоприн
Циклоспорин А
2.Сүйек миының трасплантациясы
Рецепттер
Rp.: Tab. Azathioprini 0,05 №100
D.S. Ішке 2 табл-дан.
***
Rp.: Tab. Ciclosporini 0.1 N 10
D.S. күніне 1 таб-дан 2 рет
***
Rp: Tab. Prednisoloni 0,005
D.t.d: №30 in tab.
S: ішке: 3 таб сағат 7 де, 2 табл сағ 11 де, 1 табл сағ 13те.
Санаторийлы – курортты ем қолдануға болмайды.
Уақытша еңбекке жарамсыздық. Гипопластикалық немесе апластикалық анемиямен ауыратын адамдар диагнозы бірінші рет анықталған кезде және ауру қайталаған кезде еңбекке жарамсыз болып табылады.
МӘСК тексеріп, стационарлық ем жүргізгеннен кейін жіберіледі. Негізінен бұл адамдар өмір бойы ІІ топ мүгедегі болып табылады.
Прогнозы. Ауыр емес түрінде жағымдылау болады, 5 жыл ішінде тірі қалатындар саны 80% құрайды. Аурудың ауыр түрінде болжам жағымсыз, жыл ішінде тірі қалатындар 20% құрайды
Профилактикасы. Сүйек миына зиянды әсер ететін факторлармен (иондаушы сәуле, цитостатиктер) жанасуды тоқтату. Бірінші ретті профилактика шаралары белгісіз.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Справочник практического врача 1989 Москва Под ред: Воробьева В.И.
2.Мартынов, Мухин. Внутренние болезни. ГЭОТАР, 2004 ж
3.Қ. А Жаманқұлов. Ішкі арулар. 2005.
4.К.А.Святкина, Е.В.Белогарская, Н.П.Кудрявцева Внутренние болезни.
5.Клиникалық хаттамалар (J44).