Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Компьютерлік томография (КТ).

Биологиялық нысанның ішкі құрылысын бүлдірмей қабат бойынша зерттеу әдісі.

Биологиялық нысанның ішкі құрылысын бүлдірмей қабат бойынша зерттеу әдісін1972 жылы Годфри Хаунсфилд пен Аллан Кормак ұсынған, осы еңбектері үшін олар 1979 жылы Нобель сыйлығын алды. Әдіс рентгендік сәуле шығарудың тығыздықтары әр түрлі ұлпалардағы әлсіреуін есептеу мен күрделі компьютерлік өңдеуге негізделген.

Кез келген рентгендік бейне алу рентген сәулесі өтетін ұлпалар мен мүшелердің тығыздығының әр түрлі болуына негізделген. Қарапайым рентгенографияда рентгендік сурет зерттелетін мүше немесе оның бөлігінің көрінісі болып табылады.Мұнда ұсақ патологиялық құралымдар нашар көрінуі немесе ұлпалардың суперпозициясы (бір қабаттың екіншісіне беттесуінен) салдарынан мүлде көрініс бермеуі мүмкін. Мұндай бөгеттерді алып тастау үшін медициналық практикаға компьютерлік томография әдістемесі енгізілген. Әдіс ұлпалардың көлденең қабатының оңашаланған бейнесін алуға мүмкіндік береді. Бұл нәтижеге рентгендік сәулелердің жіңішке ағыны бар, рентгендік түтікшені пациент арқылы айналдыру жолымен жетуге болады. Одан кейін арнаулы компьютерлік программаның көмегімен бейнені реконструксациялайды. Диагностика үшін оптимальды, қарапайым рентгенодиагностика мүмкін болмайтын бейне алу, мүшелерге қатысты анық мағлұмат береді. Күнделікті рентгенографиядан өзгеше түрде қарапайым рентгендік суретті компьютерде өңдеуге болады деген пікір қалыптасуы мүмкін. Шын мәнінде бұлай болмайды. Рентгендік суретте рентген сәулесі өткен, бір біріне беттесіп қалған мүшелердің "көлеңкесі" ғана көрінеді. рентгеновский луч. Ал компьютерлік томограф дененің белгілі бір тілімінің нақты бейнесін алуға мүмкіндік береді. Бірнеше осындай тілімдердің 1 миллиметр қадаммен "фотографиясын " жасап, өте сапалы үш өлшемді, көлемдік бейне алады. Ол емделушінің мүшелерінің топографиясының ұсақ түйектерін білу, және аурудың ошақтарының сипатын, локализациясын, ұзақтығын, оларды қоршаған ұлпалармен өзара байланысын көруге мүмкіндік береді.

Компьютерлік томографтардың сезімталдығы қарапайым рентгендік аппараттардан бір саты жоғары. Рентгендік суретте рентгендік сәулелердің жұтылу дәрежесі бойынша 10-20%, өзгешелігі болатын ұлпаларды анықтау жеткілікті болса, қазіргі замандық компьютерлік томографтарда бұл көрсеткіш 1-2% құрайды.


Компьютерлік томограмманы бірнеше этаппен алуға болады:

1.
Сканерлеу. Сәуленің жіңішке шоғыры денені шеңбер бойымен айнала қозғала отырып оны сканерлейді. Қарама - қарсы жақта сәулелерді қабылдайтын датчиктер жүйесі бекітілген. Олар сәулені электр сигналдарына түрлендіреді.

2.
Сигнал жазылуын күшейту. Датчиктерден шыққан сигнал күшейіп, компьютер жадысына түсетін цифрлық кодқа түрленеді. Бұл процесс дискретті, яғни бір элементар томограмма алғаннан кейін компьютер сканерлеуші құрылымға берілген бұрышқа бұрылып және келесі томограмманы түсіру үшін сигнал береді. Сәуле шығарушының айналымының соңында компьютер жадысында барлық датчиктерден кеген сигнал тіркелген болып шығады. Барлық қабатты сканерлеу уақыты бас аяғы 3 секундтан артық емес..

3.
Бейненің синтезі мен талдануы. Компьютер нысанның ішкі құрылысын қайтадан көрсетеді. Цифрлық компьютерлік технологияны пайдалану арқылы алынған картинаны оңай масштабқа келтіруге болады, және қабаттың қажет деген бөліктерін тиянақты түрде қарап шығуға, мүшелердің өлшемдерін анықтауға, олардың патологиялық құралулардың санын, өлшемін, сипатын анықтауға көмектеседі

.

Компьютерлік томографтар дамуының прогресі детекторлардың санының көбеюімен, яғни бір мезгілде жиналатын проекциялар санының көбеюімен тікелей байланысты.

Компьютерлік томографтардың алғашқы буынында детекторлар саны 2, екінші буында — 30-50, үшіншісінде — 300-500, төртіншісінде — 1000—5000 ға тең болды. Екінші буында алғаш рет рентгендік сәуле шоғырының сенімді формасы қолданылды. Компьютерлік томографтардың келесі әрбір буыны бейнені реконструкциялауға уақытты аз жұмсады, рентген түтігінің айналу жылдамдығын ұлғайтты. Бұл жаңалықтар компьютерлік томография зерттеулерін тездетіп, оның диагностикалық қолданылу аймағын кеңейтуге мүмкіндік берді.

 

 

 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Системные подходы исследований к генам клеточного старения и долголетия человека | Виды рисков в международных экономических отношениях
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2938 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студент может не знать в двух случаях: не знал, или забыл. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2754 - | 2314 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.