Математика пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар
Мерзімі: 1 | |||||
Сабақтың тақырыбы: Бұрыш туралы ұғым. | |||||
Сабақтың мақсаты: Транспортирді пайдаланып бұрыштың градустық өлшемін табуды үйрету. | |||||
Күтілетін нәтиже: Бұрыш туралы ұғымды біледі. Бұрыштың градустық өлшемін таба алады. Транспортир құралымен танысады. Транспортирді пайдаланып бұрыштарды өлшей алады. | |||||
Сабақтың әдісі: | |||||
қ/с | Уақыт | Жоспар мазмұны | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-ірекеті | Ресурстар, көрнекі құралдар |
5 мин | Кіріспе Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқушыларды психологиялық дайындау. Өзін-өзі реттеу. Сынып оқушыларын топқа бөлу. | Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алып, сәлемдесу. Сергіту сәтін ұсыну. Топқа бөлемін топ ережелерін басшылыққа алып, топтық жұмыс жасайтындарын айтамын. Топтар: Бұрыш, жазыңқы бұрыш, транспортир, биссектрисса | Сәлемдеседі Оқушылар сергіту сәтінде өзінің....... Оқушылар берілген суреттер арқылы топқа бөлініп өз қызметтерін алады. | Интербелсенді тақта | |
7 мин | Өткен материалды пысықтау үшін «Миға шабуыл» (тест) арқылы үй жұмысын талқылаймын. пысықтаймын. | Активоид арқылы тест тапсырмасын пысықтау | Оқушылар тапсырмаларды шешіп, критерий арқылы топ жетекшісі топ мүшелерін бағалайды, топ жетекшісін топ мүшелерінің бірі бағалайды. | Интерактив тақта бойынша | |
10 мин | Негізгі бөлім. Мағынаны ажырату. Жаңа тақырып | Жаңа тақырыпты электрон оқулығынан көрсетіп және Жигсо әдісі бойынша Бұрыш туралы ұғыммен танысу. Тақырыпты бөліктерге бөліп, оқуға тапсырма береді. І топ: Бұрыш ІІ топ: жазыңқы бұрыш ІІІ топ: Транспортир ІV топ: биссектрисса Мұғалім оқушыларды сырттай бақылап, білім, білік дағдыларын анықтаймын. | Бұрыш туралы ұғыммен танысады. Кітаптан оқып, топтық талқыға салады, ойланады. Өзгелерді тыңдай отырып, өз білімін толықтырады. Басқа топтарға уәкілдер жіберіп, өз тақырыбын түсіндіріп, өз тобына қайта оралады. | Оқулық, дәптер | |
10 мин | «Тұжырым» әдісімен жұмыс жүргізу. Кітап бойынша 344 беттегі І топ: №1384 ІІ топ: №1385 ІІІ топ: №1386 ІV топ: №1387 есептерін жазып постер жасап қорғау | Берілген есептер бойынша топ болып жұмыс жасайды.Оқушылар топ басшымен бірге отырып, бұрыштарды белгілеп, градустық өлшемдерін тауып плакатқа сызып көрсетеді, соны қорғап шығады. | Плакат, маркер | ||
5 мин | «Сұрақты жауап» Оқушыларға кеспе парақшаларын таратамын | ||||
3 мин | Бағалау | Топ жұмысын, топ мүшелерін бағалауға нұсқау беремін. | Бағалау парақтарын толтырады. | А4 парақ | |
1 мин | Үйге тапсырма | Кітап бойынша ережелерді қайталап келу 342 бет | |||
4 мин | Рефлексия | Оқушыларға стикер таратылады | Оқушылар стикерлерге берілген сауалдар төңірегінде ішкі сезімдерін жазады. | Түрлі-түсті стикерлер |
Математика пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар
Мерзімі:2 | ||||
Сабақтың тақырыбы: Бұрыштардың бөліктеріне байланысты есептер Шығару | ||||
Сабақтың мақсаты: Бөліктер бойынша градустық өлшемдерін табуды үйрету. | ||||
Күтілетін нәтиже: Градустық өлшемдер арқылы бөліктердің градустық өлшемдерін таба біледі. Бөліктерді әріппен белгілеп, жаза алады. | ||||
Сабақтың әдісі: | ||||
№ | Уақыты | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-ірекеті | Ресурстар, көрнекі құралдар |
3 мин | Кіріспе. Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбері «Амандасудың түрлері» Мұғалім бірінші амандасады. «мозайка әдісі» арқылы геометриялық фигуралардың қиылған әртүрлі суреттер таратылып, топқа бөлінеді. Топ ережелерін басшылыққа алып, топтық жұмыс жасайтындарын айтамын. | Оқушылар амандасуды бір-біріне жалғастырып айтады. Оқушылар қиындыларды құрастырып, ұқсас фигуралармен бірігіп, 4 топ құрайды. Топқа бөлініп өз қызметтерін алады. Топтар: қызыл төрт бұрыш, жасыл үшбұрыш, сары шаршы, көк алтыбұрыш. | Қиынды фигуралар | |
10 мин | «Миға шабуыл» өткен материалдағы білімін еске түсіру үшін «Кубизм әдісі» арқылы «бұрыш, транспортирді қалай пайдалану мен өлшеу жөнінде не білеміз?» тақырыбында сұрақтар беремін. | Әр топтаға кубиктегі сұрақтар қойылып, оқушылар жауап береді. Өздері бағалайды. | Бағалау парақтары | |
10 мин | Негізгі бөлім. Мағынаны тану: Топпен жұмыс жүргізуне, әр топқа есеп беремін | Талқылайды, талдайды, есепті шығарады, нәтижені тақтаға жазып, қорғайды | А4 пішіндегі қағазға жазылған есептер | |
7мин | Тақырып бойынша деңгейлік тапсырмасы таратылады | Оқушылар есптерді шығарып, бір-бірін бағалайды | ||
10 мин | Жеке тапсырма кеспедегі есептерді тақтада транспортирді пайдаланып салып көрсету | Оқушылар кеспедегі сұрақ бойынша тақтада сызбаларын салып көрсетеді. | ||
3 мин | Бағалау. Топтар бір-бірлерінің жұмыстарын әр түрлі геометриялық фигуралар арқылы бағалайды. Топ жетекшісі өз топ мүшелерінің жұмысын бағалайды. | |||
2 мин | Рефлекция. Кері байланыс. «бес саусақ» | Сабақты білгенін және білгісі келетінін стикерге жазып жапыстырылады. | Стикер | |