1. Ойын бизнесі салығы: төлеушілер, салық салу объектілері, ставкалары, салық кезеңі және декларациясы
2. Тіркелген салық: төлеушілер, салық салу объектілері, ставкалары, салық кезеңі және декларациясы
1с. Мынадай:
1) казино;
2) ойын автоматтары залы;
3) тотализатор;
4) букмекерлік кеңсе қызмет көрсетулер жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар ойын бизнесі салығын төлеушілер болып табылады.
Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде:
1) ойын үстелі;
2) ойын автоматы;
3) тотализатор кассасы;
4) тотализатордың электронды кассасы;
5) букмекер кеңсесінің кассасы;
6) букмекер кеңсесінің электронды кассасы ойын бизнесіне салық салу объектілері болып табылады.
Салық салу объектісінің бірлігінен ойын бизнесіне салық ставкасы:
1) ойын үстеліне – айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 830 еселенген мөлшерін;
2) ойын автоматына - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 30 еселенген мөлшерін;
3) тотализатор кассасына - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 125 еселенген мөлшерін;
4) тотализатордың электронды кассасына - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 125 еселенген мөлшерін;
5) букмекер кеңсесінің кассасына - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 75 еселенген мөлшерін;
6) букмекер кеңсесінің электронды кассасына - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 75 еселенген мөлшерін құрайды.
Ойын бизнесі салығы үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.
Салық салу объектілері айдың 15-іне дейін пайдалануға берілген кезде, ойын бизнесі салығы белгіленген ставка бойынша, 15-інен кейін белгіленген ставканың 1/2 мөлшерінде есептеледі.
Салық салу объектілері айдың 15-іне дейін шығып қалған кезде, ойын бизнесі салығы белгіленген ставканың 1/2 мөлшерінде, 15-інен кейін белгіленген ставка бойынша есептеледі.
Ойын бизнесі салығы есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген орны бойынша бюджетке төленуге жатады.
Қосымша төлем ойын бизнесі саласындағы қызметтен алынған табыстың сомасы төменде белгіленген табыстың шекті сомасынан асып түскен жағдайда есептеледі.
Ойын бизнесі салығын төлеушілер үшін салық кезеңі ішіндегі табыстың шекті мөлшері:
1) казино қызметінен - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 135000 еселенген мөлшерін;
2) ойын автоматтары залы қызметінен - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 25 000 еселенген мөлшерін;
3) тотализатор қызметінен - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 25 000 еселенген мөлшерін;
4) букмекер кеңсесі қызметінен - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 2 000 еселенген мөлшерін құрайды.
Ойын бизнесі салығы бойынша декларация есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органына табыс етіледі.
2с. Тіркелген салықты төлеушілер:
1) ұтыссыз ойын автоматтарын;
2) ойын өткізуге пайдаланылатын дербес компьютерлерді;
3) ойын жолдарын (боулинг (кегельбан);
4) картты (картинг);
5) бильярд үстелдерін (бильярд) пайдалана отырып, қызмет көрсетулерді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар болып табылады.
Мыналар:
1) бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы;
2) бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы;
3) ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер;
4) ойын жолы;
5) карт;
6) бильярд үстелi тіркелген салық салу объектiсi болып табылады.
Айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың ең төмен және ең жоғары базалық ставкаларының мөлшері:
Рет № | Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген салықтың базалық ставкаларының ең төменгі мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) | Тіркелген салықтың базалық ставкаларының ең жоғары мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
1. | Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | ||
2. | Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | ||
3. | Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер | ||
4. | Ойын жолы | ||
5. | Карт | ||
6. | Бильярд үстелі |
Қызметін бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін жергілікті атқарушы органдар бекітілген базалық ставкалар шегінде бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілейді.
Тіркелген салық үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.
Тіркелген салықты есептеу, егер өзгеше белгіленбесе, Салық Кодексінде айқындалған әрбір салық салу объектісіне тиісті салық ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі.
Салық салу объектілері айдың 15-іне дейін пайдалануға берілген кезде тіркелген салық белгіленген ставка бойынша, 15-інен кейін белгіленген ставканың 1/2 мөлшерінде есептеледі.
Салық салу объектiлерi айдың 15-іне дейiн шығып қалған кезде тiркелген салық айдың жартысы үшiн деп, 15-інен кейін белгіленген ставка бойынша есептеледі.
Тіркелген салық есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген орны бойынша бюджетке төленуге жатады.
Тіркелген салық бойынша декларация есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органына табыс етіледі.