№ | Эталон жауабы | |
Аурудың шағымдарын анықтау (Жедел дизентерияға тән белгілерді анықтау) | Анықталды: -интоксикация симптомдарын анықтау - ішінің өтуін, түсін, санын – ішінің қалай ауырытынын - ауру сезімінің орналасқан жерін - тенезмдер - жалған шақыру - нәжістің түрі. | |
Ауру анамнезін анықтау | Аурудың жедел басталғанын, колит белгілерін анықтады | |
Эапидемиологиялық анмнезді анықтау (ауруды жеке бас гигиенасын сақтамау салдарымен байланыстыру) | Аурудың жуылмаған жеміс пен жидектер жегенімен байланыстыру. | |
Асқазан ішек жолдарын физикалық тексеру (беткейлік пальпация) | Науқас шалқасынан аяқтарын созып және қолдарын денесінің жанына қойып жатады. Науқастың басы төмен орналасуы керек, себебі бастың жоғары орналасуы құрсақ бұлшық еттерінің керіліп пальпация жүргізуге кедергі келтіруіне әкеледі. Науқас аузын ашып терең тыныс алуы керек, құрсақ бұлшық еттері тынысқа қатысуы керек, ол алдыңғы құрсақ бұлшық еттерінің босаңсуына себеп болады. Іштің беткейлік бағдарламалық пальпациясы Дәрігер науқастың оң жағына орналасуы керек. Дәрігердің қолдары жылы болуы керек, себебі салқын қолды науқас денесіне тигізгенде алдыңғы құрсақ бұлшық еттері рефлекторлы түрде жиырылады. Дәрігер оң қолының алақанын науқастың ішіне қойып 2, 3, 4 және 5 саусақтарының ұштарымен ішті жеңіл басады, бұл алдыңғы құрсақ қабырғасының кернеуін сезуге мүмкіндік береді. Жоғарыда суреттелген тәсілмен пальпация сол мықын аймағынан басталады. Сосын қолды оң мықын аймағына орналастырып пальпацияны қайталау барысында алдыңғы құрсақ бұлшық еттерінің керілу дәрежесін салыстырмалы түрде анықтау керек. Әрі қарай қолды жоғары қарай жылжытып (3-4см) құрсақтың сол және оң жақтарының симметриялы аймақтарында пальпация жүргізіледі. Сонымен алдыңғы құрсақтың барлық жерін, эпигастр аймағымен, сол және оң қабырға астын қоса пальпацияланады. Сосын іштің тік бұлшық еттерінің ажырау дәрежесі мен вентральді сызық пен кіндік сақинасының жарықтары анықталады. Ол үшін жартылай бүгілген оң қол саусақтарын вентральді сызық бойымен семсер тәрізді өсіндінің астыңғы тұсына орналастырып науқастың басын көтеруін сұрау керек. | |
Асқазан ішек жолдарын физикалық тексеру (терең пальпация арқылы сигма тәрізді ішектің спазмын анықтау) | Науқас шалқасынан аяқтарын созып және қолдарын денесінің жанына қойып жатады. Науқастың басы төмен орналасуы керек, себебі бастың жоғары орналасуы құрсақ бұлшық еттерінің керіліп пальпация жүргізуге кедергі келтіруіне әкеледі. Науқас аузын ашып терең тыныс алуы керек, құрсақ бұлшық еттері тынысқа қатысуы керек, ол алдыңғы құрсақ бұлшық еттерінің босаңсуына себеп болады. Сигма тәрізді ішекті терең пальпациялау Дәрігердің қолын орналастыруы. Оң қолдың басын пальпацияланатын ағзаның топографиясына сәйкес құрсаққа орналастырады. Пальпациялайтын алақан пальпацияланатын ағзаның ұзын өсіне перпендикуляр орналасуы керек. Сол кезде 2-5 саусақ ұшымен жүргізілген сызық осы өске параллель болады, терілік қатпар түзу. Науқас тынысты алғанда жеңіл бүгілген саусақтармен теріде қатпар түзу керек. Терілік қатпар түзу бағыты саусақ ұшы ішектің үстімен сырғылатын (пальпация) жаққа қарама қарсы бағытта түзіледі. Сигма тәрізді ішекті, соқыр ішекті, тоқ ішектің жоғарылаған және төмендеген бөліктерін пальпациялағанда терілік қатпар кіндікке қарай жиналады, ал көлденең ішекті және асқазанның үлкен иінін пальпациялағанда жоғары қарай жиырылады қолдың ішке терең енуі. Науқас тынысты шығарғанда құрсақ бұлшық еттері босаңсиды сол кезде саусақ ұштарын мүмкіндігінше құрсаққа терең енгізу керек, тіпті мүмкін болса құрсақтың артқы қабырғасына дейін жеткізуге болады. Ағзаның үстімен сырғу (пальпациялау). Тыныс шығару соңында оң қол саусақ ұштарымен ағзаны құрсақтың артқы қабырғасына тақай басып сипалау керек. Осы кезде тактильді сезім арқылы пальпациялаған ағзаның ерекшеліктері туралы мәлімет білуге болады. Сигма тәрізді ішекті, соқыр ішекті, тоқ ішектің жоғарылаған және төмендеген бөліктерін пальпациялағанда саусақ ұштарын кіндікке қарай сырғыту керек, ал көлденең ішекті және асқазанның үлкен иінін пальпациялағанда төмен қарай сырғиды. сигма тәрізді ішек пальпациясында дәрігердің қолын орналастырудың екі түрі көрсетілген. Екі жағдайда да тері кіндікке қарай жиырылады (пальпацияның 2 кезеңі), ал сырғу сыртқа қарай бағытталады. (пальпацияның 4 кезеңі). Тағы пальпациялауды 4 саусақпен емес тек бөбек саусақтың ульнарлы қырымен жүргізуге де болады, ол ыңғайлырақ келеді. Бірақ бұл кезде де сигма тәрізді ішекті пальпациялаудың барлық төрт кезеңін орындау керек. | |
Болжама диагнозды дәлелдеу | Жедел дизентерия(шигеллез), колиттік түрі, орташа ауырлықта | |
Болжама диагнозды негіздеу | Диагноз төмендегілерді ескеріп қойылған: - аурудың жедел басталуы - интоксикация симптомдары - колиттік синдром - сигма тәрізді ішектің спазма - аурудың жуылмаған жеміс пен жидек жеуі -нәжісінің аз мөлшерде, шырышты, қан аралас болуы | |
Зерттеу жоспарын тағайындау (клиникалық көріністер) | ҚЖА, ЗЖА Копрограмма Қанның биохимиялық анализі | |
Зерттеу жоспарын тағайындау (бактериологиялық анализдер) | Бактериологиялық анализдер: - нәжіс | |
Серологиялық зерттеу | Дизентериялық антигенмен ТГАР | |
Салыстырмалы диагноз жүргізу жоспары | Интоксикация белгілеріне байланысты сальмонеллездің гастроэнтероколиттік вариантынан ажырату | |
Қанның жалпы анализін, зәр анализін талдау | Лейкоциоз нейтрофильмен солға ығысуы, қанның қоюлануы Протеинурия, лейкоцитурия. | |
Биохимиялық анализдерді талдау | Қалыпты | |
Бактериологиялық анализді талдау | Нәжістен Sh.flexneri 2a | |
Әрі қарай емдеу тәсілін анықтады | Тазартқыш клизма тағайындау | |
Этиотроптық терапияны дұрыс тағайындау | Ципрофлоксацин 500х2р №5. | |
Инфузионды терапияны дұрыс тағайындау | растворы (Трисоль, Хлосоль, Ацесоль, Дисоль), Глюкоза тағайындады | |
Қорытынды диагнозды қою | Жедел дизентерия(шигеллез), колиттік түрі, орташа ауырлықта. К/к Sh.flexneri 2a | |
Тиімді емдік критерилерді айтты | Нәжісі мен АҚҚ тұрақтануы | |
Дизентериялы науқастты шығару ережесі | Егерде науқас декретирленген топқа жатса және одан 1 бақылау анализын алып, жауабын күтпей емдәмді сақталуын тағайындап үйіне шығарады. |
Симуляцияға қажетті құралдар:
1.Тапсырма парағы,волонтер сценариі,бағалау критерилері.
2.Жалпы қан анализінің,жалпы зәр анализінің қорытындысы.
3.Фонендоскоп.
4.Термометр.
5.Секундомермен сағат.
6. Тонометр.
Қоршаған жағдай:
Қабылдау бөлімі
1.Үстел, 2 орындық, кушетка.
2.Сценарий бойынша:
Науқас кушеткада жатыр.
Құрастырушының аты-жөні: жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының ассистенті Умешова Л.А.