25. Комитетті қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Қазынашылығы Қазынашылық органдары дамудың ұзақ әрі күрделі жолынан өтті. Оның даму жолы жалпы алғанда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің даму тарихыныңажырамас бөлігі болып табылады. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алып, нығая түсуіне байланысты мемлекеттің кірісі мен шығысы артып, қаржы жүйесікүрделене түсті, бұл елдегі ақшалай қаражатты қатаң есепке алу мен бақылауды одан әрі қадағалауды және экономикалық құрылымдарды,ең алдымен мемлекеттік қаржылық басқаруды реформалау жөніндегі мәселелерді шешуді талап етті. Осылайша, Қазақстан Республикасының Президентінің 1994 жылғы 27 қаңтардағы Жарлығымен Қаржы министрлігі жанынан Бас Қазынашылық басқармасы құрылды. Ағымдағы жылдың қаңтарында қазынашылық жүйесінің құрылғанына 20 жыл толады, бұл ретте, салыстырмалы түрде аз уақытта, Қазақстан қазынашылығы елдің бюджеттік жүйесінің бір бөлігі ретінде мемлекеттік қаржыны басқару жүйесінде лайықты орын ала отырып, тұрақтану мен дамудың жолынан өтті. 1995 жылы Ұлттық банктің есептік-кассалық орталықтары қазынашылық қарамағына беріліп, Бюджеттік банк құрылды. 1997 жылы Бюджеттік банктің жекелеген функциялары, мүліктері мен істерін басқару өкілеттіктері қазынашылық органдарына беріле отырып, таратылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде республикалық және жергілікті бюджеттердің ақшалай қаражаттарын реттеу мақсатында Бірыңғай Қазынашылық Шот (БҚШ) ашылды. Қазынашылық әзірлеген төлемдерді БҚШ бойынша өткізу тетігі арқылы күн сайын бюджет ахуалы: кірісі, шығысы, облыстар және жалпы республика бойынша ақша қаражатының қалдығы туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне жедел ақпарат беріле отырып, тұрақты бақыланады. Өткен жылдары қазынашылық органдары ұлттық бюджеттік жүйенің қалыптасуы мен тұрақтануына, Қазақстан экономикасының нығаюына елеулі үлес қосты. Бүгінгі таңда Қазынашылықтың Ақпараттық жүйелері қазіргі кездегі технологиялар мен аппараттық құралдардың кешені болып табылады. Қазақстанда жүргізілген бюджеттік реформалар қолданыстағы қазынашылық жүйесін жаңғыртуды талап етті. Осының нәтижесінде, 2003 жылы қазынашылық органдарын ORACLE бағдарламасы негізінде әзірленген жаңа ақпарараттық жүйеге көшіру іске асырылды. Осы уақыттан бастап Қазынашылықтың барлық аумақтық органдары республикалық бюджеттің атқарылуын және жергілікті бюджеттерге касалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ете отырып, бірыңғай ақпараттық ортада жұмыс істеуде. Жаңа жүйе мемлекеттік бюджеттің барлық деңгейде орындалуын іс жүзінде бақылауға және негізделген қаржы-экономикалық шешімдер қабылдауға мүмкіндік берді. Жүйе бюджет қаражатының аударылуын нақты уақыт режимінде белгілеп, оның мақсатты жұмсалуына бақылау жасайды. Қазынашылық жүйесін жетілдіру мақсатында қазынашылықтың Клиенттері (мемлекеттік мекемелер, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, өкілетті мемлекеттік органдар және бюджеттік ұйымдар) ұсынған қаржылық құжаттарды ҚИАЖ-де қабылдау және әрі қарай өңдеу функцияларын автоматтандыру, сондай-ақ Клиенттерге есептілікті электронды түрде беру үшін 2008 жылы «Қазынашылық – Клиент» Ақпараттық жүйесі әзірленді. Осы жүйе арқылы және мемлекеттік мекемелердің 99 пайызы «Қазынашылық – Клиент» АЖ қызмет көрсетуге көшкенін ескере отырып, қазынашылықтың аумақтық бөлімшелерін қашықтықтан қадағалау әдісімен ведомстволық бақылау іске асырылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыруда Қазынашылықтың маңызды роль атқаратынын және Кедендік Одақты ұйымдастыруға белсенділігін атап өту қажет. Қазынашылық Ұлттық қорға бекітілген тізім бойынша мұнай секторы кәсіпорындарынан, республикалық меншіктегі және тау-кен өндіруші және өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін сатудан түсетін тікелей салық түсімдерінкүн сайын аударуды іске асырады. Кеден одағына мүше мемлекеттер: Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы және Қазақстан Республикасы арасындағы Келісім шегінде 2010 жылы кедендік әкелу баждарын есепке жатқызу мен бөлу тетіктері енгізілді. 2012 жылдың бірінші тоқсанында бюджеттік заңнамаға өзгерістер енгізілгеннен кейін қазынашылық органдары квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарына қызмет көрсетуді бастады. 2013 жылғы шілдеден бастап қазынашылық органдарында жергілікті өзін-өзі басқару шоттарын ашу және оған қызмет көрсету басталды. 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қазынашылық органдары белсенді қатысқан, республикада мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептерін Қоғамдық секторға арналған қаржылық есептердің халықарлық стандарттарына сәйкес есептеу әдісіне көшіру іске асырылды. 2013 жылғы сәуір айында Киев қаласында Қазынашылық комитеті және Федеральды Қазынашылық (Ресей Қазынашылығы) арасында Техникалық ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Нәтижеге бағытталған бюджетті енгізу жөніндегі Іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында, Қазақстанда мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесін Қоғамдық секторға арналған қаржылық есептердің халықаралық стандарттарына (ҚСҚЕХС) сәйкес реформалау жөніндегі іс-шаралар жүргізілді және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік қызметтері есепке алудың кассалық әдісінен есептеу әдісіне көшірілді. 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазынашылық республикалық бюджет бойынша шоғырландырылған алғашқы бухгалтерлік балансты қалыптастырды және 1 шілдеге алғашқы шоғырландырылған қаржылық есептілік алынды. 2014 жылдың 1 қаңтарына жергілікті бюджеттегі мекемелердің шоғырландырылған қаржылық есептілігін қалыптастыру жоспарланып отыр. Мемлекетті дамыту стратегиясында анықталған, алға қойылған мемлекеттік міндеттерге сәйкес, Қазақстан 2050 жылы әлемнің ең дамыған отыз мемлекеттерінің қатарында болуы тиіс. Республика Президентінің Қазақстан халқына жолдауында, біз бюджеттік саясаттың жаңа қағидаларымен қаруланып – өз мүмкіндіктеріміздің шеңберінде ғана жұмсап, дефициттің болуын максималды көлемде минимумға дейін қысқартуымыз қажет. Қазіргі кезде Қазақстан аумағында электронды шот-фактураларды енгізу бойынша жобаны әзірлеу жұмыстары жүргізілуде, бұл жобаның ұлттық операторы Қазынашылық болып табылады. Бүкіл әлемде шот-фактуралардың 80 пайызы электронды түрде ұсынылады, әрі өңделеді және осы бағдарламалық өнімді Қазақстанда да енгізу өзекті мәселе болып табылады. Бұл мемлекеттік қарызды қауіпсіз деңгейде ұстап тұруға, құжатайналымға шығатын шығысты азайтуға, бизнес субъектілерінің салықтық және қазынашылық органдарымен ақпараттық қарым-қатынасын жақсартуға және тұтастай алғанда, көлеңкелі қаржы жүйесі мен салық төлеуден жалтаруды жоя отырып, барлық бюджетаралық қана емес, сонымен қатар фирмааралық салықтық қарым-қатынастарды тексеруге мүмкіндік береді. Қазынашылықтың алдына тәулігіне 200-250 мың электронды шот-фактураларды өңдеуге мүмкіндік беретін, рұқсатсыз кіруден дербестендірілген және қорғалған шешімдердің аппараттық- бағдарламалық кешенін әзірлеу жөнінде нақты міндеттер қойылған. Бүгінгі күні Қазақстанның Қазынашылығы – 3075 мемлекеттік қызметкерден, барлық облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша, сондай-ақ аудандар мен облыстық мәні бар қалалар бойынша 204 бөлімшелерден тұрады. Қазіргі уақытта Қазынашылық жүйесінде 13 мыңнан астам мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетіледі, 5 мыңнан астам шоттар ашылды, Қазынашылық жүйесінің 3,5 мыңға жуық пайдаланушылары Қазынашылықтың ақпараттық жүйесінде операцияларды нақты уақыт режимінде мемлекеттік бюджеттің қаражаттарын есепке алу мен жұмсау процедураларын жүргізеді. Күн сайын орта есеппен 30 мыңға жуық төлемдер жүргізіліп, төлем жүйесінен 40 мыңға жуық түсімдер түсіп отырады. Айдың аяғында бұл көрсеткіштер еке есеге артады, себебі, бұл кезеңде мемлекеттік мекемелер негізгі төлемдерді (жалақы, жәрдемақы, салықтар және басқалар) жүргізеді. Тұтастай алғанда, қазынашылық органдарын әрі қарай жетілдіру мен дамыту – бұл тар өрісті мақсат қана емес, сонымен қатар тұтынушыларға қатысты Қазынашылықтың алдына қойылған міндеттерді заманға сай, тиісті деңгейде орындау қажеттілігі. |