Оқу аңпараты:
Тыныс алу жүйесінің жалпы кұрылысы. Мұрын куысы, көмей, кеңірдек, бронхгар құрылыстары, орналасуы және қызметтері. Бронх талы. өкпе құрылысы мен қызметі. Ацинус - өкпе альвеоласының газ алмасатын құрылыс бірлігі. Өкпе қапшығының құрылысы. Өкпе қапшығының куысы. Өкпе қапшығының синустары. Көкірек аралық жэне оның бөліктері мен мүшелері.
Оқушылар білуі тиіс | Оқушылар істей білуі тиіс |
-жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарын; -тыныс алу жүйесіндегі мүшелердің анықтамасын; -өкпе қапшығы мен көкірек аралығының құрлысын | - тыныс алу мүшелерінн көрсете білу; - көкірек аралығының мүшелерін көрсете білу |
6 Бөлім. Зәр шығару жуйесі
Оқу ақпараты:
Зәр шығару жүйесіндегі мүшелердін жалпы қүрылысы. Бүйрек: қүрылысы және қызметі. Нефрон - бүйрек денешелерінің жэне түгікшелерінің күрылыс бірлігі. Бүйрекгің қан айналымының ерекшелігі. Несепағар: бөліктері мен құрылысы. Несеп қуығы. Несеп шығару түтігінің құрылысы.
Оқушылар білуі тиіс | Оқушылар істей білуі тиіс |
- зәр шығару жүйесіндегі мүшелердің жалпы қүрылысы; - зәр шығару мүшелерінің ерекшеліктері; -нефрон компоненттерінің маңызы | - зәр шығару мүшелерін айыра білу; - бүйректің, несеп ағардын, несеп қуығының, несеп шығару түгігінің орындарын таба білу |
7 Бөлім. Жыныс жүйелері Оку ақпараты:
Жыныс мүшелерінің жалпы қүрылысы. Ер адамның жыныс мүшелері. Аталық жыныс безі, құрылысы мен қызметі. Шәует шығарушы өзек. Қуық асты безі. Ер адамның сыртқы жыныс мүшелері. Әйелдін жыныс мүшелері. Ананың жыныс безі, тұспалдау жэне қүрьшысы. Жатыр түтігінің қүрылысы мен қызметі. Жатыр қүрылысы, қызметі. Қынап жэне әйел адамның сыртқы жыныс мүшелері.
Оқушылар білуі тиіс | Оқушылар істей білуі тиіс |
- сыртқы және ішкі жыныс мүшелерін; - әйел адамның сыртқы және ішкі жыныс мүшелерін; - жыныс жүйесіндегі мүшелерді анықтау және ерекшеліктерін | - ер адамның, әйел адамның жыныс мүшелерінің айырмашылығын білу және көрсету; - орналасу тәртібін білу |
8 Бөлім. Жүрек-қантамыр жүйесі
Оқу ақпараты:
Жүрек-қантамырлар жүйесіндегі мүшелерінің анатомиясы жэне қызметгері. Артерия қан тамырының түрлері, құрылысы. Вена қан тамырларының қүрылысы, түрлері және артериядан айырмашылығы. Микроқанайналым. Жүрек құрылысы (камералар, қабықтар, клапандар) орналасқан жері жэне қызметтері. Үлкен және кіші қан айналым шеңбері. Қан айналым шеңберінің артерия және вена қантамырлары. Үлкен қан айна- лым артерия тамырлары. Бас жэне мойын артерия қан тамырлары. Жалпы ұйқы арте- риясы, сыртқы жэне ішкі ұйқы артериясы. Бұғана асты артериясы, оның бүтақтары. Мойын жэне бас артерияларының арасындағы анастамоз. Тұлғаның, қолдың, артериялык қантамырлары. Қолтық, иық, шынтақ жэне шыбық артерияларының қан тамырлары. Алақанның артерия доғасы. Қолқаның кеуде бөлігі, құрсақ қолқасы. Жалпы мықын артерия қантамыры. Сыртқы жэне ішкі мықын артериялары. Аяқгың артерия қан тамырлары. Сан, тақым, алдынғы асық жілік, артқы асық жілік артерия қан тамырлары, оларды тұспалдау жэне бұгақгары. Табан артерияларының доғасы. Үлкен қан айналым шеңберінің вена қан тамырлары. Жоғарғы қуыс вена қан тамыры. Төменгі куыс вена қан тамыры. Бас миының, жүректін. өкпенің, бауырдын, бүйректін және эндокринды бездердің қан тамырларының қүрылысындағы ерекшеліктер. Лимфа жүйесі. Лимфа капиллярлары, тамырлары жэне сабауы. Кеуде қуысының лимфа тамырлары және олардың пайда болуы. Лимфа түйіндері, құрылысы мен қызметі. Беткейдегі және терең орналасқан лимфа түйіндері. Қан жасап шығарушы және иммундық жүйке мүшелері. Сүйек майы, айырша без, көкбауыр: құрылыстары және қызметтері.
Оқушылар білуі тиіс | Оқушылар істей білуі тиіс |
- жүрек-қантамыр жүйесіндегі мүшелерінің жалпы күрылысын; - жүректін қүрылысы мен қызметін; - үлкен және кіші қан айналым шеңберін; - үлкен және кіші қан айналым шеңберінің артерия және вена қан тамырларын; -жеке мүшелердін қан айналым ерекшеліктерін; -лимфа жүйесі мүшелерінің жалпы құрылысы және қызметтерін | - жүректің орналасқан жерін көрсету; - жүректің компоненттерін таба білу; - қан тамырлар жүйесіндегі мүшелерінің ерекшеліктері; - шет жағында орналасқан қан тамырларын тұспалдау; - шет жағында орналасқан лимфа тамырларын көрсете білу; - аймақтық лимфа түйіндерін көрсете білу; -көк бауырдың орналасқан жерін тұспалдау |