Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


ЖИА-ның жаңаша жіктемесі




Дәрістің тақырыбы: Жүрек ишемия ауруы (ЖИА). Стенокардия.

Дәрістің жоспары.

1.Аурудың анықтамасы,этиологиясы,жіктемесі.

2.Клиникалық белгілері.

3.Диагностикасы.

4.Емі.

5.Алдын-алу шаралары.

ЖИА — тәж артериялары атеросклерозынан, тәж қанайналмы мен миокардтың оттегіге сұранысының арақатынасының бұзылысынан дамитын жүректің жедел немесе созылмалы зақымдануына алып келетін процесс.

"Жүрек ишемия ауруы" (синонимі "жүректің коронар ауруы" -ЖКА) термині ДДҚ сарапшыларының ұсынысымен 1962 жылдан бері қоддануда. "Ишемия" — ischamia, грекше isho — тоқтау, бөгеу; һаіта — қан сөздерінен кұралады.

Этиологиясы.

1. Тәж артериясының атеросклерозы. ЖИА-мен ауыр адамдардың 95%-да тәж артерияларында, проксимальді бөліктерінде басым, атеросклероздық процесс табылады. Ең жиі солжақ артериясының қарыншааралық тармағы, сиректеу оң тәж артериясы, одан кейін сол тәж артериясының айналмалы тармағы зақымданады.

2. Тәж артериясының түйілуі. Тамырлардың түйілуі селективті коронарография көмегімен дәлелденген. Тәж артериялары көбіне атеросклероздың салдарынан түйіледі. Атеросклероз, тамырлар реактивтілігін күшейтуінен, олардың түрлі әсерлерге сезімталдығын арттырады. Атеросклерозбензақымданған тәж артерияларна үйілгенде өзегі тарылады, бұл кезде коронарлық обструкцияның көлемі 75% ұлғайып, ЖИА-ның клиникалық белгілерін туындатады.

Этиологиясымен қатар ЖИА дамуының қауіп ықалдарын айырады.

ЖИА дамуының қауіпті ықпалдары:

Қауіпті ықпалдарды бұл кезде 4 топқа (категорияға) айырады:

1-ші категория - жойылған жағдайда ЖИА даму қаупі нақты азаятын қауіпті ықпалдар (темекі тарту, дислипидемия, артериялық гипертония);

2-ші категория - коррекция жасаған жағдайда ЖИА даму қаупі едәуір азаятын қауіпті ықпалдар (кантты диабет, гиподинамия, дене массасының жоғарылауы, менопауза және постменопаузалық кезең, жоғары тығыздықты липопротеидтер холестерин деңгейінің төмендеуі және үшглицеридтер деңгейінің жоғарылауы);

3-ші категория - коррекция жасағанның өзінде ЖИА даму каупі айтарлықтай азаймайтын қауіпті ықпалдар (алкогольді ішімдіктер, психоэмоциялық күйзелістер, гипергомоцистеинемия);

4-ші категория - ЖИА-нын коррекция жасауға келмейтін кауіпті ықпалдары (еркек жыныс, 40-тан асқан жас, тұқым қуалаушылық).

1-категорияжойылған жағдайда ЖИА даму қаупі нақты азаятын ықпалдар:

1.Темекі mapmy (күніне ең кемі 1 данадан үнемі шегу). Темекі тарту жүрек-тамыр ауруларынан өлімді 50% арттыратыны және өлім санының шегілген темекінің мөлшеріне тікелей тәуелділігі дәлелденген. Темекі түтініндегі никотин, бензол, аммиак, көмір қышқыл газы, т.б. улы заттар тромбоциттердің агрегациялық қасиетін күшейтеді, тығыздығы жоғары антиатерогенді липидтердің деңгейін төмендетеді және тәж артерияларының түйілуіне септігін тигізеді.

2.Дислипидемия. Бұл ұғымға липидтер алмасуының келесі өзгерістері жатқызылған: гиперхолестеринемия (ашкдрындағы жалпы холестериннің 250 мг/дл немесе 6,5 ммоль/л шамасындағы немесе одан артықдеңгейі); гиперүшглицеридемия (қандағы үшглицеридтердін 200 мг/дл немесе 2,3 ммоль/л шамасындағы немесе одан артық деңгейі); 34 мг/дл немесе 0,9 ммоль/л төмен гипоальфахолестеринемия; болмаса аталған факторлардың қосарлануы;

Қазіргі кезде холестериннің келесі деңгейлерін айырады:

- керекті - <5,20 ммоль/л; ең тиімдісі- 5 ммоль/л;

- аралық — 5,20-6,18 ммоль/л;

- жоғары — > 6,21 ммоль/л.

ЖИА дамуына басым әсер ететін — темен тығыздыктықты липопротеидтердің холестерині (ТТЛП ХС). ТТЛП ХС деңгейлері келесі түрде бөлінген:

керекті — <3,36 ммоль/л;

аралық — 3,36-4,1Г ммоль/л;

жоғары - >4,11 ммоль/л.

ЖИА біріншілік және екіншілік алдын алу жолында кан липидтерінін келесі мақсатты денгейлері ұсынылған:

- жалпы холестерин — <5 ммоль/л;

- ТТЛП холестерині — <3 ммоль/л;

- ТЖЛП холесгперині - > Іммоль/л;

- ЖХС/ТЖЛП ХС арақатынасы - <4,0.

3. Артериялық гипертензия: АҚ 160/95 мм сын.бағ. және одан да жоғары немесе гипотензиялық дәрмектерді қабылдап жүрген адамдардын анамнезінде гипертензиянын болуы. Артериялық гипертония болғанда ЖИА даму қаупі 3 есе жоғарылайды. Артериялық қысымнын 5-6 мм.сын.бағ. төмендеуінің өзі ЖИА даму каупін 15%, ал өлім қаупін 42% азайтады.

2-категориякоррекция жасаған жағдайда ЖИА даму каупі едәуір азаятын қауіпті ықпалдар

1.Қантты диабет. Қантты диабетпен сыркаттанатын науқастарда ЖИА 3-7 есе жиі кездеседі және өлімінің негізгі себебі болып табылады. Қантты диабет болған жағдайда атеросклероз және ЖИА шамамен, 10 жыл ерте басталады.

2.Гиподинамия (физикалык белсенділіктің төмендігі) - отырып істейтін жұмыс және жұмыстан тыс уакытты да белсенді өткізбеу (жаяу жүрмеу, спортпен шұғылданбау, дене қызметімен айналысатын уақыттың аптасына 10 сағаттан кем болуы); дене қимылы аз адамдарда ЖИА 2 есе жиі дамиды.

3.Дене массасының жогарылауы. Дененін массасы калыпты болса, Кетле индексі 20-25-тен аспайды; І-ІІ дәрежелі семіздікте Кетле ивдексі 25-тен артық, бірақ 30-дан кем болады; IIIдәрежелі семіздікте Кетле индексі 30-дан артык; Кетле индексі 29 немесе одан артық болса-ЖИА даму каупі 3 есе жоғарылайды. Семіздік өзге қауіпті факторлардың әсерін арттырады. Ең қауіптісі — майдың құрсаққа жиналуы (семіздіктің абдоменальдік түрі).

4.Менопауза және постменопаузалық кезең. Аналық бездіңқалыпты функциясы әйелдер организмің ЖИА дамуынан сақтайды деген үғым бар. Постменопаузалык кезеңце эстрогендердін азаюы атеросклероздың дамуын тездетеді. Қазіргі кезде көптеген елдерде постмено-пауза кезеңіндегі әйелдерге эстрогендік гормондарды аз дозада орынбасушы ем ретінде колдануда, бірақ бұл емнің ЖИА дамуын алдын алудағы тиімділігі нақты дәлелденбеген.

/. Қан кұрамындагы жогары тыгыздықты лилопротеиттер холестерин деңгейінің төмендеуі және үшглциридтер деңгейің жоғарылауы.

Жоғары тығыздықты липопротеиндердің төмендеуі және үшглицеридтердің қандағы биік деңгейі ЖИА дамуының қауіпті факторы ретінде қаралады. ЖТЛП ХС 1 мг% төмендеуі ЖИА даму қаупін 3-4% арттырады. ЖИА даму қаупін ең нақты көрсететін - ТТЛП ХС мен ЖТЛП ХС арақатынасы. Бұл көрсеткіштің 1 бірлікке төмендеуі (мысалы статиндердің көмегімен) миокард инфарктың дамуын 53% азайтады.

Атеросклероз бойынша Еуропалық қоғамның қызметтеріне сай ЖТЛП ХС деңгейіне байланысты ЖИА даму қаупінің келесі арақатынасы берілген:

3-ші категориякоррекция жасағанның өзінгіе ЖИА даму қаупі айтарлықтай азаймайтын қауіпті ықпалдар;

1.Алкогольді ішімдіктер. Алкоголь жүрек-тамыр жүйесіне күрделі әсер етеді. Салынып ішкен жағдайларда жүрек-тамыр ауруларынан өлім көбейеді, ал шамалы мөлшердегі ішімдіктің бұл саладағы әсері толық анықталмаған.

2.Ауыр психоэмоңиялық күйзелістер, тұлғаныңA munmi психикалық ерекшелігі (стресскоронарлык профиль); жанүяда немесе коллективте түсіністіктің жоқтығы, стрестік жағдайлар, тұлға мінезінде стресс-коронарлық профилые тән қасиеттердің болуы - ашушандық, депрессияға, агрессияға, үрейленуге бейімділік катехоламиндердің көп мөлшерде бөлінуіне септігін тигізеді. Осыдан жүрек-тамыр жүйесінде қалыптасатын өзгерістер ЖИА дамуына немесе онын өрістеуіне түрткі болады.

3. Гипергомоцистеинемия. Гомоцистеиянің қандағы жоғары деңгейі ЖИА даму қаупін арттырады. Бұл жағдай В6 п, фолий қышқылы дефицитінде немесе туа біткен алмасу бұзылыстырынан болады. Гомоцистеиннің көбеюі егде жастағылардың 20 %-да анықталады.

4-категория - коррекция жасауға келмейтін ЖИА дамуының кауіпті факторлары. Бұл топтағы ықпалдар ЖИА дамуына септігін тигізеді, бірақ коррекциялауға немесе жоюға келмейді.

1. Еркек жыныс (әйелдерге қарағанда ер адамдарда ЖИА жиі және ертелеу пайда болады).

2.40-тан асқан жас. (жас ұлғайған сайын, әсіресе 40-тан аса ЖИА даму каупі жоғарылайды);

3.Тұқым куалаушылық (әке-шешесінде 55 жаскд дейін ЖИА, артериялық гипертонияның және олардың асқынуларының болуы); липидтер алмасуының тұқымға байланысты ерекшеліктері.

ЖИА дамуында артериялық гипертензия, гиперхолестеринемия және темекі тарту "үлкен үштік" аталатын ең қауіпті факторлар болып табылады.

ЖИА-ның жаңаша жіктемесі





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 570 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Логика может привести Вас от пункта А к пункту Б, а воображение — куда угодно © Альберт Эйнштейн
==> читать все изречения...

2225 - | 2154 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.