Клиникалық көрінісі. Дәрістің тақырыбы : Созылмалы панкреатит .Холециститтер.
Лекции.Орг

Поиск:


Клиникалық көрінісі. Дәрістің тақырыбы : Созылмалы панкреатит .Холециститтер.




Дәрістің тақырыбы : Созылмалы панкреатит .Холециститтер.

Дәрістің жоспары :

1. Аурудың түсініктемесі

2. Этиологиясы

3. Клиникалық көрінісі

4. Клиникалық түрлері

5. Лабораториялық зерттеулер

6. Аспаптық зерттеулер

7. Емдеу принциптері

Созылмалы панкреатит – ұйқы безі паренхимасының, түтіктерінің зақымдануымен дамитын және этиологиялық фактордың тоқтауына қарамастан өрістейтін, соңында бездің склерозына, экзо - , эндокриндік функцияларының жетіспеушілігіне алып келетін ұйқы безінің созылмалы қабыну – дистрофиялық ауруы.

Этиологиясы .

1. Ішкілікке салыну ( 90%). Күн сайын 100 мл – ден алкогольді немесе 2 л- ден сыраны ішу 3-5 жылдан кейін ұйқы безінде гистологиялық бұзылыстарды дамытады. Алкогольді үнемі ішетін әйелдерде панкреатиттің айқын көрінісі 11-12, еркектерде 17-18 жылдан кейін пайда болады.

2. Биллиарлық гипертензия – бауырдан төмен биллиарлық түтіктерде қысымның биіктеуі ( Фатер емізігінің стенозында, Одди сфинктерінің түйілуінде, холедохта тастың тірелуінде, және онекіелішектік гипертензия болатын).

3. Дуоденобиллиарлық рефлюкс( Одди сфинктерінің шамасыздығынан, дуоденостаздан болатын).

4. Алиментарлық фактор – майлы, қуырған тағамды көп жеу, белоктың жетіспеушілігі, витаминдердің, әсіресе А витаминінің тапшылығы.

5. Вирустық инфекция ( Коксаки В, гепатиттің вирустары).

6. Дәрмектердің әсерлері ( ұзақ қолданылған цитостатиктер, эстрогендер, нитрофурандар, қабынуға қарсы дәрмектер, тиазидтік диуретиктер, холинэстераза ингибиторлары).

7. Гиперлипидемиялар ( ұйқы безінің паренхимасы мен тамырларына шамадан тыс май жиналуы және бос май қышқылдарының улық әсер етуі).

8. Гиперпаратиреоз ( ұйқыбездің түтіктерінде тастар түзілуі, кейіндеу - кальцинозы).

9. Жедел пенкреатиттің созылмалыға ауысуы.

Клиникалық көрінісі.

Холангиогенді панкреатит көбіне әйелдерде, ,алкогольдік панкреатит еркектерде кездеседі. Созылмалы панкреатит көрінісінің синдромдары: қабыну – деструкциялық, диспепсиялық, бездің экзокриндік және эндокриндік функцияларының шамасыздығы. Қабыну – деструкциялық синдром –без ұлпасының химиялық некрозынан, ісінуінен және қабынуынан дамиды. Бұл синдромның басты белгілері:

· Іштің ауыруы

· Панкреатикалық гиперфермертемия және ферментурия ( ферменттердің ауытқу феномені)

· Интоксикация ( қызудың көтерілуі, әлсіздік, артралгиялар, тәбеттің нашарлауы).

· Холедохтың ісінген бездің басымен қысылуынан болатын өтпелі механикалық типті сарғаю

· Жедел фазалық қабыну реакцияларының жоғарылауы.

Панкреатиттің басты белгісі – іштің ауыруы. Оның себептері: ұлпасының ісінуінен без капсуласының керілуі ( капсулалық ауырсыну), бездің ісінуінен, инфильтрациясы мен склерозынан нерв талшықтарының қысылуы немесе тітіркенуі, түтікішілік қысымның биіктеуі. Іштің ауыратын жерінен бездің зақымданған бөлігін шамалап анықтауға болады. Ұйқыбездің құйрығы зақымданса ауырсыну сол қабырғалықта немесе кіндіктің сол жағында орналасады, денесі зақымданса онда эпигастрийдің сол жартысы ауырады. Егерде ұйқыбездің басы зақымданса , онда ауырсыну эпигастрийдің оң жартысында , Шоффар аймағында орналасады және оң жақ аймақтарға таралады. Ұйқыбездің тоталды қабынуында іштің жоғарға аймақтары тұтас ауырады немесе өткір белді буындырғандай ауыру пайда болады. Кейде тек арқа ғана ауырады. Әдетте майлы, қуырған не өткір тағамды ішкеннен кейін 40 – 60 минуттан кейін ауырсыну күшейеді. Тамақ ішпесе ауырсыну басылады. Науқастардың көбі тәбеті тартса да ,тамақ ішуден бас тартып, арықтайды. Егер ауырсынудың себебі түтікішілік қысымның жоңарылауынан болса, ол ұстамалы болады және спазмолитиктердің көмегімен басылады. Капсуланың керілуінен болатын капсулярлық ауырсыну үнемі мазалайды, дененің сәл сілкінісінен,мысалы жүргенде күшейеді.науқастар шалқасынан жата алмайды, аяғын ішіне тартып, бүйіріне немесе етпетінен жатуға мәжбүр болады. Спазмолитиктер әсер етпейді, тек анальгетиктер (наркотиктар) көмектеседі. Бірақ үш инъекциядан кейін наркотикке тәуелділік қалыптасуы мүмкіндігін есте сақтау қажет. Секрецияның күшеюі панкреатитті өршітеді, ал өршу процессі секрецияны тежейді, сондықтан 5 – 7 күннен кейін ауырсыну өздігінен басылуы мүмкін. Науқастардың 1 % - да панкреатикалық неврит аталатын, тек наркотиктармен басылатын, іштің аса қатты ауырсынуы болады негізінде мқндай ауырсыну ұйқы безінің рагына тән белгі. Панкреатиттің өршу кезінде диспепсиялық синдром пайда болады. Панкреатикалық диспепсияның белгілері: гиперсаливация, кекіру, тәбеттің төмендеуі, майлы

тағамнан жиіркену, іштің кебуі. Оның себебі – ұйқы безінің ісінген басы онекіелішекке батып қуысын тарылтуы, содан онекіелішектің өтімділігінің нашарлауы және дуоденальдік гипертензияның пайда болуы. Осылай дамыған онекіелішектің дискинезиясы мен дуоденостаз дуоденогастралдық және гастроэзофагалдық рефлюкстерге алып келеді. Сондықтан кекіру, қыжылдау, жүрек айну, құсу және эпигастрий аймағының жайылма ауырсынуы пайда болады.

Ұйқы бездің экзокриндік функциясының шамасыздығы. Абсолюттік шамасыздық сирек кездеседі, ол ұйқы бездің ацинарлық жасушаларының деструкциясынан және панкреатикалық липаза синтезінің азаюынан болады. Көбіне салыстырмалы шамасыздық дамиды. Оған алып келетін себептер:

· Түтіктердің обструкциясы және ұйқыбез сөлінің онекіелішекке түсу жолында бөгеттің болуы

· Ұйқы бездің түтіктік эпителиінде бикарбонаттар түзілуінің азаюы, осыдан онекіелішектегі РН 5,5 артық төмендеуі, РН – тың төмендеуінен липазаның денатурациясы және өт қышқылдарының онекіелішек қуысында преципитациясы.

· Өт пен энтерокиназаның тапшылығынан липазаның, трипсиногеннің белсенділенуінің бұзылуы

· Ішек моторикасының бұзылысынан ферменттердің химуспен дұрыс араласпауы

· Жіңішке ішектің қуысында көбейген микробтардың әсерінен ферменттердің ыдырауы.

Сыртқы секреция шамасыздығының белгілері: диарея, шірік иісті майлы нәжіс, тәбеттің жоғарылағанына қарамастан дене массасының төмендеуі, В12 витаминінің және майда еритін витаминдердің жетіспеушілігі, панкреатиттің аса ауыр түрінде мальдигистия, мальабсорбция синдромдары дамиды.





Дата добавления: 2017-01-21; просмотров: 509 | Нарушение авторских прав | Изречения для студентов


Читайте также:

Рекомендуемый контект:


Поиск на сайте:



© 2015-2020 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.002 с.