Инфекция туралы ілім- жалпы микроорганизмдерде тіршілік етуге және оған әсер етуге мүмкіндік беретін микробтардың қасиеттері және сол микроорганизмдердің ауру тудырушылық қасиеттерін білуге мүмкіндік береді.Сондай-ақ инфекцияның атқаратын ерекшеліктерін танып-білуге жол ашады.
«Инфекция туралы ілім»атты тақырыпты, «Жалпы микробиология» оқу-әдістемелік құралынан оқып, нақты мәлімет алуға болады. Бұл оқулықтан инфекциялық процесс пен одан таралар сан алуан жұқпалы ауруларды ажыратып,нақтылауға орасан зор көмегін тигізеді.Сонымен қатар инфекциялық процесстердің сатылары мен деңгейлерін және олардың қызметтері сипатталған..
Оқулықтың өзектілігі: «Инфекция» және «жұқпалы ауру» терминдерінің мәнісі бірдей емес.Инфекциялық процесс жұқпалы аурудың негізін құрайды.Ауру кезінде патологиялық,морфологиялық субстрат қалыптасып,микроорганизмнің функциясы бұзылған жағдайда ғана жұқпалы ауру туралы сөз айтылады.
Инфектология ғылымы – инфекция туралы ілім.Инфектологияның микробиология саласындағы маңызы өте зор.Микробиологияда,инфектиологияны инфекциялық аурулардың дамуын, қандай бактериялардың, вирустардың әсерінен аурудың пайда болуын анықтайды.
“ Инфекция” (лат. inficio – жұқтыру, зиянды нәрсені енгіземін) немесе оның синонимі “инфекциялық процесс” термині қоршаған ортаның тиісті жағдайында қабылдаушы макроорганизммен оған, көбейген патогенді немесе шартты-патогенді микроорганизмнің өзара әсері +нәтижесінде пайда болатын және макроорганизмнің ішкі ортасының тұрақтылығын(гомеостазын) сақтауға бағытталған физиологиялық қалпына келу – бейімделу реакцияларының жиынтығын білдіреді. Қарапайымдылар, гельминттер, жәндіктер – Animalia әлемінің өкілдері қоздыратын осындай ұқсас процесті инвазия (лат. invazio – шабуыл, басып кіру) деп аталады.
Эшерхиоз -бұл ішек таяқашалары.Бұл термин кең ауқымда «микробиология», «биология» ғылымдарында қолданылады.Сондай-ақ бұл термин инфекциялық аурухана қабырғасында да қолданысқа ие.
Патогенез (гр. παθος — бүліну, ауру, гр. γενεσις — даму) — аурудың немесе оның көріністерінің пайда болуы мен динамикасының механизмдері. Патогенезді зерттеп дәрігерлер аурудың қалай пайда болып,дамыған жолын айқындайды. Патогенез әр түрлі деңгейлерде зерттеледі: молекулярлық деңгейден бастап, жалпы бүкіл ағзаның бұзылымына дейін.
Этиология (грек. aіtіa – себеп және logos – ілім) – аурудың пайда болу себептері мен оған қолайлы жағдайларды зерттейтін ілім. Аурудың негізгі себебі ішкі (эндогенді) және сыртқы (экзогенді) жағдайлардан туындайды. Сыртқы Этиологиялық себептерге: түрлі жарақат, температура, атмосф. қысымның өзгеруі, сәуле және электр энергиясының әсері, органик. және органик. емес улар, микробтар, вирустар, зат алмасудың бұзылуы (ашығу, витамин жетіспеушілік, құнарсыз тамақ, т.б.) жатады. Ішкі Этиологиялық себептерге: адам организмі құрылысы ерекшелігі, тұқым қуалайтын аурулар жатады. Соңғы кезде Этиологиялық себептердің қатарына физ., хим., биол., әлеум. және психоәлеум. әрекеттерді жатқызады. Аурулардың пайда болуының негізгі себебі организмнің ерекшелігіне байланысты, ал әр түрлі факторлар белгілі бір аурудың дамуына ғана әсер етеді. Сондықтан Этиология мәселесі сыртқы және ішкі ортамен тығыз байланыстыра отырып, адам организмінде туа және жүре пайда болатын күрделі физиол. өзгерістермен ұштастырыла зерттеледі.
Асқыну -қандайда бір «бұзылыс»,ағзаның күйреуі.Асқыну барлық ағзаның қызметіне байланысты әр түрлі болады.
Ангина - (Аnginа —тұншықтыру, кысу) — баспа, ангина. Жұткыншақтың лимфа — аденоидтық шеңберінің, негізінен бадамша безінің жедел инфекциялық қабынуы. Баспа, ангина (латынша ango — қысамын, тұншықтырамын) — көмейдегі бадамша бездерінің қабынуынан болатын жұқпалы ауру. Оның қоздырғышы — стрептококк бактериясы. Баспа адам организмінің түрлі жұқпалы вирустарға қарсы тұру қабілеті төмендегенде, суық тигізгенде, дәрумендер жетіспегенде, шаршағанда пайда болады. Баспа — бадамша бездерінің ісініп, жұтқыншақтың қызаруымен басталады; тамақ құрғап, жұтындырмайды. Тамақ бездері ісініп, қол тигізбей ауырады. Дене қызуы көтеріліп, бас ауырады, буын сырқырайды, адам дел-сал болып әлсірейді. Ауру асқынғанда бадамша бездері қабынып, ақшыл сары ірің пайда болады. Баспаны дер кезінде емдемесе, ортаңғы құлаққа өтуі мүмкін. Мұндай Баспа өзінен-өзі жарылады, кейде оған операция жасауға тура келеді. Баспаның жедел өтетін және созылмалы түрлері бар. Баспаны емдемесе, ауру бүйрекке, жүрекке, т.б. органдарға шабуы мүмкін. Сондықтан Баспаның алғашқы белгісі білінісімен дәрігерге жедел көрініп, созылмалы түрге өткізбей емделу қажет. Б-мен ауырғанда міндетті түрде жатып емделу, тамақты жылы ұстау, мезгіл-мезгіл сұйық тағам ішу, жылы компресс қою, жиі-жиі тамақты сода, тұз ерітінділерімен шаю, антибиотиктер ішу қажет. Баспаның алдын алуда дене шынықтырудың, спортпен шұғылданудың маңызы зор.
ЭНТЕРОТОКСИНДЕР- Токсиндер тамақ өнімдерінде микроағзалардың аса көп мөлшерде көбеюінің нәтижесінде оны тамаққа пайдаланғанша түзіледі.
Пайдалынылған әдебиеттер тізімі:
Жалпы микробиология;оқу-әдістемелік құрал-Алматы ТОО «Print-S»2008
1.https://kk.wikipedia.org/wik
2. http://shava.kz/
3. https://kk.wikipedia.org
4. http://myblo.ucoz.ru/