Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Сурет. Кесте шекараларын орнату

Microsoft Office Word

Microsoft Office Word (күнделікті — MS Word, WinWord немесе жай ғана Word) - Macintosh компьютерлерінде және Windows, DOS ортасында жұмыс істейтін, қазіргі кезде кең таралған, ең қуатты мәтіндік процессорлардың бірі. Құжаттарды даярлауға, түзетуге, қарап шығуға, баспаға шығаруға арналған Windows ортасының қолданбалы программасы. Оның соңғы нұсқалары шағын баспа жүйесі ретінде кітап, газет- журналдар шығаруда кеңінен қолданылады. Microsoft Office Word дегеніміз компьютерде құжаттар жасауға мүмкіндік беретін бағдарлама болып табылады. Суреттер немесе өң сияқты түрлі-түсті фотосуреттер немесе көрнекі суреттер пайдаланып әдемі мәтін жасау және карталар мен кестелер сияқты деректер қосу үшін Word бағдарламасын пайдалануыңызға болады. Оған қоса, Word бағдарламасы мәтін жасау үшін түрлі көмекші мүмкіндіктерді береді, олардың көмегімен мақалалар немесе есептер сияқты іскери құжаттарды оңай аяқтай аласыз. Сондай-ақ, ашықхат немесе хатқалта мекенжайларын басып шығаруыңызға болады. Word бағдарламасы құжаттар, электрондық кестелер мен көрмелер жасауға және электрондық поштаны басқаруға арналған бағдарламаның бірнеше түрлерін біріктіретін өнімдердің бумасы болып табылатын «Office» бумасының бір бөлігі болып табылады.

Microsoft Office Word - мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша программасы.Ол-мәтіндік және графикалық информацияларды өңдеу барсында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторының бірі. Қазіргі компьютерлік технологияларда орындауға болатын кез келген операция бұл ортада жүзеге асырыла береді. Мысалы, басқа ортада дайындалған мәтіндік фрагменттер, кестелер, суреттер сияқты неше түрлі объектілерді байланыстыра отырып осы ортаға енгізуге болады. Жалпы, Word редакторында типография жұмысына керекті баспа материялдарын теруден бастап, олардың оригинал – макетін толық жасауға дейінгі барлық жұмыс орындалады. Мұндай құжаттар мен кестелерді көрікті етіп, безендіруге қажет көптеген дайын шаблондар, стильдер, жазылып бірден орындалатын ішкі макропрограмалар тілі, қарапайым графиктік бейнелерді салатын аспаптар және т. с. с. жетіп артылады.

Word редакторын тағайындау, іске қосу және онымен жұмыс істеуді аяқтау

Word-пен жұмыс істеуді бастау үшін Windows жүйесінің басқа программалары сияқты оны бастапқы нұсқалық (инсталляциялық) дискеттерден немесе компакт-дискіден компьютерге жазып орналастыру қажет. Орналастырылған WORD редакторын іске қосу бірнеше тәсілмен жүзеге асырлады:

1. Басқару тақтасындағы Іске қосу (Пуск) менюінің Орындау (Выполнить) командасының көмегімен, бұл тәсіл редактордың қосымша параметрлерін іске қосуға арналған.

2. Программалардың Microsoft Office тобындағы WORD шартбелгісінде тышқанды екі рет шерту арқылы.

3. Windows жүйесінің Сілтеуіш (Проводник) терезесін пайдалану арқылы.

4. WORD редакторына дайындалған құжаттың шартбелгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет шерту арқылы т.б.

Редактормен жұмысты аяқтау кез келген стандартты тәсілдермен жүргізіледі:

· Файл→Шығу (Выход) меню командасын таңдау арқылы;

· WORD негізгі терезесінің жүйелік менюіндегі Жабу (Закрыть) командасын таңдау;

· тышқан курсоры терезе тақырыбы аумағында тұрғанда курсорды сол жақ шеттегі жүйелік меню белгісіне алып барып, тышқанды екі рет шерту немесе батырманы бір рет басып, менюдің Жабу (Закрыть) командасын таңдау;

· редактор терезесінің тақырыб жолының оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу батырмасын (Х) басу;

· Тікелей Alt+F4 пернелерін басу.

Егер программамен жұмысты аяқтау барысында мұның алдында өзгертіліп, бірақ дискіге жазылмаған құжат бар болса, онда редактор экранға қосымша сұхбаттасу терезесін шығарып, өзгертілген құжатты дискіге жазу (Иә-Да) керектігін, ал жазбасаңыз (Жоқ-Нет) оны да растап беруіңізді өтінеді. Қалауңыз бойынша, редакторда әрі қарай жұмыс істей беруіңізге де (Болдырмау-Отмена) болады.

Word редакторына тән қосымша элементтер

Терезеде Widows жүесінде кездесуге тиіс стандартты көптеген элементтер бар. Қалып жолында мұнан басқа қара түске боялып белгілі бір режимнің іске қосылып тұрғанын, ал сұр түсті болса - іске қосылмағанын білдіріп тұратын жұмыс режимі индикаторлары бар: ЗАП - макрокомандаларды жазу (записать) режимі іске қосылған екпінді күйде екенін көрсетеді; ИСПР - түзелетулерді (исправления) белгілеу режимі екпінді күйде, олар құжаттың соңғы ңұсқасына қандай өзгерістер енгізілгенін білдіреді; ВДЛ - белгілеулерді кеңейтетін (Расширить выделения) F8 пернесі екпінді күйде, яғни фрагментті ерекшелеп алып, оны кеңейту режимі іске қосылған, бұл режим ерекшелеу мөлшелерін F8 арқылы кеңейтуге болатынын (бір символға, сөзге, сөйлемге т.б.) көрсетіп тұрады. Ерекшеленген мөлшерді кішірейту - Shift + F8 арқылы, ал ерекшелеуді тоқтату - Esc арқылы орындалады; ЗАМ - символдарды аустыру режимі екпінді күйде, символдарды ығыстырып енгізу режимі орындалса, ол сұр түске боялады. Бір режимнен екіншісіне ауысу - INSERT пернесін басу арқылы жүргізіледі. Сонымен, жоғардағы режимдерді іске қосу немесе қоспау режимдері белгілі бір пернелік командалармен орындалады. Оған қосымша, сол режимді қарама – қарсы күйге ауыстыру қалып жолына жалғаса орналасқан қажетті индикаторға тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет шертумен де орындалатынын білген дұрыс. Цифорлық таңбалары бар көлденең және тік жылжу белдеулері мәтін ішіндегі курсор тұрған орынды бағдарлау мүмкіндігін береді.Бірақ бұл жылжу белдеулері Word редакторында бұрынғыдан маңыздырақ қосымша функциялар атқарады. Көлденең орналасқан сызғыш (белдеу) арқылы тышқан көмегімен:

· абзац алдындағы жаңа жол басын;

· беттің сол жақ және оң жақ шеттерінде қалдырылуға тиіс бос орындар (поле) аумағын;

· мәтін аралықтарындағы кесте бағаналарының енін;

· көлденең табуляция позицияларын өзгертуге, олардың жаңа мәнін бекітуге болады.

Тышқан курсорымен осы шамалардың мәндерін өзгерткенде олардың тек сол абзацқа қатысты екенін естен шығармаған абзал. Ал енді тік орналасқан сызғыш, терезенің сол жақ жақтау бойында орналасқан.Оның көмегімен беттің жоғарғы және төменгі жақтарында қалдырылатын бос орындар алмағын және де кестелер жолдары биіктігін өзгертуге болады. Тік сызғышты көрсетпей, алып тастауға болады, онда сіздің мәтіндеріңізде берелетін орын ұлғаяды. Дегенмен ол бейнеленіп тұрса, мәтінді форматтау жұмыстары жылдамырақ орындалады. Қарап шығу режимдерінің батырмалары қалып-күй қатары маңындағы көлденең жылжу алабының сол жақ шетінде орналасады да, олар мыналардан тұрады:

§ кәдімгі режим батырмасы – бұл қарап шығу режимі келісім бойынша редакторға кіргенде бірден қабылданады. Ол мәтінді форматтау элементтерін қарапйым түрде көрсете отырып, беттерді бөлу шекараларын пунктир – сызықшамен бейнелеп, символдарды тексеру, түзету және қарап шығу процесін жылдам орындайды.

§ беттерді белгілеу режимі мәтін қағазда қалай орналаса, айнытпай солай бейнелейтін режим болып есептеледі, мұнда форматтау, мәтінді түзету өте ыңғайлы, өйткені қағаз шеттері айқын көрініп тұрады.

§ құрылым режимі, құжатты толық бейнелемей, теқ тақыраптарын көрсете алады, сол себепті мәтін тақыраптарын бастан аяқ қарап отырып, оны бақылау мүмкіндіктерін береді. Ал оны т үйіндемей, ашылған күйде бейнелесек, өте көлемді мәтін өңделгенде, оның белгілі бір бөліктерін түгелдей аустыруға, көшіруге және оның құрылымын байқап отыруға ыңғайлы режим болып саналады.

Аспаптар тақтасы командалар мен іс - әрікеттерді жылдам орындау үшін ең ыңғайлы жағдай жасайды. Оны пайдалану тышқан қолтетігінің немесе соған ұқсас басқа құрылғының көмегімен жүргізіледі. Аспаптар тақтасының белгілі бір командасын орындау сол командаға сәйкес батырманы тышқанмен шерту арқылы орындалады. Бұл тақтаны әрқашанда пайдалануға болады, өйткені,қалауымыз бойынша, ол құжат терезесінің жоғарғы жағында тұрақты көрініп тұрады. Меню жолының төменгі жағында Стандарты және Форматтау әрікеттерін ғана атқаруға арналған Аспаптар тақтасы орналасқан. Бұл екі тақтадан басқа Word редакторында бірсыпыра әрекеттерді атқаратын тақталар (Сурет салу, Көмек алу және т.б.) бар. Нақты тақталар мен олардың әр түрлі батырмаларының атқаратын қызметі жұмыс барысында түсіндіріледі. Терезенің негізгі элементінің бірі болып, бірнеше мәтіндік құжаттар қатар орналаса алатын терезелерден тұратын, ашық түске боялған жұмыс алмағы (рабочая область) болып саналады.

Жаңа құжатты даярлау

Word іске қосылған соң, экранда 1- құжат (Документі) деген бос Терезе пайда болады. Құжаттың бұлай аталу себебі Word программасы іске кіріскен кезден бастап, бұл сіздің 1-құжатыңыз болып саналады.Келесі құжат 2-нөмірлі, онан кейін 3-нөмірлі т.с.с. болып әрбір келесі құжат нөмірі осылай өсіп отырады. Егер ашылған 1-құжат жабылса да, осы тереземен жұмыс істеп отырғанда (осы сеанс кезінде) даярланған келесі мәтін 2-құжат болып нөмірленеді. Жаңа құжат ашарда Word оны құру үшін белгілі бір шаблонды (нұсқаны) пайдаланады. Нұсқа жаңа құжатты форматтау параметрлерін анықтайды. Бұл параметрлерге шрифтегі таңбалар сызылымы, парақ айналасындағы бос қалдырылатын өрістер (поля) мәні, табуляция символдары және т.б. жатады.Нұсқалардың бұлардан басқа мынадай элементтері болуы мүмкін:

Ø мәтін (мысалы, жоғарғы немесе төменгі колонтитулдар немесе бет нөмірлері);

Ø кестелер (таблицалар);

Ø төртбұрышты жақтаулар (керегелер);

Ø графикалық бейнелер;

Ø кейбір арнайы құралдар (макрокомандалар, батырмалар, айта берсек аспаптар тақтасы) және т.б.

Алдын ала келесім бойынша, жаңадан ашылған құжат «Кәдімгі» нұсқа (шаблон «Обычный») бойынша жасалады.Word редакторын алғаш қы рет компьютерге орналастырғанда оның құрамына мынадай стандартты нұсқалар кіруі тиіс, олар: іс қағаздары, қызмет жазбалары; газет беттері; т.б. типтегі құжат түрлері. Бұл нұсқалар ішінде бірден толтырылуға тиіс стандарты өріс жолдары (Кімге, Кімнен, Дата) мен дайын сөз тіркестері болғандықтан, олар әркімнің уақыттарын тиінді пайдалануды қамтамасыз етеді. Арнаулы нұсқаларды пайдалану дайындалған құжаттарға біркелкі стиль береді.

«Құжат ашу» сұхбат терезесiнiң мүмкіндіктері

«Құжат ашу» терезесінің тек бір функциясы ғана - файлдың аты мен орны белгілі болғанда оны ашу жолын қарастырады. Бірақ бұл сұхбаттасу терезісінің әрбір адамға берер біраз мүмкіндігі баршалық. Сонымен, «Құжат ашу» терезесінің (немесе оның Аспаптар тақтасы) қосымша мүмкіндіктері:

ü файл іздеуді жүзеге асыр;

ü мәтіндік құжат ашу;

ü файлды басқа орынға орналастыру;

ü файлды қиып алу (алмасу буфері арқылы);

ü файлдың көшірмесін алу;

ü жарлықты дйындау;

ü файылды жою;

ü файл атын өзгерту;

ü файл қасиеттерін қарап шығу;

ü файлды ашпай-ақ, оны жылдам қарап шығу;

ü файылдағы мәліметті тек оқу үшін ашу;

ü файлды қағазға басып шығару;

ü бумадағы файлдарды реттеу.

Негізінен алғанда, «Құжат ашу» сұхбат терезесі кішігірім информациялық іздеу жүйесінің функциясын атқара алады. Жоғарыда көрсетілген барлық іс - әрекеттер «Құжат ашу» сұхбат терезесінің басқару тақтасы мен тышқанның оң жақ батырмасы арқылы ашылатын контекстік жанама менюлер жүйесі көмегімен орындалады. «Құжат ашусұхбат» терезесінің басқару тақтасы көрсетілген, ал төменде батырмалардың атқаратын қызметтері көрсетілген. «Құжат ашу» терезесінің басқару тақтасы батырмаларының атқаратын қызметтерін былай суреттеуге болады (солдан оңға қарай): Бір деңгей жоғары өту - бумалар сатысымен жоғары бір деңгейге өтуді жүзеге асырады. Өз буманды ашу - өзіңнің пайдалануына арналған буманы ашады. Өз бумаңа орналастыру - құжатты өз бумаңа орналастырады. Майда белгілер - бумалар тізімін олардың шартбелгілері (пиктограммалары) мен атын жазу арқылы бейнелейді. Кесте - бумалар тізімі кесте түрінде олардың соңғы өзгертілген мерзіммен бірге бейнеленіледі. Қасиеттерін шыару - экранға осы құжат туралы мағлұматтар шығару: дайындалған, не өзгертулер енгізілген уақыты, көлемі және т.б. Ішкі мазмұнын шығару - құжатты экранда жылдам қарап шығуды жүзеге асырады. Командалар мен режимдер - оқу, қағазға басу, іздеу, сұрыптау командаларының тізімін ашады.

Егер файл туралы кесте көмегімен информация берілген мәліметтер жеткіліксіз деп санасаңыз, Қасиеттерін шығару батырмасын басу қажет. Сол кезде берілетін қосымша мәліметтерден іздеп отырған керекті файылыңыз осы екенін (немесе осы емес екенін) анықтай аламыз. Алдыңғы сабақта файл туралы қосымша информация енгізу керектігі айтылып еді, енді «Құжат ашу» сұхбат терезесі арқылы файл іздегенде сондай информацияның қажеттілігіне көзіңіз толық жетеді. Ішкі мазмұнын шығару батырмасын пайдаланып құжатты ашпай - ақ, оның бас жағынын жылдам қарап шығуға болады. Бұл мүмкіндік іздеу жүйесі арқылы ішкі мәтіні ұқсас бірнеше файл тапқанда өте қажет болады. Табылған файлдар ішінен керегін оқи отырып осылай анықтайды. Ішкі мазмұнын шығару батырмасыарқылы табылған файлдар мәтінінің бас жағын қарап алып барып, тек керектісін ғана терезеге шығаруға болады.

Бос құжатты даярлау

Бірінші құжатты даярлау үшін «Кәдімгі» нұсқасын пайдаланайық. Бұл нұсқа кейін информация енгізетін, ал әзірге бос құжат терезесін ашарда қажет. Өйткені әзірше бұл құжатқа оның мәтінін форматтау немесе безендіру жөнінде арнайы талап қойылған жоқ. «Кәдімгі» нұсқасымен бос құжатты даярлау үшін:

Файл → Даярлау (Файл → Создать) командаларын таңдап алу қажет. Мұның нәтижесінде «Құжат дайындау» сұхбат терезесі пайда болады.

Сол терезеден «Кәдімгі» нұсқасын таңдап алып, ОК батырмасын басу керек.

Осы әрекетті басқа жолмен де – Ctrl + N пернелерін немесе стандартты аспаптар тақтасында «Жасау» (Создать) батырмасын басу арқылы да іске асыруға болады. Осылардың нәтижесінде де «Кәдімгі» нұсқасына сәйкес жаңа құжат ашылады, бірақ мұнда экранға сұхбат терезесі шығарылмайды.

Басқа форматтардағы файлдарды ашу

Word редакторында WordPerfect, Works, WordStar, DOC-қа арналған Word және т.б. форматтарда даярланған файлдарды ашуға болады. Ол үшін Файл → Ашу (Файл → Открыть) командаларының Файл типі жолындағы керекті типті таңдау керек, әйтпесе барлық файлдарды қарап шығуға рұқсат беретін «Барлық файлдар» деген жолды таңдап, солардың ішінен қажеттісін таңдау керек.

Құжатты сақтау

Даярланып жатқан құжитты жиі – жиі дискіге жазып қою керектігін түсінген шығарсыздар. Мәтін терліп жатқан кезде компьютердің жедел жадында болады да, ток не компьютер өшіріліп қалса, бірден жойылып кетеді.Сондықтан дискіге жазып сақтап отырған абзал. Ол көп уақыт алмайды. Ол үшін тышқан курсорын дискеттің суреті салынған батырмаға жеткізіп, оны бір рет шертсе болғаны. Осылай сақталған мәтін ғана қатты дискіге жазылып, қауіпсүз күйде ұзақ уақыт сақталады. Құжатты дискіге алғашқы рет жазып сақтау үшін оған белгілі бір ат қойып, қай дискінің қандай бумасына орналастыратыныңызды білгеніңіз жөн. Егер жұмыс нәтежесін бірнеше вариантта сақтау керек болса, олардың әрқайсысына бөлек - бөлек ат қойып сақтау қажет. Файлды сақтау үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

 

1. Файл → … деп сақтау командасын таңдау немесе F12 пернесін басу.

2. Файл аты деген өріс жолына құжаттқа қойылатын аты енгізу, әйтпесе Word-тың ұсынған атын (мысалы, Документ2) қабылдау.

3. Буманың ашылатын тізімінің көмегімен, алдымен дискіні таңдап ал. Оның аты жоғарғы кішкене терезеге шығады, ал төменгі негізгі терезеде сол дискідегі бумалар тізімі көрінеді. Бұл ж мысты орындағанда, А:, В: таңбалары мен иілгіш диск, яғни дискет белгіленетіні есіңізде болсын, сондықтан көбінесе С:, D: сияқты қатты дискілерді таңдауған жөн, оны Диск деген өрісте белгілейміз, мысалы, Д: дискісін таңдап алайық.

4. Бумалар тізімінен файлды орналастыратын бума атын белгілеу керек, мысалы BOOK атын таңдап алайық. Белгіленген бума аты жоғарғы терезеде, ал негізгі терезеде – сол буманың (ВООК) ішіне кіретін басқа бумалар мен файлдар тізімі тұрады.

5. Қабаттасқан ішкі бумалардан да керектісін таңдап ал, бізге керектісі, мысалы, PROSPECT ішкі бумасы болсын.

6. Бумалар деңгейлерін толық қарастырып керектісін таңдап алған соң, «Сақтау» (Сохранить) батырмасын басу қажет. Осылай сақталған құжатты кейіннен тауып алу қиынға соқпайды.

7. Мәтінің құрамына кіретін және оны сипаттай алатын сөз тіркестерін де енгіземіз, оларды «Қасиеттер» сұхбаттасу терезесіне енгізіп, кейіннен өзгертіп немесе толықтырып қоюға болады. «Сервис» менюінің ішкі «Статистика» парағы өздігінен толтырылып отырады, онда мәлімет көлемі неше беттен, абзацтан және жолдан тұратыны көрсетіледі.

Қорытынды мәліметтер

Жұмыс туралы қортынды информацияны Файл → Қасиеттер (Файл → Свойства) сұхбаттасу терезесі көмегімен алуға болады. Бұл терезе кейіннен файлды іздеуді оңайлататын информация мен ескертулерді есте сақтайды. Егер «Қасиеттер» терезесінің жолына әр файл туралы тұрақты күйде информация енгізіп отыратын болсақ, кейіннен файлдарды көбейтіп, оның аты, бумасы ұмытылып кетсе де, оларды іздеп табу қиынға соқпайды. Сондай сәттерде бұрын енгізілген «Қасиеттер» терезесіндегі мәліметтердің қадырын түсінуге болады. Енді осы терезені толығырақ қарастырайық. Терезедегі «Жалпы» және «Статистика» парақтары адамдардың қатысысуынсыз – ақ өздері автоматты түрде толтырылады. Сонымен «Қасиеттер» сұхбат терезесін толтыру үшін төмендегі әрікеттерді орындаймыз.

1. Файл → Қасиеттер командаларын таңдаймыз. «Қасиеттер» сұхбаттасу терезесі пайда болады.

2. «Құжат» парағына өтіп, ондағы жолдарға тиісті мәліметтер енгізу қажет. «Құжат» (Документ) парағына Тақырып, Автор, Мекеме,Топ, Өзекті сөздер, Ескертпе сияқты жалпы мағлұматтардын жинайды. Бұл мағлұматтарды әркім жұмыс барсында өзі енгізіп, онда 255 таңбаға дейінгі әр түрлі мағлұматтардан тұратын сөз тіркестерін толтыруға мұмкінідік бар.

3. «Статистика» парағы мынадай мәліметтер береді:

ü Құжаттың дайындалған, өзгертілген, ашылған даталары;

ü Кім дайындады, қанша уақытта түзетілді, кім сақтады;

ü «Статистика» бөлімінде құжаттың қанша беттен, абзацтан, жолдан, сөзден, символдан, байттан тұратыны туралы жазылған мәлімет болады.

«Қасиеттер» терезесін толтыру қажет те емес сияқты болуы мүмкін, бірақ файлды іздеп оны табу процесінде оны дер кезінде толтырудың қандай маңызы бар екенін толық түсіндіруге болады.

 

PAINT ГРАФИКАЛЫҚ РЕДАКТОРЫ

Графикалық редактор – графикалық бейне түріндегі суреттерді салуға және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа. Қазіргі кезде нүктелік және векторлық деп аталатын графикалық редакторлардың екі түрі белгілі. Нүктелік графикалық редакторларда кез келген суретпиксельдер деп аталатын нүктелерден тұратын кішкене бейнелер арқылы салынады, ал нүктелердің әркайсысы түрлі түске бояла алады.

Paint (Paintbrush) – Windows жүйесінің стандартты программалар тобына кіретін қарапайым нүктелік графикалық редактор. Paint өзінің мүмкіндіктері жағынан професионалды графикалық редактордан біршаматөмендеу болғанымен ол едәуір күрделі әрі тартымды, түрлі-түсті және ақ-қара суреттерді, схемаларды, сызбаларды даярлауға мүмкіндік береді. Бұл редакторды игеоу онша қиын емес, оның құрамында сурет салу, сызу және оларды өңдеуге арналған стандартты қарапайым аспаптар жиыны бар, дайындалған бейнелер файлдардың кең тараған графикалық форматында сақталды. Paint графиктік редакторы іске қосу: Пуск – Программы – Стандартные – Графический редактор Paint. Редакторды жүктегеннен кейін экранда әдеттегідей, тақырып жолынан, меню мен жұмыс үстелінен тұратын терезе пайда болады.

Компьютер графикалық құрудың және графикалық кескіндерді реакциялаудың ең қолайлы және қуатты құралы болып табылады.Ең қарапайым графикалық редакторлар сурет салуға,әртүрлі бояу жаққышты пайдаланып,суреттерді әр түрлі түске бояуға қалыңдығы мен түсі әртүрлі сызықтарды сызуға,суретке мәтін енгізуге мүмкіндік береді.Бұдан күрделірек графикалық редакторлар арнайы эффектілерді:көлем,көлеңке жасауды, суреттің бір бөлігін үлкейтуді түстерді өңдеуді және түзетуді бірінші кескіннен екіншісіне біртіндеп өтуді т.б.орындауға мүмкіндік береді.редакторлар әртүрлі пішімді кескіндермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.Стандартты кескіндердің,суреттердің және дайындамалардың өте үлкен кітапханалары бар,оларды пайдаланып тіпті сурет салудан хабары жоқ адам да қажетті суретті жылдам салып шыға алады.

Paint сурет салу бағдарламасы әртүрлі графикалық кескіндерді салуға,реакциялауға мүмкіндік береді.Бұл бағдарламаның көмегімен қарапайым суреттен бастап күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады.

Paint бағдарламасында өзіміз сурет салуымызға Windows-тың басқа қолданбаларын алмастыру буферге көшірілген дайын суреттерді қоюға, сондай-ақ сканердің көмегімен алынған күрделі кескіндерді қоюға болады.

 

Программа терезесі

Редакторды іске қосу үшін (Windows 3.х) «Реквизиттер» тобындағы Paintbrushбелгісін таңдаңыздар.

Ал Windows 98 жүйесінде Іске қосу → Программалар → Стандартты → Paint командалар тізбегін орындасақ, экранда программаның терезесі пайда болады. Оның құрамында бізге осыған дейінгі таныс элементтермен (жұмыс аумағы, меню мен тақырып жолдары)бірге бірсыпыра жаңа элементтер де бар.

Терезенің сол жақ шеткі қабырғасында аспаптар тақтасы орналасқан. Одан сіздер Paint-та кездесетін барлық сурет салу аспаптарын көре аласыздар. Кез келген аспаптарды таңдау үшін соның белгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны шерту жеткілікті. Осыдан кейін таңдап алынған аспаптың бейнесі (белгісі) айқын түспен ерекшелінеді.

Терезенің төменгі жақтауы бойымен түстер политрасы орналасқан. Paint-та бір уақытта екі түспен сурет салуға болады: қалам түсімен және фон түсімен. Палитраның сол жақ шетінде бірі екіншісінің ішіне орналасқан кішкене екі тіктөртбұрыш тұр, осылардың үстіңгісі – негізгі түсті, ал астыңғысы – фондық түстерді көрсетеді.кез келген сәтте түстерді өзгерту мүмкіндігі бар. Ол үшін курсорды палитрадағы жаңа түске апарып, тышқанның сол жақ батырмасын шерте отырып негізгі түсті, ал оң жақ батырмасын шерте отырып – фондық түсті өзгертуге болады.

Аспаптар тақтасының төменгі жағында сызықтар қалыңдығын анықтайтын терезе орналасқан. Сызықтар қалыңдығын сондай-ақ мыналарға да әсер етеді:

- аэрозоль болонының сиясының ені;

- өшіргіш (ластик) ені;

- бояуыш немесе қылқалам (кисть) ені;

Жұмыс аумағы – салынатын графикалық бейне орналаса алатын экранның тіктөртбұрышты ауданы. Егерде мөлшері жұмыс аумағынан да үлкен сурет салынса, онда терещзе шеттерінде жылжу сызықтары пайда болады. Олар экран бетінде жилжи отырып, бейненің кез келген бөлігін көруге мүмкіндік береді. Ал егер жұмыс аумағынан кіші сурет салынса, онда ол терезенің жоғарғы сол жақ бұрышында қара жақтаулармен қоршалып көрсетілетін болады.

Қолданылатын аспаптар

Paint аспаптарын іс жүзінде игеоуге кіріспес бұрын ескертетін бір жайт – редакторда жұмыс істей барысында соңғы орындалған әрекетті өзгерту мүмкіндігі бар. Өзгерту операциясы алғашқы кезде жиі қолданылады. Оны іске асыру үшін менюдегі Түзету → Өзгерту {Ctrl+Z} (Редактирование → Отменить) командасын таңдау керек.

Аспаптар тақтасы қарапайым суретшінің аспаптарының жиынына ұқсас болып келеді. Ең алғашқы аспапқа Қылқалам (Кисть) жатады. Ол әдеттегі қарындаш тәрізді сурет салу жұмысын атқарады. Мұндай аспапты таңдаған соң, «тышқанның» стандартты курсоры Қылқаламға айналады. Тыщқанның сол жақ батырмасын басып тұрып (оны жібермей) курсорды экран бетімен жылжытсаңызкурсор артында із қалдырады, оның түсі сол мезеттегі тағайындалған түске сәйкес болады.

Мұнан төмен орналасқан аспап – Аэрозольді баллон немесе Шашыратқыш. Оны таңдап алғаннан кейін тышқан курсоры косу символына ұқсас таңбаға айналады. Енді сол жақ батырманы басып тұрып курсорды экран бетімен жүргізсе, оның артында шашыраған бояуға ұқсас із қалады.

Тақта құлрамында екі түрлі өшіргіш (ластик) бар, олардың қарапайым өшіргіштен басты айырмашылығы белгілі бір түспен өшіреді. Бірінші ластик барлық кескіндерді фондық, түспен өшіруге арналған. Ал екінші өшіргіш негізгі түспен боялып салынған барлық фрагменттерді ғана фондық түске айналдыра отырып өшіреді.

Бірінші өшіргіш арқылы кейінен керекті фондық түсті таңдап алып, экрандағы әртүрлі түстегі бейнелерді жаңа фондық түске бояуға болады. Осы тәсілді пайдалану кезінде тышқанды екі рет шертсек, онда курсор маңы бірден фондық түске боялады.

Екінші түрдегі өшіргіш арқылы өзімізге қажет негізгі және фондық түстерді тағайындаған соң, өшіру нәтижесінде негізгі түстегі фрагменттер фондық түске бояла бастайды. Осы тәсілмен тышқанды екі рет шерту суреттегі курсор маңындағы бір түсті бояуды түгелдей дерлік екіншісіне бірден өзгнртуге мүмкіндік береді (яғни, дәл осы уақытқа дейін негізгі түспен боялған бейне фондық түске боялып кетеді).

Сызықтар мен доғалар

Paint редакторы аспаптарының көмегімен белгілі бір қалындықпен берілген түзу сызықтар мен доғаларды сызуға болады.

Негізгі түспен түзу сызық сызу үшін мынадай әрекеттер орындалады:

- сызықтың қалыңдығын тағайындау және Түзу сызық аспабын таңдау;

- курсорды бастапқы нүктеге апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басу;

- батырманы басулы күйінде ұстап тұрып, куярсорды сызықтың соңғы нүктесіне ауыстыру;

- батырманы босаты.

Осылардың нәтижесінде экран бетінде негізгі түспен сызылған түзу сызық пайда болады.

Егер тік немесе көлденең сызықтарды сызғыңыз келсе, онда сызу кездерінде сол жақ батырмамен бірге Shift пернесін басыңыз.

Доға сызу үшін аздап машықтану керек. Алдымен сызық қалыңдығын тағайындап, Доға сызатын аспапты таңдаңыз. Сонан кейін мына әрекеттерді орындау қажет:

- жоғарыда айтылғандай түзу сызық жүргізу (түзу сызықтың соңғы нүктелері салынатын доғаның шеттерімен дәл келуі тиіс);

- түзудің ортасындағы белгілі бір нүктеге курсорды жеткізіп, тышқанның сол жақ батырмасын басып оны басулы күйде ұстап жібермей, курсорды доғаның котуры ойыңыздағыдай болғанша көлденең бағытта орын ауыстыру керек;

- батырманы босату керек.

Экран бетінде берілген қалыңдықта, негізгі түспен сызылған доға пайда болады. Егер доға ойдағыдай болып шықпаса, онда бірнеше рет қайталап бірінші салынған доғаңызды өзгертуге тырысыңыз.

Геметриялық фигуралар

Paint редакторында тіктөртбұрыштар, эллипстер және көпбұрышты тұйық сызық сызатын арнайы аспаптар бар. Барлық фигуралардың контуры берілген қалыңдықтағы негізгі түстегі сызықтармен салынады. Фигуралардың іші бос болуы мүмкін немесе белгілі бір түспен бояуға да болады. Бояу түсті фондық, түске сай келуі тиіс. Аспаптар тақтасынүда түрлеріне сәйкес бейне сызуға мүмкіндік беретін мынадай белгілер орналасқан:

- іші бос тіктөртбұрыш;

- іші боялған тіктөртбұрыш;

- қырлары жұмырланған іші бос тіктөртбұрыш;

- қырлары жұмырланған іші боялған тіктөртбұрыш

Paint графиктік редакторы іске қосу:

ПАЛИТРА

Палитра жұмыс аумағынан төмен орналасқан және түстер жиынтығынан басқа негізгі және фонның түстерін көрсететін түс индикаторы бар түстер маус батырмасын қажетті түсте басу арқылы таңдалынады оң жақ батырмамен-фонның ал сол жақ батырмамен негізгі түсті дайындаймыз тікбұрыш көпбұрыш және эллипс таңдалған режімге байланысты фон түсімен боялуы мүмкін палитраны өзгерту үшін оған маустың оң жақ батырмасымен екі рет шерту керек

СУРЕТ САЛУ ТӘСІЛДЕРІ

маустың сол жақ батырмасын басу арқылы ққрал таңдаймыз егер қажет болса сызықтар қалыңдығын оның конфигурациясын немесе қажет режімді мысалы эллипсты таңдаймыз маустың сол жақ батырмасын басып отырып сурет саламыз мәтінді енгізгенде алдымен жазу қаріп оның өлшемі және басқа атрибуттары орналасатын жерді белгілейміз.

 

Кестелерді құру

Кез келген кесте (электронды болуы міндетті емес) ұяшықтарды құрайтын жолдар мен бағандарға бөлінген. Бұл ұяшықтарға әр түрлі ақпараттар жазылады, мысалы, сандар, формулалар, мәтіндер және т.б.

Кестемен жұмыс әдетте оны құрудан басталады. Word бағдарламасында кесте құру үшін келесі тәсілдердің бірін пайдаланыңыз:

· Лентада Кірістіру қосымшасындағы Кесте тобында Кесте батырмасын басыңыз (1.1. Сурет). жолдар мен бағандардың санын таңдаңыз (1.2. Сурет)

 

1.1. Сурет. Кірістіру қосымшасындағы Кесте тобы

1.2. Сурет. Кестенің бағандары мен жолдарының санын таңдау

· Лентада Кірістіру қосымшасындағы Кесте тобында Кесте батырмасын басыңыз, Кестені кірістіру командасын таңдаңыз. Кестелерді кірістіру диалогтық терезесінде жолдармен бағандардың санын таңдаңыз және ОК батырмасын басыңыз.

1.3 Сурет. Кестелерді кірістіру диалогтық терезесі

Лентада Кірістіру қосымшасындағы Кесте тобында Кесте батырмасын басыңыз және Жылдам кестелер (Экспресс- таблицы) командасын таңдаңыз. Алдын ала қараудың таңбашаларымен атына бағдарлай отырып, сай келетін кесте стилін таңдаңыз (1.4. Сурет)

1.4 Сурет. Кестенің жылдам-стилдері

Құжаттың кесте қою қажет жеріне + (қосу) және – (алу) таңбаларын енгізіңіз, одан кейін Enter пернесін басыңыз. Мысалы, үш бағанды кесте құру үшін + _+ _+ _+ _+ таңбаларын енгізу қажет. Мынаған назар аударыңыз: мұндай кестені құру қосу таңбасымен аяқталуы қажет, айтпесе кесте құрылмайды;

Кесте батырмалары менюіндегі Кесте салу батырмасының көмегімен кестені қолмен салыңыз. Сіз Кестені салу командасын шақырғаннан лентада пайда болатын Конструктор қосымшасындағы сәйкес келетін батырмаларды пайдаланып, сызықтардын түрін және қалындығын, шекараларының түсін орната аласыз (1.5. Сурет). Кестелер стилінің параметрлері тобында кесте құрудың қосымша параметрлерін көрсетуге болады;

1.4 Сурет. Кестені салу командасын шақырғаннан кейінгі Word терезесі

Сіз Кестені салу батырмасын басқан кезде нұсқағыш қарандаш пішініне айналады. Алдымен кестенің кескінін құрыңыз (1.6. Сурет), одан кейін көлденең және тік сызықтарды салыңыз (1.7. Сурет)·

1.6.Сурет. Кесте құрудың бірінші кезеңі

1.7. Сурет. Кесте құрудың екінші кезеңі

Кесте құрудың үшінші кезеңі Жұмыс аяқталғаннан кейін құжаттың кестеге қатысы жоқ жеріне тышқанды шертіңіз. Егер сізге кестені редактілеу қажет болса, онда кестеге шертіңіз және Конструктор қосымшасына қайтадан өтіңіз.

Кестелерді редактілеу

Кестелерді редактілеу операциясына ұяшықтардағы мәтіндермен, кестелер элементтерімен (жолдармен, бағандармен және шекаралармен) жүргізілетін әрекетттердің де қатысы бар. Кестенің ішіндегі мәтінмен жұмыс жасаудың қарапайым мәтінмен жұмас жасаудан еш айырмашылығы жоқ. Кестенің деректері үшін кез келген пішімдеуді орнатуға және редактілеудің үйреншікті командаларын пайдалауға болады. Ұяшықтардың арасында жылжу үшін Tab пернесі пайдаланылады.

Кестенің ішіндегі мәтінді жою үшін, сәйкес келетін ұяшықты ерекшелеңіз және Delete пернесін басыңыз.

Кестенің ішіндегі мәтінің өз ерекшелігі бар. Мысалы, оған кез келген бағытты келесі түрде беруге болады:

1. Мәтіннің бағытын өзгертіңіз келген ұяшыққа курсорды орналастырыңыз, немесе кестенің қажет үзіндісін ерекшелеңіз;

2. Макет қосымшасына өтіңіз, Мәтін бағыты батырмасын басыңыз (5.9. Сурет). Қажетті бағытты таңдау үшін Мәтін бағыты батырмасын бірнеше рет басыңыз;

1.8. Сурет. Мәтінің бағыты диалогтық терезесі

Кестенің қалпын және өлшемін өзгерту

Кестені редактілеу үшін өзгерту және жылжыту маркерлері қолданылады. Жылжыту маркері кестенің сол жақ жоғарғы бұрышында орналасқан, егер тышқанның нұсқағышы кестенің шетінде тұрса, онда ол жақтау ішіндегі крестик пішініне айналады (5.10. Сурет). Ал егер оған шертетін болсақ және тышқанның батырмасын жібермей тартатын болсақ, онда кесте жылжиды.

1.9. Сурет. Кестені жылжыту маркері

Егер тышқанны нұсқағышы кестенің шетінде тұрса, онда кестенің өлшемін өзгерту маркері оң жақ төменгі бұрышта пайда болады (5.11. Сурет). Кестенің өлшемін өзгертетін маркерге шертсек және тартатын болсақ, онда кестенің өлшемі өзгереді. Бұл жағдайда барлық бағандар мен ұяшықтар пропорционалды үлкейеді немесе кішірейеді.

Кестенің өлшемін өзгерту маркері

Кестені ерекшелеу

Кестенің бағанын немесе жолын ерекшелеу үшін келесі тәсілдердін бірін таңдаңыз:

· Тышқанның сол жақ батырмасын басып және жібермей ұстап тұрып кестенің қажетті бөлігін ұяшық бойынша ерекшелеңіз;

· Нұсқағышты жолдың сол жақ шекарасына немесе бағанның жоғарғы жақ шекарасына әкеліңіз, тышқанмен шертіңіз.

Егер кесте бірнеше бетте орналасса, онда тышқанның көмегімен қажетті ұяшықтарды ерекшелеу өте қиын. Осындай жағдайда қарапайым мәтінмен жұмыс жасау кезіндегідей, Shift пернесін басып ұстап тұрып және курсорды және пернелерінің көмегімен жылжыту арқылы қажетті бөлімді ерекшелей аласыз.

Кесте элементтерін қосу

Кестелерді редактілеу кезінде оған қосымша элементтерді, мысалы, жолдар немесе бағандар қосу қажет болса, онда келесі әрекеттерді орындаңыз:

1. Қанша қосу қажет сонша жолды немесе бағанды ерекшелеңіз;

2. Макет қосымшасына өтіңіз және Жолдар және бағандар тобында қажетті батырманы басыңыз:

o Сол жағына қою;

o Оң жағына қою;

o Төбесіне қою;

o Астына қою (5.12. Сурет)

 

1.10. Сурет. Макет қосымшасындағы Жолдар және бағандар тобы

Кестеге элементтер қосудың тағы бір тәсілі- Ұяшықтар командасы. Оны қолдану үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

1. Жолдар және бағандар тобының төменгі бөлігінде орналасқан Кестеге ұяшықтар қою батырмасын басыңыз (1. 13. Сурет)

1.11. Сурет. Кестеге ұяшықтар қою батырмасы

2. Ұяшықтарды қосу диалогтық терезесінде қоюды қалай жүргізу керек екенін көрсетіңіз (5.14. Сурет):

o Оңға жылжумен;

o Солға жылжумен;

o Тұтас жолды қою;

o Тұтас бағанды қою.

1.12. Ұяшықтарды қосу диалогтық терезесі

Кестелердің элементтерінің өлшемін өзгерту

Кестенің енін және жолдың биіктігін бірнеше тәсілмен өзгеруге болады. Ең қарапайым тәсіл- тышқанның көмегімен. Ол үшін нұсқағышты бағанның оң жақ шекарасына немесе жолдың төменгі шекарасына орналастырыңыз. Нұсқағыш қарама- қарсы жаққа бағытталған бағыттауышы бар қос сызық пішініне айналған кезде, тышқанның батырмасын жібермей бағанның шекарасын немесе жолдың шекарасын қажетті орынға жылжытыңыз. (Осы кезде пунктир сызығы жаңа шекара қайда орнатылатынын көрсетеді).

Сурет. Кесте шекараларын орнату

Сонымен қатар кестенің элементтерінің өлшемін өзгерту үшін Макет қосымшасында Ұяшықтар өлшемі тобындағы командаларды қолдануға болады. Өлшемін өзгерту қажет ұяшыққа курсорды орнату немесе ұяшықтар тобын ерекшелеу қажет, одан кейін Кестенің бағандарының ені және Кестенің жолдарының биіктігі өрістерінде сандық мәндерді енгіземіз (5.15. Сурет).

1.14. Сурет. Макет қосымшасындағы Ұяшықтар өлшемі тобы

Кестелермен жұмыс істеу кезінде сіздер мынаған назар аударыңыздар: мәтін енгізу кезінде бағанның ені өте қолайсыз өзгереді. Осы жағдай үшін Бағандардың енін автотаңдау командасы қызмет етеді. Оны қолдану үшін келесі әрекеттерді қолданыңыз:

1. Кестені ерекшелеңіз;

2. Макет қосымшасындағы Ұяшықтар өлшемі тобында Автотаңдау батырмасын басыңыз (5.17. Сурет);

1.15. Сурет. Автотаңдау батырмасының менюі

3. Үнсіз келісім бойынша орнатылған параметрден өзгеше параметрді таңдаңыз (ішіндегілері бойынша автотаңдау)

o Бағанның бекітілген ені;

o Терезенің ені бойынша автотаңдау- кестені веб- құжатқа орналастыру қажет болған жағдайда ғана пайдаланылады. Егер осы нұсқа таңдалса, онда кестелердің ені браузердің терезесі енінің өзгеруіне сәйкес қайта өзгереді.

Кестелер қасиеті

Microsoft Word 2007 бағдарламасында Кестелер қасиеті диалогтық терезесіне біріктірілген өте қолайлы функциялар жиыны бар (5.18. Сурет). Оны лентада Макет қосымшасындағы Кестелер тобында Қасиет батырмасын басу арқылы ашуға болады.

1.16. Сурет. Кестелер қасиеті диалогтық терезесі

Кестелер қасиеті диалогтық терезесінде келесі параметрлерді анықтауға болады:

· Мәтінге сәйкес кестелердің орналасуы;

· Көлеңкелер және шекаралар;

· Кестенің әрбір жолының және бағандарының параметрлері;

· Ұяшыққа мәтінің орналасуы.

Кестелер автопішімі

Кестелерді пішімдеу үшін Кестелер стилі функциясы пайдаланылады. Осы функцияның көмегімен сіз кестені безендірудің стилін жылдам таңдай аласыз.

Кестелер стиліне қатынау үшін Конструктор қосымшасын өтіңіз және Кестелер стилі тобындағы Қосымша параметрлер батырмасын басыңыз (5.19. Сурет)

1.17. Сурет. Кестелер автопішімі диалогтық терезесі

Өзіңіздің кесте стиліңізді құрғыңыз келсе стилдер менюіндегі Кестелер стилін өзгерту командасын пайдаланыңыз. Стилді өзгерту диалогтық терезесінде (1.20. Сурет) қаріптің кеглін, гарнитурасын, құюды, сызық түсін, түрін таңдауға болады.

5.18. Сурет. Стилді өзгерту диалогтық терезесі

Кестенің жаңа стилін құру үшін стилдер менюіндегі Кестелер стилін құру командасын пайдаланыңыз. Стилді құру диалогтық терезесінде қаріптің кеглін, гарнитурасын, құюды, сызық түсін, түрін таңдауға болады (5. 21. Сурет)

5.19. Сурет. Стилді құру диалогтық терезесі

Кестелер импорты

Кейбір жағдайда Word бағдарламасына басқа бағдарламада құрылған кестені импорттау қажет болады (мысалы, басқа мәтіндік процессордың файлдары, Microsoft Excel және Lotus электрондық кестелері). Электронды кестелерді импорттау кезінде ұяшықтарда орналасқан формулалар және функциялар тасымалданбайды, сонымен қатар безендірілуі жоғалуы мүмкін.

Басқа қосымшаларда құрылған кестелерді импорттау үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

1. Қосымшада құрылған кестені ашыңыз;

2. Кестені Алмастыру буферіне көшіріңіз;

3. Word құжатында кестені қою қажет орынға курсорды орнатыңыз;

4. Басты қосымшада Алмастыру буфері тобындағы лентада Қою батырмасын басыңыз.

Назар аударыңыз. Басқа қосымшадан импорттау кезінде кестенің ені бет енінен асып кетуі мүмкін. Бұл жағдайда сәйкес келетін маркердің көмегі арқылы кестенің бағандарының енін қолмен орнатыңыз (5.2. бөлімді қараңыз).

Кестедегі деректерді сұрыптау

Деректерді сұрыптау- бұл кестелерді ұйымдастыру үшін ерекше маңызды командалардың бірі. Егер кестедегі деректер біртіндеп терілген болса және әрбір жазба бір жол төмен жасалған болса онда көбінесе сұрыптау қолданылады. Бұндай кестеде ақпаратты табу өте қиын. Сұрыптауды қолдану деректерді реттеуге көмектеседі.

Кестедегі деректерді сұрыптау үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

1. Сұрыптау үшін бағандарды ерекшелеңіз немесе толығымен сұрыптау қажет болса кестеге курсорды орнатыңыз;

2. Макет қосымшасында Деректер батырмасын басыңыз және менюден Сұрыптау пунктін таңдаңыз (5.22. Сурет)

5.20. Сурет. Сұрыптау командасын таңдау

3. Сұрыптау диалогтық терезесінде ... бойынша басынан тізімінен кестенің сұрыптауын жүргізу қажет бағанды таңдаңыз. Бұл жерде бағандар солдан оңға нөмір бойынша түгенделіп шығарылған.

5.21. Сурет. Сұрыптау параметрлері диалогтық терезесі

4. Сұрыптау деректерінің типін таңдаңыз: Мәтін, Сан немесе Мезгіл;

5. Сұрыптау типін орнатыңыз: өсуі бойынша немесе кемуі бойынша;

6. Екінші және үшінші бағандар бойынша екінші рет сұрыптау үшін қажет болған жағдайда параметрлер орнатыңыз;

7. Егер әріптердің регистрі ескерілетін сұрыптауды қолдану қажет болса, онда Параметрлер батырмасын басыңыз және Сұрыптау параметрлері аймағында Регистрді ескеру жалаушасын орнатыңыз 8. Сұрыптаудың таңдалған параметрлерін растау үшін ОК батырмасын басыңыз.

 

Құжатқа кескіндерді кірістіру

Word құжатына графикалық объектілерді кірістіру өте оңай. Сіз кез- келген деректен суретті көшіре аласыз (веб- беттерден немесе басқа құжаттан), одан кейін ағымдағы құжаттың қажетті жеріне алмастыру буферінен суретті кірістіресіз. Одан басқа Word бағдарламасында бағдарламадан тікелей әр түрлі графикалық файлдарды ашуға және сақтауға мүмкіндіктер бар. Сіздің қатқыл дискіңізде сақталған кескінді құжатқа кірістіру үшін лентада Кірістіру қосымшасындағы Иллюстрациялар тобында Сурет батырмасын басыңыз (6.1. Сурет), Суретті кірістіру терезесінде графикалық файлды таңдаңыз және кірістіру батырмасын басыңыз.

 

Құжатқа кескіндерді кірістіру батырмасы

Кескіндермен жұмыс жасау үшін Клиптер коллекциясы тапсырмалар аймағы қызмет етеді. Оның көмегімен векторлық кескіндермен де және растрлық кескіндермен де жұмыс жасауға болады. Тапсырмалар аймағын көру үшін, лентада Кірістіру қосымшасындағы Иллюстрациялар тобында Клип батырмасын басыңыз

Клип батырмасы

Клиптер коллекциясы тапсырмалар аймағында лайықты кескінді табу үшін Іздеу жолында кілттік сөзді теріңіз және бастау батырмасын басыңыз. Егер іздеу жолын бос қалтырса, онда бағдарлама барлық қол жетімді кескінді көрсетеді.

Клиптер коллекциясы тапсырмалар аймағы

Қандай да бір тақырыппен іздеуді шектегіңіз келсе, Объектілерді іздеу және Қарау тізімін баптаңыз. Ең бірінші іздеу жүргізу қажет коллекциялар көрсетіледі, ал екінші- файлдар типі (суреттер, фотосуреттер, дыбыстар т.б).

Үнсіз келісім бойынша үш коллекцияны пайдалана аламыз:

· Менің коллекцияларым- мұнда қатқыл дисктің суреттер сақталған барлық бумалары кіреді;

· Microsoft Office коллекциялары- кескіндердің бұл жинағымен көбінесе алғаш қолданушылар жұмыс жасайды

· Веб- коллекциялар- Office Online Интернет- қорында қол жеткізуге болатын кескіндердің көмегімен Word бағдарламасының суреттер жинағын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Берілген критерилерге сай келетін кескін алдын ала қарау аймағында көрінетін болады. сіз оларды айналдыру жолағының көмегімен қарай аласыз.

Құжаттқа кескіндерді кірістіру

Файлға кескінді кірістірмес бұрын, оны үлкейтілген өлшемде көріп және параметрлерін оқып білуге болады. Ол үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

1. Сізді қызықтырған суретке тышқанның нұсқағышын алып барыңыз;

2. Кескінің оң жағындағы бағыттауышқа шертіңіз, Көру және қасиет пунктін таңдаңыз.

Кеңес. Көру және қасиет диалогтық терезесінде кескіннің параметрлерін көру үшін, диалогтық терезені әр бір жаңа сурет үшін қайта қайта шақырмайақ қойсада болады. Кескінді таңдау үшін және батырмаларын пайдаланыңыз.

Көру және қасиет диалогтық терезесі

Кескіндерді редактілеу

Егер кірістірілген кескінді ерекшелесек, онда лентада Суреттермен жұмыс- Пішім деген жаңа қосымша пайда болады (6.7. Сурет). Осы қосымшаның көмегімен суретті редактілеудің барлық операцияларын орындауға болады.

Суреттермен жұмыс- Формат қосымшасы

Сурет



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Единственная религия на Земле. | Анализ психодиагностической методики Кетелла 16 PF
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-31; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1061 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Не будет большим злом, если студент впадет в заблуждение; если же ошибаются великие умы, мир дорого оплачивает их ошибки. © Никола Тесла
==> читать все изречения...

2602 - | 2280 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.015 с.