Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Африка елінің топырағы мен өсімдік әлемі




Мазмұны

Кіріспе

1.1 Африка материгі

1.2 Африка елінің топырағы мен өсімдік әлемі

2.1 Африка елінің климаты

2.2 Жануарлар дүниесі

2.3 Жер бедері және пайдалы қазбалары

3.Қорытынды

4.Пайдаланылған әдебиеттер

 

Кіріспе

Африканың қазіргі саяси картасында 55 мемлекет бар. Олардың үшеуінде конституциялық монархия (Марокко, Лесото, Свазиленд), Намибияда федерациялық республика, ал қалғандарында республикалық мемлекеттік құрылым орныққан. Африка елдерінің көпшілігінде шаруашылықтың бір жақты мамандануы, яғни экспортқа бағытталған шикізат немесе азық-түлік өндіру сақталған.

Африкалық бетперделердің тарихына үңгілсек, олардың ежелгі тас дәуірінде пайда болғанына көз жеткіземіз. Ойын кезінде киетін бетпернені африкалықтар теріден, матадан және басқа да ағаш түрлерінен жасаған. Африкалық бетперделер әлемдегі өнертанушылардың ішінде ерекше орын алады. Өнер туындылармен жинақтаудын айналасатын мамандар тамаша бетпердені өте қымбатқа бағалайды. Бетперде жасау дәстүрі африкалықтар өмірінде тарихи, мәдени айрықша маңызға ие.

Африка жер бетіндегі ең үлкен шөл - Сахара шөлінің отаны. Құрлықта негізінен үш шөл бар: Сахара, Намбий және Калахари. Жыл бойы күн сәулесі түсіп тұратын алып жазықтар Африканың ауқымды бөлігін қамптып жатыр. Шөл даланы өзінің құрғақ сағалары кесіп өтеді, мұнда құрғақшылыққа шыдамды бұлттар ғана тамыр жаяжы. Карас пен Хун сияқты кішкентай тау тізбектері де кездесіп қалады.Сахара шөлі жер бетіндегі ең ыстық мекендердің бірі. Бұл өлкеге жылына шамамен 8 см-дей ғана жауын-шашын түседі. Тіпті ең жаңбырлы аймақ дегенінің өзіне жауын аптасына екі рет жауып содан бірнеше жыл тамшы тамбай қалуы да мүмкін. Сахара шөлі Солтүстік Африканың 9 400 000 шаршы шақырымын алып жатыр. Нарлар және ешкілер ғана шөлге шыдамдылық танытады

 

Африка материгі

Жерінің аумағы 29,2 млн. км2 (аралдарымен бірге 30,3 млн. км2). Тұрғыны 887,9 млн. адам(2010 жылғы мәлімет). Солтүстіктен оңтүстікке қарай 8000 км-ге, батыстан шығысқа қарай 7500 км-ге (Сахарада) созылған, оңтүстігіндегі ені 810 км. Жағалауының жалпы ұзындығы 30500 км. Африканы экватор сызығы ортасынан кесіп өтеді. Құрлықты солтүстігінде Жерорта теңізі, батысында Атлант мұхиты, шығысында Үнді мұхиты мен Қызыл теңізі сулары шайып жатыр. Солтүстік-шығысында жіңішке Суэц мойнағы (112 км) арқылы Азиямен жалғасады.

Гибралтар бұғазы арқылы Еуропаның Пиреней түбегіненбөлінген. Ірі шығанақтары Гвинея, Сидра. Ең үлкен түбегі – Сомали, құрлықтың шығысында Мадагаскар, Занзибар, Сокотра, Мафия, Пемба, Комор, Маскарен, Амирант және Сейшель аралдары, батысында – Мадейра, Канар, Жасыл мүйіс, Гвинея шығанағында Аннабон, Сан-Томе, Принсипи, Фернандо-По аралдары орналасқан. Африка — Жердiң Евразиядан кейiнгi көлемi жағынан екiншi үлкен материгi. Африка материгi Евразиямен тығыз байланысты: оларды тек қызыл және Жерорта тенiзi бөлiп тұр. Африка мен Евразия шығыс жарты шардың бiртұтас құрлық массивiн құрайды, бұларды басқа материктерден мұхиттардың орасан зор кеМатертериктiң шеткi нүктелерi солтүстiкте — Эль-Абьяд мүйiсi (37″2(У с. е,), оңтүстiкте — Игольдың мүйiсi (34С52′ о. с). Африка солтүстiктен оңтүстiкке 8 мың км созылып жатыр. Материктiң ең жалпақ бөлiгi экватордан солтүстiкте 10 мен 16 аралығында жатыр, мұнда Африка 17 33′ б. б. бастап (Альмади мүйiсi), 51°24 ш. б. (Хафун мүйiсi) дейiн созылып, енi 7500 км-ге жетедi. Африка жағалауында аралдар онша көп емес. Олардың iшiндегi ең үлкенi — Мадагаскар. Үндi мұхитынна одан басқа Сокотра, Занзибар, Пемба, Мафня, Комор, Маскарен аралдары бар. Олар түгелдей дерлiк материктен пайда болған және материкке таяу жатыр.Атлант мұхитында материктiк және вулканды аралдар бар. Олар: Мадейра, Канар, Жасыл Мүйiс, Маспас-Игема-Бииого, Принспен, Сан-Томе, Аннобон.Африканың экватордын екi қапталындағы негiзiнен тропиктiк-экваторлық кеңiстiк алыбындағы орны жоғары температураның басым болуына себепшi болса. iшкi белiктерiн онша тiлiмдембеуi Ірi тұйықтығы Африкаға тән контпиненттiлiк туғызады. Тегiс рельефтiң басым болуы және географиялық орны зоналықтың айқын көрiнуiне жағдай жасайды. Табиғат жағдайлары бiршама бiртектес болып келетiн ендiктi бойлап созылып жатқан жалпақ кәпiрлер экватордан солтүстiкке және онтүстiкке қарай бiрiн-бiрi заңды түрде алмастырады. ңiстiктерi болып тастаған.

 

Африка елінің топырағы мен өсімдік әлемі

Африка үш флоралық доминионды (әлемді) алып жатыр. Оның солтүстігі Caxapaны қоса Голарктикаға қараса, материктің негізгі бөлігі, экватордан оңтүстікке және солтүстікке қарай Палеотропикаға жатады, материктің онтүстік бөлігі, Оранжевая өзенінен оңтүстікке қажет дербес Кан флоралық әлемін құрайды.

 

(4-сурет)Топырағы

 

Африканың солтүстік бөлігі флорасының қалыптасуы Oңтүстік{ Европа мен Батыс Азия флорасының қалыптасуымен бір мезгілде жүрді. Ол түпкілікті түрде жоғарғы ендіктердегі мұз басудан соң климаттық мұз басудан кейінгі ауытқулардың әсерімен құрылды. Палеотропикалық әлем флорасы материк алабындағы анағұрлым ежелгі флора болып табылады және де оның құрамына Австралия­мен байланыс әсер етті. Австралиямен ортақ элементтерге ағаш тәріздес папоротниктер мен кейбір протейн тұқымдастар жатады.

Оңтүстік Америкамен және Азиямен байланыс кейінірек үзілді, Африканың флорасьнда осы материктердің өсімдіктерімен ортақ жабық тұқымды өсімдіктердің туыстары мен тұқымдастарының едәуірі бар.

Жылдық жауын – шашын жиынтығы 1500-2000 мм экваториал­ды климaт белдеуінде ормандар гумусқа бaй күлгінденген латерит топырақтарда өседі. Ылғалды тропиктік ормандар материктің шамaмен 8% алабын aлып жатыр. Өзен атырауларындa және то­лысу кезінде су басып кететін жағалауларда, әсіресе Гвинея шы- ғанағында мангр тоғайлары үстем.Алғашқы жаңбыр орманда­ры Конго қазан шұңқырының тек орталық бөлігінде сақтал­ған, басқа жерлерде, әсіресе Гвинея шығанағынан солтүс­тікке қарай оларды аласа, қай­та шыққан тоғайлар алмастырған. Өзінің таралуының солтүстік шекарасы маңында ормандар, бәлкім, орман өсім­дігі үнемі өртеп отырудың нәтижесінде өз орнын саваннаға берген болар.Артиканың ылғалды тропиктік ормандары өзінің түр қүpaмының байлығы мен алып жатқан жер көлемі жағынан Оңтүстік Американың трониктік ормандарына қарағанда біршама кейін тұрады. Бұл ормандардың биік ярустарын алып фикустар (80 м дейін), зәйтүн пальмасы (llaeis guil1eensis), шарап пальмасы (Rhaplhia), сейба (Ceiba tоnnіngі), кола ағашы (Соlа nіtіdа) тағы басқалар құрай­ды. Ал төменгі ярустарда банандар, әр түрлі папоротниктер, либерия кофе ағашы (Соffеа lіЬегіса) өседі. Лианалардың ішінде ерек­ше орынды ағаш тәрізді каучукты лиана – ландольфия алады, ұзын ротанг пальмасы (Calamus) және басқалар кездеседі. Африканың ылғалды тропиктік ормандарынан көптеген бағалы техникалық және азық-түліктік өсімдіктер түрі шыққан. Солардың бipi – зәйтүн пальмасы, ол тeхникалық (ұрық қабынан) және азық-түліктік (тұқымдарынан) май бepедi. Мұның соңғысы тағгaмғa тікелей пайдаланыла береді және сондай-ақ маргаринге қоспа ретінде қолданылады. Зәйтүн пальмасы тропиктік елдердің плантациялық дақылы ретінде тек өз елінде ғана емес, сонымен, қатар Малайя архипелагының аралдарына кеңінен тараған. Оңтүстік америкадан әкелінген зәйтүн пальмасының плантациялары, какао ағашы, каучук көп жерде табиғи өсімдіктерді ығыстырып шығарады. Жергілікті халықтар баннан, маниок, батат өсіреді.

Жаңбырлы кезең 8 – 9 айға созылатын астық тұқымдас саваналарда биіктігі 2 – 3 м, ал кейде тіпті 5 м жететін астық тұқымдастар өседі. Олар: піл шөбі ұзын қылшықты жапырақты боз шағыл тағы басқалалар. Жайқалған астық тұқымдастардың арасында жекелеген ағаштар, баоба6 (Adonsoniа digitata), дум пальмасы (Нірhaenа), зәйтүн пальмасы сорайып тұрады. Экватордан солтүстікке қарай астық тұқымдас саванналар шамамен 12° с.с. дейін жетеді. Оңтүстік жарты шарда астық тұқымдас саванналар зонасы анағұрлым кеңірек, әсірссе Үнді мұ­хиты жағаларында олар кей жерлерде тіпті тропикке дейін созылып жатады. Oндa астық тұқымдас саванналармен қатар жылдың құрғақ кезінде тастайтын жапырақтарын тропиктік селдірормандар кеңінен тараған. Оңтүстік Африканың шығысында олар өсімдіктердің басқа типтерімен қосылып, тропиктен едәуір оңтүстікке қарай ұшырасады.

Астық тұқымдас саванналар мен селдір ормандардың астында топырақтардың ерекше типтері – саванналардың астында қызыл топырақтар және селдір ормандардың астында қызыл – қошқыл қоңыр топырақтар қалыптасады.

Ылғалды маусым кезеңінің 5 – 6 айға дейін қысқаруына және жауын – шашынның жалпы азаюына байланысты саванна өсімдіктері анағұрлым ксерофильдік бейнеге ие болады. Шөп жамылғысы сирейді, әрі арасарады, ағаш тұқымдарының құрамында аласа, ұшар бастары өзгеше жалпақ қарағандар белең алады. Бұлар нағыз немесе құрғақ саванна дейтіндер.

Maтepиктің шығысында шөлге айналған саванналар Сомали түбегін түгелдей алып, экваторға дейін және одан да оңтүстікке созылып түсіп, айрықша үлксн алқаптарды алып жатыр. Шөлге айналған саванналардың топырағы кызыл-қоңыр. Негізгі жыныс­тар тараған жерлерде қара түсті топырақ тараған.Саваннаның және тропиктік селдір ормандардың барлық типте­рі мaтepиктің бетінің 40% дейін алып жатыр. Африка саванналарының көпшілігі жойылып кеткен ормандардың орнында пайда болған деген көзқарас та бар.Климат және топырақ жағдайлары жөнінен саванналар тро­пиктік егіншілікке қолайлы. Казіргі кезде саванналардың көпте­ген учаскелері тазартылған және айдалып тасталған. Бұл зонада барыншa кеңінен тараған дақылдар — мақта, жер жанғағы, жү­гері, темекі, сорго, күріш.

Шөлейттердің өсімдігі түр құрамы жөнінен солтүстік және оңтүстік жарты шарда едәуір айырма жасайды. Солтүстік жарты шарда жер 6етін тікенекті бұталар мен аласа ағаштардың негізі­нен сұрғыт – жасыл майда жапырақты қарағайлIардың және жың­ғылдардың селдір тоғайлары жауып жатады. Олардың ара-ара­сында қатаң көпжылдық шымды астық тұқымдастар өседі. Бұлар бұталы-астық тұқымдасты шөлейт дейтіндер.Оңтүстік Африканың шөлейттеріне суккулентті өсімдіктер тән. Олар: алоэ туысының көптеген түрлері, сүттігендер, жергілікті халық мал үшін көп жағдайда су орнына жүретін сулы жемістері бар қарбыз еді. Cондай – ақ жасмық тәріздес тікенекті өсімдіктер, қысқa жаңбырлы ашық кезеңде ашық және әр түсті болып гүл­дейтін жуан тамырлы немесе түйнекті әр түрлі шөптер (құртқа гүл, лилия, амapaлис) кеңіненІ тараған. Солтүстіктегі сияқты, мұнда да астық тұқымдас бұталы шөлейттің учаскілері бар.

 

(5-сурет) Өсімдіктер әлемі

Африкада гүлді өсімдіктердің 40000-нан астам түрі бар, оның 9000-ға жуығы тек қана осы құрлықта өсетін өсімдіктер. Құрлықтың 8%-ын ылғалды тропиктік орман (гилея), 35%-ына жуығын саванна және сирек орман, 40%-ы құрлықтықшөл мен шөлейт белдемі алып жатыр. Гвинея жағалауы мен Конго ойысындағы ылғалды экваторлық орманда ағаштың 300-ден астам түрі бар. Олар бірнеше қабатты болып өседі, ең биік өсетін ағаштар –пальмалар (биіктігі 60 – 70 м-ге жетеді). Олардың алып фикус, май және шарап пальмасы, сейба, қола ағаштары сияқты түрлері бар. Төменгі бөліктерде банан, папоротниктер, либериялық кофе ағашы және каучук беретін ағаш тәріздес лиана, ландольфия, ротанг пальмасы кездеседі. Саваннаның негізгі ағашы – баобаб. Олардың аралығында биіктігі 2 – 3 м, кейде 5 м-гежететін піл шөбі, дум пальмасы, май пальмасы өседі. Сахара мен





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-31; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2875 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Логика может привести Вас от пункта А к пункту Б, а воображение — куда угодно © Альберт Эйнштейн
==> читать все изречения...

2223 - | 2152 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.