Лекции.Орг


Поиск:




Археографиялықбелгілер 1-сағат




Дәріс мақсаты: Археографиялық белгілердің басылымда алатын орны мен ерекшеліктерінашып көрсету.

Тірек сөздер: Археографиялық белгілер, мәтіннің сапасы; жеткізушінің сапасы; мәтіннің немесе бейненің деректері; археографтың әрекеті.

Негізгі қарастырылатын мәселелер және қысқаша мазмұны:

1. Археографиялық белгілер.

2. Мәтіннің сапасы; жеткізушінің сапасы; мәтіннің немесе бейненің деректері; археографтың әрекеті.

3. Тақырыпшаларда, баяндарда және ғылыми-анықтамалық аппаратта белгілерді көрсету әдістері.

Археографиялық белгілер дегеніміз жарияланатын құжаттар немесе басылымныңмәтінінде кездесетін таңбалық, стилистикалық және тілдік ерекшеліктер. Барлық басылымдарда құжаттардың мәтіні анық сақталған стилистикалық және тілдік ерекшеліктерімен беріледі.

Мәтінді сынаудың нәтижесі мәтіндік ескертулерде бейнеленеді.

Басылымның дипломатиялық қабылдауы арнайы ғылыми және оқу типтеріндегі (палеографиялық, лингвистикалық) басылымдарда қолданылады. Басылымның ғылыми-сыни қабылдау кезінде құжаттардың мәтіні стилистикалық және фонетикалық анық сақталған ерекшеліктерімен беріледі. Қазіргі орфография мен пунктуацияға сәйкес мәтін сөзге және сөйлемге бөлініп жүргізіледі, мағынасына қарай керекті тыныс белгілері, бас әріптері қойылады. Ресми емес құжаттарда (әдеби, публицистикалық шығармаларда), ережеге сәйкес түпнұсқаның пунктуациясы сақталады.

Қажет болған жағдайда мәтін абзацтарға бөлінуі мүмкін, ережеге сәйкес абзацтардағы бөлімдер сақталынады. Ғылыми және ғылыми-көпшілік типтеріндегі басылымдарда мәтінді сынаудың нәтижесі мәтіндік ескертулерде беріледі, оқу типтеріндегі басылымдарда құжаттың мәтінінде ескеріледі.

Кірістірмені және үстінен сызуды қайта жаңғырту. Құжаттың мәтінінде тиісті орынға жекелеген сөздер мен сөйлемдерді кірістірулер қайта жаңғыртылады және мәтіндік ескертулерде ескертіледі. Ғылыми типтегі басылымдардың мәтіндік ескертулерінде бір құжатта әртүрлі сиямен немесе қарындашпен жазылған кірістірмелер ескертіледі. Мұнымен қоса, мүмкіндігінше кірістірменің авторы көрсетіледі. Мәтінде үстінен сызылған сөздер ескертілмейді, мәтіндік ескертуде: «Әрі қарай сызылған...» деп көрсетіледі. Мәтінде үстінен сызылған орынды графикалық белгілеу жолымен қайта жаңғыртылуы мүмкін, мысалы, бұрыштама, археографиялық белгі жақшамен (< >), археографиялық алғы сөзде ескертіледі.

Құжатта автормен немесе басқа тұлғалармен жасалған қосып жазылған мәліметтер, авторлық мәтінде олардың орналасуына қарамастан, құжаттың мәтінінің жалғасы ретінде беріледі. Құжатта олардың орналасуы және авторлығы мәтіндік ескертулерде ескертіледі. Мәтінде авторлық белгілеген жекелеген орындар басқа шрифтімен бөлінеді. Авторлық емес белгіленгендер, егер оларды кім жасағаны белгілі және құжаттың тарихы үшін мағынасы болса мәтіндік ескертулерде ескеріледі.

Құжат авторының жолма-жолғы ескертуін, жинақты құрастырушылардың ескертулерінен бөлектеу үшін, жақшаға қосылады: (Автордың ескертуі), (Құжаттың ескертуі), құрастырушының ескертуі (жариялаушы) – Құрастырушының ескертуі). Басқа нұсқасы – бұл ескертулерді белгілеу үшін бейнелер немесе араб цифрларын пайдалануға болады, мысалы: жұлдызшамен, археографиялық белгі (*) құжаттың ескертуі, сандармен – құрастырушының ескертуі белгіленеді және археографиялық алғы сөзде ескертіледі. Қолтаңбаны өзгерту немесе құжат мәтінін қайта жаңғырту тәсілі мәтіндік ескертулерде белгіленеді. Мәтінде кездесетін басқа тілдегі сөйлемдер және фразалар түпнұсқаның тілінде қайта жаңғыртылады, аудармасы мәтіндік ескертулерде ол қай тілден аударылғанын дөңгелек жақшалармен көрсетіледі. Құжаттарда ұзындық өлшемінің, уақыттың, ақшалай және басқа өлшем бірліктері қысқартылып берілуі мүмкін, егер оларда цифрлық белгілер алдында болса; цифрлық белгілерінсіз олар қайта толық жазылады. Құжаттың мағынасына толық жататын резолюциялар және белгілер (құжатты жібергені, алғаны, тіркегені жайында), құжаттың мәтінінен кейін қол қойылғаннан соң хронологиялық тәртіппен (егер күндері белгіленген болса) жаңа жолдан жазылады. Құжаттар мәтінінің жекелеген орындарына жататын белгілер, мәтіндік ескертулерде қайта жазылады.

Құжаттардың мәтіні дипломатиялық немесе ғылыми-сыни тәсілдермен, басылымныңнақты мақсатына байланысты (тарихи, деректану, палеографиялық, лингвистикалық зерттеулер үшін) берілуі мүмкін. Барлық басылымдарда құжаттардың мәтіні анық сақталған стилистикалық және тілдік ерекшеліктерімен беріледі.

Дипломатиялық қабылдаулар кезінде мәтіннің басылымы түпнұсқасымен толық сәйкес және оның ерекшеліктерімен: кейбір графикалық жақтары сақталған ескірген орфографиямен (пайдаланудан шығып қалған әріптер, мәтінде бар қысқарған сөздер, оның ішінде және жалпылай қабылданбағандар, мәтін мен қойылған қолдардың орналасу тәртіптері, қазіргі уақыттың іс жүргізу құжаттары үшін – кей кезде мәтіннің бланкісі) және жарамсыздықтарымен типографиялық теру жолымен жасалынады.

Мәтінді сынаудың нәтижесі мәтіндік ескертулерде бейнеленеді.

Басылымның дипломатиялық қабылдауы арнайы ғылыми және оқу типтеріндегі (палеографиялық, лингвистикалық) басылымдарда қолданылады.

Басылымның ғылыми-сыни қабылдау кезінде құжаттардың мәтіні стилистикалық және фонетикалық анық сақталған ерекшеліктерімен беріледі. Қазіргі орфография мен пунктуацияға сәйкес мәтін сөзге және сөйлемге бөлініп жүргізіледі, мағынасына қарай керекті тыныс белгілері, бас әріптері қойылады.

Ресми емес құжаттарда (әдеби, публицистикалық шығармаларда), ережеге сәйкес түпнұсқаның пунктуациясы сақталады.

Қажет болған жағдайда мәтін абзацтарға бөлінуі мүмкін, ережеге сәйкес абзацтардағы бөлімдер сақталынады.

Ғылыми және ғылыми-көпшілік типтеріндегі басылымдарда мәтінді сынаудың нәтижесі мәтіндік ескертулерде беріледі, оқу типтеріндегі басылымдарда құжаттың мәтінінде ескеріледі.

Басқаша оқылуларды қайта жаңғырту. Археографтың құзырындағы бар барлық тиісті құжат мәтінінің деректері, ғылыми типтегі басылымда құжаттың негізгі мәтінін жариялағанда, мәтіндік ескертулерде мағыналық және редакциялық басқаша оқылулар келтіріледі.

Кірістірмені және үстінен сызуды қайта жаңғырту. Құжаттың мәтінінде тиісті орынға жекелеген сөздер мен сөйлемдерді кірістірулер қайта жаңғыртылады және мәтіндік ескертулерде ескертіледі. Ғылыми типтегі басылымдардың мәтіндік ескертулерінде бір құжатта әртүрлі сиямен немесе қарындашпен жазылған кірістірмелер ескертіледі. Мұнымен қоса, мүмкіндігінше кірістірменің авторы көрсетіледі. Мәтінде үстінен сызылған сөздер ескертілмейді, мәтіндік ескертуде: «Әрі қарай сызылған...» деп көрсетіледі.

Мәтінде үстінен сызылған орынды графикалық белгілеу жолымен қайта жаңғыртылуы мүмкін, мысалы, бұрыштама жақшамен (< >), археографиялық алғы сөзде ескертіледі.

Құжатта автормен немесе басқа тұлғалармен жасалған қосып жазылған мәліметтер, авторлық мәтінде олардың орналасуына қарамастан, құжаттың мәтінінің жалғасы ретінде беріледі. Құжатта олардың орналасуы және авторлығы мәтіндік ескертулерде ескертіледі.

Мәтінде авторлық белгілеген жекелеген орындар басқа шрифтімен бөлінеді. Авторлық емес белгіленгендер, егер оларды кім жасағаны белгілі және құжаттың тарихы үшін мағынасы болса мәтіндік ескертулерде ескеріледі.

Құжат авторының жолма-жолғы ескертуін, жинақты құрастырушылардың ескертулерінен бөлектеу үшін, жақшаға қосылады: (Автордың ескертуі), (Құжаттың ескертуі), құрастырушының ескертуі (жариялаушы) – Құрастырушының ескертуі).

Басқа нұсқасы – бұл ескертулерді белгілеу үшін бейнелер немесе араб цифрларын пайдалануға болады, мысалы: жұлдызшамен (*) құжаттың ескертуі, сандармен – құрастырушының ескертуі белгіленеді және археографиялық алғы сөзде ескертіледі.

. Қолтаңбаны өзгерту немесе құжат мәтінін қайта жаңғырту тәсілі мәтіндік ескертулерде белгіленеді.

Мәтінде кездесетін басқа тілдегі сөйлемдер және фразалар түпнұсқаның тілінде қайта жаңғыртылады, аудармасы мәтіндік ескертулерде ол қай тілден аударылғанын дөңгелек жақшалармен көрсетіледі.

Құжаттарда ұзындық өлшемінің, уақыттың, ақшалай және басқа өлшем бірліктері қысқартылып берілуі мүмкін, егер оларда цифрлық белгілер алдында болса; цифрлық белгілерінсіз олар қайта толық жазылады.

Құжаттың мағынасына толық жататын резолюциялар және белгілер (құжатты жібергені, алғаны, тіркегені жайында), құжаттың мәтінінен кейін қол қойылғаннан соң хронологиялық тәртіппен (егер күндері белгіленген болса) жаңа жолдан жазылады.

Құжаттар мәтінінің жекелеген орындарына жататын белгілер, мәтіндік ескертулерде қайта жазылады.

Іс жүргізу сипатындағы «Іске», «Орындалды» деген белгілер, егер олар тақырыпты түсіндіру үшін маңызы болған жағдайда, ғылыми басылымдарда құжаттың мәтінінен кейін келтіріледі. Ғылыми-көпшілік басылымдарда олар жазылмауы да мүмкін.

ХVІ-ХVІІ ғғ. құжаттарындағы расталған мәтін мен белгі, құжаттардың негізгі мәтінін беру ережесі бойынша олардың жазылуы хронологиялық рет-ретімен беріледі: патшаның сыйлыққа берген грамотасында патшаның атының жазуы, хатшының біріктіргіші, оң жағында подьячи; кейініректегі расталған грамоталар; жаңсақ кеткен грамоталарда – ұқсас құжаттарды басқа мекен-жайларға жіберу туралы белгі; жеке актілерде – келісімге қатысушылардың қолдары, сыбыстар, актілер ұсыну немесе оны кітапқа жазғандары туралы белгілер; жазбаша өтініштерге актілер ұсыну немесе кітапқа жазғандары туралы белгілер; жазбаша өтініштерге – құжатты тыңдау немесе алу туралы, хатшының резолюция-белгілері, салықтар алғаны туралы белгілер.

Құжаттың мәнін түсіну үшін маңызды болған кезде, авторын, мекен-жайын, жазылған орнын немесе күнін анықтау үшін, мәтіндік ескертулерде конверттен мекенжайлар, пошталық мөртабандар және басқа мәліметтер келтіріледі.

3 параграф. Ерте кезеңдегі құжаттардың мәтінін

берудің ерекшеліктері

ХVІІІ ғасырдың соңына дейін құжаттардың мәтінін беру кезінде, норма болып табылатын және өз уақытында қабылданған орфография нормаларының ауытқулары ретінде оның орфографиялық ерекшеліктері сақталады.

ХVІ ғасырдың басынан ХVІІІ ғасырдың соңына дейінгі құжаттардың және қолжазба кітаптардың мәтіндері, пайдаланудан шыққан азаматтық әліпбимен, қазіргі заманғы әріптермен ауыстырылып беріледі. Қысқартылып жазылған сөздер («титлдың астында») ашылады, қалпына келтірілген сөздер бөлінбейді. Бөлінетін әріптер жолға бөлінбей жазылады, бұл жағдайда жұмсақ және қатты белгілер қазіргі заманғы дұрыс жазу бойынша пайдаланылады.

Бас әріптер орфографияның және пунктуацияның қазіргі заманғы ережелерімен ХVІ-ХVІІІ ғғ. мәтіндерінің кейбір ерекшеліктерін есепке ала отырып пайдаланылады.

Жеке атаулардың құрамына кіретін барлық жеке есімдер, әкесінің есімдері, тектері бас әріппен жазылады.

Барлық географиялық атаулар бас әріппен жазылады, күрделі географиялық атауларда бір қатарға әріппен қызметтік сөздер және рулық түсінікті белгілейтін сөздер жазылады.

Құжаттарда санды белгілейтін әріптік цифрлар араб цифрымен беріледі. Реттік сан есімдер, сандары ескірген сөздер («Полчетверта», «третьягонадесять», полтретьятцать» және бақалары) түрлерімен беру сақталады.

Цифрлы әріппен жылды белгілегенде реттік сан есімдердің септік жалғаулары дефис арқылы беріледі.

Құжаттардың мәтінінде тұрақты қайталанатын және қатты қалыптасқан түрі немесе сыпайылылықтың стереотиптік формуласы археографиялық алғысөзде көрсетілетін шартты қысқартулар енгізіледі.

Ерте кезеңдегі құжаттарда тайпалардың және халықтардың аттарын бас әріппен жазу пайдаланылады, себебі олар мемлекеттің немесе мемлекеттік құрылымның белгілері болып қызмет етеді.

4 параграф. Жаңа және қазіргі заманғы құжаттар мәтінін

берудің ерекшеліктері

ХІХ және ХХ ғғ. құжаттарының мәтіні түпнұсқасының стилистикалық және тілдік ерекшеліктерін сақтай отырып дұрыс жазу ережесімен жазылады, оған жататындар:

жекелеген сөздер құрылымдары;

түпнұсқа құрастырылған кезеңге тән немесе елдің жекелеген аймақтарында пайдаланылатын жекелеген сөздер;

түпнұсқа құрастырылған кезеңге тән және тілдің сөздік құрамына енген, қысқартылып жазылған сөздер.

Іс жүргізетін құжат бланкісінің мәтінін және адресатты белгілеу, ереже бойынша, қайтадан жаңартылмайды, редакцияның атын құрастырар кезде пайдаланылады.

Кейбір құжаттардың (ұрыс кестесі, наградтық парақтар және формулярлар, қызметтік тізімдер, вахталық журналдар) қажет болған жағдайда бланкілік формалары сақталуы мүмкін.

. Заң шығарушы, дипломатиялық және ресми емес құжаттардың атаулары мен күндері және газет мақалалары, үнпарақтар ғылыми түрдегі басылымдарда, редакцияның атына қарамастан, түпнұсқасы сақталынған орындарда мәтіннің бөлігі ретінде қайта жазылады. Ғылыми-көпшілік типтегі басылымдарда көрсетілген құжаттардың аттары қайта жазылмайды, редакцияның атын құрастырар кезде пайдаланылады.

Іс жүргізілетін құжаттардың атаулары және күндері түсіріліп қалады және редакцияның атын құрастырар кезде пайдаланылады.

Хаттардың жазылған күндері оларды жазудың барлық ерекшеліктерімен, түпнұсқа түрінде болған орында қайта жазылады.

«Құпия», «асығыс» гриф-белгілері және басқалары құжат мәтінінің алдында оң жақтағы бұрышқа жазылады.

. Анкетаның, наградтық парақтың, қызметтік тізімдердің формуляры, және сұраққа жауаптар әртүрлі шрифтермен немесе қандай да бір басқа тәсілдермен (астын сызумен, қос нүктемен айырумен және тағы басқа) жазылады.

Егер бірінен кейін бірі орналасқан бірнеше біртүрлі құжаттар жарияланса, формуляр бір рет жазылады. Кейбір жағдайларда анкеталар, тізімдер, мінездемелер және басқа біркелкі құжаттар таблица түрінде жарияланады.

Хаттамалардың мәтіндері бағансыз толық қатарға жазылады. Хаттамалардағы бар сұрақтар, орнынан тұрып айтылған сөздер негізгі мәтін сияқты ерекшеленген шрифпен абзацтан: «сұрақ», «орнынан тұрып айтылған сөздер», «қол шапалақтаулар» және сол сияқты сөздер болып беріледі. Абзацтан: «Тыңдалды», «Қаулы қабылданды», («Шешілді») формулалары сиректетіп ерекшеленеді. «Тыңдалды» формуласында пункттің нөмірін көрсету қажет, «Қаулы қабылданды», «Шешілді» формулаларында оларды қайталамай-ақ қоюға болады.

Телеграмманың, телефонограмманың, радиограмманың мәтіндері, жетпейтін жалғаулықтар және сөз алдынан келетін көмекші сөздермен толықтырылып жазылады. Мәтінді оқудың екі жақты мүмкіндігі болған жағдайда олар төртбұрышты жақшаларға енгізіледі.

Жоқ болған немесе сөздермен белгіленген тыныс белгілері мәтінде қойылады. Қызметтік белгілер (күнін белгілеу, жіберілген орны және нөмірді алу) құжаттың бас жағында және мәтіндік ескетулерде пайдаланылады.

Тікелей сыммен сөйлескен әңгімелердің мәтінінің бастапқы және қорытынды бөліктерінің («Аппаратта осындай адам», «Тыңдап тұрмын», «Сау болыңыз» және тағы басқалары) жазулары сақталып жазылады және әрбір әңгімеге қатысушыға абзац бөлінеді. Абзацтың ішінде, қажет болған жағдайда, сөйлемге бөлулер анықталады, пунктуация қазіргі заманғы ережелерге сәйкес қойылады. Әрбір абзацтың алдында төртбұрышты жақшаларда айтушының тегі мен географиялық пункттің атауы, егер олар мәтінде жоқ болатын болса, қойылады. Егер әңгімеге әр жақтан бірнеше адам қатысса, олардың тектері басында көрсетіледі, ал абзацтың алдында тікелей әңгімені жүргізуші тұлғаның тегі жазылады. Екі жақты әңгімелесушілердің мәтінінің нұсқаларын салыстыру қажет, табылған әртүрлі оқылулар мәтіндік ескертулерде ескеріледі.

Қарап шыққан, түзетілген және автормен куәландырылған стенограммалар мәтін бойынша жарияланады. Түзетілмеген стенограммалар түзетусіз жазылады, мән-мағынасы жоқ сөздер ғана алынып тасталынады және мәтінге төртбұрышты жақшалармен мәні жағынан жетіспейтін сөздер енгізіледі.

Түсіп қалған сөздер, мағынасы түсініксіз орындар, бітпей қалған фразалар мәтіндік ескертулерде ескеріледі.

Құжаттардың мәтінін беру кезінде кіріс және шығыс қағаздарының журналы бойынша, журналда нөмірі мен жазылған күні көрсетіледі. Құжаттың орындалғаны туралы журнал графасының аты түсіріліп қалуы мүмкін, құжаттың орындалғаны және оның қозғалысы туралы мәлімет мәтіндік ескертуде келтіріледі. Мұндай жағдайда мәтінді беру тәсілі археографиялық алғысөзде айтылады.

Құжатқа қосымша, құжаттың ажырамайтын бөлігі ретінде негізгі мәтіннен кейін реттік нөмірсіз және басқа шрифтімен жазылады. Қосымшаның жеке атының алдынан «1 қосымша», «2 қосымша» және сол сияқты көрсетіледі.

Ауызша белгіленген сандық сандарды (айдың саны, әскери бірлестіктердің) санмен беру қажет. Жинақтау сан есімдері және санды белгілеудің көне түрлері сөздермен сақталады.

. Рим және араб цифрлары, ереже бойынша, құжаттың түпнұсқасына сәйкес жазылады. Бірақ жүзжылдықты, конгресстерді және съездерді белгілеу кезінде рим цифрлары қолданылады.

Фронттардың, армияның, корпустардың, дивизиялардың, әскери бөлімдердің нөмірлік белгілері араб цифрларымен септік жалғауларының қосылуымен беріледі.

Рим цифрларына септік жалғаулары қосылмайды.

Құрамалардың (бөлімдердің) нөмірлері командирдің қызметін қысқартылған белгімен байланыстырып жазғанда септік жалғауы пайдаланылмайды.

Санды айсыз немесе соңынан кейін берілген жағдайлардан басқа уақытта, күнтізбелік уақытын белгілегенде, септік жалғаулар сақталмайды.

Қысқартылып жазылған сөздер, егер олар жалпы қабылданып қысқартылған болмаса, толық жазылады. Ғылыми түрдегі басылымдарда сөздің қалпына келтірілген бөлігі төрт бұрышты жақшаның ішінде болады.

Ғылыми-көпшілік басылымдарда, екі жақты түсінікті рұксат етпейтін қысқартылған сөзді ашу, төрт бұрышты жақшасыз жазылуы мүмкін және міндетті түрде археографиялық алғысөзде ескертіледі.

Ұйымның, мекеменің, әскери құрамалардың, қызметтердің қысқартылған атаулары және жалпы қабылданған қысқарту мәтінінде сақталады. белгілі бір мекемелердің атауларын әртүрлі қысқартулар бір ізге түсірілмейді. Толық жазу қысқартылған сөздердің тізімінде немесе егер ол бір рет еске түсірілсе мәтіндік ескертуде беріледі. Мекеменің немесе ұйымның қысқартылып жазылған атауын ашу, келесі атауы өзгертуді есепке алмай, міндетті түрде құжатта оны еске түсірілген уақыты бойынша берілуі керек.

Қысқартылған сөзден пайда болып, тілдің сөздік құрамына кірген және өз бетінше мағына алған сөздер сол күйінде жазылады.

Құжаттың мәтінінде, қызметтердің, шендердің, лауазымдардың, географиялық, техникалық және басқа терминдердің үнемі қайталанатын атауларына, егер олар жеке атаулармен ілесіп аталса қысқарту енгізуге болады.

Құжаттардың мәтінін жариялауда бас және кіші әріптер құжат жазылған уақыттағы ережеге сай емес, орфографияның қазіргі заманғы ережелеріне сәйкес пайдаланылады.

Мемлекеттік үкімет және басқарудың жоғарғы органдары, жоғары партиялық органдар, жоғарғы мемлекеттік қызметтер, құрметті және жоғарғы атақтар, сонымен бірге қарулы күштердің жеке атауларында барлық сөздер бас әріппен жазылады.

Мекеменің күрделі атауларының, мекеменің ірі құрылымдық бөлімшелерінің, бас басқармалардың және басқармалардың, сонымен бірге әскери операциялардың немесе әскери құрамалардың, географиялық терминдерден құралған бірінші сөздер бас әріппен жазылады.

Бірнеше сөздерден құралған мекеменің қысқартылған атауы және тек әріптерден тұратын (аббревиатура) бас әріппен жазылады.

«Совет» сөзі жергілікті мемлекеттік билік органының толық аты, билік органының мағынасы ретінде бас әріппен жазылады.

Орден және медалдардың атауларында, орден мен медалдардың өз аттары бас әріппен жазылады.

Барлық саяси партиялардың атауларында бірінші сөз бас әріппен жазылады.

Мемлекеттік мекемелердің, академиялардың, оқу орындарының және мәдениет мекемелерінің жеке аттары және бірінші сөзі бас әріппен жазылады.

Мекеменің нақты атауы, әскери ауданның аты және ұрыс қимылдарының бағыттары, әскерлердің топталуы, штабтардың аттары, әскер түрлері; құрметті гвардиялық құрамаларға қатыстылығын көрсететін, қызметтер, атақтар, дәрежелер туралы сөздер кіші әріппен жазылады.

Құжат қай тілде жазылған болса, сол тілде жазылған мәтіннен кейін, жарияланған құжаттың қай жерінде тұрғанына қарамастан жаңа қатардан қолдар қойылады.

Екі және одан көбірек мекемелер бірдей негізде құрастырған құжаттарда: біріккен қаулыларда, үндеулерде, жоғарғы және жергілікті партия, совет, кәсіподақ және комсомолоргандарында; министрліктердің, ұйымдардың бірігіп шығарған бұйрықтарында; мекемелер арасындағы келісімдерде және әртүрлі мекемелердің өкілдерінен құралған жюри шешімдерінде; дипломатиялық құжаттарда қолдар бір деңгейде қойылады.

Әскери құжаттарда қолдар түпнұсқасының орналасу формасы сақталады.

Қойылатын қолдар саны көп болған жағдайда барлығы немесе алғашқы бірнешеуі қол қояды, мәтіндік ескертуде қойылмаған қолдардың саны міндетті түрде ескертіледі және мүмкіндігінше қол қойған тұлғаларға қысқаша әлеуметтік сипаттама беріледі.

Құжатқа (көшірмеге) қол қойған тұлғаның қолы немесе тегі анық болмаса және анықтауға қиындық туғызған жағдайда, мәтіндік ескертуде тек оның қызметін көрсетіп және түсіндіру қажет: «қойылған қол түсініксіз», «қолы жоқ», «тегі көрсетілмеген». (Көшірмеде) қол қойған тұлғаның тегі мен қолын шамалап мәнін ашып деректі көрсетумен мәтіндік ескертуде белгіленеді.

Әртүрлі құжаттарға бір тұлғаның қолы барлығына қойылған болса, онда жариялау кезінде қойылған қолдарды археографиялық алғысөзде белгілеп, оларды көрсетпеуге де болады. Қойылған қолдарда ішінара өзгертулер болған жағдайда, мәтіндік ескертуде құжаттың нөмірі және қол қойған тұлғаның тегі көрсетілуі қажет.

Куәландырылған қол ғылыми түрдегі басылымдарда құжаттың ажырамас бөлігі ретінде, ал ғылыми-көпшілік басылымда – егер ол құжат тарихын зерттеу үшін маңызы болатын болса ғана қаралады.

Қазіргі заманғы түпнұсқаның аудармасы тарихи дерек болып табылады және оны жариялау кезінде редакциялауға, сонымен бірге барлық жарияланатын тарихи деректерді де редакциялауға жол берілмейді. Егер қазіргі заманғы аударманың мәтінінде дәлсіздіктер болып және олар көлемі жағынан шамалы ғана болса, онда аударманың мәтіні түзетусіз жарияланады, барлық дәлсіздіктер мәтіндік ескертулерде келтіріледі. Қазіргі заманғы мәтіннің аудармасында көптеген қателер мен дәлсіздіктер болған жағдайда, жаңа аударма жасалынады, қазіргі заманның түпнұсқасының аудармасы қосымшада немесе ескертулерде басылуы мүмкін. Егер бір мезгілде басқа тілді мәтін және оның аудармасы жарияланса, онда аударма мәтінінің алдында (жай курсивпен) «Аударма» деген сөз басылады. Басқа жағдайларда түсіндірме сөздерде «Аударылды...» деген белгі қойылады.

Басқа тілді мәтіннің аудармасы жарияланымда барлық мағынасына тән ерекшеліктерін және түпнұсқаның стилін беру керек. Бір тарихи кезеңнің барлық басқа тілді деректерінің шындығы бір тәсілмен берілуі керек – не аудармамен, немесе транскрипциямен.

Екі түрлі мағынадағы терминдер үшін, мәтінге көбірек сәйкес келетін мағынасын таңдап алу керек.

Аудармада басқа тілді мәтіннің ойларының барлық бояуларын беру мүмкін болмаған жағдайда, мәтіндік ескертулерде түпнұсқа тіліндегі сөздерді, фразаларды немесе сөздерді келтірген орынды.

Қызметтердің, сословиелердің, салықтардың, заңдық терминдер және тағы басқа атаулардың ерекше түсініктері, жарияланған құжаттардың мәтініндегі мағынасына ең жақынырақ немесе белгіленген терминдердің жәрдемімен аударылады.

Бұл ел үшін және осы уақытқа тән мекемелердің, қызметтердің, сословиялық топтардың, салықтардың, ақша бірліктерінің, жергілікті шаралардың және ары қарай орыс тілінде тиісті терминдер болмаған жағдайда фонетикалық орыс транскрипциясымен беріледі.

Түпнұсқаға мағынасы бойынша ең жақынырақ идиоматикалық сөздер идиомның жәрдемімен аударылады.

Аударылмайтын сөз ойындары аударма мәтінінде сілтеме белгілерімен белгіленеді және мәтіндік ескертулерде ашылады.

Жекелеген сөздер, қалыптасқан сөздер немесе тілдегі фразалар, құжаттың өзінің тілінен ерекшелігі, аударма мәтінінде түпнұсқа тілінде жазылады, олардың аудармасы мәтіндік ескертулерде келтіріледі.

Басқа тілдегі мәтінде қысқартылып жазылған мекемелердің, саяси партиялардың, ұйымдардың атаулары аудармада транскрипцияланады және шифры ажыратылмайды. Оларға түсініктер мәтіндік ескертулерде бірінші еске түсірілгенде немесе қысқартылған сөздердің тізімінде келтіріледі.

Егер бұл шетелдік атаудың орыс аудармасында қысқартып алып пайдалану дәстүрі болса, онда олар пайдаланылуы керек.

Газет, журналдардың және жалғастыратын басылымдардың, фирмалардың, сауда ұйымдарының, банкілердің, маркалық бұйымдардың атаулары орыс транскрипциясымен жазылады.

Басқа тілдегі мәтіндердің аудармасында аттары және тектері транскрипциямен жазылады. Тілде қалыптасқан дәстүр болмаған жағдайда аттар мен тектер ең жақынырақ басқа тілде айтылумен транскрипцияланады.

Географиялық атаулар аудармада құжат құрастырылған уақытта орыстың ресми географиялық карталық терминологиясына сәйкес келтіріледі.

Басқа тілдегі құжаттардың аудармасындағы географиялық атаулар, қазіргі заманғы түпнұсқасынан басқасы, үйлескен түрде келтірілуі тиіс. Бірақ аударма мәтінінде ескі атауларды қазіргі заманға ауыстыруға болмайды.

Егер бірнеше басқа тілді құжаттарда бір атаулар мен географиялық атаулардың әртүрлі жазылуы кездессе, онда жарияланатын басқа тілді мәтінде бұл әртүрлі оқылуларды бір ізге салмай-ақ сақтау керек.

Егер бір құжаттың мәтінінде әртүрлі оқылуларға ұқсастар кездессе, бұл мәселені құжаттың шығу тәуелділігімен шешу керек: авторлық құжаттарда әртүрлі оқылуларды сақтау керек, кеңсе хатшысының көшірмелерінде, егер жаңылыс жазылған сөздер немесе көшіріп жазушының қатесі бар болса, атаулар мен географиялық атауларды бір ізге салып келтірілуі мүмкін. Мұндай жағдайларды мәтіндік ескертулерде немесе басылымның алғы сөзінде міндетті түрде белгілеу керек.

Бақылау сұрақтары:

1. Археографиялық белгілер анықтама беру.

2. Мәтіннің сапасы; жеткізушінің сапасы; мәтіннің немесе бейненің деректерін көрсету және археографтың әрекетіне баға беру.

3. Тақырыпшаларда, баяндарда және ғылыми-анықтамалық аппаратта белгілерді көрсету.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Валк С.Н. Советская археография. Москва.,1948. 243с.

2. Добрушкин Е.М. Основы археографии, Москва., 1992. І раздел. С. 7-26.

3. Козлов В.П. Русская археография конца ХVІІІ-первой четверти ХІХ века //

Автореферат диссертации на соискание ученой степени доктора историчес-

ких наук. С. 3-48.

5. Эпштейн Д.М. История археографии в дореволюционной России.

Москва., 1977.

6. Королев Г.И. Археография. Москва., 1996. 256с.

ДӘРІС- 28





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-31; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 593 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Так просто быть добрым - нужно только представить себя на месте другого человека прежде, чем начать его судить. © Марлен Дитрих
==> читать все изречения...

1010 - | 830 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.